Адамның есі, оның зейініне қарағанда көп аспектілі. Баланың мектепте оқуға барар кезінде, оның оқуының жақсы болуы ұшін есінің және оның көрсеткіштерінің ең кем дегенде мына түрлерін білу кажет:
1 .Қысқа мерзімді көру және есту есі.Бұған осылардын көлемі мен жедел есінің соларға сәйкес түрлерінде ақпаратты сақтап, тұру қабілеті де кіреді. Жақсы қысқа мерзімді жедел көру және есту есі болмаса, оқу еңбек әлеуметтік және т.б.секілді сезім органдары арқылы қабылданатын ақпараттар ұзақ мерзімді есте көп уақыт сақталына алмайды.
2.Баланың есте сақтау қабілетінің әртүрлі тәсілдерін-ақпаратты есте сақтап, оны көшіру әдістерін өз бетінше қолдануымен сипатталатын жанама түрдегі есі.
З.Сонымен қатар, еске сақтау мен еске түсірудің динамикалық (өсіңкілік, көп сырлы) ерекшеліктерін бағалау да маңызды. Бұған ақпараттың белгілі бір бірліктерінің жиынтығы қатесіз еске сақтауға қажетті жаттаудың динамикасы мен оның өнімділігі, қайталаулардың саны секілді көрсеткіштерді қосуға болады.Кіші мектеп жасындағы оқушының еске сақтау қабілеті, оның зейіні секілді тұтастай түрде бағаланбай бөлшектеніп, яғни жеке көрсеткіштер бойынша бағалануы тиіс.Сондай-ақ олардың әрқайсысы бойынша баланың еске сақтау қабілеті жөнінде тәуелсіз қорытынды жасалуы қажет.
- 1. Қысқа мерзімді көру есінің көлемін анықтау әдістемесі.
Балаға кезекпе-кезек бірінен кейін бірі екі сурет беріледі.Суреттің А және Б деп аталатын әрбір бөлігі ұсынылғаннан кейін, балаға трафареттік рамка беріледі. Оған бала әрбір бөлікте көрген есіне сақтап қалған сызықтардың суретін салуы керек. Екі тәжірбиенің нәтижесі бойынша баланың еске сақтауы бойынша дұрыс көшірген сызықтардың орташа саны белгіленеді.Ұзындығы мен бағыты бастапқы суреттегі сол секілді сызыктың ұзындығы мен бағытынан елеулі айьтрмашылығы жоқ сызық дұрыс көшірілген деп есептелінеді. Дұрыс көшірілген сызықтардың санына тең көрсеткіш, көру есінің көлемі ретінде қарастырылады.
- Жедел көру есін бағалау әдістемесі.
- Естің бұл түрі, адам міндеттерді орындау процесінде, дұрыс шешімді табу үшін қажетті ақпаратты қалай ұзақ уақыт сақтап, пайдалана алатынымен сипатталады. Ақпаратты жедел есінде сақтап тұру уақыты, оның басты көрсеткіші болып табылады. Баланың жедел көру есі мен оның көрсеткіштерін мынадай тәртіппен анықтауға болады. Балаға дәйекті түрде әрқайсысы 15 секундқа әртүрлі штрихталған алты үшбұрыштар түрінде берілген карточка-тапсырмалар ұсынылады. Келесі бір карточканы көріп болғаннан кейін ол алынып тасталынады, да оның орнына әртүрлі 24 үш бұрыштар ұсынылады, бұлардың ішінде бала жаңа ғана жеке карточкада көрген алты үшбұрыштар да болады. Матритцада дұрыс түрде көрсетілмеген немесе қандайда бір себептермен бала таба алмаған карточкалар қате деп есептелінеді.
- Зерттеуді өткізу үшін 9 геометриялық фигуралар мен 12 сөз қажет: тау, ине, мысық, сағат, пальто, кітап, терезе, ара, шанышқыш, аяқ, ваза.
Жұмыстың барысы. Дәріс жеке түрде өткізіледі.
Нұсқау: “Қазір мен саған рет-ретімен және бірақ рет геометриялық фигураларды (немесе сөздерді) көрсетемін. Менің бұйрығымменоларды сен қайталап параққасуретін салып бересің (фигураларды) немесе жазып бересің (сөздерді). Тапсырманы тез және қатесіз орындау керек.
Нәтижелерді өңдеу.
- Дұрыс қайталаған элементтердің (С), қате қайталаған элементтерді (М), қайталамай қалған элементтерді (П) санын шығар.
- Мына формула бойынша естің тиімділігінің негізгі көрсеткішін (В) табу керек:
C — М
В=—————100
C + П
Зерттеу хаттамасы.
Стимул материалы | Уақыты | Уақытқа қосымшалар | Қайталаудың сапасы |
Геометриалық фигуралар | |||
Сөздер |
Алынған мәліметтертопаралық айырмашылықтың жоқтығы немесе бары туралы қорытынды жасауға мүмкіншілік береді.
- Педагогикалық психологияда ойлаудың даму деңгейін анықтаудың бірнеше нұсқаулары анықталған.
А.З. Зак 22 тапсырманы орындау тәсілі бойынша оқушылардың жалпы айырмашылығын анықтаған: теориялық немесе эмпирикалық. Тапсырманы орындамас бұрынмұғалім мынаны айту керек: “ Балалар, сендерге шарттары қойылған22 есеп берілген . 1-4 есептерөте қарапайым, оларды шығару үшін, шарттарды оқу ғана керек.
Әр есеп + немесе- белгілерімен белгіленеді. Егер бала есепті шығарып үлгермесе, онда ол есеп 0- мен белгіленеді.
Әр оқушының мәліметтері қорытынды ведомостқа енгізіледі.
№ | Аты-жөні | Есептің номері
1,2,3,4,5,6,7,… |
Осы таблицаның мәліметтерін пайдаланып есепті дұрыс шығарған балалардың санын шығаруға болады.
- Зерттеуді жүргізу үшін “Сөздерді шығарып тастау” методикасының бланкісі қажет. Методика 15 сериядан тұрады, әр серияда 4 сөз. Зерттеуші секундомер мен жауаптарды енгізу үшін хаттама жасауы керек.
“Сөздерді шығарып тастау” методикасының бланкісі
- кітап, сөмке, чемодан, әмиян.
- пеш, керосин, шам, электронметка.
- сағат, көзілдірік, таразы, термометр.
- қайық, араба, мотоцикл, велосипед.
- ұшақ, шеге, ара, вентилятор.
- көбелек, штангенциркуль, таразы, қайшы.
- ағаш, этажерка, сыпырғы, шанышқыш,
- ата, оқытушы, әке, ана.
- қырау, шық, жаңбыр, арпа.
- су, жел, көмір, шөп
- алша, кітап, тон, роза
- сүт, қаймақ, ірімшік, нан.
- қайын, емен, жидек, қарағай.
- минут, секунд, сағат, кеш.
- Васелий, Федор, Семен, Иванов.
Зерттеудің хаттамасы.
Оқушы күні
Жасы жынысы
Нұсқау: “Төртсөздің біреуі бір ұғым немесе бір жалпы сипаттпен бірігіп тұрған қалған үшеуіне қарағанда өзгеше, соны сызып таста”.Нәтижелерді өңдеу:
Дұрыс жауап 2-балл, қате жауап 0-балл.
5-10 дегеннен бастап.
5-10 есептерде кәдімгісөздердің орнына ойдан құрастырылған сөздер бар. 11 мен 12 есептер ертегілерден алынған.
13-16 есептерде бір ғана есімді жазу керек, 17-18 есептер бір немесе екі есім жазу керек, 19-20 екіесім жазу керек, 21-22 үш есім, оның ішінде біреуі екі рет қайталануы мүмкін.”
Жауап үшін сөздер:
1кітап, 2 шам, 3 көзілдірік, 4 қайық, 5 ара, 6 көбелек, 7 ағаш, 8 мұғалім, 9 шаң, 10 жел, 11 алма, 12 нан, 13 жидек, 14 кеш, 15 Иванов.
Есепті шығаруды сапалық бағалау.
Егер бала бір ғана есепті шығарған болса, онда ол ойынша кері есеп құрай алмайды. Егер екеуін шығарса, онда ол ойынша кері есеп құрай аладыдеп есептелінеді. Егер бала барлық есепті шығарса, онда оның мәселені шешудің теориялық тәсілінің қалыптасуыныңжоғары деңгейінің бар екенін білдіреді.
Тапсырманың барысы.
- Толя, Катяға қарағанда, көңілдірек. Катя, Аленкаға қарағанда, көңілдірек. Кім бәрінен көңілді?
- Саша, Вераға қарағанда, күшті. Вера, Лизаға қарағанда күшті. Кім бәрінен күшті?
- Миша, Коляға қарағанда, қаралау.Миша, Воваға қарағанда ашығырақ. Кім бәрінен қара?
- Вера, Катяға қарағанда, ауыр.Вера, Оля қарағанда, жеңіл. Кім бәрінен жеңіл?
- Катя, Лизадан иаее. Лиза Ленадан иаее. Кім бәрінен иаее?
- Коля Димадан тпрк. Дима Ленадан тпрк. Кім бәрінен тпрк?
- Прен Лдвк-тен көңілді. Прен квшр-дан көңілсіздеу. Кім бәрінен көңілсіз?
- Венч Нвркдан әлсіз. Венч Гщдс-тан күшті. Кім бәрінен әлсіз?
- Мнен Нврк-дан уиее. Нврк Сптв-дан уиее. Кім бәрінен уиее?Вшфп Двтс-тан клмн. Двтс Пнчд-дан клмн. Кім бәрінен клмн?
- Ит қоңыздан жеңіл. Ит пілден ауыр. Кім бәрінен жеңіл?
- Жылқының шыбыннан бойы төмен. Жылқы жирафтан биік. Кім бәрінен биік?
- Папаң 68-жаста мамаңнан кіші. Папаң інісінен 2-кі жас үлкен. Кім бәрінен кіші?
- Мұхтар Серіктен 3 кг жеңіл. Мұхтар Талғаттан 74 кг ауыр. Кім бәрінен ауыр?
- Сәуле Сәлимадан көп әлсіз.Сәуле Айнұрдан көп күшті. Кім бәрінен әлсіз?
- Мадина Назирадан қаралау. Мадина Жанаттан көп ақшылдау. Кім бәрінен ақтау?
- Забира Рабиғадан баяу. Динара Забирадан жылдамдау.Кімбәрінен жылдамдау?
- Вера Катядан көңілділеу және Машадан жеңіл. Вера Машадан көңілсіздеу және Катядан ауыр. Кім бәрінен көңілсіз және ең ауыр?
- Рита Лизадан қаралау және Нинадан кіші. Рита Нинадан ақтау және Лизадан ауыр.Кім ең қара және ең жас?
- Юля Асиядан көңілдірек. Асия Сонядан жеңіл. Соня Юлядан күшті. Юля Сонядан ауыр. Соня Асиядан көңілсіздеу. Асия Юлядан әлсіздеу. Кім ең көңілді, ең жеңіл, ең күшті?
- Толия Мишадан қаралау. Миша Вовадан кіші. Вова Толядан төмен. Толя Вовадан үлкен. Вова Мишадан ашаң. Миша Толядан жоғары. Кім ең ашаң, ең биік, ең үлкен?
Бастауыш сынып оқушыларының ойлауының даму деңгейін анықтау үшін өткізілетін топтықтексерулердің процедуралары төмендегілерден тұрады. Балаларға екі парақтан таратылады. Біреуінде есептер жазылған, біреуі таза, жауаптар үшін 1-20 есептерді араластырып отыру керек.Сонда балаларда есепті өзінше шығару мүмкіншілігі арта түседі.
- Бейнелік ойлауды бағалау
Зерттеу үшін 5 суреттен тұратын жиын, әрқайсысында 4 зат суреттелген. Зерттеушіге секундомер мен жауаптарды тіркейтін хаттама қажет.
Тапсырманың сериясы | Нәтиже | Орындау уақыты |
1 | ||
2 | ||
3 |
Зертеу жеке-жеке өткізіледі. Нұсқау: “Суреттерде бейнеленген 4 заттың 3-уі өзара бір топты құрайды және оларды бір сөзбен атауға болады, ал біреуін шығарып тастау керек. Артық затты атап көрсет. Суреттерді қиындығы арта түсетін ретімен көрсету керек.
Нәтижелерді өңдеу.
Бейнелік ойлаудың интегралдық көрсеткішін табу (тапсырманың әр сериясы бойынша). А) нақтылықпен; В) уақыттың Т) қосындысына теңестір.
А=В+Т Е. И. Рогов 78 бет.