Теллурдың оттекті қосылыстарының физико – химиялық қасиеттері

Жас Қазақстан Республикасының халық шаруашылығын дамытудың басым міндеттерінің қатарына электроника, радитехника, ыстыққа төзімді қоспалар өндірісін, каталитикалық процестерді одан әрі дамытуды қамтамасыз ету үшін тазалығы жоғары сирек металдарды өндіру мен шығаруды кеңейту жатады.Сондықтан да өнеркәсіптің сирек металдардың тазалығына қоятын талаптарды қанағаттандыру маңызды міндет болып табылады. Қазіргі заманғы ғылым мен техника жетістіктерін халық шаруашылығына кең түрде ендіру көп жағдайда осы міндетті сәтті шешуге байланысты.

Мысалы, сирек кездесетін металдар қатарына жататын теллур республика халық шаруашылығының көптеген салаларында кең қолданылады. Алайда теллурды алуға байланысты технологиялық сатылардың көптігі, сондай-ақ олардың толық жетілдірілмеуі және оны алу кезінде қымбат бағалы реагенттердің қолданылуы теллурдың өзіндік құнының жоғары болуына әкеп соғады.

Аталмыш жұмыста алынған лабораториялық мәліметтер негізінде сульфит өнімінің сумен сілтілеуден қалған қатты қалдығын электролитикалық жолмен сода ертіндісінен бөлінетін теллурды бағалы тұратын күйдіргіш натр ертіндісімен емес, сода ертіндісімен өңдеу ұсынылады.

Жұмыста теллур үштотығының күйдіргіш натр сода ертіндісімен өзара әрекеттесуі кезінде алынған тең салмақты қатты фазалардың құрамы зерттелген. Тәжірибе шарттарына байланысты (температура, күйдіргіш натр, соданың бастапқы концентрациясы) теллур үш тотығы үшін 45-71% арасында; натрий тотығы үшін 38-22%, су үшін 6,5-нан 16 % ауытқиды.

Бастапқы (ТеО3) және қатты фазалардың, сондай-ақ натридің екі сулы теллуратының рентгендік құрылымдық талдауы зерттелініп жатқан материалдың микроқұрылымдық талдауы жүргізілді.

Бастапқы материал (теллур үштотығы) рентгенограммасында сызықтар алынбады. Бұл 320° температурада 2 сағат бойы теллур қышқылын қыздыру жолымен алынған теллур үштотығының кристалдық құрылымы болмағандығымен түсіндіріледі. [1].

Тәжірибе шартына байланысты химиялық анализ натрий теллуратының келесідей құрамдарын анықтады: Na2TeO4·2H2O, 4Na2OTeO3·1,5H2O, 2Na2O TeO3·3H2O,3Na2 O·2TeO3·4H2O.Осыдан қорытындылай келе:

  1. Теллур үштотығының сода және күйдіргіш натр ертіндісімен өзара әрекеттесуінен алынған тең салмақты фазалардың құрамы химиялық, петрографиялық және рентгеноструктуралық анализ зерттелді. Ертіндідегі сода мен күйдіргіш натр құрамына байланысты бір ғана температурада түрлі құрамдағы натрий теллуриттері жасалатыны көрсетілген.
  2. Ертіндідегі күйдіргіш натрий немесе сода ертінділерінің концентрациясына байланысты теллурдың әртүрлі натрилік қосылыстарының түзілуі бір жағдайларда теллур үштотығының ерігіштігін жоғарылатса, енді бірінде төмендететуі ықтимал.

Әдебиеттер

  1. И.Патри Ве. Soc. Chim (5) 3, 1936
  2. А.И.Китайгородский. Рентгеноструктурный анализ мелкокристаллических и аморфных тел., Киев, 1952.