Бастауыш мектеп мұғалімінің жұмысындағы диагностика. Психодиагностикаға кіріспе

« Психодиагностика » сөзі — « психологиялық диагноз қою » дегенді немесе , адамның нақты психологиялық жағдайы немесе жекеше психологиялық қасиеттері жайлы сапалы шешім кабылдауды білдіреді.

Практикалық психодиагностика психолог іс-әрекетінің әртүрлі саласында қолданылады . Дегенмен психодиагностика психологиялык іс-әрекетінің жеке, өз алдына дербес сферасы ретінде қальштасқан. Оның басты мақсаты : психологиялық диагноз қою яғни былайша айтқанда, адамның нақты психологиялық жағдайын бағалау.

Психодиагностика — кез-келген психологиялық — педагогикалық ғылыми тәжірибе барысында психологиялық қасиеттердің даму дәрежесін сапалы түрде бағалауды көздейді. Олардың заңды өзгерістсрі болжам жасауда көрініс тауып , тәжірибеде тексерілетін қасиеттер. Мәселен , ғылыми психологиялық зерттеудің мәселелері адамның ойлау ерекшеліктері болуы мүмкін. Оларға қатысты мынадай тұжырым жасалуда : олар кейбір заңдар бойынша өмір сүріп өзгереді немесе белгілі бір жагдайда әртүрлі өзгерістерге тәуелді болады. Кез-келген осындай жағдайда соған сәйкес ой-өріс қасиеттерінің , біріншіден, олардың өмір сүруін дәлелдеуге, екіншіден олардың өзгерістерінің айнымас заңдылықтарын көрсетуге , үшіншіден олардың болжамдарында кездесетін өзгерістерге шынайы тәуелді екенін көрсетуге бағытталған дәл психодиагностика қажет.

Психологиялық кеңеспен шұғылданушы маман клиентке қандай-да бір кеңес беруден б±рын, дұрыс диагноз қоя білуі тиіс, клиентті толғандыратын психологиялық мәселенің мәнін бағалауы шарт. Маман бұл жағдайда клиентпен болған жеке сұхбат пен оны бақылаудың нәтижслеріне сүйенеді.

Психодиагностика оның өзге де салаларында, мәселен медициналық психологияда, патопсихологияда инженерлік психологияда, еңбек психологиясында басқаша айтқанда адамның кез келген психологиялық қасиеттерінің даму дәрежесін дәл білуді қажет ететін барлық жерлерде қолданылады.

Осы келтірілген сипаттамалардың бәрінде де ғылыми және практикалық психодиагностика өзіне тән бірқатар міндеттердішешеді. Оларға мыналар жатады:

  1. Адамдақандайдабірөзгешепсихологиялыққасиеттердің болуын немесе оның мінез-кұлқының ерекшеліктерін белгілеу.
  2. Осы қасиеттердің даму дәрежесінің айқындалуы белгілібірсандықжәнесапалықкөрсеткіштерде байқалады.
  3. Адамның диагностикаға жататын психологиялық және мінез-құлық ерекшеліктерін қажет жағдайда сипаттау.
  4. Түрлі адамдардағызерттелетінқасиеттердіңдаму дәрежесін салыстыру.

Осы келтірілген төрт міндеттің бәрі практикалық психодиагностикада, еткізілетін тексерістердің мақсатына қарай әрбірі жеке немесе кешенді түрде шешіледі.

Сонымен психодиагностика психологтан арнайы дайындықты талап ететін, оның кәсіптік іс-әрекетінің ең қиын саласы болып табылады . Психодиагностиканы игеруі тиіс, барлық білімдердің , шеберліктер мен дағдылардың жиынтығы өте кең. Ал, білімдердің, шеберліктер мен дағдылардың күрделі болатыны сонша, психодиагностика кәсіби маман психологтың жұмысында жеке маманданған сала ретінде қарастырылады.

Психодиагносттың ғылыми білімдері, оның тарапынан қолданылатын психодиагностикалық әдістер арќау болатын психологиялық теориялармен жеке танысуды қажет етеді, және де осының позициясы т±рғысынан алынған нәтижелерді талдау жүзеге асырылады.

Маман психодиагностқа қойылатын негізгі талаптар: ол адамдарды өзіне тарта білуі, олардың сеніміне ие бола білуі және жауаптардың шынайы болуына қол жеткізе білуі тиіс. Арнайы теориялық білімдерсіз, практикалық психодиагностика жоғары дәрежеде жүзеге асырылмайды. Себебі, біріншіден психодиагностикалық тесттердің көпшілігі адам санасына бағытталған сұрақтар тізімін енгізген бланкілік әдістемелерді білдіреді. Сондықтан егер де, сынаудан өтіп жатқан адам психологиялық тұрғыдан ашық болмаса және де психологқа деген сенімі болмаса, ол қойылған тиісті жауаптарға жауап бермейді. Ал егер де одан өзге жағдайда мәселен, ол өзіне деген қатынастын салқынқанды екенін сезсе қойылған сұрақтарға жауап беруден тіптен бас тартуы мүмкін немесе тіптен тәжірибе жүргізушіні әуре сарсаңға салатындай жауаптар беруі мүмкін.

Келесі маңызды талап диагностикалық әдістемелер мен оларды дұрыс қолдану шарттарын тиянақты түрде білу. Негізгі талаптарға жауап беруге тиісті психодиагностиканың ғылыми негізделген әдістерінің ішінде сенімділікті, біржақтылықты және дәлдікті атауға болады. Сонымен қатар психодиагностикалық әдістемелерді таңдауда қойылатын бірқатар баска да талаптар бар. Олар: Біріншіден – таңдапалынған әдістеме бәрінің ішіндегі ең қарапайымы, әрі қажетті нәтижелерді алуға мүмкіндік беретіндердің ішіндегі еңбек шығынын ең аз талап ететін болуы шарт. Екіншіден әдістемеге арналған нұсқаулар қарапайым қысқа әрі қосымша түсініктемелерсіз жеткілікті түрде ұғынықты болуы шарт. Үшіншіден, таңдап алынған әдістемелер тек психологка түсінікті болып қана қоймай, психодиагностиканың өткізілуіне психологиялық және дене күші аз жұмсалуын талап ететіндей, тәжірибеден өтіп жатқан адамдарға да түсінікті әрі белгілі болуы шарт. Төртіншіден, психодиагностиканы өткізу мен өзге де жағдайлар тәжірибеден өтушінін көңілін аударатын бөтен тітіркендірушілердің болмауын қамтамасыз етуі шарт. Сонымен қатар психодиагностика өткізіліп жатқан мезгілде психодиагност пен тәжірибеден өтушіден өзге ешкім де болмауы тиіс және музыка мен басқа дауыстар естілмеуі шарт.

  1. Қазіргі заманғы психодиагностиканың тарихы XIX ғасырдың бірінші жартысынан басталады. Бұл кезеңнің ерекшелігі сонда, адам туралы эмпирикалық псмхологиялық білімдерді талдауда шешуші рольді дәрігерлер атқара бастады. Психиатр -дәрігер Еуропа емханаларында науқастарды жүйелі түрде бақылауға алып, өз бақылауларының нәтижелерін жазып алып, талдап отырды. Осы кезде психодиагностиканың бақылау, сауалнама жүргізу, құжаттарды талдау секілді әдістері пайда болды. Алайда, ол жылдардағы психодиагностика әлсіз, буыны бекімеген сипатта болды. Мұндай жағдайды шектеулі әдістердің көмегімен белгілі бір науқастарды қайта-қайта бақылауға алған, дәрігердің келтірген әртүрлі қорытындылары мен ой-қорытындыларынан байқауға болады.

Психодиагностиканың сандық әдістемелерінің пайда болуының бастапқы кезеңі ретінде XIX ғасырдың екінші жартысын айтуға болады. Сол кезде көрнекті неміс психологы В.Вундтың басшылығымен дүние жүзі бойынша алғашқы тәжірибені жасау үшін психологиялық зертхана құрылды. Мұнда психодиагностика мақсатында техникалық құрылғылар мен аспаптар қолданыла бастады.

Адамдағы негізгі психологиялык процесстерге, қасиеттер мен жағдайларға қатысы бар. Қазіргі заманғы психодиагностиканың бастапқы кезеңі ретінде XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басын атауға болады. Бұл кезеңде белсенді түрде, әрине маман психологтардың қатысуынсыз ықтималдық теориясы мен математикалық статистиканың кейінгі уақыттарда сандық психодиагностиканьщ ғылыми әдістері арқа сүйеген салалары дами бастады.

Статистикалық тұрғыдан дәйектелген алғашқы ой-өріс тесттерініңбірін 1905-1907жылдарыфранцузғалымы Т.Симонмен бірге ол осы тесттерді жетілдірс түсті. Сондықтан бұл тесттер психодиагностика тарихына Бине — Симон тесті ретінде енді.

Өткен ғасырдың 20-шы жылдарында адамның әртүрлі процестері мен қасиеттеріне психодиагностика жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа психологиялық, соның ішінде интеллектуалдық және жеке адамға арналған тесттер пайда бола бастады.

Алуан түрлі психодиагностикалық әдістемелердің басым көпшілігі XX ғасырдың 50-60-шы жылдарында пайда болды. Бұл ғалым психологтардың психометриялық аса белсенді кезеңі болды.

Қазіргі кездегі психодиагностика ғылымы және практикалық психологиялық білімдердің жеке саласы болып XIX ғасыр мен XX ғасырдың шегінде бөлінді. Көптеген психодиагностикалық әдістемелер құрылды және де олардың саны жылдам қарқынмен көбейіп келеді.

Психодиагностикада барған сайын математика мен физиканың казіргі заманғы әдістері сондай-ақ электронды психодиагностика құралдары мәселен ЭВМ-дер кең түрде қолданысқа енгізілуде.

  1. Психодиагностиканың кәсіптік-этикалық аспектілері.

Практикалық психодиагностика-бүл психологтардың кәсіптік іс-әрекетінің ең киын және жауапты саласы. Ол арнайы білімді, кәсіптік шеберлікті талап етеді жәнс адамдардың тағдырын қамтуы мүмкін (мысалы, соның негізінде медициналық немесе сот психологиялық диагноз қойылады, жұмысқа конкурстық негізде қабылдау мен таңдау жүргізіледі)

Әлеуметтік — этикалык талаптар :

Психодиагностиканың құпияны сақтау принципі оның нәтижелерін психодиагностикадан өткізілген адамның жеке келісімінсіз жария етпеуді білдіреді .

Психодиагностика әдістемелерінің ғылыми тұрғыдан дәйектелмеген принципі оған толық сенім арта алатындай нәтижелердің болуын талап етеді.

Нұқсан келтірмеу принципі психодиагностиканың нәтижелерін психодиагностикадан өтіп жатқан адамға нұқсан келтірмейтіндей етіп қолдануды қарастырады.

Тестілеу нәтижелерінен алынған қорытындылардың обьективтілігі принципі , оның ғылыми тұрғыда дәйектемеленген болуын талап етеді, барлық қорытындылар тестілеуді нәтижелерінің негізінде болуы шарт. Нәтижелерді қорытындылау тестілеуді өткізген немесе оның нәтижелерін пайдаланған. Кісілердің субьективті ұстанымдарына тәуелді болмауы тиіс.

Ұсынылатын кепілдемелердің тиімділік принципі адамдарға берілетін кепілдемелердің міндетті түрде қауіпсіз болуын қарастырады.

Психодиагностикамен шұғылданушы адамдарға ерекше талаптар қойылады. Олардың негізгілері мыналар : өте жақсы теориялық дайындық, психодиагностикалық әдістемелерді және оларды қолдану ережелерін тиянақты түрде білу. Соған сәйкес әдістемелерді практика жүзінде қолдануда жеткілікті дәрежеде тәжірибенің болуы.