Ізденіс” педагогикалық инновациялық технологиялар мен озық іс-тәжірибелер зертханасының мақсаты:
Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерін даярлаудың сапалық деңгейін көтеру.
Педагогикалық мамандықтар бойынша білім беру үрдісін үйлестіру.
Педагогика теориясы мен практикасы бойынша инновациялық технологиялар мен озық іс-тәжірибелерді зерттеу, үйрену, насихаттау және тарату.
Университет-мектеп – мұғалімдер білімдерін жетілдіру институттары арасындағы жаңа үштік байланысты жандандыру;
Бағыттары:
І-бағыт. Ғылыми-зерттеу жұмыстары
инновациялық педагогикалық технологияларды оқып үйрену, зерттеу.
жаңашыл мұғалімдердің озық іс-тәжірибелерін зерттеу;
оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыратын, оқушылардың жоғары шығармашылық деңгейін қамтамасыз ететін шығармашылық-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
педагогикалық конференциялар, оқулар, консилиумдар ұйымдастыру.
ІІ-бағыт. Оқу-әдістемелік жұмыстары
болашақ мұғалімдердің шығармашылық, интеллектуалдық потенциалдарын дамыту;
оқушылардың жас ерекшеліктерін, қабілеттерін ескере отырып, саралап оқыту мазмұны, формасын және әдістерін анықтау.
оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық технологияларды пайдалануды қарастыратын әдістемелік көмекші құралдарды оқу, пайдалану.
инновациялық технологиялар мен озық іс-тәжірибелер оқу, педагогикалық семинарлар, дөңгелек үстел, әдістемелік кеңес ұйымдастыру.
ІІІ-бағыт. Тәжірибе-эксперименттік жұмыстары
оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық технологияларды ендіру мақсатында эксперименттік-тәжірибелер жүргізу.
жүргізілген эксперименттік-тәжірибелердің қорытындысын шығарып, алынған нәтижелерге талдау жасау.
оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық технологияларды пайдаланатын дәстүрлі емес ашық сабақтар беру, шығармашылық есеп тыңдау.
жүргізілген эксперименттік-тәжірибелердің қорытындысын шығарып, алынған нәтижелерге талдау жасау.
оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық технологияларды пайдаланатын дәстүрлі емес ашық сабақтар беру, шығармашылық есеп тыңдау.