Нарықтық экономиканың қазіргі деңгейі мақта шаруашылығында мақташылардың мүддесін қорғау бойынша жеткілікті экономикалық механизмді қалыптастыра алған жоқ.
Мақта өсіру шаруашылығында мамандардың іс-әрекетіне бағынбайтын факторлар бар. Соның ішінде: ағын сумен қамтамасыз етілу деңгейі мен мерзімдері, тиімді температура нақтылығы, және өнімге кері әсер ететін табиғи құбылыстар. Осындай факторларға байланысты мақта өнімі әр түрлі болады.
Мақта шаруашылығы өндірісі тікелей табиғи –биологиялық факторлармен байланысты. Бұл саланың ерекшелігі өнімді өсіру мен жинап алу, оны сатып -өткізу мерзімі ұзаққа созылады. Көптеген табиғи процестерді реттеудің жолдары жоқ, әсіресе мақта өнімнің пісіп жетілуі күн санайды. Өсімдіктің алған тиімді температурасына тікелей байланысты, яғни өсу мерзімі 125-140 күн, ал бір жылдық тиімді температура 1900-20000 кем болмауы керек. Міне осыған сәйкес агротехникалық іс-шаралар мен технологиялар белгіленіп дұрыс еңбек ұйымдастырылуы қажет.
Мақта өсіруші дихан күндік немесе айлық жоспар үшін жұмыс жасамайды, оның мақсаты соңғы нәтижесінде: мол өнім, көбірек табыс алу.
Аул шаруашылығын реформалау өтпелі кезеңде колхоз, совхоздар түгелдей тарқады, оның орнына жаңа ұжымдық құрылымдар бой көтерді. Бірақ осы құрылымдар өміршең бола алмады, қысқа мерзімде жеке шаруашылықтарға бөлініп ұсақталып кетті.
Соңғы уақыттарда диқандар қауымының алқалы басқосу жиындарында жекелеген шаруа қожалықтарының топтасып бас біріктіруі жөнінде ашық сындарлы пікірлер айтылып жүр.
Серіктестікке, қауымдастыққа, шағын ұжымға бірігу туралы аудан, облыс басшылары және ғалымдар, мамандар бағыт-бағдар көрсетіп келеді. Бірақ өкінішке орай ауыл еңбеккерлері бірлескенде, экономикалық тиімділік жоғары болатындығына жете мән-маңыз беріп, түсіне қойған жоқ. [6]
Мақта өндіруді, өңдеуді және сатуды тиімді ұйымдастыру үшін, осы өнімдердің есебін жетілдіру жолымен басқарудың тиімділігін асыруға болады.
Осы мақсатта Мақтарал ауданындағы “Дүйсебек — Ш” шаруа қожалығының мысалында өткізілген экономикалық эксперименттердің талдауларын және нәтижелерін ұсынамын.
“Дүйсебек -Ш” шаруа шаруашылығының жер көлемі 10 гектар, шаруашылық “Қарақай” селолық округіне қарасты “Қ.Сәтбаев” елді мекеннен екі шақырым жерде жайласқан, топырағы сұрғылт-сазды, ағын суды “Достық” каналынан К-23 тармақты каналы арқылы алады.
Шаруа қожалығында басшысы мен қоса алғанда 4 адам жұмыс істейді: басшы, бір механизатор және екі жұмысшы.
Шаруашылықта төмендегідей техника түрлері бар:
- Трактор = Т-28х-4 — 1 дана
- Культиватор = КРх-4 — 1 комплект
- Тырма = — 18 дана
- Тіркеме = 4ПТС — 793 — 2 дана
Шаруа қожалығында ресурстарды (жерді, капиталды және еңбекті) тиімді пайдалану және шығындарды басқару жолымен алынатын өнім бірлігінің өзіндік құнын арзандату арқылы табысты, пайданы арттыру негізгі мақсат етіп қойылған.[7]
Осы мақсатқа жету мақсатында технологиялық картадағы операциялар мен шығындар кестесін келтіреміз.
1- кесте
Шаруашылықтың 2007 жылғы орындалған жұмыстарының технологиялық және экономикалық көрсеткіштері төмендегідей:
(жер көлемі – 10 га, өнім – 21 ц.га, жалпы өнім – 21 тон)
№ | Орындалған технологиялық операциялар | Егістіктің көлемі,га | Орындалған жұмыстардың шығыны, тенге | Жалпы сомасы, тенге |
1 | Егістік алқабындағы қозапаяны жинап алу. | 10 | 500 | 5000 |
2 | Сүдігер жырту
(трактор Т-4 А немесе Дт-75) 35, 40 см тереңдікте, 1гектарға шығыны х 150 теңге=1500 теңге 1 гектарға еңбек ақы және т.б. =3500теңге |
10 | 5000 | 50000 |
3 | Егістік жерді тегістеу (микропланировка) –2рет | 10 | 2000 | 20000 |
4 |
Пал алу
(1 п/м = 3 тенге барлық алынған палдың ұзындығы = 3100м) (егістік алқаптық ұзындығы –880м х 3пал 2640 м) (егістік алқаптың көлденең ұзындығы –115м х 4пал = 460 м-3100м) |
10 | 930 | 9300 |
5
|
Сор шаю
(1 га жердің суының құны 500т) |
10 | 500 | 5000 |
6 | Ерте көктемдегі ылғал жабу.
Екі рет тырма тарту. |
20 | 500 | 10000 |
7 | Пал жығу
(3100 п/м х 3 тенге =9300) |
10 | 930 | 9300 |
8 | Егістікті чизілдеу –қопсыту екі рет
1га –2 рет (15+15) литр см х50 =1500теңге 1 га –2рет еңбек ақы (800+800) = 1600= 3100теңге |
10 | 3100 | 31000 |
9 | Чизілдеуден кейінгі тырмалау-бір рет | 10 | 500 | 5000 |
10 | Жеңіл мала тарту | 10 | 300 | 3000 |
11 | Шит егу
(1га х лит гсм х 50теңге= 250 теңге) (1 га егу еңбек ақысы =800теңге=1050теңге |
10 | 1050 | 10500 |
12 | Жегенелеу
(128 жүйек х 100теңге) |
10 | 1280 | 12800 |
13 | Бірінші культивация
(1га = 1200теңге жанар-жағар май ішінде) |
10 | 1200 | 12000 |
14 | Екінші және үшінші культивациялар
(2 культивация –900теңге, 3 –культивация –800теңге) |
10 | 17000 | 17000 |
15 | Зиянкестермен күрес
(-химиялық жолы алтын күкірт шашу 1 га х30кг=300кг) 20теңге =6000теңге -биологиялық күрес –4 рет қойлады= 12000теңге) |
10 | 1800 | 18000 |
16 | Культиватор мен терең жүйек алу (нарезка – 1га –800теңге) | 10 | 800 | 8000 |
17 | Оқ арық алу
(егістіктің ұзын 880п/м 1-оқ арық, ені 115м, 4-оқ арық =460п/м =1340х 1340х 2теңге=2680теңге |
10 | 268 | 2680 |
18 | Мақта алқабын ағын сумен суғару 1ші және 2 ші рет 10 га х 2рет =20га | 20 | 500 | 10000 |
19 | Судан кейінгі культивация | 10 | 800 | 8000 |
20 | Шырпу
(чиканка,128 жүйек х 100теңге =12800теңге) |
10 | 1280 | 12800 |
21 | Шабық –үш рет –10га
1 шабык 1га = 800теңге 2 шабық 1га =700теңге 3 шабық 1га =600теңге
2100:3рет -=700теңге |
30 | 700 | 21000 |
22 | Оқ арық жығу
(1340п/м х 2 теңге =2680теңге) |
10 | 268 | 2680 |
23 | Мақтаның қол терімі
1-ші терім 10 га х 13ц =13 тон х 8 тенге=104000теңге 2-ші терім 10га х 8 ц =8 тон х4 тенге =31000теңге жиыны =21тон =135000теңге |
10 | 13500 | 135000 |
24 | Жүктеу
(21 тон х500теңге=10500теңге) |
10 | 1050 | 10500 |
25 | Тасымалдау
(21 тон=14 тележка х 500теңге=7000теңге) (21 тон: 1500 кг тележка) |
10 | 700 | 7000 |
26 | Түсіру
(21тон х 200 тенге=4200теңге) |
10 | 420 | 4200 |
27 | Азоттық тыңайтқыш
10га х 500 кг =5000кг х 30теңге =150000теңге |
10 | 15000 | 150000 |
28 | Фосфор тыңайтқышы
10 га х300кг =3000кг х 20тенге =60000теңге |
10 | 6000 | 60000 |
29 | Тұқымдық шит
(10 га х 30 кг =300кг х70 =21000теңге) |
10 | 2100 | 21000 |
30 | Салық төлемдері
(10 га х 2168теңге=21680теңге) |
10 | 2168 | 21680 |
Барлық жиыны |
10га | 69244 | 692440 |
кесте-2
“Дүйсебек-Ш” шаруа қожалығындағы мақта шикізатының өзіндік құнын анықтау кестесі.
№ | Шығын көрсеткіштерінің түрлері | өлшем бірлігі | Көлемі | Құны , тенге
(ағымдағы бағада) |
Жалпы сомасы тенге. |
1 | Материалдық ресурстар: | ||||
Тұқымдық шит | кг | 300 | 70,0 | 21000 | |
Тыңайтқыштар | кг | 8000 | 26,25 | 210 000 | |
Химикаттар мен биологиялық препараттар | кг
|
300 | 60,0 | 18 000 | |
Жанар жағар май | литр | 1480 | 50,0 | 74 000 | |
Қосалқы бөлшектер | 23 400 | ||||
2 | Еңбекке ақы төлеу | 191 600 | |||
3 | Қызметтер
(сырттан жұмыс орындаған, техникалар) |
|
108000 | ||
4 | Ағын су | 15 000 | |||
5 | Амортизация аударымы | 9 700 | |||
6 | Басқа да шығындар | 21 640 | |||
Барлығы: | 692 440 |
Жоғарыдағы кестеде келтірілген экономикалық көрсеткіштерді талдайтын болсақ, шығын әрбір гектарға 69 мың 244 тенгені құраған: соның ішінде материалдық ресурстар – 34 мың 640 теңге; еңбекақы – 19 мың 160 теңге; қызметтер – 10 мың 800 теңге; негізгі құралдардың тозу сомасы – 970 теңге; басқа да шығындар 3 мың 674 теңге, яғни өндірілген өнімнің әр бір тоннасының өзіндік құны 32 мың 973 теңгені құраған. Осы жерде айта кететін бір мәселе, ол минералды тыңайтқыштар нормаға сәйкес толық көлемде қолданылмаса мақта өнімділігі төмендейді. Ал минералды тыңайтқыш берілмеген жағдайда мақта –13-15 центнерден өнім береді, 15 центнерден өнім алынса бір тоннасына 46 162 тенге, ал, 13,0 центнерде –53 264 тенге шығын болады. Осы көрсеткіштердің өзі мақта өсіруші дихандардың тиімділігінің төмен екендігін көрсетеді.[7]
Себебі Ливерпульдегі тауар биржасындағы мақта талшығының бағасы, шитті мақтаға балама етіп есептегенде 45-50 тенге аралығында, яғни мақта шикізатын сатып алу құны, оны өндірудің өзіндік құнынан әлде қайда төмен. Осыдан шығатын қорытынды мақта өндірісіне мемлекеттік реттеу мен қолдау қажет.
Жалпы 10 гектар мақта алқабынан 21 тонна өнім алу үшін 692 440 тенге шығын сарыпталып, ал алған табысымыз 840 000 тенгені құрады, жыл соңында алған таза табыс 147 560 тенге болады немесе рентабельділігі 21,2%.Бұл алынған табыстан келесі жылдың жылдың өндірістік шығындары 98 600 теңге, шаруа қожалығыны мүшелерінің қосымша табысы 48 960 теңге болады. Осыдан шығатын қорытынды мақта өндірісімен қатары ауыл шаруашылық өндірісінің басқа табысы мол салаларды ендіру қажеттілігі бар.[7]
Енді “Дүйсебек- Ш” шаруа шаруашылығының шығындарының қозғалысы мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау есебіне талдау жасайық.
Бұл шаруашылықта бухгалтерлік есептің жай түрі жүргізеді, шаруашылық операцияларының кітабы ашылған, онда 8010,8040 –ші өндіріс шоттары ашылуы мен қатары 1310,1320,1330,1340,1350 — “тауарлы –материалдық қорлар” шоттары, 1210,1220,1230,1240,1250,1260,1270,1280,1290- “дебиторлық борыштар және басқа активтер” шоттары, 1010,1020,1030,1040,1050,1060,1070 — “ақша қаражаттары” шоттары, 6000,7000 — ”табыс пен зиянның” шоттары, 3350 еңбек ақы шоттары ашылған. Материалдық құндылықтарды сатып алған кезде 1310,1320,1330,1340,1350-шоттар дебиттеліп 3310 –жабдықтаушылар мен есеп айырысу шоттары кредиттелген.
Өндіріске яғни мақтаға сарыпталған тауарлы-материалдық құндылықтарға, еңбек ақыларға, 8010,8020,8030,8040 — шоттар дебиттеліп 1310,1320,1330,1340,1350 және 3350 шоттар кредиттелген.
Ал жыл соңында алынған дайын өнімге калькуляция жасалған, яғни өнімнің өзіндік құнына 1320,7010 — шоттар дебиттеліп 8010 — “Негізгі өндіріс” шоты кредиттелген. [3]
Шаруашылық операциялары бойынша шоттар корреспонденциясы.(Бухгалтерлік жазба)
Қатар № | Шаруашылық операцияларының мазмұны. | Соммасы.
тенге. |
Шотт ар корреспонденциясы. | |
Дебет | кредит | |||
1 | Материалдық ресурстар сатып алынды | 346400 | 1310,1320,
1330,1340, 1350 |
3310 |
2 | Материалдық ресурстар құнына | 346400 | 8010,8020,
8040 |
1310,1320,
1330,1340, 1350 |
3 | Еңбек ақы есептелінген сомасы | 191600 | 8010,8040 | 3350 |
4 | өндірістегі негізгі құралдардың тозу сомасы(амортизация) | 9700 | 8010 | 2420 |
5 | Еңбекақы төленген сомасы | 153280 | 3350 | 1010 |
6 | Өндірілген өнімнің кірісі | 692440 | 1320 | 8010 |
Резюме
В статье анализируется движение и учет операционных затрат на примере крестьиянского хозяства “Дуйсебек-Ш”
Summary
In this article movement calculation operations expenditure for example peasantry be the boss “Duisebek-Sh”
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- ҚР Заңы “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы” №2732 26.12.1995 ж (толықтырулар мен өзгертулермен бірге)
- ҚР Салық кодексі
- Қаржылық есептің халықаралық стандарты. М., Аскери, 1999 ж
- Мыржакыпова С. Т., “Банктегі бухгалтерлік есеп” Алматы, Экономика 2004ж
- Родостовец В.К.,”Кәіпорындардағы бухгалтерлік есеп” Алматы, 2003 ж
- Серіков Б.С., “Мақта өсіруді ұйымдастыру және кәсіпкерлікті жоспарлау” Frints, Шымкент 2004 ж
7.”Дүйсебек — Ш” шаруа қожалығының салық декларациясы 2007 ж