- Адамдық қадір-қасиетті құрметтеу. Сөз оқушылардың адамдық қадір-қасиетін құрметтеу жайында болып отыр. Педагогикалық әдеп мәнінің өзі адамды кемсітпеуде. Адамдық қадір-қасиет – адам бойындағы ең қымбат байлық. Біз оқушылармыздың, қоғамның болашақ құрылысшыларының бойындағы осы байлықтың әрбір бүршігін қызғыштай қорғауымыз керек. Оқушымен оның үлгерімі, тәртібі туралы сөйлесіңіз, екілік қойыңыз, екінші жылға қалдырыңыз, бірақ сөзбен де, көзбен де оның адамдық қадір-қасиетін қорламаңыз, оны күлкі етіп, мазақтамаңыз, ащы мысқылға үйір болмаңыз. Оқушыны қалай қатты ренжітуді емес, оған қалай жуысу, қалай көмектесу жолын ойластырыңыз.
Тәрбиесі қиын балалармен жүргізілген жұмыста олардың адамдық қадір-қасиетін кемсіту арқылы емес, керісінше оларды сүйемелдеу, көтермелеу, дамыту арқылы табысқа жетуге болады.
Ықпал жасау шамасы.Ықпал ету құралдарын пайдалану – медицинада дәрі-дәрмектерді жұмсаумен тең: оны дұрыс шамалай білу керек. “Көп болса, жақсы болады” принципі мұнда жарамайды.
Педагогикалық әдептің өзі көбіне шаманы сезіне білу ретінде де қарастырылады. Өйткені шамадан шығып кету әдептен озуға әкеліп соғады. Әдепті мұғалім – салмақты, ұстамды, байсалды (жақсымағынада айтқанда) болады. Ол мінез-құлықтың да, сөйлесудің де, әдет-қылықтың да, киім киюдің де тым қалыптан шығып кетуіне жол бермейді. Ол шамалап кейиді, шамалап кінәлайды, шамалап мақтайды. Бірақ кейісті тоқтататын, әзілді тежейтін, ақыл айтудан бұлтаратын сәтті қалайша дөп басып табасың? Міне, осы сәтті шамалауды – педагогтың өзі табуы, оны оқушылардың көздерінен, олардың назарынан, үнсіздігінен білуі, жайт-жағдайлардан ұғынуы, жалпы көңіл-күйден, жеке көріністерден сезінуі, ақыры тәжірибесі негізінде іштей сезініп түсінуі керек. Бұл мұғалімнің дара шығармашылығы. Сол шаманы сезінсе – табысқа қолы жетеді, сезінбесе – оның тактикасы ойдағыдай нәтиже бермейді. Олай болса, мүмкін, тәуекелге бармау үшін тәрбие құралының әрқайсысын ептеп қана (ептеп қана жеку, ептеп қана мақтау, т.б.) қолдану керек шығар? Тіпті де олай емес. Ондай қарым-қатынас біздің тәрбиелік құралдарымыздың әсерін шектейді. Бұл арада, тәжірибелі мұғалімдер сияқты бар мүмкіндікті сарқа пайдаланған жөн. Тәрбие құралдарын пайдаланудағы сақтық та шектен тыс болмауы тиіс.
Шешімге келу. Белгілі бір жағдайда ең қажетті шешімге келу – педагогтық тактикадағы ең басты нәрсе емес пе? Ал ең жақсы шешім – байсалды ойластырылған шешім болдып табылады. Ашу, ыза үстінде көбіне оқушылардың қылығына немесе жалпы тәртібіне сай келе бермейтін шешімдер қабылданады. Педагогта адам, сондықтан оның да бар сезімге, ашулануға, буырқануға қақысы бар. Кей жағдайда мұндай сезімдерді тежеудің қажеті де жоқ, ал кейде солай ету керек те болады. Істің мәні олардың формасы мен көрініс беруінің шамасында. Мұғалім өз сезімдерін шынайы (жоқ жерде сезім білдіргенсімей), бірақ “жалпы адам” ретінде емес, шебер-педагог ретінде білдіруі керек. Сіз ренжіп тұруыңыз мүмкін, бірақ ол қалайда педагогикаға жат формада болмауы тиіс, — А.С.Макаренконың бұл кеңесінің мәні зор. Ал ашу кернеп бара жатса ше? Ең жөні – сабаға түсу, барынша өзіңді-өзің ұстау. “Өзіңнің не өзіңмен сөйлесіп тұрған адамның шамдана бастағанын байқасымен сөзді тоқтат” деп кеңес береді Л.Н.Толстой. Ашу-нашар кеңесші. Біз өзімізге қойылатын талапты білгенімізбен педагогикалық әдепті көбіне шамданған кезде бұзамыз. Ашуланғанда талап ұмыт қалады.
- Көңіл қалдырмау. Көңіл қалдыру – адамдардың өзара қарым-қатысындағы бәлекет көзі. Ол ызаны қоздырады, кек тудырады, достарды араздастырады. Мектепте ол, атап айтсақ мұғалімдер мен оқушылар арасындағы көптеген қайшылықтардың, байлансытардың жоқтығының себепшісі. Көңілі қалған оқушы өзінің көңілін қалдырған мұғалімнің ешқандай талаптары мен кеңестерін іштей қабылдамайды. Көңіл қалдыру мұғалім мен оқушы арасында өзіндік психологиялық кедергі, ұзаққа созылатын психологиялық сыйыспаушлық тудырады. Көңілі қалған оқушы сырттай болмағанмен іштей сізге қарсы, ол сіздің шынайылығыңызға сенбейді, сіздің сөздеріңізге сезікпен қарайды, сіздің қайырым-ілтипатыңызға күмән келтіреді, сізден көңіл қалдырар жаңа қылық күтеді. Мұндай оқушымен байланысты қалпына келтіру қиынға соғады, бірақ ол бір кездерде өзінен-өзі қалыптасып кетеді деп күтуге де болмайды. Көңілдің қалуы әмәнде ізсіз өтпейді. Мұғалімнің өзінің кінәлі сіз бе, әлде оқушы ма, кінәлілігі үшін кешірімді оқушы бұрынырақ сұрай ма, әлде сіз сұрайсыз ба, тым санасып жатудың қажеті жоқ. Бұл мәселе әлдеқашан шешімін тапқан: кім әдептірек, кім тәртіптірек болса, кешірімді сол бірінші сұрайды. Оқушыдан дер мерзімінде кешірім сұрамау оны мұғалімнен жырақтатады, онымен ішкі байланысты салқындатады.
Оқушымен жеке әңгімелесу кезіндегі мінез-құлық. Оқушымен жеке сөйлесу – мұғалім шеберлігінің көрсеткіші. Ондай әңгімеге сабақтан кем дайындалмау керек. Оның жоспарын, барысын, өзіңіз оқушыға қояр сұрақтарды, сонымен қатар ол тарапынан болуы мүмкін сұрақтарды, ол сұрақтарға жауаптарды, сіздің сұрақтарыңызға оның берер мүмкін жауаптарын ойластыру қажет.
Әңгіменің аяқталу варианттарын міндетті түрде ойластырыңыз. Бәлкім, сізге оқушымен әңгімені “кешеуілдетуге”, кейінге қалдыруға тура келер. Сондықтан тиісті сылтауларды ойластыру қажет. Бұл – мұғалім айқайлап, оқушы үндемейтін, былайша айтқанда, екі жақ та өз пікірлерінде қалатын әңгімеден құтылуға көмектеседі. Бұған қолайлы жағдайда ғана қол жетеді. Ал әңгіменің қиюы келіспеген жағдайда оқушы өз қылығын ертеңіне, енді өз мұғаліміне ерегісіп, әдейі қайталауға бел байлайды.
Кінәлі оқушымен әңгіме барысында оның алдын-ала қорғану тәсіліне көшетінін және ол жай, қайшылықсыз жағдайда ықыласпен мойындай салардық дәлелдердің өзін жоққа шығаруға тырысатынын ескеру керек. Оқушы сіздің логикаңыз, сіздің өзіңізге әбден орынды көрінетін дәлелдеріңізге құлақ асудан гөрі, өзін қалай ақтаудың және осы әңгімені тағы қанша уақытқа созу жайын ойластырады. Егер мынадай тактикалық тәсіл қолдансақ: оқушының позициясына көшсек, не болар еді? Онда оқушыға қорғанудың қажеті болмай қалады да ол бар назарын мұғалім логикасына аударатын болады. Ал мұғалім болса, оқушы позициясынан дәлелденуі оңай, олқы жерлерін таба алатын болады. Оқушы позициясын бұзбауға, оның дәлелдерімен келісуге де болады, бірақ әңгімені, олқылықты оқушының өзі мойындайтындай логикаға тіреу керек.
Мұндай жолдар өте көп болуы мүмкін олардың педагогикалық әдепті бұзуға жетейлейтіндерін қолдануға болмайды.
- Оралымды жолдар. Оралымды (тікелей емес) жолдарды пайдалануда педагогикалық әдеп педагогикалық тактикамен ұштасады. Әрине, сіздер, педагогикалық тактика, біз қандай бір тәрбиелік әсер ету шараларын қолдансақ та ол әрқашанда оқушыларға тәрбие беру мүддесіне бағындырылуы керек деп түсінесіздер.
Оқушыларға тікелей ықпал ету ылғи да тиімді бола бермейтіндігі белгілі. Ең жақсы тәрбие – оқушыларды өздеріне білдірмей, ықтиярымен тәрбиелеу. Басқа бірегей жағдайларда оқушылар үшін “”мен сені үйретейін деп тұрғаным жоқ
Деу, “бар да оқы” дегеннен тәуірірек. Оқушылар мұғалімнің турашылдығын тұтас қабылдайды, бірақ оның тікелігін жатсынады. Сондықтан да оқушы “кездейсоқ” кездесулер мен әңгімелесулерде мұғалім алдын-ала белгіленген әңгімемен салыстырғанда өзін неғұрлым еркін ұстайды, сенгіш келеді. Оқушылар бұйрық, кеңес, құрғақ ақылдан гөрі өтінгенді жақсы қабылдайды. Мұғалімнің еппен, әдеппен аяғына дейін айтып шықпаған ойларын олар өз ойларындай көреді, ондай ойлар оқушы көзқарасына айналады. Осы тақылеттес, бірақ тіке, оның үстіне үзілді-кесілді айтылған ойды оқушылар қабылдамауы да мүмкін. Әдепті педагогтың оқушылары өз қалағандарын істейді, ал олары мұғалімге керектігінің өзі болып шығады.
Әдепті мұғалім оқушылардың бастама көрсетулерін шектемейді, тіпті қателікке ұрынарын сезсе де, оқушыларға күмәндана тұрып, сенім білдіреді. Әрине, оның тіктеу келетін кездері де болады, бірақ мұндай жайт мейлінше сирек ұшырасады. Әдепті мұғалім талап қойғыш, бірақ қазымыр болмайды. Оқушылар дәл осындай талап қойғыштық көбірек ұнатады.
Білімді бағалау. Оқушылардың басым көпшілігінде қанағаттанарлықсыз (немесе күткендегіден төмендеу) баға теріс сезім тудырады. Ал кейбір оқушылар үшін ол – барып тұрған қайғының өзі. Мұндай жағдайда оқушылар ерекше кінәмшәл, ал олардың көрінер көзге немкеттілігі – кейбір мұғалімдердің, дәл мұғалімдер тарапынан бой көрсетуі мүмкін әдепсіздіктен қорғану ғана, өйткені оқушылар жолдастарына сенімді, олар бірге күйінеді. Мұғалім де ондай оқушылардың күйінішіне ортақ болып, олардың қанағаттанарлықсыз бағаны уақытша сәтсіздік деп қабылдауларына көмектесулері керек. Оқушы сіздің қанағаттанарлықсыз баға қоюыңыздың өзінен сіз оны өшіге немесе рахаттана қоймайтыныңызды байқауы тиіс.
Педагогикалық тактика тұрғысынан ең жақсы баға – объективті (оқушылар сөзімен айтқанда -әділ ) баға. Төмен де, көтеріңкі де баға педагогикалық тактикаға жат. Оқушылардың білім көрсеткіші ретіндегі баға түрлі тактикалық сылтаумен өзгертіле алмайды. Бағалайтын ой-пікірлер арқылы ғана арылы-берілі орағытуға болады.
Көңіл күйі. Мерзімді басылымдарда: “Байқаңыздар – балалар бар!” деген тартымды атпен берілетін мақалалар жиі кездеседі. Қалаларда: “Мектеп” деген ескертпе белгілер ілініп қойылады. Мектепке кірер есіктің өзі, ләйім, осындай белгі болғай. Оның алдында бір сәт кідіріңіз, мектепке өз кейіс-ренішіңізді, босаңдығыңызды, бойкүйездігіңізді әкеліп тұрған жоқсыз ба, соны ойлап алыңыз. Егер көңіл күйіңіз нашар болса, оны табалдырықтан тыс қалдырыңыз. Оқушылар алдында мұғалім қалай болғанда да тек қана жайдары, қайратты және көңілі көтеріңкі болуы тиіс. Педагогтық кәсіп сыры осында.
Педагогтың көңіл күйі – оның тәрбиелейтін зор күш-қуаты. Кімде-кім мұғалім көңілін бұзса, ол оқушыларымыздың тәрбиесіне зиянын тигізеді. Өзіңіздің де, өз әріптестеріңіздің де көңіл күйіне абай болыңыздар.
Әзіл. Тапқыр сөз. Оқушылар әзілді сүйеді. Олардың біріне –бірі қандай тапқыр сөздер айтып жататандарына құлақ салып көріңіздер. Оқушылар әзілі – олардың ақыл-ой және жалпы өсуінің көрсеткіші. Олар үшін әзіл – рухани өсу қажеттілігі. Оларға әзілсіз өмір сүру қиын. Оқушылар кейде, шынын айтсақ, тапқыр сөзі үшін ащы таяқ та жейді, бірақ олар бәсеңсімейді.
Өзі әзілді сүйетін, тапқыр сөзді мұғаліммен оқушылар ықыласты араласады, оның қателіктерін, тіпті күрттігін де кешіре береді. Ал әзілге жоқ мұғаліммен араласу әлдеқайда күрделірек. Айта кету керек, ондай мұғалімдерде көбіне әдеп те шамалы болады. Оқушылардың әзіліне олар үсті-үстіне кінәлау, үркіту, дауыс көтеру, “тап қазір тоқтатыңдар!” деп талап қоюмен жауап береді. Егер сіз әзілге жоқ болсаыңз, ең болмаса сол кемшілікті әшкере ете бермеңіз. Бұл сізге басы артық қайшылықтан құтылуыңызға көмектеседі. Тапқыр сөзбен айтылған ескерпені орындамастан бұрын оқушылар сізге де дәл сондай тапқыр сөзбен жауап қайыруға тырысқанымен, оны әрдайым дерлік назардан тыс қалдырмайды.
Педагогтық тактика. Ол мұғалімде оқушыға әсер теудің жағдайға қарай орағытуға болатын әр түрлі құралдарының мол қоры болуын ескереді. Онда бір сөз тіркесін сан құбылтып айтатын алуан түрлі дауыс ырғағы, күлімсіреу, әсерлі көзқарас, ым қимылдардың жинақталған шоғыры, тұрақты сөз нұсқаларының, мәтелдердің айтарлықтай қоры, сондай-ақ. Бірқатар артистік қимыл қозғалыстар және шешендік тәсілдер қоры болуы тиіс.
Мұғалімнің сырттай қолапайсыздық сияқты оқушыға әсер ету мүмкіндігін шектей түседі. Сан құбылатын дауыс ырғағы байлығының ішінен тек бажылдауды, ал бар сөздік құралдардан: “Қимылдама! Үніңді шығарма! Сөйлемей отыр!” деген сияқты мезі болған сөздер жиынтығын қолданатын, “техникалық” жағынан қаруланбаған мұғалімнің табысқа жетуі шамалы болады. Әсер етудің бірөңкей құралдарын ұзақ уақыт пайдалана беруге болмайтыны белгілі. Олар “тозады”. Егер ондай педагог ткатикасын өзгертпесе, ол өз оқушыларының көңілін таппайды, сыйластығына жетпейді, сүйіспеншілігіне ие болмайды. Бала жанын жараламау, ренжітпеу, әсер етудің әдепке жат құралдарын қолданбау үшін мұғалімнің қаншама алуан түрлі әдістерді меңгеруі қажет екенін елестетіп көруге болады.
Педагогтық әдеп пен педагогтық тактиканың оқушыларға ықпал ету мүмкіндіктері мол, оларды қолданудың өрісі кең. Сабақта және үзілісте, мектепте және мектептен тыс жерде, оқушылардың оқуға деген ынтасы мен моральдық көзқарастарын қалыптастыруда, сенімділік пен сыпайылыққа тәрбиелеуде, т.б. айнымас көмекшілеріміз.