Көптеген кәсіби мамандар клиенттердің психикалық бағдарларында айтулы өзгерістер тудыру мақсатымен өз уақыттарыныңденін солармен әңгімелесугежұмсайды.Осы мамандар өздерін қалайатаса да – психологтар, мектеп немесе әлеуметтік қызметкерлер , жоғары оқу орнындығы кеңесшілер, өндірістегі жұмыскерлер бойынша мамандар және т.с.с – олардың әрқайсысыныңклиент бағдарларына өзіндік тұрғысы бар – бізді осы кітапта қызықтыратын да нақ осы. Осындай мамандар өмірге бейімделмеген немесе абыржулы, жолы болмаған немесе құқық бұзушылармен жұмыс істейді, ендеше олар терапевттен шыққанда, өмір сүруге анағұрлым бейімделіп,өмірдің түрлі жағдайларында кездесетін мәселелерді шешугедайынрақ болып шықса,- сол маманның қолданатын тәсілдерімен техникасы біз үшін аса қызықты.
Мұндай кеңестер түрліше аталуымүмкін. Оларды “емдік кеңестер” деп қарапайым да кеңтерминменатауға болады,олар көпшілігінде білім салаларында жиі қолданыла бастаған “кеңес беру” терминімен белгіленеді, немесе осындай әңгімелердің емдік тиімділігін есепке алсақ, оларды психотерапия деп атауға да болады, мұндай атау әлеуметтік қызметкерлерге , емханалардағы психологтар мен психиаторларға жақындау. Біздіңкітабымызда осы терминдер бір-бірін белгілі жағдайда ауыстыра отырып пайәдаланылады, ол түсінікті де, себебі олардың бәрі де бір негізгі әдіске,яғни клиенттің өзінің психикалық бағдарлары мен мінез-құлқын өзгертуге бағытталған,индевидпен тікелей жасалатын қатынастарсериясына жатады. Бұрынрырақ “кеңес беру” деп клиентпен жүргізілетінжекелеген жәнеүстіртін қатынастарды айтатын, ал жеке тұлғаны тереңнен өзгертуге бағытталған неғұрлым пәрменді және тұрақты қатынастар “психотерапия” терминімен белгіленген, мүмкін, огсындай саралауға қажетті себептер де бар шығар, дегенмен пәрменді және жемістікеңес берудің пәрменді жәнежемісті психотерапиядан ешбір ерекшеленбейтіні анық. Сондықтан да біз осы екі терминді де қолданамыз, себебі осы саладағы мамандар бұл екуін де қатар пайдалана береді.
Кеңес беру әдістерін қолдану
Бейімделу проблемасына байланысты кеңес беру мен психотерапияның түрлі әдістеріқаншалықты кең қолданылады? Ол бойынша статистикалық деректер жоқ, сондықтан да бұл сұрақтың жауабы сипаттамалық мәнде болады, дегенменде кеңес берудің процесс ретіндегі маңыздылығын бекітуге көмектеседі.
Баланыңдамуын зерттеу (клиника) . Психотерапия бала дамуын зерттеуде- бейімделуде проблемалары бар балалармен (әсіресе жасөспірімдермен) және олардың ата-аналарымен жұмыс істеуде түрліше пайдаланатын неғұрлым жетілдірілген тәсіл ретінде көрінуде.Көптеген жылдар бойы осы бағытта клиникалық ой қарқынды түрде дамыды.Сондықтан да психотерапия тәсілдері басқалардан гөрі бала дамуының сферасында неғұрлым жемісті түрде деп нақты айта аламыз.
Осы психологиялық тұрғыдан бала дамуының клиникасында кең тарағанын бір-екі нақты мысал көрсетеді.Авторы бұрындиректоры болған Рочестер (Нью- Йорк) даму орталығындажасалған талдау бізге төмендегідей мәлімет береді.1939 жылы 850 жағдайдан:
балалардың 62% -ы 1-ден 4 психологиялықсеансқадейін өткен , бұл жалпы клиникалық контактілердің 42%-ын құрайды.
30%-ы 5-тен 9 сеансқа дейін өткен,жалпы клиникалық контактілердің 35%-ын құрайды.
Егерде бала психологпен 4 реттен аз кездессе , онда контактілер,сірә , диагностикалық болғаны анық; негізінде кеңес беру еріксіз шектелген болады. Бала және оның ата-анасымен 5-тен 9 сеансқа дейін өткізілгенде, мінез-құлықтыөзгертудің басқа әдістері де қолданылғанымен, кеңес беру кбінесе емдеудің ең маңызды аспектісі ретінде болып отырды. Пәрменді емдеу топтарында да(әрбір жекежағдайларда10 сеанстан көп) психотерапия-проблеманыемдеу және онымен жұмысістеудің маңызды құралы болып табылды. Бұл тек баламен жұмыс істеу немесе бала және оның ата-аналарыменжұмыс істеу түрінде болды.Әрдайым дұрыс болмаса да, әдетте психолог тек баланы емдеуменғана шұғылданды,ал әлеуметтік қызметкер ата-аналарымен кеңес өткізді. Клиникаға келгендердің тек 8%-ымен пәрменді емдеу жүргізілгенімен, бұлиндивидтермен жүргізілген жұмыс барлық клиникалық іс-әрекеттің 1\3 бөлігін құрады.
Оған қоса Бейкердің даму орталығы берген төмендегі мәліметтер балалармен жүргізілген жұмыста кеңес беру мен психотерапияның рөлі қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Директорлар Уилиям Хиль мен Августа Бронердің жетекшілігімен клиникада қарастырылған 1334 жағдайдың 400-інде емдеу жүргізілді.Басқа жағдайларда тек диагноз қойылып, емдеу жауапкершілігі сол пациентті жіберген агентке жүктелді. 400жағдайдың 111-індебала псиатордың 1 немесе2 сеансына қатысса, 210 баламен – 3-тен 9- ға дейін және 79 баламен 10-нан 100-ге дейін әңгіме өткізілді. Ата-аналарымен біргежүргізілген кеңестер нәтижелерінің көрсеткіштері , жалпы алғанда ,ұқсас :83 адам (ата-ана) 10- нан 100-ге дейін немесе одан да көбірек кеңес алды ( әдетте , осы нақты жағдайды жүргізгенадамнан).
Осы екі есеп материалдары бойынша төмендегідей қорытынды жасауға болады: балалар клиникасында психотерапия әдісімен емдеу белгілі деңгейде осындай емдеу типіне сәйкес таңдап алынған жағдайлардың үлесінің аздығымен шектеледі.
Дегенмен таңдап алынған топпен жүргізілген емдеу кеңес — әңгімелері клиника жұмысының негізгі бөлігін құрайды. Бұның өзі елдің нашар бейімделгенбалаларды емдеумен шұғылданатын клиникалық орталықтарының көпшілігіне тән.
Студенттер ортасындағы кеңес беру. Жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің бейімделу проблемасымен айналысатын жұмыстарды талдай отырып, жеке- даралық жұмыстың ең жиі кездесетін әдісі кеңес беру екендігін көреміз. Клиенттер неғұрлым ересектікке жақын болса, анықталған проблемаларды шешудің неғрлым ұтымдылары – кеңес берумен псих\отерапия деп айтуға болады. Оның себептерін біз кейінірек талқылаймыз.
Жоғары оқу орындарында да, колледждерде де жеке тұлғалық және эмоциялық бейімделулер проблемасын шешуде кеңес берудің барлық техникалары толық қолданылады, бірақ әрбір жеке жағдайда кеңс беру осы процестің аса маңызды бөлігін құрайды және аталмыш саладағы мамандардың пікірінше , осындай іс-әрекетте ол одан да көп орын алуы керек.
Орта мектеп пенколледждермен таныс әрбір адам үшін кеңес беруге арналған даму бағдарламалары әрқашан кеңейтіліп отыратыны анық. Мектептер өз жұмыстарын жекедаралық өсу мендамуға бағдарлана отырып жүргізсе,студенттердің өз жағдайына неғұрлым жақсы бейімделуіне көмектесетін психологиялық қызметтер де жетілдіріп отырады. Әкімшіліктер көпшіліктік білім беругебайланысты қаржы жұмсаудың қаншалықты маңыздылығын неғұрлыманық түсінсе, туындап отыратын проблемаларды іс жүзінде шешугесоғұрлым мүдделі болады. Квадрат шегелердідөңгелек тесікке кіргізуқанша болатынын есептеп,яғнишешілмеген проблемаларменненің энергиясы жұтылатындығынстуденттергеүйрету талпыну арқылы — осындай шығындардың алдын алу жолдарын іздестіреді. Топқабелгілі бірегей стандарттардың бірдей болуымүмкін, ал студенттердің бірдей еместігі де түсініле бастады.
Осыған байланысты индивидті тереңірек түсіну мен оның өз проблемаларыншешуіне көмектесу ниетімен жасалған бағдарламаларға деген сұраныскөбейе түсуде. Соған сәйкес көптеген институттар мен колледждерімзде және орта мектептерде студенттердің бейімделуқызметтерібар, дегенмен осы құрылымдар тек қана аы бар ұйымдардан бастап, студенттердің не түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған, кеңес берудің түрлідеңгейлерін ұсынатын неғұрлым жақсы ұйымдастырылған бөлімдер мен бюроларға дейін бір-біріненанағұрлым ерекшеленуімүмкін.
Ересектерге арналған психогигиеналық қызмет.
Ересектердің бейімделу проблемаларымен аз ғана клиникалық мекемелер айналымады. Ересектерге көп жағдайдажекелеген психиатрлар мен психологтар кеңес береді. Дегенмен кейінгі кездеерлі-зайыптылардың бейімделу мәселелерімен айналысатын кеңес беру қызметі және солсияқты қызмет көрсету орындарының өсуі байқалады. Осындай мекемелер енді ғана үйленейін деп жүргендерге, сондай-ақ некелесуденсоңғы қиындықтарғакездескен ерлі-зайыптыларға да кеңес береді.
Мұндай қызметтер кешеніне дәрігерлік зеттеу , заң тұрғысынан көмектесужәне тағы басқа элементтердің кіруінен қарамастан, жұмыстың негізгі элементідегенмен де кеңес беру процесі болып отыр. Некегк дейінгі кеңес алушыларүшін ол бір не екі сеанспен шектелуі мүмкін. Ал тұрақты қалыптасқан отбасылық қиындықтарды жеңуде еңбектің жемістілігі көптеген терапевтік кеңестернді қөажет етеді. Мұндай көмекті қажет ету сұраныстан әлдеқайда көп, оны шіркеудің әрбір қызметшісі көрсете алады. Негізінде мұндай көмек отбасылық мәселерге байланысты болғанымен, осы саладағы кеңес берудіңжемістілігі студенттермененмесе бейімделмеген балалардщың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстардан аса ерекше деп айтуға негіз жоқ.
Әлеуметтік жұмыс. Әлеуметтік жұмыс саласындағы маман дәсттүрлітүрде әлеуметтік жұмыстың бөлігі саналатын қызметтер жиынтығын – қаржылық көмекке, жұмыс табуға көмектесуге, дәрігерлік қызмет көрсетуге ғана емес, сонымен бірге, мүмкін, ол- негізгісі де болар, кеңес берушілік көмекті ұсынуғада дайын болуы керек. «Кеңес беру» термині нақты жағдайларлды шешуде аз қолданылғанымен де, оны пайдалануда клиентке күйзелістерінің шиелінісін төмендетудің, бейімделуге байланысты проблеманы шешудің жаңа жолын ұсынуда әлеуметтік қызметкер жоғарыда көрсетілген әрбір маман қолданылатын процеске келіп тіреледі. Әлеуметтік жұмыс – бейімделу проблемасына байланысты терапевтік көмек көрсетуде кең қолданыс табатын бірден-бірн сала. Осы саладағы қызметкерлердің мәселені өзгертуге қаншалықты құлшынғанына қарамастан, осындай көмек көрсетуқаржылық қиындықтарға кездескендер үшін көбіне шектеулі болып отыр. Сонымен бірге институттар мен интернаттар жанындағы балалар немесе балалар клиникасындағы әлеуметтік қызметкерлер де өздерінің психотерапевтік дағдыларын пайдаланады. Олар кәсіби топ ретіндекеңес беру процесін зерттеуге көп көмек беріп отырды.
Өндіріс орнындағы адамдармен жұмыс. Өндірістегі адамдарға кеңес беруосы уақытқа шейін олармен атқарылатын жұмыстың аз мөлшерін қамтыды. Жұмысшылармен немесе жұмысқа орналасайын деп жүргендермен қандай да бір мәлімет алу үшін әңгімелесу маңызды іс-әрекет болып саналғанымен, психологиялық бағдарды өзгетуге бағытталған кеңес беру туралы өндірісте ешкім білмейтін болып шықты. Қазіргі кезде, Вестерн Электрик Компани зауыттарында өндірістік қатынастарды қарастыруға жүргізілген белгілі зерттеулерден соң, жағдайдың өзгеретін түрі бар. Бұл зерттеулер өндіріс орындарында қарым-қатынастың әлеуметтік аспектілері өндірісті ұйымдастырудан гөрі маңыздырақ екенін көрсетті. Осыдан индевидте қанағаттану сезімдерін тудыратын әлеуметтік жәнеэмоциялық сферадағы бейімделудің рөлі жалақы мен жұмыс уақытын өзгертугеқарағанда анағұрлым маңызды екені анықталды.Осы ұзақ уақытқа созылған,бастапқы мақсаты жұмыс жағдайларының еңбек тиімділігіне әсерін қарастыру болған зерттеулер нәтижесінде жұмысшылардың жеке проблемаларын шешуге көмектесетін кеңес беру бағдарламасын жасау ұсынылды. Ғалымдар өндірістегі моральды хал-ахуалға тек осы ғана әсер ететінін түсінді. Мұндай бағдарлама (әрбір 300 жұмысшыға бір кеңес беруші) жасалы, зерттеу нәтижелерінің дұрыстығын көрсетті. Біз кейін де осы жұмысқа сілтемелер беріп отырамыз.
Қазіргі біздің айтарымыз: аса жоғары еңбек өнімділігі- әрбір жұмысшының жоғары деңгейдегі кәсіби дамуы, яғни өндіріс саласындағы кәсіби кеңес беру процесі – маңыздылығы аса жоғары процесс екендігі ғана.
Әскери салада. Студенттік және өндірістік кеңес беру туралы айтылғандар мен тұжырымдардың көпшілігі кез-келген әскери ұйымға – оқу немесе әскери ұйымға тең дәрежеде сәйкес келсе де, кеңес берушілік бағдар ел аймағында қолданылатын, мемлекеттік деңгейдегі әскери бағдарламада өте аз пайдаланылған. Әрине, бұл ішінара жетістіктер мен жаңалықтарды тиімді жұмыс бағдарламаларында пайдаланудың әдеттегі кешеуілдеуімен түсіндіріледі. Сонымен қатар бұл жағдай әскер басыларының жкек — тұлғалық тұрғыдан емес, көпшіліктік тұрғыда ойлауға бейімділігіне де байланысты болуы мүмкін. Соған қарамастан психотерапия саласында дамып келе жатқан білімдерімізді әскери бағдарламада да, тиімді пайдалануға болар еді деп тұжырымдауымызға көптеген себептер бар.
Өндірістегі моральдың хал-ахуал сияқты, жауынгерлік рух та адамаралық қарым-қатынас пен бейімделушілікке жоғары деңгейде тәуелді және осы салада кеңес беру өзінің пайдалы екендігін дәлелдеді. Мыңдаған әскерге шақырушылар мен әскерге өз бетімен келушілер өздері үшін аса күрделі жаңа жағдайларға тап болды – олар басшылыққа, жаңа әлеуметтік топқа бейімделуі керек, оларға өздерінің кәсіби жоспарларын өзгертуге, болашақтың белгісіздігімен санасуға тура келеді. Кейбіреулер бұл проблемаларға өздігінше бейімделуге қабілетті және осы сияқты жағдайларда ешкімнің көмегінсіз дұрыс бағдарлана алады. Бірақ көпшілігі ондайға қабілетсіз, оларда наразылық, невроздық үрдістер туады, олардың көңіл-күйі жабыраңқы болады. Моральдық хал-ахуал үшін осындай ауытқыған мінез-құлық әсері қиындау болады. Кеңес беру мұндай индевидтерге өз қиыншылықтарын көруге ықпал етіп, оларды бейімдеуге мүмкіндік берер еді, оларға жеке тұлға күштерін жұмылдыратын жаңа мақсат табуға, соған жетуге бар күш-жігерін табуға көмектесер еді.
Осындай әдетте кез келген әскерге келушінің алздынан шығатын қиындықтардан басқа, әскери дайындықтың нақты түрлеріне тәнерекше психологиялық стресс жағдайлары да болады. Ұшқыштар, парашютпен секірушілер және оқытуды аса қауіпті маневрлермен бай»ланысты басқа кәсіби мамандар көбінесе үлкен қорқынышты бастан өткізеді, дүрбелең жағдайға түседі, оның қалыпты оқуға әсер ететіні соншалық,олар осындай оқу курстарынан міндетті түрде «шығып қалып» отырады. Осы сияқты себепсіз қорқыныштар туралы айту және олардан арылу мүмкіндіктері, қайтадан өзіне сенімділік тудыру көптеген осындай адамдардың оқу дайындығын аяқтауына мүмкіндік берер еді. Осындай дайындық жағдайында эмоциялық және бейімдеушілік проблемаларының нәтижесі ретіндеқаншама қиындықтар туындауы мүмкін екенін тек болжауға ғана болады, кеңес берудің өзі де соларды жеңуге арналған, ал мұндай жъұмыстамен тығыз байланысты адамдардың айтуынша, олардың саны аса көп.
Кеңес берубағдарламасының қажеттілігі әскер қатарында жүргенде ғана емес, мүмкін, бейімделудің қиындықтарына байланысты, тіпті әскерден қайту кезеңінде одан дагөрі қажеттірек бола түседі . Әскерден қайтушының алдынан еңбекке орналасу, отбасылық қатынастарды жандастыру,өзін-өзі қамтамасыз ету қажетелігі , жаңа әлеуметтік байланыстарды дамыту проблемалары шығады. Кейінгі соғыс тәжірибесі осындай жағдайда адамға, ең алдымен, өз бетімен дербестік алуға көмек тесетін терапия жауапкершілікті « жоғарыда тұрғандарға» арта салуға болатын әскердегі бұйрықтық өмір сүру формасымен қоштасуға, өз бетімен шешім қабылдауға, таңдай білуге көмектесу қажет екенін көрсетеді.
Қарулы күштерде енгізуге болатын кеңес беру формалары бар, бірақ ол әлі енгізілмеген. Соғыс кезінде кеңес беруді пайдалану тәжірнибесі – психологиялық тұрғыдан жәбір көрген көптеген адамдарды қайта бейімдеу (реадаптация) жұмысы. Соғыс кезінде невроздық механизмдердің дамуы және офицерлермен қатардағы әскерлердің ақиқат өмірден безінуі – қазіргі армияның ең өзекті проблемасының бірі ретіндеқолданыла бастады. Қазіргі соғыстың ажырамас бөлігі өзінің екі ерекшелігімен – соғыс әрекетінің механикаландырылуы және «жүйке соғысымен» бірге отырып, ауыр стресс жағдайына әкелуіне байланысты индеведтің психикалық құрылымы өз тұрақтылығын жоғалтады.Психологиялық кеңес беру осындай адамзаттың өзіне қарсы соғысының құрбаны болғандары қайта бағыттау мен емдеу үшін көп үлес қоса алады. Әскери бағдарламада тиімді кеңес берудің орнымен рөліне байланысты тағы да бір мәселені қосып айта кетуге болады. Соғыс кезіне тән психологиялық хал-ахуалдың әсерінен демократиялық қоғамның көптеген жетістіктері бірте-бірте шеттетіліп отыр. Демократттардың дағдарыс кезінде пайдаланатын диктатурасының кейін тұрақу мүмкіндігіне байланысты олардың мүлдем жоғалып кету қаупі де бар. Негізгі мақсаты адамға бағытталғанжеке тұлғаныңнеғұрлым үйлесімдідамуы болатын тиімді кеңес беру бағдарламасы осы жекетұлғалық интеграция ұғымын қорғайтын күш – демократияның бірінші орынға әрбір жеке азматтың маңыздылығы мен беделін қоюының маңызды символы болуы керек.
Кеңес беру әдістері, осы қысқа алғы сөзде берілгендей, қазіргі уақытта көптеген салаларда маңызды орын алады және келешекте әсіресе білім беру саласында, өндірісте, әскери әрекет бағдарламасы сияқты, жалпы ұлттық көлемде маңызды құралға айналуы мүмкін. Көп қолданып жүрген және маңызы күннен – күнге өсіп келе жатқан әдіс біздің егжей- тегжейлі қарастаруымызды қажет етеді.