- “Бір сарынды және бір бағытта ұзақ жүргізілген іс-әрекет бала өміріне шексіз зиянын тигізеді. Сондықтан әсіресе бастауыш сыныптарда оқыту барысында әр түрлі оқыту әдістері мен формаларын алмастыра отырып қолдану керек” – дейді К.Д.Ушинский.
Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіншілігін толық пайдалану және оларды оқу үрдісінде үздіксіз дамытып отыру сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін дидактикалық материал түрлерін пайдалану ерекше.
- К.Д.Ушинский: “… Өз сабағына барлық оқушыларды тарта білу, белсенділігін оята білу мұғалімнің көрсеткіші” – дейді. Сондықтанда сабақтарда дидактикалық материал қолдану арқылы балалар үйренеді, білім алады және жеке тұлғаның мүмкіншіліктерін тәрбиелеуге, ерекшелеуге көмектеседі.