Жануарлардағы онтогенез процесінің кезеңдері

Эмбрион құлығы онтогенез процесіндегі бүкіл дамудың негізі болып табылады. Омыртқасыздар секілді омыртқалылар да ағза дамуы пренатальды (туылғанға дейін) кезеңде қимыл-қозғалыс т.б. элементтерінің дамуы байқалады. Мұнда олар қимыл-қозғалыс актісінің болмашы ғана әрекеттерін жүзеге асыра алады. Ал, сыртқы ортамен қарым-қатынас тек поснатальдық кезеңнен бастап дамиды. И.И. Шмольгаузен онтогенетикалық байланыстың бірнеше типін көрсеткен, соның ішінде эргонтикалық байланыстардың үлкен маңызы бар. Бұл бөлшектер мен мүшелердің арасындағы функционалдық байланыстар. 30-шы жылдары Б.С.Матвеев көрсеткеніндей эмбриогенез дамушы мүшелермен ара қатынасымен сипатталады. Бұл тұжырымдар бойынша жануарлар құлқының эмбриогенездегі қалыптасуы морфофункционалдық байланыстардың күрделі екендігін көрсетеді. Бұл П.Н.Анохиннің жүйелілік концепциясында да көрінеді.

А.Д.Слонин зерттеулері бойынша, жатырішілік қозғалыстар бұлшықет әрекетіне, жаңа туылатын жануарлардың құлығына әсер етеді. Туылуға аз уақыт қалғанда басқа физиологиялық функциялар секілді тыныс алу мен жүректің соғылуы реттеледі.

Эмбриондық кезеңдегі құлық дамуында классикалық эксперименттік зерттеулерді қолданған Американ ғалымы Ц.Я.Куо өзінің тауық эмбрионына жүргізген зерттеулерімен әйгілі болды. Ол ең бірінші болып эмбриогенез процесінің барысында –ақ жаттығулар арқылы мүшелері қалыптасып, біртіндеп дамып, қимылдық функциялары «эмбрионалдық тәжірибе» немесе «эмбрионалдық үйрену» жолымен қалыптасып отырады. Оның ойынша, жаңа туылған балапанның ең алғашқы қимылдары – бұл бас пен кеуде қимылы болып табылады.

Бір тәуліктен соң оның басы жан-жаққа қимылдай бастайды, осы бас қимылы дене қимылына ықпал етеді.

  1. Психика дамуының поснатальдық кезеңі.

Пренатальды кезең (эмбрионды немесе жатырішілік) туылумен аяқталады. Туылғаннан кейін постнатальды кезең басталады, бұл кезеңонтогенез процесінің соңымен, яғни өліммен аяқталады. Сүтқоректілерге мынадай фазалар кіреді: Жаңа туылғандық, аралас қоректендіру, ювениалды, жыныстық жетілу, морфофизиологиялық кемелдік пен қарттық.

Бұл жерде дүниеге келу жаңа бағдар алады, құлықтық даму процесі негізгі орынға ие болады. Постнатальды дамудың деңгейінде мүлдем жаңа факторлар мен заңдылықтар туындайды, олар ағзаның табиғи сыртқы ортамен өзара қатынасқа негізделеді. Осындай жаңа жағдайларда туа біткен құлық элементтері дами түседі, және де постнатальды, индивидуалды тәжірибемен бірге үйлесуі жүзеге асады. Сондықтан да, құлықтың осындай екі түрінің қалыптасу жағдайының түпкіліктіайырмашылықтарына қарамастан, бұл онтогенездің сатылары арасында өте тығыз байланыс бар. Тек осындай жағдайда ғана эмбриональды құлық преадаптивті маңызға ие бола бастайды.

Құлықтың постнатальды дамуы әрбір жануарларда әртүрлі дамиды, және де негізгі арнайы заңдылықтармен ерекшеленеді, өйткені олардың балапандары әр түрлі кемелдену сатысында туылады. Және де, жерді мекендеуші, ең жоғары психикалық дамуға ие барлық жануарлар, мысалы, маймылдар, жыртқыш аңдар, құстар, тотықұстар және т.б. жетілмеген түрде туылады. Өз уақытында мұндай жағдайға Л.А.Орбели назар аударған болатын. Оның ойынша, жетіліп туылған жануарлар балалары қоршаған ортаның әсерлеріне толық қалыптасқан күйде жауап береді, олар жетілмегендерге қарағанда ортаның зиянды әсерлерінен сақталған. Бірақ, осымен қатар, құлықтың одан әрі прогрессивті дамуы шектеулі ғана: мұнда тек қана арнайы қосымша шартты рефлекторлы әрекеттің құрылымына орын болады.

Жетілмей туылғандарда мүлдем басқаша, мұндай жануарларда тұқым қуалайтын белгіленген, құлықтың туа біткен формаларының өзі түпкі жатырішілік кезеңнен бастау алады. Орбелидің пікірінше, мұндай балапандар, туылған кезінің басында анасының көмегінсіз өмір сүре алмаса да, тиімді жағдайға ие болып келеді. Олардың жүйке жүйесі толығымен дамып бітпеген, олар әлі де өздерінің құлығының туа біткенформаларын қоршаған орта ықпалына қоя береді. Нәтижесінде, құлықтың мұндай формалары туа біткен және жүре пайда болған компоненттердің үйлесуі негізінде нақты қоршаған ортаның жағдайлары деңгейінде қалыптаса бастайды. Орбелидің айтуынша, бұл жануарлар нашар қалыптасқан жүйке жүйесімен туылатындығы соншалықты, олар одан кейінгі постнатальдық даму негізінде де тұқым қуалаушылық формалар мен құлықтың жаңадан туындап отыратын шартты формаларын қайта-қайта өңдеумен жүзеге асып отырады.

Жетілмей туылған жануарлар балаларының дамуында олардың аталық қамқорлығы маңызды болып келеді, яғни өз ұрпағының дамуына жағдай жасау мен қамтамасыз ету үшін жануарлардың әрекеттері болып табылады.

Сүтқоректілер өмірі мынадай фазалардан тұрады:

  1. Ерте поснатальды кезең. Жануарлардың бұл түрлерінің өмірінде осы кезең ерекше маңызға ие болып табылады. Өйткені, тек осы кезеңде ағзаның қоршаған ортамен өзара қатынасыныңмаңызды элементтері қалыптасады, үлкен жануарларға тән құлық негіздері қалыптаса бастайды. Бұл кезеңдегі даму жетілмей туылған жануарлар балалары мен балапандарға тән болып келеді.

Туылғаннан кейінгі алғашқы минуттарында тыныс алу орталығы қосылады, ол өз кезегінде ағзаны ауамен қамтамасыз етуін реттейді және көмірқышқылгазын жойып отырады, ең алғашқы тынысымен өкпесі іске қосылады. Жаңа туылған баласын белсенді түрде жалай отырып, анасы баласына ең алғашқы тыныс алуынакөмектесіп, қантамырларының тонусының қалыптасуынаықпал етеді. Туылған кезінде жануарда түйсіне алу, дәм сезу, дене температуралық және вестибулярлық анализаторлар функциялары іске қосылады.

  1. Аралас қоректендіру кезеңі. Бұл екінші кезеңді өзгермелі сапа ретінде қарастыру керек. Мұндай қызығушылық асқорыту жүйесінде ферменттер пайда болғанда туындайды. Жаңа туылған жануарда осы арқылы шайнай қимылы пайда болады.
  2. Әлеуметтену кезеңі. Өсіп келе жатқан жануар басқа жанұя мүшелерімен де Байланысқа түсе бастайды. Бұл кезең әсіресе, жанұялық байланыстарды ұзақ мерзім ішінде ұстайтын жануарлар үшін өте маңызды. Кейбір үй күшіктерінде мұндай кезең бір айлығында қалыптасады. Бұл кезеңде негізгі физиологиялық функциялар қалыптасады, бірақ жануарлардың қарқынды өсуі жалғасады және сүтпен қоректендіру сақталады.
  3. Ювениалды кезең. Төрт айдан кейін күшіктің онтогенезінің жаңа бір кезеңі басталады – ювениалды басқаша мұны «жеткіншектік» кезең деп те атайды. Бұл кезең жыныстық жетілуге дейін созылады. Бұл кезеңде көптеген жануарлар ана сүтімен қоректендіруді тоқтатады. Ювениалды кезеңнің басында көптеген жануарларда құлықтың тез өзгеруі мен жоғары жүйке қызметінің сипаттамалары көрініс таба басатайды.
  4. Жыныстық жетілу кезеңі. Қалыпты жыныстық әрекеттің қалыптасуы үшін дұрыс жыныстық қабылдау маңызды роль атқарады. Ол жыныс серігімен болашағын қамтамасыз етеді.
  5. Сенсорлық қабілеттілік пен қарым-қатынас элементтерінің дамуы.

20-30 жылдары Цынь – Янг – Куо зерттеулері бойынша жануарлар құлқының қалыптасуы эмбриондажинақталған қозғалыс тәжірибесімен сыртқы ортаға бейімделуіне байланысты. Омыртқасыздылардың эмбриогенездік құлқы әлі жақсы зерттелмеген. Мысалы, жорғалаушылардың ұрығы өз дамуының алғашқы кезеңдерінде жұмыртқасының ішінде осы бойынша айналып жүреді ( 1 сағатта –1 айналым ). Ал кейбіромыртқасыздарда эмбриогенез аяғында кейбір инстинктті реакциялар қалыптасқан болады. Мысалы, ( шаян тәрізді жәндіктер) мигидаларда жұмыртқаданшығу сәтінде жағымсыз әсерлерден қашу реакциясы қалыптасқан болады. Осылайша, кенеттен қозғалыстар рефлекторлыға ауысады, ал басқа шаянтәрізділерде, теңіз ешкілерінде 11-ші күнінен бастап 14-ші күніне дейін кенеттен жәнеырғақты қозғалыстар байқалады.