- Бүгінде білім беру саласының басым бағыты – білім сапасын арттыру. Бұған қалай қол жеткізуге болады? Яғни, мақсатқа жетудің бірден-бір жолы – тұлғаға бағыттап білім беру. Өйткені, қандай да бір орташа оқушыға бағытталған оқыту әлемдік кеңістікке ұмтылған жаңа заман сұранысын қанағаттандыра алмайды. Сондықтан білім беру жүйесін дамытудың басты стратегиялық бағыты тұлғаға бағытталған білім беру проблемасын шешуде жатыр.
Тұлғаға бағытталаған білім беруде оқу қызметі – оқыту емес, танымдық қызмет, ал “мұғалім –оқулық-оқушы” дәстүрлі парадигмасы түбегейлі түрде жаңа: “оқушы-оқулық-мұғалім” парадигмасына алмастырылады.
Тұлғаға бағытталған білім берудің мәні оқушының интеллектуалдық даму деңгейін, белгілі бір пәннен (дүниетанудан)даярлығын, қабілеттері мен талабын ескере отырып, саралауда жатыр.
Қазіргі кездегі білім берудің мақсаты мен басты құндылығы – оқушы тұлғасын дамытуға жағдайлар туғызу. Әр баланың барша мүмкіншіліктерін ескеріп, қабілеттерін неғұрлым толық ашуға жағдай туғызып, ол біртуар қайталанбас тұлға екендігін ұдайы есте ұстау қажет.
Білім беру ордасының алға қойған міндеттерін шешудің басты шарты –оқушылардың толыққанды оқу әрекеті арқылы оқыту үрдісін жетілдіру. Ал, білім берудің жаңа парадигмасында мұғалім оқушының белсенді танымдық қызметін ұйымдастырушы, білікті кеңесші әрі көмекші роліне ие болады. Бұл тұрғыда рефлексивті қатынас оқушының өз әрекетін жоспарлап, алда қол жеткізетін нәтижелерін болжап, өзгермелі жағдайға қарай операцияларды қайта құруға ғана мүмкіндік беріп қоймай, оқу әрекетінің толық жүзеге асыруына жағдай жасайтын оқытудың маңызды компоненті болады.
- Оқу әрекетінің өзге әрекет түрлерінен ең басты өзгешелігін оқушының үнемі “Жаңа дүниеге” енуімен, әрбір жаңа әрекеттің компоненттерін игерумен, әрдайым оның бірінен екіншісіне ауысып отыруымен байланыстырады Д.Б.Эльконин.
Т.В.Габай: “Оқу әрекеті – білік, дағды, іскерлікте игеруге мақсатты бағытталған әрекет”, — деген анықтама береді.
Көрнекті психолог – ғалым Д.Б.Эльконин “оқу әрекеті – баланың психологиялық дамуын шапшаңдадатын жетекші әрекет”, — деп көрсеткен.
В.В.Давыдовтың ойынша, оқу әрекеті білім, білікті жаңғыртып қоймай, оған сәйкес теориялық сана, ой – рефлексия, талдау, ойлау экспериментінің қалыптасуын көздейді.
Жаңа сабақ түсіндірілгеннен кейін немесе үй тапсырмасын пысықтауда болсын немесе жаңа сабақты қорытындылауда болсын дүниетану сабағында дидактикалық материалдарды қолданудың еш шегі жоқ. Оны қалай қолданам десе де мұғалімнің өз қолында. Дидактикалық материалдың қай-қайсысы болмасын бұрын танылған білімді, білікті игеруге бағытталып, нақты нәтижемен қатар, нәтижеге жету барысының есерілуі деген қорытынды жасауға болады.
Рефлексия (латын тілінен аударғанда “кері қарау”) – субъектінің ішкі психикалық күйін өзіндік тану процесі дегенді білдіреді.
В.ГБогиннің ойынша, рефлексия – тұлғаның өзіндік ішкі дүниесіне, өз әрекетіне сын көзбен қарауы дей отырып, индивидтің рефлексиясына оның білімін, ұғымын, түсінігін, сезімін, қаым-қатынасын, ниетін, құнды қасиеттерін жатқызады.