Әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта өңдеу негізіне қарай құрылған оқыту технологиясы:
ірілендірілген дидактикалық бірліктер (Эрдниев П.М.);
“Мәдениет диалогы”, (В.С.Библер, С.Ю.Курганов);
“Экология және дидактика” жүйесі, (Л.В.Тарасов);
ақыл-ой әрекетін сатылап дамыту теориясын жүзеге асыру технологиясы (М.Б.Волович).
- Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы
(П.М.Эрдниев)
Мақсаты:
математикалық білімнің оқушының интеллектісін дамыту мен өзін-өзі дамытуының басты шарты ретіндегі тұтастығына қол жеткізу;
пәндердің бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз ететін тақырыптардың неғұрлым жетілген жүйесін жасау.
- Тұжырымының ерекшеліктері:
дидактикалық бірліктерді ірілендіру оқытудың төмендегі нақты жолдарын:
өзара байланысты амал, операция, т.б.біріктіре және бір мезгілде қарастыру;
есеп құрастыру және шығару үрдісінің бірлігін қамтамасыз ету;
деформацияланған жаттығулар әдісін;
тура есепті кері есепке және керісінше айналдыру;
математикалық білімнің күрделілігіне орай, жүйелі де тиянақты білім беру;
берілетін тапсырмаларының баланың ойлау операцияларын меңгеруін, логикасын дамытуға әсерлі болуын ұсынады.
- Мазмұны мен әдістерінің ерекшеліктері:
бір мезгілде тура және кері амалдар мен операцияларды меңгеру;
өзара қарама-қарсы ұғымдарды салыстыру;
тұтас және қарама-қайшы ұғымдарды сәйкестендіру, салыстыру;
жаттығуларды орындау, есептер шығаруда амалдардың орындалу тәртібін (жұмыс кезеңдерін) реттеу.