- Оқыту барысында қай әдісті қолдансақ та, оқушыларды өздігінен жұмысқа жұмылдыратын қосымша оқу құралдарының мәні зор. Соның бірі – оқушыларға сабақ үстінде таратып берілетін карточкалар (кеспе қағаздар). Оларды мазмұны жағынан бірнеше топқа бөлуге болады:
Оқушылардың табиғаттан, өмірден байқағандарын оқылатын жаңа тақырыптың мазмұнымен байланыстыруға арналған карточкалар.
Оқушылардың алған білімін қорытуға, пысықтауға, тексеруге арналған карточкалар.
Түрлі жұмбақ, жаңылтпаштар беру арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, сезімталдығын дамытуға арналған карточкалар.
Оқушылардың тілін дамытуға, сөз байлығын молайтуға арналған карточкалар.
Көркем әдебиет үлгілерін пайдаланып, оқушылардың эстетикалық талғамын дамытып, сабақты әсерлі өткізуге, оқушылардың табиғат көріністеріне қызығушылығын арттыруға арналған карточкалар.