С.Н.Лысенкованың технологиясы Тірек сигналдарын пайдалана отырып перспективалық-жеделдете оқыту
Мақсаты:
Білім, білік, дағдыны меңгерту, қалыптастыру;
Мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру;
Оқушылардың барлығын табысты оқыту.
Ерекшелігі:
педагогикалық ынтымақтастық;
тұлғалық қарым-қатынас;
оқу материалының мазмұнының жүйелілігі, бірізділігі;
материалдардың сабақтастығы;
саралау,әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлылығы;
білетін оқушы арқылы , білмейтін оқушыны оқыту;
түсінбегенді қайта түсіндіру.
табыс – баланы оқыту арқылы дамытудың басты шарты;
сыныптағы қалыпты жағдай (түсіністік, өзара көмек);
қателікті ескерту, оқушыны жазғырмау;
бірте-бірте толық дербестікке жету;
Әдістемелік ерекшелігі:
Болашақ білімнің алғашқы бөлігін алдын-ала енгізу;
жаңа ұғым, түсінікті нақтылау, қолдану;
оқу әрекеті мен ойлау қисынының жылдамдығын дамыту;
үйге тапсырма жаңа материалдар бойынша тек әркімнің өзіндік жұмыс орындау үшін тиімділігіне қарай беріледі;
ережелерді түсінбей жаттауға оқушыларды дағдыландырмау;
ата-аналардың өзара әрекет жасауы;
оқу жылдарының аралық байланысы;
мұғалімге оқушыны үйретуге, ал оқушының үйренуіне мүмкіндік берілуі;
Бағдарламаның кейбір тақырыптарының қиыншылығын жеңу, азайту үшін оза оқыту әдісін қолданады:
қиын тақырып әр сабақ сайын азғантайдан өтіле бастайды;
сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңында нашар оқушылар қатыстырылады;
1-сыныпта үйге тапсырма берілмейді;
үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай () әркім өзі орындай алатын жағдайда ғана беріледі;
ережелерді құр жаттап алуға жол берілмейді;
баланы жинақылыққа баулу.