- Бөбек жасы кезеңінің өзіндік ерекшеліктері.
Егер нәрестенің психикалық дамуы тым қарапайым түрде кездессе, алдағы екі жылдың ішінде психикалық дамуы ірі өзгерістерге ұшырайды. Бөбек жасының аяқ кезінде / 3 жастағы кезі / бала ақыл-ойының дамуы жағынан едәуір жетістікке жетіп қалады. Психолог Б.Гудинаф өзінің еңбектерінде бөбек жасына аса көңіл бөледі. Оның ойынша, жаңа туған бала мен үлкендердің психикалық дамуының тең ортасы- бөбек/3 жас / жасы дейді. Ал осындай ірі жетістіктерге бөбек аз уақыттың ішінде қалай жете алады? Бұл жетістікке жетудегі себептің бірі / 1 жасқа толғанда / баланың түргелеп жүруі. Тікелей жүруге көшу бірден болмайтынын қазақтың балаға “тұсау кесу” дейтін ырымынан да белгілі. Бұл жетістіктің екінші себебі: әр заттың өзіне тән қызметін ажырату. Егер нәресте жасындағылар әр заттың қандай қызет атқаратынын білмесе, енді ол бөбек жасына көшкенде соның атқаратын қызметінің мәнісінтүсіне бастайды. Бөбек психологиясының дамуына негізгі әсер ететін фактордың бірі: оның қарапайым ойындары мен балалар бақшасында тиісті өнерге үйренуі / сызу не үй салу т.б. / Бұл бөбектер үшін өзінше әрекеттің түрлері, сондықтан ойын мен іс-әрекеттер бөбек психологиясының дамуына үлкен әсер етеді. Мысалы, ойыншықтармен ойнау осы жас кезеңінің аяғында кездеседі. Әуелгі кезде бөбектер ойыншықтардың сылдарлауына, не бояуына мән берсе, бірақ нендей жәндіктің, не машинаның бейнасі екеніне мән бере алмайды.
Бөбек жасында ойыншыққа байланысты ұлдар мен қыздардың ойыны бірдей емес.3 жастағы қыз аюдың ойыншығын бергенде оның үстіне көйлек тігіп, кигізіп, кішкентай тарелкаға ассалып, қасықпен огны тамақтандырады. Ұлға осындай ойыншық ұсынсаң ол одан бас тартып, бұл қыз балалардың қызметіне қатысты, сондықтан оған қатысы жоқ екенін айтады. Ал ұлдар таяқты ат қып мініп, “осы менің атым” жүгіретіні кездеседі. Ойынға қатысушылар аю ойыншығы нағыз аюдың өзі емес екенін , ал таяқтың ат емес екенін өздері де жақсы біледі. Бұл сұраққа өздері былай жауап береді: “Біз әншейін ермек үшін ойнаймыз”-деп жауап береді. Ал осындай ойындағы заттарды / ойыншықтарды / өзге заттың символы/ не белгісі / деп түсіну бөбектердің фантазиясын, ой-өрісін дамытуға едәуір пайдасын тигізеді.
Бөбек психикасының дамуын одан әрі өрістетуде оның сөйлеу әрекетінің қалыптасуының ерекше маңызы бар. Осыкезден бастап сөздерден сөйлем құрастыра бастайды. Бөбек 3 жасқа жеткенде 1200-1500 сөз біледі / осыған сәйкес 150-20-ге жуық морфемаларды меңгеруі мүмкін / . К.Чутовский өзінің “Үштен беске дейін” атты кітабында бөбектер қалай сөйлем құрастыра алады және осыған байланысты икемділігі тілші ғалымдардан кем емес екенін атап керсеткен болатын. Оның ойынша бөбектер тіпті ана тілінде кездеспейтін / бұрын айтып көрмеген / жаңа сөйлемдер құрастырады. Мұның себебі бөбек әлі қандай сөздер айтуға болатынын не болмайтынын білмейді. Себебі жаңа сөйлемді бірден естіп, оны қайталап отырған жоқ. Мұндай сәтсіздіктер кейін үлкендердің көмегімен түзетіледі.
Адам тек ұғымға сүйеніп ойланбайды. Оның ой-өрісі елестету бейнелеріне де негізделеді. Сондықтан әуелі бөбектің қабылдауы мен елестетуіне тоқталайық. Бөбек жасының бас кезінде / 1,.5-2 жаста / бала жан-жағына қарап заттарды заттардан, не таныстарды таныстардан ажырата алғанымен, оның қабылдауы әлі нашар дамыған. Бөбек әуелгі кезде заттың тек бір қасиетіне, не білгісіне мән беріп, өзге жағын елемейтін болады. Мысалы, бөбек “торғай” сөзді естіп, кейін осы сөзді нақты торғаймен ұшастырады да бұдан соң “торғай” деген сөзді естігенде торғайдың мұрны сияқты ағашты да торғай деп айтатын болған. Себебі торғайдың бейнесін бөбек әлі тұтас ажырата алмайды. Сол сияқты бөбек танысының суретін көргенде оның көшірмесі / бейнесі / демей, сол адамның өзі деп түсінеді. Себебі сол адамды ол танитын болғанымен, оның тек бір мүшесін / мұрнын, не шашы мен көзін / есте қалдырған. Ал бөбектің қабылдау үстінде заттың бірнеше қасиеттерінің, соның ішінде көлемімен, ұзындығымен, өңімен, түсімен т.б. танысуға келсек, осылар сол заттың бейнесімен бірге елестетіледі. Әдетте, елестету үзінді / фрагментарно / мен тоылқ болуы мүмкін. Бөбек жасының бастапқы кезінде тиісті зат жоқ болса да, оның бейнесін елестету оның үзінділерінде, не кездейсоқ жағына мән беруге негізделед. Бөбек жасының аяқ кезінде бала “шеңбер”, “төртбұрыш”, “үшбұрыш”, “тік бұоыш”, “көп бұрыш” т.с.с. ажыратып, соларды есінде сақтай алады. Сол кезде бөбек негізгі түстерді/ қызыл, сары, көк, көкшіл, ақ, қара т.б. / ажыратып соларды қосымша түстерден айыра батайды.
2.Бөбек жасы кезеңіндегі екінші сигналдық жүйенің қалыптасуы.
Таным процестеріне байланысты бөбектің тіліне де әсер етеді. Егер біреудің бізге таныс емес тілде сөйлеген дауысын естісек, оыған байланысты дыбыстарды ажырата алмаймыз. Бізге сол дыбыстар тек шудан тұратындай болып көрінеді. Мұның себебі үйренгендіктен: ана тілімізде естіген сөздер тек белгілі тәртіпке бағынатын сияқты. Осыны фонематикалық есту деп атаймыз. Фонематикалық есту әркімнің қабылдауының өз тіліне бейімделіп өзге тілдегі дыбыстарды елемеуі. Осықасиет тек бөбек жасынан басталып,олар өз тілінің фонематикалық есту ерекшелігін өзге тілдерден ажырата бастайды.
Ж.Пиаже өзінің шығармаларында мектепке дейінгі жасты, соның ішінде бөбек жасын ойлау операциясына дейінгі жас деп атайды. Бұл жерде Ж.Пиаже “ойлану” деген терминді-, проблемалық мәселені шеше білу ретінде / есеп шығару т.б. / қолданды. Бөбектерде ойланудың тек қарапайым түрлері бар, бөбек жасында нақты ой-әрекеті кездеспейді. Мысалы, бөбек кубиктерден үй құрастырып жатқанда, оның қасына келіп, не істеп жатырсың десең, осыған ауызша жауап беруге қиналып, салған үйін бұзады да, “қара!” деп соны қайтадан салады. Бұл жағдайда ойын нақты іс-әрекет үстінде “қара!” деп жеткізіп отыр. Ал нақты бейне ойы деп заттардың өзін көрмей тұрғанда, олардың бейнесін басында елестете отырып, соған тіректелетін, ойын жеткізуді айтады. Соңғы ой амалы бөбекте күшті дамыған.
Бала бөбек жасының бастапқы кезінде өзін “Мен” дей алмай, көбіне “ол”, не өзінің атымен атайды. Л.Н.Толстой бір сөзінде, ол өзінің есін / өзі жөніндегі және өзгелер жөніндегі оқиғаларды / 2 жасымнан бастап біле бастадым дейді. Бұл қате болар. Өйткені, бөбек жасының аяқ кезінде / 2,5 жастан асқан соң/ ғана балалардың көпшілігінде есі кіре бастайды. Баланың есінің кіруінің өзі – ол үшін үлкен жаңалық. Өйткені есі кіргеннен кейін бөбекте ”Мен” деген қасиет пайда болады. Егер бөбек жасының аяқ кезіне дейінбала есін білмей келсе, кейін “Мен” деген қасиет пайда болмайды.Сананың, яғни естің бөбекте пайда болуы оның тілінің шығып, ойын сөйлеу арқылы өзгелерге жеткізе алуының нәтижесінде пайда болады. Егер адам тіл білмесе / мұндай жағдайдың болуы мүмкін емес / , онда оның есі мен санасы және “Мен” деген қасиеті де болмас еді.
Бөбекте “Мен” деген қасиет өзін өзгелерден ажырата алудан пайда болады. Бұл үшін бөбек әуелі айнаға қарап, өзге кісілерден өзін ажыратады. Оған дейін / 2-2,5 жасқа дейін / зерттеушілердің айтуынша, бала айнаның бетінде, тек таныс адамдардың бейнесін ажыратады да, өзінің бейнесін айқын сезе алмайды. Сондықтан өзінің бар екенін / тіршілік ететінін т.б. / бөбек жасының аяғына дейін бала ажырата алмайды. Тіл арқылы өзгелермен байланысып, кейін бала үшін сөйлеу қызметі өзін өзгелерден ажыратуға мүмкіндік береді. Мысалы, бөбек “Мынау Менмін”, “Мен Бұзаубаймын”- депосы сияқты сөздерінде өзін өзгелерден ажыратып отырады.
- Еркелеу- бөбек жасына тән психикалық дамудың өзіндік ерекшелігі.
Бөбек бір істі өзім орындаймын дегенде, солардың бәрін өзетімен орындау оның қолынан келе бермейді. Сөйтсе де, ол өзім жасаймын дейді. Мысалы, бәтеңкесінің бауын байлау бөбектің қолынан келмеуі мүмкін. Бірақ осыған көп уақытын жіберіп, байлай алмағанда жылап, “қалай байлауды маған көрсет” беп өтінеді. Сондықтан бәрін өзім орындаймын деп талаптану сол істі барлық жағдайда жақсы меңгере алуынан емес.
Еркелеудің бір түрі, яғни “дағдарыс” кез бөбектерде түрліше кездеседі, біреуде тым айқын, өзгелерде онша білінбейді. Ал осы “менменсу” бөбекпен дұрыс тәрбие жүргізілмесе, ерегісуге, яғни негативизмге алып келеді. Мысалы, 3 дөңгелекті велосипедке мініп жүген бөбекке анасы мінуге рұқсат етпесе, бала ызаланады. Кейін анасы “міне ғой!” десе, ерегісіп “енді мінбеймін” деп отырып алады. Сол кезде “мінбей-ақ қой!”десе, онда “мінемін” дейді. Демек, бөбек үлкендердің айтқанына қарама-қарсы іс жасағысы келеді.
Бұл жадғайда бөбек велосипедке мініп, оны айдағысы келуі сөзсіз, бірақ осы қажеттілігін ол тежелтіп, анасына қыр көрсеткісі келіп отыр. Ал ерегісу бөбектің күшті екенінің белгісі емес, керісінше, әлсіздігі. Себебі, бұл еркелеудің негізінде болып отыр. Ерегісу көбінесе санасыз жүзеге асады. Егер ерегісу, яғни негативизм қайталана бере, кейін бала тәрбиеге көнгісі келмей, үлкендердің өсиетіне қарсы шығып отыратын болады. Мұны қиқырқыңырлық / строптивость / дейді. Бұл қыцрсығудың ең жоғарғы сатысы.