Жантану ғылымынын оқыту пәні, міндеттері мен маңызы

Психология-психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттар мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек қабілет, қызығу, мінез, әдет т.б) көпшілігімізгеөз тәжірибиемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін сияқтымыз.Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі – “псюхе” (жан), екінші – “логос” (сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз “жан туралы ілім” деген ұғымды білдіреді.

Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім нанымдар мен кейбір зиялылардың көз қарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша адамзат тәннен тәуелсіз “жан” болады, мәңгі бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тіршілігінің (ойының ,сезімінің, еркінің) иесі де себепшісі де. Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуынада алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды.

Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын одан оқшау тұратын ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болатын болса соның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де адам оянған кезде қайтып келеді, егер келмей қалса, адам өледі деп тұжырымдады. Жан туралы осы тектес қарапайым түсініктердің пайда болуы адамдардың өздерінің дене құрылысы жайында ғылыми түсінігі жоқ кездерде

яғни жан мен тәннің толысуы бір-бірімен байланысын дұрыс ажырата-алмай жан өлгеннен кейін денеден шығып кететіні, мәнгі бақи өмір сүретін нәрсе деп ұғынудың натижесі еді.

Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т.б) аралас дамып келді.

ХІХ-ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылысьарын (түйсік, ес, ойлау, қиял, т.б) тәжіребие жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап психологияөз алдына дербес отау тігіп, тәжірибиелік ғылым ретінде дамыды. Ғылымның осы саласына экспериментті тұнғыш енгізген неміс ғұламасы В. Вундтболды.

Психикалық әрекетті ғалымдар бейнелеу теориясы негізінде түсіндіреді.

Осы қисынның іргетасы Әл-Фараби еңбектерінде алғаш сөз болған. Әл-Фараби “Философиялық трактаттар”. Алматы ғылым 1973, 301-бет. Бұл теория бойынша сыртқы дүние біздің сезімде, мида, түйсік, қабылдау, елестеу, ой-сезім түрінде бейнеленеді. Бұлардың бәрін бір сөзбен адамның санасы немесе психикасы деп атайды.

Неорганикалық материяның (өлі табиғат) өзінде де түрлі нәрселер сәулеленеді. Мәселен, заттың айнадағы сәулесінен біз оның суретін көреміз, ал егер затты алып кетсек оның суретінің де айна бетінен жоғалып кететіні мәлім. Психикалық бейне де осы іспеттес яғни сыртқы орта әсер етпейінше мида еш қандай психикалық құбылыс пайда болмайды. Айна бетіндегі бейнеде адам миындағы бейнеде “бейнелену” деген бір сөзбен аталғанымен бұл екеуінің арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Айна бетіндегі сәуле “жансыз” сәуле болып табылады. Ал адам миындағы пайда болатын бейнелеу процесінің айна бетіндегі сәуледен бір ерекшелігі соңғы бейне өте күрделі, ол жүйке процестерінің жұмысынан туады. Мидағы бейненің екінші бір ерекшелігі – сөздің жәрдемімен бейнеленуі. Бейнеленудің осы бір түрі ұзақ уақыттық тарихи дамудың нәтижесінде адамдардың еңбек ету қызметінің негізінде пайда болған.

Айналадағы заттар мен құбылыстардыңадам миында бейнеленуі жануарлардан бөлек, өзгеше жолмен, белсенді түрде сөздің көмегімен жүзеге асады. Адам қоғамдық-әлеуметтік өмірдің жемісі болғандықтан, оның бейнеленуі ұғым, пікір, ой қорытындысы түрінде көрінеді. Ол белсенді әрекеттену негізінде, әртүрлі объектілермен қатынас жасап, өзі солардың бейнеленуіне мүмкіндік туғызады. Бейнелену – заттың миға әсер етуінен ғана болатын бір жақты процесс емес, субъект (адам) пен объектінің (сыртқы орта) өзара байланысының нәтижесі. Адам сыртқы ортаның тигізген әсерін, шама-шарқынша өңдеп, саналы түрде бейнелейді. Бейнелену ми қабаты жықпылдарында адамның жас мөлшері, білім, дағды, икемі, тәжірибесіне орай түрлі деңгейде көрініп отырады. Ғылыми түсінік бойынша, психика, сана зат емес, оны көруге де, суретін түсіріп алуға да болмайды. Сана-сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі. Ол материалдық бейне емес, идеалдық бейне. Сана шындықтың жай суреті, оның жансыз көшірмесі емес, адамның басында, жүйке жүйесінде жасалып жататын шындықтың күрделі бейнесі.

Қазіргі кезеңде психология ғылымы алдында тұрған теориялық және практикалық міндеттердің сан қилылығына орай үлкен қарқынмен дамуда. Психологияның негізгі міндеті психикалық  іс-әрекеттіоның даму барысымен байланыстыра зерттеу. Соңғы он жылдықтарда психологиялық зеттеулер аймағы біршама кеңейіп, жаңа ғылыми бағыттар мен салалар дүниеге келді.  Психология ғылымының түсініктер қоры өзгерді, жаңа болжамдар мен тұжырымдар үздіксіз өрістеуде,  психология бұрын кезікпеген эмпирикалық деректермен толығуда. Б.Ф. Ломов «Психологияның методологиялық және теориялық проблемалары» атты еңбегінде қазіргі заман ғылымының жағдайын сипаттай келе,«бүгінгі күнде психологияның әдіснамалық проблемалары мен оның жалпы теориясын бұдан да бұлай тереңдетіп зерттеудің қажеттігі күрт жоғарылады»,  -деп жазады.