“Музыкалық білім” мамандығының жеке сабақтарын кредит тік технология бойынша оқыту, студенттердің өзіндік жұмысы оқу іс-әрекетінің бір түрі және маңызды бір бөлігі. Өзіндік жұмыс кезінде студент оқу процесінің белсенді бір қатысушы ретінде көрінеді, бұл оқытуды максималды түрде жекешелендіруге жеткізуге мүмкіндік береді. Өзіндік жұмыс мыналарды қамтиды:
- Студенттерге ғылыми және творчестволық қабілетті арттыру, музыкалық аспапты еркін меңгеру.
- Үй тапсырмаларын, сынақ және емтихан, аралық және қорытынды бақылауға дайындалу барысында оқу материалдарын терең оқып білу және пысықтау.
- Еңбекқорлыққа тәрбиелеу, табанылық пен мақсаттылыққа, өз уақытын жоспарлау және ұйымдастыруға, оқуды үздіксіз және жүйелі жүргізуге үйрету.
Оқытудың кредитттік жүйелі білім берудің бірізді емес жаңа психологиясы бұл жиі студентке өз бетінше шығармашылық негізде білім алуды өз жағдайына бейімдеп оқуға мүмкіндік беретін технология. Сонымен қатар бұл деңгейдегі кәсіптік білімді студент негізінен өз белсенділігі арқылы меңгереді. Кредиттік термині білім алушы студент ең белгілі өлшемі кредиттік сағат деп бүкіл оқу процесі кезінде аудиторияда өтілетін сабақ және онымен қатар жүретін студенттік өзіндік жұмыс (сөж). жұмсалатын уақыттардың қосындысына тең уақытты атайды. Студенттердің өз бетімен шығармашылық жұмыс істеудің тәрбиелеу және музыкалық ойлау қабілетін дамыту үшін ең алдымен мынадай шарттарға бірінші оқу жылыкөңіл қою керек.
- Музыкалық-теориялық білімнің негіздерін меңгеру.
Сырнайдың тарихы мен теориялық негіздерін, ерекшеліктері мен дыбыс шығару құпиясын түсініп, музыкалық сауатты тереңдету. Сырнайдың түйме басқыш құрылысы мен оған арналған нота графикасының ерекшеліктерін біліп, ноталарды бірден оқып ала жөнелетін дағдыларын қалыптастыру.
- Орындаушылық қимыл-әрекеттер тәсілдерінің негіздерін игеру.
- Бастапқы оқудық ең қилы да күрделі жағы- орындаушылық дағдыларын меңгеру.
- Музыканы мәнерлеп орындаудың әртүрлі тәсілдерін үйрену.
Бұл нұсқауларды әйгілі ұстаз сырнайшы профессор П.Гаворушко зерттеп ұсынған тәжірибе жүзінде өздерінің жарамдылығымен тиімділігін дәлелдейді. [2. 265 бет] Сырнай аспабында ойнап үйрену барысында студенттің негізгі уақыты көркемдік шығармалар дайындаумен өтеді. Студент шығармаларда өз бетінен меңгеруде дағдыланы арқылы білім алып, іскерлік пен ынтасын арттырып, өзін рухани дамытып байытады. Әрі қарай біз жұмыс барысында қолданылатын қажетті шарттар мен студенттің өз бетімен жасайтын жұмысының, іскерлігі мен дағдысының одан әрі дамуына бала назар аударуы қажет. Шығарма мен жүргізілетін жұмысты негізінде бір-біріментығыз байланысты үш кезеңге бөлуге болады:
1 кезең- шығармамен толық танысу;
2 кезең – айқын мәнерлі және техникалық дағдыларды меңгеру;
3 кезең — шығарманы көркемдетіп орындау;
- Оқытушының мақсаты — студентке шығарманың түр – тұлғасын қадір-қасиетін әуеннің музыка мәнерінің ерекшеліктерін, сонымен қатар жан-жақты сырын ашып жеткізу. Егер бұл шығарма бір авторға тиесілі болса сол композитордың шығармашылығы мен оның музыкалық тілмен, стилімен, таныстыру керек.
- Ең ұзақ және алда еңбеккерлікті талап ететін кезең. Бұл кезеңде шығарманы шағын бөлімдерге бөліп бөлім — бөлімімен жұмыс істеген тиімді. Шығарманы бөлімдерге даралау, шығармының түрлерін талдау негізінде жүргізіліп, ал бөлімдердің шегін, сан мөлшерін, кезеңдерін, әуен қатарын олардың дауыс ырғағының ұқсастығы немесе айырмашылығын анықтайды.
Мұнда тізбектелген музыкалық әуенді жеке –жеке талдап соңынан бәрі бір сөйлемге немесе кезеңге біріктіру жұмысы жүргізіледі. Осы кезеңде сауалдардың арғы шешімі көрікті алып жүру мен үзінділеуді немесе толық шығарманы қасиетті екпінді орындағанда көрінетін ыңғайлы аппликатураны талдай білумен және ойнау қимыл – қозғалыстарын өңдеу мен тығыз байланысты. Музыкалық шығармаға жүргізілетін жұмыстың табысты болуы үшін студденттерге мына үлгі қатары ұсынылады:
- Ноталы мәтінде талдау.
- Аппликатураның қолайлы нұсқасын анықтап белгілеу.
- Дыбыстың шығуын, дыбысты шығару әдістерін (легатто, стаккато т.б. штрихтарды) анықтау.
- Шығарманың құрылысын талдау.
- Музыкалық сөйлемді құрайтын бөліктерін анықтау.
- Жай екпіндегі шығарманы жүргізілетін жұмыс.
- Шығарманы жатқа білу.
- Көріктің ауыспалы бағытын анықтау.
- Шығарманың көркем орындалуының түрін таңдау.
Шығармаға жүргізілетін жұмыстың үшінші кезеңінде сөйлемдер ой жүйесінің дамуы анықталып ашыла түседі. Яғни, күрделі ой жүйесінің қызметін атқарып отыратын барлық ұсақ және күрделі бөліктер болып музыкалық бейнені құрап музыканың аяқталған түрі орнайды. [1. 50 бет]
Жұмыс барысында студент өз бетімен ноталы мәтінді оқып шығарманың көлеміне, ондағы альтерация белгісіне, дыбыс ұзақтығына және т.б. көңіл аударуы керек. Атап айтқанда, сырнайда ойнап үйренуде студент музыкалық шығарманы өз бетімен танып білуінің, өз ойлауына талдау жасап, ой елегінен өткізіп қатесін табуы, нақты сауалдарды қоя білуі оқытушының дәл және уақытылы қойған сұрақтарына байланысты. Аталған қасиеттерді студенттің бойына дарыту қазіргі кредиттік оқытуға сай, педагогиканы жаңашыл заңдылықтарының бірі болып табылатын дамыта оқыту заңдылықтарымен жүргізілгені жөн.
Оқу жылы басында студенттерге жеке сабақтар (домбыра, баян, қобыз) пәндері бойынша силлабус беріледі. Силлабус дегеніміз студенттерге арналған пән бағдарламасы. Силлабус типтік пән бағдарламасы негізінде дайындалады, пәннің мақсаты, міндеттері және стденттің оқытушының басшылығымен (ОБСӨЖ) және студент тік өзіндік жұмысының (СӨЖ) тақырыптары көрсетіледі. Силлабусты студент пәнді игеру үшін қажет болатын теориялық, практикалық мәліметтер, студенттке қойылатын негізгі талап тар және білімді бағалау тәртібі беріледі. ОБСӨЖ, СӨЖ тақырыптары барлық семестірге берілген. Мысалы: 1. халық әні, 2. классик композиторының шығармасы (полифония) 3. мектеп әні, 4. қазақ композиторының шығармасы, 5. сырнайға өңделген немесе лайықталған әндер мен күйлер, 6. мектеп репертуарынан шығарма (тыңдау).
Студенттің шығармасы қай жанырда ойналса, соған лайықты қысқаша мәлімет беріледі. Халық әндері, қазақ композиторларының өмір баяны, шығармашылықтары туралы мәліметберу қажет. Шығармамен танысу барысында мұғалім мен студент арасында өзара талдау жүргізіледі. Күнделікті сабаққа дайындалу жаттығулардан басталу қажет. Жаттығу дегеніміз-гамма, арпеджіо, аккордтар түрлі нюанстармен ойналады. Жаттығулармен жұмыс болашақ музыка маманының техникалық орындау шеберлігін арттыруға мүмкіндік туғызады. Биік деңгейдегі орындау шеберлігі ең алдымен гамма, арпеджио жаттығуларымен жүйелі түрде жұмыс жасаған кезде қалыптасады. Нотаға қарап бірден оқу-студенттің өзіндік жұмысының бір түрі болып саналады. Бұған арнайы уақыт бөлінбегенімен негізгі аспапқа бөлінген сағаттың 30 % осы жұмысқа қолдануға болады. Мектеп репертуарына арналған шығармаларды таңдаған кезде кілт белгіге және шығарманың күрделі сүйемелдігіне көп көңіл бөлу керек. Біз мектептің болашақ ән-күй мұғалімін даярлау себепті студенттердің нотаға қарап оқу қабілетін дамыту керек. Нотаға қарап оқу студенттердің жалпы музыкалық даму жолындағы ең тез, келешегі мол музыкалық дамудың жолы болып табылады. Нотаны оқу баян аспабына өзіне тән ерекшеліктерімен дараланады. Бұған екі жақты клавиатураны меңгеру, орындаушының қол қимылын баян мехының бірдей қимылдауы. Нота оқу кезінде ең бастысы көре алмағандықтан өзінің саусақтарының ұшымен керекті басқыштарды сезу (әсіресе сол қолда). Оң клавиатураға қарап ойнау нота оқуға кедергі келтіреді, студент нота текісін бақылай алмайды, ол тоқтауға әкеліп соғады, шығарманың логикалық құрылымына кері әсерін тигізеді. Сол себепті студенттің баянның екі клавиатурасын да жақсы меңгеріп, және керекті басқыштардың орналасуын тез таба алатын дәрежеге жеткені дұрыс. Әр семестірде классик композиторларының шығармасы беріледі. Оған полифониялық шығармалары да жатады. Полифония –көп дауысты шығарма. Полифония — батыстық құбылыс. Солай бола тұрса да полифониялық стиль әлемдік музыка мәдениетінен орын алып отырған елеулі құбылыс. И.С. Бахтың полифониялық шығармалары (“ХТК” т.б.) кейінгі композиторлық мектептерге үлгі болып, ХХ ғ. дейін “прелюдия және фуга циклдары” жазылып келгені белгілі. Полифониялық шығармалар баян аспабының да негізгі музыкалық репертуарын құрайды. Полифониялық шығармаларды студенттердің оқытушының көмегінсіз талдау қиындыққа соғады. Полифонияны әр қолмен жеке талдайды. Полифония -әлемдік аспаптың музыка тәжірибесінен елеулі орын алған жанр. Ондағы мақсат болашақ орындаушылардың полифониялық ойлау жүйесін қалыптастыру. Батыс музыкасына тән көркемдік стильмен таныстыру. Студенттерге жоспар бойынша берілген шығармалар әр арарлық аттестациаларда бағаланып тұрады. Аттестация тыңдау ретінде өтіледі.
Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, негізгі аспап пәнін меңгеру процесінде студенттерді еңбекқорлыққа, табандылық-мақсаттылыққа, өз уақытын жоспарлы ұйымдастыруға, оқу сатылы үздіксіз жүйелі бағытында жүргізуге дағдыландыру.
Әдебиеттер
- Б.Мұстафин., Т. Мұстафина., Т. Алыбаев., З. Смакова, Сырнай үйрену мектебі.,
Алматы., Білім., 2004.-406 б.
- Смакова, Сырнай-баян үйренудің бастапқы курс., Алматы., Білімү., 2003.-350 б.