- Көрнекілік (визуальды) принципі гипермәтінде иллюстрациялық материалды тарту арқылы жүзеге асырылады. Бқл бір жағынан мәтінді «жандандырса», екінші жағынан білім алушыларды танымал адамдардың бейнесуреттерімен, қалалардың карталарымен, мұражай материалдарымен таныстырады.
Телекоммуникация арқылы оқытушы оқушыларға электрондық пошта арқылы тесті, бақылау тапсырмалары, есептеу табельдерімен, бағалардың парақтарымен алмасады. Бұлардың бәрі білімдік серверде тұрады. Мұғалім оқушыларға үй тапсырмасын, оны қалай орындау керектігі туралы нұсқау береді.
- Қазіргі уақытта интерактивті тақтамен жұмыс істей білу әрбір мұғалімнің міндеті. Интерактивті тақтамен жұмыс мұғалім әрекетін жеңілдетеді. Әрине, оны қолднана білген жағдайда.Дидактикалық материалдарды пайдалануға да кеңінен мүмкіндік туады. Сабаққа керекті материалдарды мұғалім өзі жасап ала береді.
Демонстрацияланатын көрнекілігіңіз оқу материалы мазмұнымен сәйкес келеуі шарт. Келесі шарттың бірі –көрнекі құрал мен демонстрациялық қондырғылардан керекті мәліметтерді табуға оқушыларды қатыстыру.