Психологиялық- педагогикалық менеджмент жайлы түсінік

Басқару психологиясы ғылым ретінде ұжымдағы еңбек қызметін басқарумәселелерін шешудегі психологиялық білімдерді қолданады. Негізінен жұмысшы тұлғасын жалпы психология, еңбек психологиясы, инженерлік психология секілді психология салалары зерттейді, ал еңбек ұжымы әлеуметтік психологиялық психологиямен зерттейді.Басқару психологиясының ерекше айырмашылығының бірі оның обьектісі болып адамдарды ұйымдастыру қызметі т.б. Ұйымдасқан іс-әрекет дегеніміз бұл қарапайым біріккен адамдар іс-әрекеті емес, керісінше бір ұйымға біріккен адамдар тобы. Осыған қарамастан, адамдар бұл ұйымдағы ережелер мен нормаларға бағынуы қажет болады. Және де берілген міндеттемелерді экономикалық, технологиялық, құқықтық ұйымдық және корпоративтік талаптарға сай орындалуы қажет. Бұл нормалар ережелермен талаптар адамдар арасында ерекше психологиялық қатынастар туындатады, яғни бірлескен іс-әрекетті туындатушыц қатынастар т.б. Әлеуметтік психология арнайы бір жұмысшыны әлеуметтік топтың элементі ретінде зерттейді. Басқару психологиясында арнайы жұмысшы дда, әлеуметтік топ та, ұжым да ұйымдастыру элементі ретінде қарастырылады, яғни бұл компоненттерсіз басқару толық болмас еді. Басқару психологиясындағы басты зерттеу тақырыбы болып ұйымдағы жұмысшы тұлғасы . Сондай-ақ ұжымның дамуы мен ұйымның әлеуметтік психологиялық құрылымға әсері ретінде қарастырылады. Мұндағы маңызды мәселелер ретінде жұмысшының ұйымға сәйкес келуі, ұйымға жұмысшыларды таңдап іріктеу, нақты ұйым ерекшелігіне сәйкес бағдарлану проблемаларықарастырылады.

Психологиясындағы зерттеу обьектісі әрбір жұмысшы қызметі нақтыланған ортақ жұмыс тәртібіне бағынған ұйәымдағы адамдар қарым-қатынасы.Сондай-ақ жұмысшылар тек өзара бір-біріне тәуелді ғана емес, сонымен қатар заң алдындағы жауапкершіліктерімен де байланысты болып келеді.

Басқару психологиясының пәні ұйымдағы қатынастармен психикалық құбылыстардың жиынтығы. Сондай-ақ,

-Менеджердің тиімді іс-әрекетінің психологиялық факторлары,

-Жеке және топтық шешімқабылдау,

-Көшбасшылықтың психологиялық проблемалары,

-Басшылар, жұмысшылар арасындағы өзара қарым-қатынасындағы психологиялық проблемалары.

Басқару психологиясының пәніне дәстүрлі әлеуметтік психологиялық құбылыстар (қарым-қатынас психологиясы, психологиялық климат, көшбасшылық) еңбек іс-әрекетінің проблемалары мысалы, еңбек іс-әрекетіндегі психикалық жағдайлар, жалпы психологияның арнайы теориялары мысалы, іс-әрекет психологиясының теориясы, жеке тұлға теориясы, даму теориясы, басқа қолданбалы психология бағыттарының проблемалары. Қазіргі уақытта басқару психологиясыаумағында ұйымға маңызды келесі психологиялық проблемаларды бөліп көрсетті:

-тұлғааралық қарым-қатынас аумағындағы барлық деңгейдегі басшылардың кәсіби біліктілігін арттыру,

-басқару персоналын дайындаудағы әдістердің тиімділігін арттыру,

-ұйымның қажеттілігінеорай менеджерлерді іріктеу мен бағалау,

-ұйым төңірегінде, персоналдардың бірігуі, әлеуметтік психологиялық климатты жақсарту және бағалау.

Басқару психологиясы ғылым мен тәжірибе ретінде басшыларға психологиялық дайындықты қамтамасыз ету керек, олардың психологиялық мәдениеттілігін дамыту және қалыптастыру, теориялық түсіністікпен тәжірибелік қолданысқа қажетті негіздер жасау, оларға мыналарды жатқызуға болады:

1.басқару процесінің табиғатын түсіну,

2.ұйымдық құрылым негіздерін білу,

3.менеджер жауапкершілігін нақты түсіну және осы жауапкершіліктің басқару деңгейлеріне сәйкес орналастыру,

4.басқару нәтижелілігін тарттыру тәсілдерін меңгеру,

5.персоналды басқаруға қажетті ақпарттық технологиялар мен коммуникация құралдарын білу.

  1. өзінің ойын ауызша еркін білдіре білу,
  2. адамдарды басқару ісінде біліктілік таныту,
  3. ұйымдағы жұмысшылар арасындағы тұлғаралық қарым- қатынасын белсендіруге көшбасшылыққа қабілетті мамандарды таңдау мен дайындау қатынасындағы біліктілік
  1. “Менеджмент” термині ағылшын тіілнен “manage” деген сөзінен шыққан, яғни “басқару”, “басшылық”,”меігеру”,”басшылық жасау” деген ұғымдарды береді. Менеджмент сөзінің жалпы түсінігі- басшының алдына қойған мақсаттарға қол жеткізуде, басқа адамдардың еңбектерін, қабілеттерін, қабілеттерін жұмылдыра білуі. Басқасөзбен айтқанда менеджмент- ғылым мен адамдарды және әлеуметтік процестерді басқару өнерін біріктіру.”Менеджер” сөзінің шын мәні басшылықпен бірге “”істің мән- жайын жетік біліетін маман” деген анықтамаға дәл келетін сияқты.”Педагогика менеджменті” немесе “Білім саласыының менеджері” деген атау қазір жиі қолданатын болды, өйткені ол білім саалсын жетік меңгерумен қатар, қарамағындағылармен кикілжіксіз тіл табыса жұмыс істей алатын педагогика және психололгия ғылымдармен қаруланған маман.
  2. Педагогикалық менеджмент-бұл білім беру процесін басқарудың кешенді принципі мен технологиялық тәсілдер, ол тек білім мекемелеріне тиімді басшылқтың творчестволық потенциалын көрсетіп қана қоймай, педагогтар мен тыңдаушыларға да өзіне тән міндеттер ауқымын жүктейді. Кез-келген ғылымда, оның ішінде педагогикада да менеджмент сөзінің негізі антропоцентрлік көзқарасты құрайды, оған мына үш талап қойылады:

1.Өз қарамағындағы қызметкерлерге сыйластықпен қарау;

2.Оларға сенім білдіру;

3.Олардың іс-әрекетінде табысқа жету мүмкіндігін жасау.