Жантанудың даму тарихына қысқаша шолу

Ерте замандардан бастап адам баласының назары, ақыл-ойы өзінің маңындағы дүниенің сырын танып білуімен бірге, өз денесінің ішкі дүниесінің, ақыл-ойы мен іс-әрекетінің тіршілік бейнесінің құпия сырларын ашып білуге ұмтылған. Біздің дәуірімізге дейінгі бірнеше мыңдаған жылдар бұрын Шығыс елдері Мысыр мен Үндістанда, Қытай мен өзге елдерде, адам баласының мәдениеті өсіп, дамып, осы заманғы ғылыми білімнің бастапқы іргетасы қалана бастаған. Қоғамның дамуына қарай өндіріскүштері өсті, әлеуметтік өмірде таптар пайда болды. Алғашқы құл иеленушілік мемлект құрылды. Қоғамда адамдардың әр-қилы наным сенімдерге негізделген көз-қарастары пайда болды. Мұндай көзқарастар тек діни нанымдарға негізделіп қана қойған жоқ, адамның жан дүниесі жайлы табиғи – ғылыми көз қарастардың тууына себепші болды.

Ертедегі Шығыс елдерінде, сонан соң Ежелгі Грецияда адамныңтәні мен жанының сырын білуге ден қойылды. Адам тіршілігінің негізі – қан айналуына ерекше мән берілді.

Ертедегі Қытай медицинасында (ХІІІ ғ) денені басқарушы жүрек қызметі деп санап, ол ауа тектес нәрседен жаралған деді. Ол адамның физиологиялық тіршілігімен бірге психологиялық қызметінде реттеп отырады. Мұндай тіршілік адамның сөйлеу қабілетін оятып, ойын дамытады деген тұжырым жасады.

 Ежелгі Үндістан дәрігерлері, “адамның психологиялық әрекетінің негізгіорганы – жүрек оның атқаратын қызметі біртіндеп миға ауысады”- деген тұжырым жасады.

Б.ғ.д.VІ ғасырда Үндістанда адамның жан дүниесі жайындағы діни нанымдарға негізделген Джайнизм мен буддизм бағыттары кеңінен тарады. Бұдан кейінгі кездерде Үндістанға философиялық мектептер жан туралы түсініктердіметофизикалық- әдептік мақсаттарды дәріптеуге пайдаланылады. Бұл бағыт келесі дәуірімізде түрлі жолға түсіп, жан дүниесінің сырын адамның даралық ерекшеліктеріне орай түрліше түсіндіреді.

Ерте дәуірдегі Қытай елдеріне кеңінен таралған философиялық — діниой -пікірәйгілі ғұлама Конфуцийдің есімімен байланысты.

 Онын іргесін өзі қалаған мектебі Конфуцияндық деп аталады. Конфуцийдің пікірінше“адамның білімі мен психологиялық сапалары – туа берілетін қасиет. Адам жаратылысынан қайрымды болып туады, бірақ оны жолдан тайдырып бұзатын-сыртқы орта. Сондықтан ол, адамның өз бойындағы сырттан әсер еткен зиянды қасиеттерден арылу үшін, адам өзі ішкі жан дүниесіне үңіліп ақыл-ойын дамыта түскені дұрыс” – дейді. Адамның тәнімен психикалық тіршілігінде қан айналу процесінің ерекше маңызды қызмет атқаратындығы туралы пайымдаулар келесі дәуірлерде Вавилон, Мысыр, Қытай мен Үндістанда, Ежелгі Шығыс елдерінде жалғасты.

  1. Ежелгі психология.

Сонау ерте замандардан бері адамдардың әлеуметтік өмірі олардың күнделікті сан-алуан іс-әрекеттерінен,бір-бірімен қарым-қатынасынан, олардың жан дүниесінің сырын мінез –құлық сипаттарынан өзара белгілі болған. Осындай ұғымтүсініктерде адамның жаны тәні мен бірге болды деп саналған. Ежелгі Грек жұртының ғұламалары. Гераклит (Б.з.д VІ ғ ), Демокрит олсол табиғат заңына ынғайланбауда деген пікірді қолдады. Демокрит психиканы (жанды) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп санады. Сонымен, жан туралы ілім- психологияны адам тәнінің қызыметі деген бірынғай материалистік түсінікті тудырды.

Сол заманның ғұлама ойшылы Платон (б.з.д.427-347ж.ж) жан мәңгілік нәрсе, ол өлмейді, өшпейді деген қорытынды жасады. Ол психиканы түсіндіруде идеалистік бағытты жақтады. Аристотель (б.з.д. 384-322 ж.ж) психологиялық ой-пікірді табиғи негізге сүйеніп, биология мен медицина саласына бағыттады. Ол психика туралы ілімді одан әрі зерттеп, “жан туралы” – деген еңбек жазды. Ол психиканы тән мен бірге өмір сүретінін айта келіп, психикалық әрекеттердің басым көпшілігін материалистік тұрғыдан шешті. Сонымен, Гераклит пен Демокриттің Платон мен Аристотельдің жан жайындағы көз қарастары психологиялық ілімнің келешектегі дамуына ғылыми негіз болып қаланады. Жан жүйесі жайындағы ертедегі ілім көптеген ойшылдар мен ғұламалардыңшығармаларында өзіндік орнын тапты.

Ежелгі Римнің көрнекті ойшылдары Лукреций (б.з.д. І ғ.), Гален (б.з.д. ІІ ғ.) психологияның жан дүниесінің сырымен байланысты табиғи негіздерін іздестірді. Ал грек ойшылы Сократ (б.з.д. 470-399ж.ж)”өзіңді өзің тани біл” деген ұлағатты пікірін адамның жан дүниесімен, сырымен ұштастырды.

 3.Орта ғасырдағыжан туралы ілім.

Ерте дүниеден бері қалыптасқан адам психикасы жайындағы ілім мистикалық және діни көзқарастар ықпалына көшті. ”Жан екі түрлі сипатта өмір сүреді” – деп уағыздалды. Жан жайындағы аристотельдік ілім өмірден шеттетілді.Алайда VІІ-ХІІ ғасырларда араб тілді Шығыс елдерінде философиялық ой-пікірлер өркен жайып, ғылыми зерттеулер және адамның жан дүниесі жайындағы ілім жанданыпжаңа сипатқа ие болды. Араб тілді Шығыс елдеріндегі мәдениетпен ғылымның орта ғасырда Еуропа мен басқа елдерге тарап, кең қанат жайып, жалпы адам баласы мәдениетінің өркендеуіне әсер етті.

VІІ-ғасырда Халифат мемлекеті құрылып,араб тілі мемлекеттік тілге айналды. Жаратылыстану, медицина, математика мен адамтану ғылымдары өркен жайып ежелгі дүние ғұламалары Платон мен Аристотель, Гален мен Архимедтің еңбектері араб тіліне аударылды. Сөйтіп бұл еңбектер барлық елдерге (Азия, Үндістан, Пириней) түбегіне дейін ғалым-ғұламалардың ашқан жаңалықтары, ой-пікірлері жаңа сипат алып, ӘбуНасыр Әл – Фараби (870-950 ж.ж), Әбу Али Ибн Сина (980-1037), Ибн Рошид (1126-1198 ж.ж) сияқты орта ғасырлық ғұламалардың зерттеулері арқылы адамның жан дүниесі жайындағы ілім өркендеді. Иранның ғалымы Закария Рази (865-925 ж.ж), өз еңбектерінде адам жан жүйесі жайлы ғылыми жетістіктеріне сүйеніп, түрлі зерттеулер жүргізді. Әбу Насыр Әл-Фараби “Әлемнің екінші ұстазы” атанған данышпан ғалым.

Оның бірнеше еңбектері бар.

  1. Ізгі қала тұрғындары.
  2. Азамазаттық саясат.
  3. Мемлекеттік қайраткерлердің өнегелі сөздері т.б.

Аристотельдің “Жан туралыеңбегі бар. Ұлы ойшыл Әл-Фараби психология ғылымы туралы айтқан бір пікірінде “Дүние материядан құралады, ол жойылып кетпейді, бір түрден екінші бір түрге көшіп өзгере береді, жан тәннен бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды” — деген ғылыми пайым жасайды.

 

XVIII- ғасырда психология ғылымында айтарлықтайөрлеу байқалып, физик И.Ньютон мен физиолог ғалым А. Галлердің зерттеулері оның негізі болып саналады. Жүйке жүйесі мен бұлшық ет қызметінің физиологиясы организм тіршілігінің негізі туралы ілімді жетілдіруге әсер етіп, оның мәнін арттырады.

Ойланудың дамуына ақыл-парасат шешуші рөл атқарады дейтін бұрынғы көзқарас енді тәжірибелік зерттеулерге сүйенетін болды. Психиканы осы тұрғыдан қарастыруда әрқилы бағыт ұстаушылар жіктеле бастады. Олардың бірі жан дүниесін зерттеу адамның ішкі сырын түсінуге бағытталуы қажет деп санаса, ал енді бірі психиканы тани білудегі тәжірибеніңжаратылыстану ғылымдарын зерттейтін тәжірибеден ешқандай айырмашылығы болмауы тиіс деген пікірді қалады. Осы бағытты қолданушылардың өздері бірнеше топқа бөлініп,түрлі көзқарасты ұстанды. Солардың ішінде Швейцария зерттеушісі А. Галлердің бағдары психиканың пайда болуында жүйкелік процестер бірінші, алтүрлі ой мен идеялардың өзара байланысты түрде туындауы екінші, кезектегі құбылыс дейтін көзқарасты қуаттай түсті.

Мұның бәрі психологиядағы эмпиристік бағыттың көріністері.

Ассоциативтік психология

Психология тарихында ассоциацияны жалпы категориялық ұғым деңгейіне тұңғыш рет көтеріп, оны дәріптеуші ағылшын дәрігері Гартли (1705-1757 ж.ж). Ол психикалық процестердің бәрі ассоциацияға сүйенеді деп түсіндірді. Гартлидің “Адамды бақылау” деген кітабы ассоциацияныңкеңінен тарап, өзекті ілім болып қалыптасуының бастамасы болды. Осы еңбегінде ол көптеген психикалық процестерді жүйке жүйесінің тербелісімен ұштастыра баяндап, адамның санасыз әрекеттерін материалистік тұрғыдан түсіндіруге күш салды.

Соның нәтижесінде Гартли адамның саналы әрекетінің жемісі болып табылатын ақыл-ой, ерік-жігер қасиеттерін де анықтайды. Бұл зерттеулер – санасыз әрекеттің сырын түсіндіретін алғашқы материалистік ілімнің шыңы деуге болады.

XІХ – ғасырдың бірінші жартысы – психиканыңдаму тарихындағы елеулі кезең болды. Бұл кезеңде ассоциациялықбұрынғы тұжырым материалистік тұрғыдан нығаятүсті. Т..Браун, Джеймс Милль, Дж.Ст.Милль сияқты зерттеушілер қолдады.

ХІХ ғасырдың ортасындағы психикалық іс-әрекет философиялық ілім жүйелеріне негізделіп психологияның өзіндік сипаты, зерттеу объектілері меноның әдіс тәсілдері айқындалды.Психологияның ХІХ ғасыр ортасында дербес ғылыми пәнге айналуының табиғи-ғылыми негізі-физика мен химия, физиология мен биология, дарвинизм мен рефлекс туралы ілім, сезім мүшелерінің психофизиологиясы мен психифизикалық зерттеулердің нәтижелері.

ХІХ ғасырдың ортасында психологияның дербес және тәжірибелік пән болып қалыптасуынәтижесінде адамның жан дүниесінің сырын әр тарапты зерттеу қызу жүргізіле бастады. Психологияның мұндай талаптары жаңа салалары мен тармақтарының өркен жайып дамуына қолайлы жағдай тудырды. Психологияның дамуындағы осы кезеңде әртүрлі бағыт-бағдар мен түрлі ағымдағы мектептерде тарих сақынасына келіп бұл пәннің әртүрлі мәселелерін әрқили көз-қарастар тұрғысынан қарастырды. Олардың негізгілері мыналар:

  1. Құрылым психологиясы. Негізін қалаған Э. Титченер, көрнекті өкіл В. Вундт

мақсаты сананың құрылымын тәжірибелік тұрғыдан іздестіру

  1. Вюрцбург мектебі Батыс Европада АҚШ-та кеңінен тарады. Бұл мектептің негізі Германияда қаланды. Мақсаты Психикалық процестерді тәжірибелік зерттеу арқылы талдау. Көрнекті өкілдері К.Марбе, А.Майер, Г. Уотт, А. Мессер, К. Бюлер.
  2. Американдық психологиядағы функционализм ағымы.

Негізгі мақсаты-психолгия ғылымының жетістіктерін тәжірибеде қолдана отырып адамның мінез-құлқын зерттеу.

Көрнекті өкілі Р. Вудвортс.

4.Бихевиоризм — XХ ғасырдағы психология ғылымын сипаттайтын американдық бағыт. Ол адамдардың құлқын жете қарастырды да сананы негізгі зерттеу объектісі деп санамайды. Бихевиоризмнің іргесін қалаушы Эдвар Терндайк (1874-1949).5. Гештальт психологиясы – Германиядағы психологиялық мектеп. Оның негізінқалаған Макс Вертгеймер (1880-1943ж.ж). “Гештальт” немісше – түр, тұрпат, форма, құрылым – деген мағына береді. Бұл мектептің мақсаты-жеке психикалық процестердің құрылымын тәжірибе жүзінде зерттеу.

6.Фрейдизм-Бұл –Австрия ғалымы З.Фрейд (1856-1939 ж.ж) есімімен аталатын бағыт. Зерттеу Ілімі психоанализдеп аталады. Фрейд “Жеке адам құрылымындағы санасыз әрекеттерге назар аудардыжәне оны зерттеу объектісіне айналдырады ол адам өз мінез құлықтарының туу себебін түсіндіре алмайды. Оларды санамен аңғаруға болмайды. Бұлардың нақты себептері ғана түс көру, сандырақтау, ырықсыз қозғалыс сияқты құбылыстарды зерттеу арқылы анықтауға болады”-деді. Фрейдистер теориясыныңмәні мынада: ол жеке адамды оның қалыптасуының әлеуметтік жағдайларынан толық бөліп алу, санасыздықты биологиялық негізді алға қою. Фрейдизм жеке адам психологиясындағы ең реакцияшыл бағыттардың бірі. Санадағы әлеуметтік фактордың ролін жоққа шығара отырып, ол мұнысымен буржуазиялық қоғамдағы билеуші таптардың былығыменқылмысын ақтайды. ХІХ-ғасырдың ортасынан бастау альпХХ ғасырдың басында өрістеген психология пєнінің ілгері дамуына неміс психологтары көп үлес қосты.

  1. Қазақстандағы психология ғылымының даму жолы

Адамның жан дүниесі жөніндегі пайымдаулар мен ой-пікірлер Қазақстанда өте ерте кезден бастау альп ХV-ХІХ ғ.ғ. Қазақ халқы ғұламаларының ағартушы демократтардың туындыларында айтарлықтай көрініс берді. Ал одан бұрынғы дәуірлерде ақын жыраулардың өлең толғауларында, билердің шешендік сөздерімен халықтық нықылдары ел намысын найзаның ұшымен білектің күшімен қорғаған батырлардың отаншылдық істерінде адам жан дүниесіне жұмбақтарына терең үңіліп болашақ ұрпаққа тағлым берерлік молрухани қазына жатқандығы қазіргі кезде зерттеліп бір жүйеге келтірілді. Аса көрнекті ғалым Ш. Уалихановтың шығармаларында халықтың рухы оның таным түсініктерімен тығыз ұштастырылады. И. Алтынсарин еңбектері этникалық және балалар психологиясыныңқыр-сырына толы деуге болады. Сонымен қатар А. Құнанбаев, С. Торайғыров, Ш.Құдайбердиев еңбектерінде, шығармаларында психологиялық ой- толғаулар менен пайымдаулар көптеп кездеседі.Ж. Аймауытовтың “Психология” оқулығы мен” Жан жүйесі және өнер таңдауы” – деген туындысы психология пәні бойынша таза ана тілінде жазылған бірден-бір алғашқы еңбек. 1920-1930 жылдары А.Байтұрсынов , Т.Тәжібаев, М.Мұқанов, А. Темірбеков, Ә.Сытдықов т.б. психолог мамандардың ғылыми зерттеулер жүргізген мәселелері белгілі.Қорыта айтқанда Қазақстанда психология ғылымы сан-салаға тарамдалып, кең жайылып өркендеп келе жатқан ғылыми пәндер қатарына жатады.

Детерминиз принципі бойынша әрқандай психикалық құбылыс өмір салты, қоршаған орта єсерлеріне орай пайда болды, тіршілік жаѓдайынын ауысуыменпсихика да µзгеріске келеді. Хайуанаттар психикасыныњ дамуы табиғи сұрыптаумен айғақталады да, ал адам санасыныњ дамуы- түпкілігінде қоғамдық даму ережелерімен, өндіріс әдістерінің даму заңдарыменанықталады. Сонымен, психиканың адамдық қасиеттерге тән ерекшеліктері мен сананың пайда болуын және дамуын ғылыми тұрғыдан зерттеуге нақты негіз қаланды.

Психологиялық құбылыстарды себеп салдарлы негізде қарастырудан интроспектік әдіснама және оның зерттеу объектісі ғылым сахнасынан ығыстырыла бастады. Енді психика өзімен өзі тұйықталған құрылым емес, ол сыртқы әсердің себебінен пайда болған құбылыс, ал оның салдарлы мәні тысқы іс-әрекетте көрініс береді деген тұжырым үстем болды.Өзіндік бақылау орнына объектив әдіс қолдамын тапты. Бұл әдіс психологиялық зерттеулерде а)адамға әсер етуші факторды анық білуге; в)тысқы жауап, әрекетө қылықтарды белгілеп қалуға; г)тітіркендіргіш ықпалдарды салыстыруға мүмкіндік берді.

Детерминизм принципі психикалық процестердің табиғи механизмдері қоғамдық -тарихифакторлардың ықпалымен өзгеретіні, яғни адамның психикалық дамуна оның адамзат мәдениеті өнім игеруі, қоғамдық қатынастарға араласуы маңызды ықпалжасайтыны жөніндегі концепсияға негіз болды.

Осы принцп негізінде қалыптасқанкеңес психологиясының және бір жаңалығы – қоршаған ортамен қатынаста тысқы дүниеге қарсы тұратын жай саналы адам емес ол жасампаз, объектив дүниені белсенді қабылдаушы, керек болса өзгертуші адам. Әлеументтік ықпалдарды қабылдау, мәдениет-руханият туындыларын игеру адамның сыртқы дүниемен белсенді араласуынла оның іс-әрекеті процесінде жүзеге келеді. Психология теориясы мен практикасында детерминизм принципінің іске асуы психиа дамуы, оқу мен тәрбие проблемасының шешілуіне негіз болды. Осыған орай психикалық дамуға ықпал жасаушы күштер жөніндегі мәселе үлкен маңыз алып, даму теориясындағы детерминизм табиғатын түсіну осы мәселенің шешіміне тәуелді болды.

Психикалық дамудың қозғаушы күштерін сипаттау үшін детерминизмді бірізді қолдау процесінде психологтар әрдайым психика дамуында биологиялық және әлеументтік факторлар арақатынасы, ішкі заңдылықтар мен сырқы әсерлердің байланысы, даму мен оқудың сабақтастығы жөніндегі сұрақтарға кезіге берді. Бұл мәселелердің көбі әлі өзінәң нақты шешімін таппағанымен, олардың біртарапты материалистік негіздемесінің қабылдануы психика дамуының себеп салдарлық принципін ұстанғанынан болып отыр.

Психологиядағы детерминистік бағыттың іске ауысуының және бір жолы психиканың ми қызметіне қатынасты мәселе екені жөніндегі шешімінен . Детерминизм –психикалық құбылыстарды түсіндіруде физиологиялық заңдылықтарды қолданудың негізі болды.

Алғашқы кеңес психологиясында детерминистік бағыт арнайы принцип ретінде қарастырылмаған еді. 50-жылдары С.Л.Рубинштейн детерминизм принципін психикалық құбылыстардың табиғаты мен мәнін талдау үшін қолданып, психикалық құбылыстарды материялдық дүниемен өзара байланыста қарастырды.

Сана мен іс-әрекет принципі .Сана және іс-әрекет – жантану ғылымының өзекті категориялары. Бұл принциптіңжүйелі зерттелуі 30 жылдары басталды. Алғашқы рет сана мен іс- әрекеттің бірлігі жөніндегі идеяны алға тартқан Л.С:Рубинштейн .Ол “іс -әрекет сана назар аударылған объектінің екіб әртүрлі тарапы емес . Олар табиғи біртұтас; теңдік емес бірлік ”-деп жазған .

Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі әрекеттің санасыз, ал сананың іс-әрекет қатыспайынша қалыптаспайтынын негіздейді. Мұндай көзқарастан сананы тану іс-әрекетті зерттеу арқылы ғана мүмкін екені дәлелденді. Әрқандай ғылыми таным әрекет пен оның өнімін білуден олардың орындалу барысында көрінетін басқа психикалық процестерге өтуі қажет. Осылай, сана мен әреет бірлігі принципі психологияның барша объектив әдістерінің негізіне айналды.

Ғылымға бұл принциптің енуі іс-әрекет теориясын дұрыс түсінуге бағыт берді. Осы кезге дейін психололгияның қай бағыты болмасын, психиканы –ішкі құбылыс, ал әрекетті –сыртқы деп түсіндіретін. Ал сана мен әрекет бірлігі принципінен келетін болсақ, шынында да, психика, сана тек ішкі құбылыс болып қалмайды. Осылайша, әрекет те тек тысқы көріністерментанылып қалмай, өзіне тән ішкі мазмұнға да ие, бірақ бұл қасиет оның бір тараптан толық сипатын бере алмайды. Сана мен әрекет бірлігінің мәні: тұлғаның санасы мен барша психикалық қасиеттері әрекетте көрініп қана шектелмей, сол әрекет процессінде қалыптасады.