- Өз бетімен жұмыс істей білу – оқушылардың білім, іскерліктерін тәжірибеде қолдану тәсілдерін меңгеруге бағытталған оқытушы көмегінсіз өткізілетін іс-әрекеті. Өз бетімен жұмыс балалардың белсенділігін дамытып, зейінді шоғырландыра жұмыс істеуге, өзгені байқамауға үйретеді.
Әр сабақта балаларға тексеретін, дайындайтын, оқытатын тапсырмалар беріледі. Тексеретін өздік жұмыстар білім, іскерлік, оларды қолдануды тексеру үшін керек. Тексере – оқытамыз деген ережемен өздік жұмыстар тексеріледі. Тірек білімдер, іскерліктер жаңа оқу материалын қабылдап түсіну үшін керек, сондықтан балаларға фактілерді салыстыруға, ережелерді, іс-әрекет тәсілдерін, қайталауға, алдын ала оқуға және бақылауға, әшекейлі сурет қарауға, көргендерін жазуға, мәліметтер табуға тапсырмалар беріледі. Оны дайындық жаттығулары дейді.
Егер оқушының оқу дағдысы жақсы болып, оқығанын түсінсе, онда өз бетімен жұмысты жаңа білімді меңгеру үшін де қолдануға болады.
Бір сабақтағы өз бетімен жұмыс істеу регламенті болмағандықтан, оқушылардың мүмкіндігін ескеру керек. Оқу материалынан өздік жұмысқа оқушылардың оқу мүмкіндігіне сәйкес келетін материалдар іріктеледі.
- 1-4 сынып оқушыларының өз бетімен жұмыс түрлері:
жаңа материалды оқығанда орындалатын дайындық жаттығулары: оқулық бойынша (қайтлау, карточка, кестемен жұмыс);
бұрын меңгерілген білімге ұқсас жаңа материалды өз бетімен оқуға мұқият нұсқау беру;
Бір сарынды, іш пыстыратын тапсырмаларды бермеген дұрыс. Өз бетімен жұмысқа берілген уақыттың ұзақтығы тапсырманың көлемі және күрделілігіне байланысты. Оқушылар жаңа материалмен жұмысты бастағанда өз бетімен жұмыс шағын болады. Тапсырманы орындау техникасы төмен болса, жаңа материалды қабылдауға оқушылар әзірлігі болмаса, онда ақыл-ой, тәжірибелік жұмысқа, өздік жұмысқа көп уақыт кетеді.
Бірте-бірте өз бетімен жұмыс ұзақтығын көбейтіп, күрделі тапсырманы өте көп берген дұрыс. Жатыққан соң оқушылар өз бетімен жұмыс істей алады, бірақ ұзақ уақыттық жұмыс оқушыларды шаршатады. Мақсат – төзімділікті тәрбиелеу, оқушыларға жанашырлық білдіре отырып, оқыту.
Өз бетімен жұмыс істеу тиімділігі оны ұйымдастыруға байланысты. Өз бетімен жұмыстарды жоспарлағанда ескерілетін жағдайлар:
мақсатын жақсы түсіну;
оның оқу процесі, сабақ құрылымындағы орны мен рөлін анықтау;
оқушылардың дайындық деңгейлерін, мүмкіндіктерін ескеру;
белсенді, жеке, деңгейлік тапсырмалар беру