Дидактикалық материалдардың оқушылардың ойлау қабілетін арттырудағы маңызы.

  1. Дүниетану сабағында оқушыларды ой қорыту, қисынды ойлау қабілеттерін арттырып, тіл байлықтарын дамыту көзделеді. Балалар үшін көріп тұрған заттары мен құбылыстарын талдап, сипаттап айтып беру үлкен психологиялық дайындықты талап етеді. Осы тұста В.А.Сухомлинскийдің “Бастауыш сынып оқушысының ойы сезім мен көңіл толқуларынан ажырамастай тығыз. Оқыту процесінің әсіресе қоршаған дүниені қабылдаудың сезімге бай болуы – бала ойы заңдарының алға қоятын талаптарының бірі” деген пікірі ойға оралады.