- Педагогикалық технологияның даму көзі мен құрамдас бөліктері.
әлеуметтік өзгеріс және педагогикалық жаңаша ойлау;
педагогика, психология, қоғамдық ғылымдар;
отандық, шетелдік тәжірибелер, ескі мен жаңа;
этнопедагогика болып табылады.
- Педагогикалық технологиялардың ғылыми философиялық негізі.
Сциентизм – адамзат қоғамының мәдениет жүйесінде ғылым мен техника рөлін даралап бағалау.
Табиғатмәнділік – адамның табиғи мүмкіндіктерін ескеруді уағыздаушы көзқарас, адам мен табиғаттың үйлестігін басшылыққа алу.
Гуманизм (ізгіліктік) — әлеуметтік құбылыстарды бағалау өлшемі, адамның жағдайы, қоғам қағидасы – теңдік, әділеттілік.
Теосифия – діни бағыттағы мектептердің негізі. Ол ұлттық педагогикадан терең тамыр алады, жастарды жақсылық пен жамандық ара жігін ашуға тәрбиелейді.
Антропософия – адамның рухани құндылығын зерттеуші бағыт.
Прагматизм – тұлғаның интеллектуалды және адамгершілік сапалары, оның табиғи жаратылысы. Оның көрінуі тек даралық ерекшеліктеріне байланысты. Олар адамгершілік сапаларды қалыптастыру емес, дамытуды өзін-өзі реттеу жағдайының алғы шарты деп есептейді.
Экзистенциализм – адам өзін-өзі жасаушы деген ойды басшылыққа алу.