- Оқушылардың өздігінен атқаратын жұмыстарын ұйымдастыру үшін таратып берілетін материалдарды жиі пайдалануға тура келеді (өсімдік, пайдалы қазбалар жиынтығы, табиғат көрінісін не жеке заттарды бейнелейтін ашық хаттар және т.б.).
Бастауыш мектепте оқыту әдістерін қолданғанда негізгі көңіл оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бөлінеді. Оқушылардың табиғаттан бақылағандарын тақырыптың мазмұнымен байланыстыру кезінде де өздігінен жұмысқа сүйенуге тура келеді. Мысалы, 2-сыныпта “Күз түсті” тақырыбын оқыту кезінде сабақтың кіріспе бөлімінде-ақ оқушыларға күз табиғатын бейнелейтін суреттер мен карточкалар таратылып беріледі.
- Мұндағы мақсат – оқушылардың өздігінен табиғатқа жүргізген бақылауларына сүйене отырып, оларға табиғат ерекшелігін ұғындыру және табиғатты онан әрі де бақылауға жұмылдыру. Карточка мазмұныныан мысал келтірейік:
Алтын сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Бақша іші күлімдеп,
Көз тартады атырап.
-Бұл қай кезде болады? Өз жеріңнен күздің қандай белгісін байқадың? Бұл бір карточкадағы тапсырма болса,т екінші карточкада:
Самал қозғап қалғанда,
Үзіледі сары алма.
Шолып едім бақшаны,
Қауын біткен сап-сары.
Бұл қай кезде болады? Өз жеріңде қандй жемістер пісті? Ағаш жапырақтары қашан түсе бастады, неге? Шөптерден қандай өзгерісті байқадың?
Таратып берілген карточкалардағы өлеңдердің бірі күзгі ауа райын суреттесе, екіншісі өсімдіктер көрінісін, жеміс-жидектердің күзгі қалпын суреттейді.