Шағын комплектілі мектептегі педагогикалық үрдісті басқаруды жетілдірудің негізгі бағыттары

Бірқатар зерттеулердің қорытындылары бойынша (Г.Ф.Суворовтың, М.И.Зайкиннің және т.б.) шағын комплектілі мектептегі педагогикалық үрдістің төмен нәтижелілілігінің себебі: қалыптасқан (30-35 оқушы оқитын) сыныптар жағдайына орайластырып әзірленген нәтижелі оқу әдістері мен тәсілдері оқушылар саны аз сыныптардың ерекше жағдайында сол нәтижені бермейді. Біздің ойымызша, мұның себептерінің бірі – педагогикалық жоғары оқу орындарының түлектері мұндай мектептерде жұмыс істеуге дайын еместігі.

Ауыл мектебінің жұмысын ұйымдастырудағы ауылдық әлеуметтік ортаның мүмкіндігін зерттеудің нәтижесінде (Л.С.Выготский, Л.Н.Гумилев, Л.П.Гурва, С.А.Рачниский, В.И.Семенов және т.б.) ауылдық әлеуметтік ортаның бірқатар жағымсыз жақтары да анықталды: қала оқушылары ата-аналарының білім деңгейіне қарағанда, ауылдық ата-аналардың білім деңгейі төменірек; мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелер мен мәдениет мекемелерінің жоқтығынан мектепке дейінгі дайындықтың нашарлығы мен интеллеутуалды дамудың деңгейінің төмендігі педагогикалық үрдіс нәтижелілігінің төмендігіне әкеп соғады.

Білім саласындағы дағдарыстық жағдайларды жеңу жолдарын іздестіру, әсіресе, ауыл мектептерінің проблемаларын шешу, оның жұмыс принциптері мен қойылған міндеттерін жүзеге асыру ізгілік идеясына жүгіндіреді.

Қазіргі замандағы білім жүйесінің құрылуы мен қызметіндегі қоғамдық тенденцияларды көрсететін маңызды әлеуметтік-педагогикалық феномен ретінде білім ізгілігінің мазмұны мен маңызын анықтауға байланысты қаралған әдістемелер бірқатар маңызды қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.

Солардың ішінде төмендегіні бөліп қараймыз:

Білім ізгілігі – педагогтар мен оқушылардың өз шығармашылық даралығын дамыту субъектісі ретінде алатын, педагогикалық үрдістің мәні мен сипатына деген көзқарасты едәуір өзгертетін, педагогикалық ойлаудың жаңа басты элементі. Педагогикалық үрдістің негізгі мәні, мұндай жағдайда, жеке тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытуы ретінде қалыптасады, олардың сапасы мен мөлшері мұғалімдердің, оқу мекемелері мен бүкіл білім жүйесі жұмысында маңызды шарттардың бірі болып табылады.

Тарихи зерттеу, теорияларды талдау мен қалыптасқан тәжірибелерді жалпылау білім ізгілігінің негізгі жолдарын анықтауға мүмкіндік туғызды.

Соның іщіндегі ең маңыздылары:

  1. Ізгілендірілген білім мазмұнын іріктеуде қаралатындар:
  • білімдік-бағдарлық әдістен бас тартып дамытушылық жеке тұлғалық бағдарлық әдіске көшу;
  • қатар пәндік және жекелік білімнен (А.А.Хамидов) білім берудің үздіксіз жүйесінің барлық сатыларында терең және кең пәнаралық кіріктіруге, шоғырлануға көшу;
  1. Балалардың қабілеті мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеудің жеке тұлғалық-бағдарлық технологияларын таңдау (ойлаудың, есте сақтаудың, назар аударудың негізгі типтері бойынша);
  2. Мұғалімнің озық ізгілік дайындығы; оның педагогикалық гуманизмді игеруі, оның диалогын қалыптастыруға оқушылармен ынтымақтастық жасауға дайындығы, педагогикалық үрдістегі шығармашылық өзін-өзі көрсетудің қажеттілігі;
  3. Ауыл мектептерінде, әсіресе, республиканың шалғай шағын комплектілі мектептерінде жетік білім алуға қажетті жағдайлар жасау.

Осы үшін мұғалім мен оқушы арасындағы тұрақты классикалық схемадан бас тартып, қажетті дәлелдемені құруға міндетті мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара іс-әрекетті ұйымдастыруды қажет етеді, мысалы, С.Френе сияқты, оқушылар бірлесіп шешу үшін қызықты проблема мен міндеттерді ұсыну.

Жеке тұлға құрылымының маңызды құрамы ретіндегі интеллектің дамуы білім мен әлеуметтік тәжірибенің игеруінсіз мүмкін емес.

Қоғамдық – тарихи тәжірибені игерудің басты әлеуметтік қызметі – білімді жинақтауда емес, бар білімді қайта қалыптастыруда. Сондықтан, қазіргі заманғы мектептер оқушылардың ойлау белсенділігін максималды дамытып, ойлауға, білімді өзіндік толықтыру мен жаңартуға, оларды теориялық және тәжірибелік міндеттерді шешкенде сапалы пайдалана білуге үйретуге міндетті. Мұны П.П.Блонскийдің, Л.С.Выготскийдің, С.Л.Рубинштейннің, А.Л.Леонтьевтің, П.Я.Гальпериннің, Н.Ф.Талызиннің, Дж.Брунердің және т.б. зерттеулері дәлелдейді.

ШКМ-гі педагогикалық үрдісті басқарудағы мұғалімнің теориялық даярлық моделі

Шағын комплектілі ауыл мектептерінің оқу және оқудан тыс үрдістерінің ерекше жағдайындағы төмен нәтижелілігі мұғалімнің осы мектеп түрінің педагогикалық үрдісін басқаруға арнайы даярлығын талап етеді.

Жалпы білім беру мектептеріндегі педагогикалық үрдісті басқару тәжірибесіне байланысты жинақталған эмпирикалық материалдарды, шағын комплектілі мектептердегі педагогикалық үрдістің ерекшеліктерін, осыған дейін Н.Д.Хмель басқаруымен жүргізілген (Н.Н.Хан, С.Т.Каргин, Т.Н.Рябуха т.б.) зерттеулерді жалпылай келе, біз шағын комплектілі мектептердегі педагогикалық үрдісті басқарудағы мұғалімнің теориялық даярлық моделін құрастырып отырмыз.

Теориялық модельді даярлағанда, оның компоненттері төмендегідей өлшемдермен көрсетілген:

  • шағын комплектілі мектептегі жұмысқа мұғалімнің кәсіби бағыттылығы;
  • мұғалімнің әрекетінің объектісі ретінде педагогикалық үрдістің маңыздылығын білуі;
  • білім беруді жеке тұлғалық бағытталуының гуманистік қажеттілігін білу-сезіну;
  • шағын комплектілі мектептердегі педагогикалық үрдістің ерекшеліктерін білу;
  • пәнаралық шоғырландыруды іске асыру технологиясын игеру;
  • шағын комплектілі мектептердегі педагогикалық үрдісті басқаруды жетілдіру тәсілдерін игеру.

 ШКМ үшін педагог кадрларды көппрофильді үздіксіз даярлау жүйесі

Шағын комплектілі мектептің авторлық тұжырымдамасы негізінде, осы типті мектептердің мамандарын оза дайындау үлгісін ұсынып отырмыз. Шығыс Қазақстан, Қостанай аймақтарының іс-тәжірибесін жалпылай келе, шағын комплектілі мектептер үшін педагог кадрларды көппрофильді үздіксіз даярлау жүйесінің төмендегідей ең негізгі құрамдас бөліктері бар деп есептейміз.

Жоғары оқу орнына дейінгі кезең: дарынды балаларға арналған ауыл мектептері (нақтырақ, педагогикалық іс-әрекетке бейімдері бар оқушылар оқитын); кейін колледждің 2-ші курсына қабылданатын мектептегі кәсіби сыныптар (10-11); аудан орталықтарындағыірі мектеп негізінде құрылған, түлектерге арналған 1-жылдық педагогикалық сыныптар; колледж.

Жоғары оқу орнының кезеңі: (шағын комплектілі мектептегі педагогикалық үрдісті басқаруды даярлау үрдісі негізінде бір және қосақталған мамандық бойынша мұғалімдерді даярлау).

Жоғары оқу орнының кейінгі кезеңі: біздің бағдарлама бойынша, квалификацияны жетілдіру курстары МЖИ және ККДИ негізінде тыңдаушылардың тұрақты мекен-жайларына шығу, тірек мектептері, озық іс-тәжірибе мектептері, әдістемелік-семинарлар, педагогикалық-тәжірибе жұмыстарына қатысу, оқу-әдістемелік оқулықтар, мектеп басшыларына арналған ғылыми-әдістемелік семинарлар, ғылыми-әдістемелік семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялар, оқу-әдістемелік орталықтары арқылы орта және жоғарғы білім негізінде қысқартылған мерзімде 2-ші мамандықты алу. Осыны жүзеге асыру жолдарының бірі ұстазды көппрофильді даярлықтан өткізу. Бұл жағдайда жас маман негізгі мамандықпен қатар 1 немесе 2 аралас мамандықты игеріп шығады.