Ежелден-ақ ғұламалар жануарлар (құқынның)құлқынның қозғаушы күшімен негізігін тапқысы келіп, оның рухани бастамасы бар ма деген сұрақ қойып, егер бар болса, оның табиғаты қандай деген мәселелерге қызықты. Осылайша, эпинур және олардың ізбасарлары, әсіресе Лукреций бұл сұраққа жауап іздеп, оны материалдық жөн тұрғысынан түсіндіруге тырысты. Оның ойынша, жануарлар іс-әрекеттері белгілі бір жаратылыс жинағынан тұрды. Өйткені, өзіне пайдалы қасиеті бар жануар ғана тіршілік үшін күресе алады. Ал ұлы грек ойшылы Аристотель адам жанын ақылды жан деп, яғни құдай рухының бейнесі деп білді. Аристотель пікірінше, жөн материянытірілтеді. Бірақ тән ғана әсер мен құмарлыққа сезімтал келеді. Сондықтан танымға қабілеттілік пен еркін ерік, ақыл-ой берілген адамнан айырмашылығы жануарларда тек елім алдындағы сезімтал жаны болады. Бірақ, қызыл қаны бар және тірі бала туатын жануарларда да адамға тән 5 сезім болады. Жануарлар қылығы өзін-өзі сақтауға, ұрпақ жалғастыруға бағыттап, ол құмарлық пен тілек, қанағаттанушылық сезімімен, не ауырсынуымен мотивацияланады.
Осымен қатар, Аристотель ойынша, жануарлар құлқы әр түрлі деңгейдегі жануарлардағы ақыл-ой мен өлшенеді. Олжануарлардағы бір-бірінен үйрену қабілеттілігін жануарлардың дыбыстық қарым-қатынасын, әсіресе, көбею кезіндегі қарым-қатынастарын, әсіресе, көбею кезіндегі қарым-қатынастарын көрсетіп берген. Аристотельдің тұжырымдарын ары-қарай жалғастырушылар столиктер ілімі болды. Столиктерде алғаш инстинкт ұғымы пайда болып, бұл философтардың, тұжырымдауынша инстинкт туа біткен, мақсатқа бағытталған құмарлық, ол жануарларды пайдалы және жағымды іс-әрекеттерге итермелейді де, ал зиянды және қауіптіден сақтайды. Хризиптің пікірінше, егер үйрек балапандарын тауық басып шығарса да, олар суға құмарланып, тартып тұрады. онда олардың азық-түлігі қамтамасыз етілген. Осының бәрі Хризип ойынша, санасыздық пен яғни ақыл-ойдың қатынасынсыз-ақ өз іс әрекеттерін түсінбестен, атқарып жатуы. Осыған ұқсас Сенека кішкентайда жануарларда өздеріне тән туа біткен қасиеті болады деді. (жыртқыштардың сыртқы түрін тану)
Сонымен стоиктер концепинасы бойынша инстинкт табиғаттың бергені, оған мүдірместен, қарсы келместен, ойланбастан бағыну керек еді.
2.Эволюцияға дейінгі көзқарастар, эволюциялық көзқарастар.
Көптеген мыңжылдықта қаралынбаған ғылыми ой орта ғасырларда қайта жаңғырта бастады. XVII ғасырда жануарларда зерттеу, нақты фактілерді қолданып, эксперимент пен бақылау нәтижелерін қарастыра бастады. Осы ғасырдың ортасы мен аяғына қарай көптеген ғалымдар, философтар және натуралистер жануарлар психикасының әрекеті мәселесімен шұғылданады. Солардың ішінде француз философы, метериалист, дәрігер Ж.О. Ламетрийді атап көрсеткен жөн. Оның пікірінше, жануарлар инстинкті мәжбүрлікпен жасалатын, ойлану мен тәжірибеге байланыссыз жасалатын қимыл-қозғалыстар жиынтығы деді. Ж.О. Ламетрий зерттеудің маңыздылығы, ол жануарлар психикасының адамдікімен салыстырып отырды. Француздың ірі ағартушысы Э.Б.Кондальян өзінің“Жануарлар туралы трактатынды” инстинкт туралы мәселе көтерді.
Инстинкт-әрекет пен дағды бойынша жасаған іс-әрекеттер ұқсастығынанЭ.Б.Кондальян мынандай тұжырымға келді: ақыл-ой әрекет дағдыға, ал дағды инстинктке айналады. Мұндай пікірге Ш.Ж.Леруа (қарсы) (жануарлар) қарсы болды. Кондальян берген анықтаманы терісінен қарастыру керек еді. Леруа жануарлар инстинктерінде қажеттіліктерді қанағатттандыру негіз болып жатыр деді.Қажеттіліктерді қанағатттандыру инстинктерді пайда қылады деді. Ал дағды болса, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, соңында белгілі бір құлық жиынтығынана майланады. Жоғарыда айтып көрсеткендей Жан Леплек Бюффон зоопсихология ғылым болып қалыптасуына өте үлкен үлес қосқан. Оның пікірінше, психикалық іс-әрекеттің әртүрлі формалары тән. Түйсіну мен дағды т.б Бірақ, олар өз іс-әрекеттерін түсінбейді. Жануарлар қарым-қатынас жасауға да қабілетті. Бірақ олардың тілі сезілген уайымды ғана көрсетеді. Осыған орайЖ.Л.Бюффон жануарлардың ішкә күйі мен сыртқы орта әсерінің байланысы туралы тезис ұсынды.
XIX ғасырдың басында инстинкт туралы мәселе көпшілік назарын аудара бастады. Бұл кездегі көкейкесті мәселеге жануарларға тұқым қуалап “дайын” күйінде беріледі, “туа біткен”, ал индивидуалды (жүре пайда болады) не қалыптасады? деген сұрақ болады. Осы сұраққажауап іздеу барысында эволюциялық теориялар қалыптаса бастады.
Алғашқы тірі табиғаттағы эволюция туралы ілімді XIX ғасырдың басында Жан Батист Ламарк қалыптастырды. Ол психикалық факторлардың бағыттаушы әрекеттері туралы эволюциялық концепциясының негізін қалаған, оның ойынша сыртқы орта жануарлар организміне тікелей, яғни жануарлар құлқының өзгеруімен әсер етеді. Ламарк пайымдауынша ең күрделі психикалық іс-әрекеттер қарапайымнан басталады. Сондықтан оларды салыстырмалы эволюциялық түрде зерттеу қажет. Ол психиканың жүйке жүйенсімен байланысына ерекше мән береді. Ламарк зерттеулері бойынша, инстинкт-бұл іс-әрекет ешқандай еріксіз, ойсыз орындалуға итермелемейді. Қажеттіліктер дағдыны қалыптастырады, үйрену процесін қамтамасыз етеді, дағды бейімділікке айланады. Осыдан келіп, дағдыны іс-әрекеттерпайда болады. Оыны “инстинкт ” деп атаймыз.
XIX ғасырдың ортасында Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры, алғашқы эволюционер К.Рулье осы мәселені қарастырды. Жануарлар инстинктін анатомия, физиология жануарлар экологиясымен бірге қарастыру еректігін айтып, осы инстинктті- жануарлар іс-әрекетінің негізгі бөлігі деп қарастыру керектігің атап өтті. Ол теологиялық пікірге қарсы шығып, өмір арттарына байланысты жануарлар ерекшелігін, психикалық қасиеттерінің пайда болуын қарастырады. К.Рульенің пікірінше, “инстинкт ”- бұл тарихи кезеңде қалыптасып, өмір шарты бойынша ортаның әсерлеріне деген тұқымқуалаушылық реакция –деген.
Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімінің жеңісінен кейін, тірі табиғат пен органикалық дүниенің біріккен даму заңдылықтары туралы ой қалыптастырады. Дарвин адам мен жануарлардың психикалық іс-әрекет эволюциясына көп көңіл бөлген, ол адамдар мен жануарлар психикасының дамуында табиғатпен қатынастың рөлін ерекше ескереді.
- Инспинкт пен үйренудің қазіргі кездегі түсінігі.
Американ ғалымын У.Крейг инстинктті әрекеттері жеке фразаларын тұрақты деп көрестті.
Олар: 1) ізденуші,
2) аяқтаушы фразалар.
Ізденуші фраза барысында жануарлар бүкіл инстингтті әрекеті аяқтаушы фразаға алып келетін негізгі тітіркендіргіштерді іздейді (сондықтанда іздеуіші фраза деп аталатын). Ізденуші фаза бірнеше фразалардан тұрады: мысалы, жануарлар қорек іздеп шығады, бірақ ол қоректің қайда екенін әлі білмейді. Ол «құрбандығын» іздеп тауып, өзін сол тітіркендіргішке бағыттайды. Ол жемтігін аңдып, оны ұстап, бір жерге (ыңғайлап-әрекеттегі) апарып, сосын жейді. Бұл жерде соғысы ғана аяқтаушы, яғни осындай жеке-жеке әрекеттерден «инстингті әрекет» құралады. Инстинктті әрекеттің жалпы бағыты таксистермен анықталады.
Проценттің пікірінше, таксистер туа берілген әрекеттермен байланысты өрбиді. Инстинктті әрекеттер секілді таксистер де туа бітірген сыртқы орта әсерлеріне генетикалық бейім әрекеттер болып табылады. Инстинктті әрекеттер «жіберу технизміне» жауап беруші болса, ал таксистер белгілі бір инстинктті өзгерістерін тітіркендіргішке жауап беруші болып табылады. (Вектор секілді). Осының арқасында таксистер жануарлардың қозғалыс белсенділігін кеңестікте бағдарлануын (оң таксистер) немесе керісінше биологиялық құндылығы төмен қауіпті жағдайларға (теріс таксистер) бағдарлауы болып табылады.
Сыртқы тітіркендіргіштердің әсер етуіне байланысты таксистер фото, хемо, термо, гео, рео, анемо, гидро таксистер болып бөлінеді. (жарыққа реакция, химиялық тітіркендіргіштер, температура, ауырлық күші, сұйықтықтың ағыны, ауа қысымы, орталық ылғалдылығы және т.б.)
Жануарлар әрекетінің барлығы аяқтаушы фактормен аяқталады. Мұнда инстинктивті құлық пен үйренудің бірлігін көреміз. Мысалы, қарлығаш ұя салу үшін, 1-ші ұя (салады) салатын орын табу керек, 2-ші іздеуші фаза, сол орынға материал іздеу және жинақтау керек, 3-ші материалдарды тасу керек, соңғы аяқтаушы фаза, бөліктерді біріктіріп, ұя соғумен тоқталады. Аяқтауыш фазаға неғұрлым алыс болған сайын, соғұрлым үйрену, индивидуалды тәжірбие жинақтау мүмкіндігі мол болады. Инстинктті әрекеттің 2 фразасы толық берілмейді. Кейде ізденуші фаза теріс өтуіде мүмкін – сыртқы орта тітіркендіргішінен бас тарту не қашу болып табылады. Кейде аяқтаушы фаза ізденуші фазаны болдырмай-ақ бастала береді, ал кейде ізденуші фаза өз ағымынанауытқып, оны бөтен аяқталуы мүмкін.
Жоғары деңгейдегі жануарлардың құлқын қалыптастырады еліктеу маңызды рөл атқарады. Еліктеу жолымен үйрену (имитациялық үйрену) басқа жануар әрекетін тікелей қабылдау арқылы қалыптасады. Имитациялық үйрену басқа үйренулер секілді облигадты және факультативті – имитативті болады 2-ге бөлінеді.
1). Облигадты үйренуде өз түрінің стереотипін үйрену б.т.
2). Факультативті үйренуде басқа түрден үйренуді айтамыз. Факультативтік үйренудің жоғарғы көрінісі еліктеу арқылы жүзеге асады. Мұндай үйренуде басқа жануардың іс-әрекетін қарап, соны қайталайды.
Мұндайға қабілетті адам тәрізід және төмен дегейдегі мамырлар, иттер мысық, тышқандар да кіреді. Имитанциалық үйренуде «көрермендерде де» инструменталды дағды қалыптасуы мүмкін.
Жәндіктер жүйке жүйесінің ерекшеліктері.
№ | Жәндіктердің ми бөліктері. | |
1 | Протоцеребурм | Мидың жоғарғы бөлігінібасқа ми бөліктерінен басымырақ дамыған. Ассоциативтік және координациялық орталықтары бар. Әсіресе,ара, құмырсқа т.б.жұмысшыжәне де жақсы дамыған. |
2 | Дейтоцеребрум | Мидың ортанғы бөлігі. Бұл бөліктің қызметіжәндіктердің мұртшалары инервациялайды. |
3 | Тритоцеребрум | Мидың төменгі бөлігі . Бұл бөліктің қызметіауыз қуысын инервациялайды. Содықтанқатар симпатикалық жүйке жүйесін басқарады. |