Мектептегі оқуға дайындықтың психологиялық сипаттамасы

Мектепке оқытуға дайындықты қалыптастыру дегеніміз – балалардың оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруі және оқушылар ұжымына енуі үшін алғы шарт жасау деген сөз. Бұл ұзақ та күрделі процесс, оның мақсаты мектеп жасындағы балаларды жан- жақты дамыту болып табылады. Баланың мектепке оқуғаарнаулы және жалпы дайындығын ажырата білу қажет. Арнаулы дайындықбалада алдымен мектептің ана тілі, математика секілді оқу пәндерін үйренудің негізі болып табылатын білімнің ,ұғымның, іскерліктің бар- жоғымен, жалпы дайындық оның дене және психикалық дамуына қарай анықталады.

Психологиялық даму алдымен ақыл- ойдың даму дәрежесі деген мағынада түсіндіріледі. Мектепке дейінгі ересектер шағының аяғына қарай балалар қоршаған орта туралы, адамдардың өмірі туралы, табиғат туралы белгілі бір мөлшерде білім меңгереді. Олардың таным ынтасын,әуесқойлығын дамытудың зор маңызы бар. Бұл мектепте балалардың сан алуан оқу тілегін қалыптастыру үшін негіз болып табылады. Баланың мектепте оқуға психологиялық дайындығының маңызды бөлігі- адамгершілік – ерік дайындығы. Оқу іс- әрекеті еркін ықылас қоюды, мақсатты түрде есте сақтауды, өзінің мінез – құлқын бақылай білуді, тәртіптілікті, жауапкершілікті, дербестікті, ұйымшылдықты т.т. талап етеді. Адамгершілік – ерік дайындығы деген ұғым, сондай- ақ баланың жаңа ұжымға, мектеп ұжымына енуіне, әрбір үлкен, кіші, орта ұжым жұмысына белсене араласуына мүмкіндік беретін: ықыластылық, ізгі ниеттілік, өзара көмек, ұйымдастыру шеберлігі сияқты адамгершілік сапаларды да қамтиды. Бала мектептегі жаңа іс- әрекетке ғана емес, сонымен бірге өзінің құқы мен міндеттері бар оқушының жаңа әлеуметтік жағдайына да дайын болуы тиіс. Мектеп жасындағы балалар психологиясының дұрыс қалыптасуына күннен-күнге дамып, жетіле түсуіне жәрдемдесетін негізгі құрал — көрнекілік. Сондықтан балаларға заттар мен құбылыстарды үнемі көзіне көрсетіп, қолына ұстатып отырмаса теріс қабылдауы мүмкін. Сыртқы әлемнің заттарын бала тек бөлек күйінде ғана емес, сол тұтас заттардың бір- бірінің, сондай — ақ олардың әрбір бөлшектерінің тұтас затқа қатысы қандай екенін біле бастайды. Баланың орашолақ ойынан барып біртіндеп ой тізбегі пайда болады. Бала кішкентай өлеңдер мен ертектерді тез жаттап алатын болады. Бұл айтылғандар оның барлық психикалық процестерінің дамуына(қабылдау, ойлау, ес, зейін, сезім, әрекет, мінез т.б.) қолайлы жағдайлар болып табылады.

 

2Жас бала (жеткіншек) мектепке оқуға барардан бұрын таным саласында мектеп бағдарламасын еркін түрде меңгеруге мүмкіндік беретін дамудың жоғары сатысына көтеріледі. Мектепке барардан алдын жас жеткіншек балада өзін-өзі бақылау, еңбек дағдылары мен ептіліктері адамдармен әңгімелесе алу, мінез-құлықтары мен жүріс-тұрыстарына ие болу секілді қасиеттер жеткілікті түрде дамуы шарт.

Оқу әрекеті рефлексия, еркіндік, іс-әрекеттердің ішкі жоспары секілді жаңа психологиялық қасиеттердің пайда болуына жағдай жасайды. Мүндай қасиеттер, мәдениеттің мынадай маңызды элементтері; нүсқауларды немесе тәсілдерді, заттарға қатысты өрекеттерді игеріп алуды аса қажет етеді.

Рефлексиясыз белсенділіктің ерекше бір сипаты ретіндегі іс-әрекет амалдарын бөліп шығару мүмкін емес; еркіндік бұлардағы шындықтың алуан түрлі кескін келбеті мен амалдарын бөліп шығаруға мүмкіндік береді.

Іс-әрекеттердің ішкі жоспары «Мен» психологиялық кеңістігін ұйымдастыру үшін координаттордың қажетті жүйелерін қамтамасыз етеді.

Көптеген зерттеулердің нәтижесі көрсеткеніндей осы аталған жаңа қалыптардың пайда болуы. Нақты түрде бөлімнің мазмұнына, яғни игерілетін білімнің мазмұнына тәуелді болады. Оқу әрекетінің дамушы сипаты оның мазмұны теориялық білім болған жағдайда ғана көрсетілетіндігін нақты дәлел ретінде қабылдауға болады.

Осы теориялық білімдерді игеріп жатқан балалардың ой санасы, ғалымдардъщ, өнер қайраткерлерінің, философтардың мораль мен құқықты зерттеуші өзге де зерттеушілердің ой санасымен тең дәрежеде болады. Балалар өзінің оқу іс-әрекетінде адамзаттың ғасырлар бойы рухани мәдениеттің идеялды формасында жинақтап, жүзеге шығарған ұғымдардың, бейнелердің құндылықтар мен нормалардың адамдар жасап шығарған шынайы процессін қайталап шыға алатынын В.В. Давыдов бірнеше рет жазды. Мектепке барардан бұрын мұндай дағдылар көрнекі-әрекеттік, көрнекі-бейнелік және сөздік-логикалық формаларда дамуы тиіс. Алайда бала іс жүзінде алдында тұрған міндеттерді көрнекі әрекеттік тұрғыдан сәтті орындау қабілетіне ие болса, ал бұл міндеттерді бейнелі, сөздік-логикалық формада орындауға келгенде едәуір түрде қиналады. Жағдай керісінше де болуы мүмкін; баланың пайымдауы қиялдау қасиеті де алуан түрлі болып, бейнелі түрде еске сақтау қабілетіне ие болады. Бірақ ептіліктер мен дағдылардың жеткілікті дәрежеде дамымауына байланысты практикалық мәселерді шеше алмайды.

Балалардың оқып үйренуі үшін сөздік дайындығы таным процестері мен өз мінез құлқын басқару үшін сөздерді пайдалана алу қабілетінде көрінеді. Сөздің, сөйлей білудің дамуы, жазуды игеру мен өзгелермен әңгімелесе білудің алғы шарты ретінде маңызды.

Балалардың жеке дайындығы, интеллектуалдық және танымдық дайындықтан маңызы төмен емес. Баланың оқуға ынталығы мен оның жетістіктері осыған тәуеледі.

Психологиялық дайындықтың осыған сәйкес аспектілерін қарастырған кезде бірінші кезекте баланың оқуға деген ерекше ықыласына, білімге деген ынтасына, ептіліктері мен дағдыларына, қоршаған дүние жайлы жаңа ақпараттар алуға деген ұмтылысына назар аударған жөн. Танымдық қажеттілік «қанықпайтын» деп аталатын дәрежеге жатады. Мұның ерекшелігі; қажеттілік қаншалықты дәрежеде қанағаттандырылса ол соншалықты дәрежеде арта береді.

Балалардың, әсіресе оқу процесінде белсенді түрде дамитын дарын-қабілеттерінің мектепке дейін қалыптасып болуы шарт емес, бұл жерде маңызды мынау; балада мектепке дейінгі кезеңде керекті дарын-қабілеттердің қажетті алғы шарттары қалыптасса болғаны.

Оқудағы жетістіктерге қол жеткізуге баланың мінез -құлқындағы қарым-қатынастың (коммуникативтік) қасиеттерінің дәлірек айтқанда, оның өзгені жатырқамайтындығының, тіл табыса білуінің, ақ көңілдігінің, жайдары мінезінің, сонымен бірге оның жеке басының ерік қабілеттері; табандылығының, мақсатқа талпынушылығының, жігерлігі мен қажырлылығының маңызы ерекше.

Балалардың мектептегі оқуға психологиялық дайындығын және осы келтірілген барлық сипаттар бойынша үйрену дәрежесін іс жүзінде тек кешенді түрдегі психодиагностикалық тексеру ғана анықтай алады. Оны білім саласында жұмыс істейтін маман психологтар ғана жүзеге асыруы мүмкін. Мұндай психодиагностикадағы басты орында баланың мүмкіндіктері мен нақты жағдайларын оның жақын келешектегі дамуын зерттейтін әдістерден тұрады.