Инстинктивті құлықты қарастыра отырып, психикалық бейнелеудің алуандығы мен толықтығы үйренуге, яғни индивидуалды тәжірибе жинауға болатын екендігін көреміз. Үйрену процесінде құлықты өмір тәжірбесінде жинақтаған және эволюция процесінде бекітілген форма ретінде қарастырамыз. Тәжірбие ұрпақтан-ұрпаққа тұқым қуалау арқылы беріледі. Онда тәжірибе туа, яғни инстинктивті беріледі. Бірақ, бұл барлық іс-әрекет туа беріледі деген сөз емес. Сыртқы пішіні инстинктивті әрекетке ұқсағанымен, индивидуалды өмір тәжірибесінде жинаған нәтиже болып табылатын үйренудің түрлері де бар. Г.Мембран көрсеткендей, жануарлардың тіршілік етуіне қажетті үйренудің 2 түрі бар:
1). Облигадты үйрену- бұл өмірдің жекелік жағдайнан тәуелсіз өмір сүруге қажет үйрену.
2). Факультативті үйрену – бұл біріншіге қарама-қарсы жануарлардың өзінің ғана тіршілігіне тән ерекшеліктерді үйрену.
Факультативті үйрену жануарлар құлқында өзгергіш сипат алады. Үйрену шартты рефлекстің пайда болуына алып келеді. Үйренудің физиологиялық негізгі орталық жүйке жүйесінің жоғарғы бөлігіндегі көптеген динамикалық процестерге болатын, яғни сыртқы трішікі фактураларға негізделген афференттік синтез жүзеге асады. Бұл тітіркеніргіштер есте бұрын сақталған информациямен болатын.
Нәтижесінде жануарлардың сыртқы ортаға жауап әрекетіне дайындығы қалыптасады. Жануарлардың әрекетіне келесі анализ (кері байланыс) жаңа афференттік синтезге негіз болып табылады. Құлықтық издіксіз бағдарламаның физиологиялық негізін П.Н.Анохин қарастырып, «әрекет нәтижесінің акцетторы» концепцияларында көрсеткен. Үйрену құлықтың алғашқы ізденуші этапында өте қажет болады.
Өйткені, құлықтың алғашқы кезеңдерінде жануарлар әрекеті толық анықталмаған. Осы кезде өзгергіш ортада бағдарлану, аяқтаушы фаза тез әріжақсы аяқтау үшін әрекеттің эфективті тәсілдері іздеуді талап етеді. Мұнда жануарлар тек өз тәжірибесіне ғана сүйене алады. Үйрену диапозоны шектеу болады. Яғни, жануар «не болса соған үйрене алмайды».
Ол тек өз құлқының сақтаушы фразасына алып келетін нәрселерді ғана үйрене алады. Үйрену жоғары сатыдағы жануарларда кең көлемді болады. Яғни, мүмкіндіктері жоғары болады. Ал, төменгі сатыдағы жануарлар мүмкіндіктері аз болатындықтан үйрене алмайды.
- Дағды.
Дағды факультативті үйренудің негізгі әрі маңызды формасы. Кейде дағды термині жалпы үйрену деген мағынада қолданылады. Дағды дегеніміз – жануарлар қырлығының күрделі формасы, психикалық әрекеттерінің жоғары сатысы. А.Н.Леонтивтің пікірінше, индивдуалды тәжірибеде пайда болған түрлі барыстарын дағды деуге болмайды. Өйткені, Мұндай кең мағынада қолдану ғылыми анализге жарамсыз болады. Туа біткен қозғалыс жаңа ситуациада қолданылады, немесе жануар бір нәрсені жаңаша істеп үйренеді. Осылайша, дағды қалыптасады. Дағдының қалыптасқандығының тағы бір белгісі ол көптеген жаттығу нәтижесінде қалыптасады және жаттықтыруда әрі қарай сақталады. Жануарларда дағдыны «лабиринт», «мәселелі жасуша», «айналмалы жол» әдістерімен қатар жануарларда да кездесетін үйренулер бар. Олар:
1) Импринтинг-бұл автоматты үйрену;
2) Шартты рефлекторлы үйрену;
3) Оперантты – жануарлар өз мүмкіндіктерін көрсетіп, өз бетінше әрекет тәсілін іздесе, ал жаттығуда, керісінше, адамның әсері және сол арқылы жүзеге асады. Жаттығуда (Дрессировкада) Жануарларда жүйелі түрде жаттықтыру арқылы қажетті қозғалыс реакциясын бекітеді.
Мұнда жануарлар қозғалысты адамның белгісі арқылы орындайды. Цирктік жаттығуда жазалаумен мадақтау тәсілдерін пайдаланады. Жаттығуда бейімделуге қарағанда күрделі процесс. Мұнда, жануарларға қандай қимыл-қозғалыс орындау керектілігін білдіру қажет. Кеңес зоопсихологыМ.А.Герт жаттығу теориясын ұсынған. Онда ол жаттығуды 3 кезеңге бөледі:
- итермелеу;
- қайталау; орындау;
- Бекіту.
- Итермелеуде-адам жануарларды үйретіп, жатқан қимылдарға итермелейді. Бұл 3 жолмен жүзеге асады:
а) тікелей (жануарға тамақ не қызығатпен затпен үйретеді);
б) жанама (мұнда қозғалыс тамаққа бағытталған, бірақ жануарды жалпы қыздырады);
в) Күрделі итермелеу (мұнда адам жануарға белгілі бір әрекетті үйретеді де, кейін жағдайын өзгертеді).
- Орындау-қажетсіз қимылдарды ысырып, жаңа ыңғайлы жүйе қалыптасырады.
- Бекіту-қалыптастырған жағдайды бекітіп, оны берілген сигналға жауап ретінде беруін қамтамасыз ету керек.
- Үйрену және қарым-қатынас. Еліктеу.
Жоғары деңгейдегі жануарлардың құлқын қалыптастырады еліктеу маңызды рөл атқарады. Еліктеу жолымен үйрену (имитациялық үйрену) басқа жануар әрекетін тікелей қабылдау арқылы қалыптасады. Имитациялық үйрену басқа үйренулер секілді облигадты және факультативті – имитативті болады 2-ге бөлінеді.
1). Облигадты үйренуде өз түрінің стереотипін үйрену б.т.
2). Факультативті үйренуде басқа түрден үйренуді айтамыз. Факультативтік үйренудің жоғарғы көрінісі еліктеу арқылы жүзеге асады. Мұндай үйренуде басқа жануардың іс-әрекетін қарап, соны қайталайды.
Мұндайға қабілетті адам тәрізід және төмен дегейдегі мамырлар, иттер мысық, тышқандар да кіреді. Имитанциалық үйренуде «көрермендерде де» инструменталды дағды қалыптасуы мүмкін.