Республикада ағартушылық саласында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру көбінесе тәрбиеші – оқытушыға жүктеледі, оның ерен еңбегіне байланысты. Жаңа әлеуметтік жағдайда тәлім – тәрбие саласындағы мақсаттарға жету, оқушылардың алуан түрлі еңбегін ұйымдастыру, оларды білімді, әдепті, сезімтал, еңбексүйгіш, жан-жақты кемелденген азамат етіп жетілдіру, қалыптастыру тәрбиеші – оқытушының басты міндеті екендігі көптеген қарар-қаулы, қағидалардан орын алған. Еліміздің ертеңгі, егеменді республиканың болашағы тәрбиеші – оқытушыға, оның білім деңгейіне, дайындығына, адамдығы мен белсенділігіне, жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу жұмысына, көзқарасына тікелей байланысты. Көптеген оқытушыларда оқыту шеберлігіне қарағанда тәрбие шеберлігін иемдену қиынға соғады.Оның объективті себептері де бар: тәрбие ұғымы – жеке тұлғаны тәрбиелеу, ақыл – ой мүмкіндіктерін дамыту, ақылды және таза эстетикалық сезімі мол, еңбексүйгіш етіп тәрбиелеу факторы ретінде тәлім ұғымына қарағанда кең ұғым.Педагогтарда тәрбиелеу шеберлігінің күрделі де қиындықпен қалыптасуына және де себеп болатын нәрсе: жас оқытушылар тұлғасының кәсіби сипаттағы жүйесін иемдену әрекетімен байланысты субъективтік себептердің болуы.
Бұл нені аңғартады? Еңбек процесін жаңа бастаған жас оқытушылар күрделі педагогикалық жағдайларда өзін ұстай білудің түрлі әдіс-тәсілдерін табуда тәрбие шеберлігімен байланыстырудағы әлсіздігі, тәжірибесіздігі. Сондықтан болар жас тәрбиешілер, көбінесе жазалау әдістерін жиі қолдануға әрекеттенеді. Олардың алдында әрдайым “қалай жазалау керек?” деген мәселесі барлық тәрбие мәселелерін шешудің сұрағы ретінде көлденең тұрады. Сонда тәрбиеші шеберлігінің мәні неде?
А.С.Макаренко, тәрбиеші жұмысын қарастыра отырып, былай дейді: “Тәрбиеші әрекеті, шын мәнінде, бұл ұйымдастырушының әрекеті. Тәрбиеші шеберлігі -балалар өмірін ұйымдастырушы шеберлігі деп түсінуіміз қажет. Шеберлік – бұл мектеп оқушысын дамытушы педагогтың ситуацияларды ұйымдастыра алу дағдысы. Бұл “оқытушы — оқушы” жұптығы мәселелерінің бір мезетте шешілуі емес, ұжым мен тұлғаға тәрбиелік ықпал ететін әлеуметтік шығармашылық еңбекті, іс-әрекетті ұйымдастыру болмақ”.
- Шеберлік – теория мен практиканың бірлігі
Тәрбиеші шеберлігі – бұл тек білім ғана болмай, тәрбие заңдылықтары, балалар ұжымы өмірін ұйымдастыру заңдылықтарынан туындайтын әдіс-тәсілдердің практикада, тәжірибеде қолданыс табуы.
А.С.Макаренко былай тұжырымдайды: “Тәрбиелей білу – бұл қандай да бір өнер, ол сондай бір өнер, роялде немесе скрипкада жақсы ойнай білу сияқты, картинаны жақсы сала білу сияқты, жақсытокарь немес фрезеровщик болу сияқты. Адамды жақсы суретші, музыкант, фрезоеровщикболуға үйрету мүмкін емес, егер оғанқолына тек кітап берсек, егер ол бояуды көрмесе, аспапты алмайды, станок қасына бармайды. Тәрбиелеу өнерінің қиындығы сонда, тәрбиелеуге үйрету мүмкін тек қана практикада … Адам, мейлі ол жоғары оқу орнын табысты, жақсы бітірсін, мейлі ол талантты болсын, егер тәжірибеде оқып үйренбесе, ешқашан жақсы педагог бола алмайды ”.
- Тәрбиешінің негізгі дағдылары
Білім және оған негізделген дағды, іскерліктер – тәрбиеші шеберлігінің негізі болып саналады. Тәрбиешінің қабілетіне:
- әртүрлі педагогикалық ситуацияларда әрбір бала әлемінде көрініс табатын процестерді дұрыс түсіне алу тәжірибесі;
- жылдам сезу және оған назар аудару қабілеті;
- сенім мен талап қоя білу;
- балалар ойын ұйымдастыра білу қабілеті;
- ситуацияны жан-жақты бақылай, бағалай білу қабілеті;
- әртүрлі педагогикалық фактілерден ең негізгісін таңдай білу қабілеті;
- кездейсоқ фактілерден негізгісін көре білу қабілеті;
- ситуацияларда ықпал етудің түрлі әдістерін қолдана білу қабілеті;
- сезім, көңіл-күй және өз пікірлерін сөз, мимика және пантомимикамен анық жеткізе алу қабілеті жатады.
Сонымен қатар,
- оқу, еңбек, спорт, көркемөнер іс-әрекеттерде балалармен қатынас, байланыс орната алу қабілеті;
- ерекше тіл таба білу, жақындасу;
- балалар белсенділігін арттыра алу қабілеті;
- қиын, күрделі жағдайларда балаларға көмек бере алу;
- оқушылармен әрдайым кеңесу;
- ұйымдастырылатын шаралар жөнінде балалардың пікірлерін үйрену;
- өзді-өзін басқарудың түрлі формаларынан өнімді пайдалану;
- әрбір оқушыда ұнамды қасиеттерді көре алу;
- оқушыларды “сүйкімді, сүйкімсіз” деп бөлмеу;
- оқушыларда өз көзқарас, пікірлдерінде тұра алу қабілеттерін қалыптастыру да үлкен мәнге ие.