Сенім акциясы. Келесі кездесулерде сенім акциясы аумағында әңгіме ұйымдастырылып, оның барысында бала мен ата ана қатынастарының оң бағыт алғанына, стратегиялық өзгерісінің басталуына не себеп болып, үлкен қызмет ете алады. – деген сұраққа жауап ізделінеді. Алдымен сенім деген не екеніні анықтап алып,ата анамен олардың балалары арасындағы сенімді қалыптастыру жолдарын психолог клиентпен бірге іздеуге кіріседі. Сенім әңгімесін ұйымдастыру барысында пайдалануға болатын бірнеше тәсілдерді келтіреміз.
Бұл тәсіл бала мен ата ана қатынастарында орын алған түсінбеушіліктер негізінде болған ұрыс қағыстар, шытырман шиеленіс жағдайлар, кейбір түсінбеушілік және түсінбеушілік біржақтыболғанда пайдаланылады. Мысалы, ана баласынан инститиутты тастамауын өтінеді немесе қызынана оған ұнайтын, бірақ ата анасы сенімсіз, күдікті болып көрінетін адамдармен достасуына тыйым салады.Осындай жағдайда ата ана тарапынансенім акциясы жүруінің мәні өте терең.
Бұл шара ата ананың өздері ұзақ уақыттан бері қойып отырған талаптарын немесе тыйымдарын алып тастаудан тұрады. Мысалы ата ана баласына көптен бері салып отырған тыйымынан бас тартып оның қабылдаған шешімімен келіскенін былай түсіндіреді. – Мен көп ойланып, мынадай шешімге келдім. Сен ересек адамсың, өз өмірің туралы өзің шешім қабылдайалғандықтан оқуды тастау не тастамау – бұл сенің жеке шаруаң. Енді бұл туралы саған бір ауыз сөз айтпаймын. – деп баласына сенім білдіреді. Екінші жағдайда: — бұл сенің достарың, сен оларды жақсы білесің, сондықтан олармен қалаған уақытта кездесе бер. Егер проблемалардың түбірі бірбірімен қосылып бір жаққа баруына, үйге тым кеш келуіне және т.б тыйым салумен байланысты болса, онда оларды да осындай сенім акциясымен шешуге болады. Бұл ата аналардың жеңілуі “ немесе” қалағаныңды істе депбалаларын өз бетімен жіберу қағидасы бойынша өзінен жауапкершілікті алып тастау емес, ата анамен баласының арасында сенім артудың пайда болуы, балаға сыйлаушылық білдірудің куәлігі ретінде көрініс беруі тиіс. Әрине сенім акциясын ата ана бір нәрсеге жариялағаннан соң олар өз шешімін ертеңіне өзгертпестен, одан ешқашан бас таратпаған жағдайда ған тиімді болады. Мұны клиенттің өзі де түсінуі керек.
Жеке сезімдер мен күйзелістер жайлы кеңес беру.Бұл тапсырманы ата аналар өзінің баласына деген сезімін білдірмей тұрып, олардың алдарында тұрған проблеманы өздеріне шештіруге тырысу керек болғандықтан біршама қиындықтар туғызады. Бұл тәсілді пайдалану үшін кеңес беруші ата аналық гиперқамқорлықтың астарында не жатқанын анықтайтын арнайы жұмыс жүргізеді. Мұнда ата ана сезімін терең талдау жасап, оның “психоанализіне” жан жақты берілудің қажеті жоқ. Сондықтан да оларға “ сіз неліктен балаңызға осыншама қамқорлық жасайсыз, оларды осылайша басқарасыз” деген сұрақты бере отырып, көптеген клиенттер үшін мәні ортақ алғашқы: “ мен олар үшін қорқамын”
“ мен оның болашағы үшін күресемін” деген жауапқа қанағаттануы қажет. Психологиялық көзқарас тұрғысынан бұл жауап толық емес. Бұл жерде ата ананың барлық адамдар секілдібасқаларды бақылау және басқару мұқтаждықтары, өздеріне мәнді проблемадан балаларын сақтап қалу, жалғыздық үрейі т. Б. Орын алатын мұқтаждықтар туралы айтуға болар еді.Бірақ кеңес беру шеңберіндегі түрлі шектеулерге байланысты, ата аналық байбаламның орын алу жағдайымен байланысты олардың мінез құлқының өзгеру жолдарын көрсеткен жөн.
Мінез құлықтың мұндай маңызды өзгеруі ата ананың баласының өмірін тұрақты бақылағандықтан, біртіндеп балаға деген жеке сезімдері мен күйзелістерін көрсетуіне алмастырғаны бақыланады. Мұндай өзгерістер алғашқыда өте қарапайым түрде көрініс береді. Мысалы. “сен институтты тастау туралы ойланушы болма” деген тыйымның орнына :- “ менің ойымша, егер сен оқуыңды тастасаң бүкіл өміріңді құртасың ба деп қорқамын. Маған да уақытында диссертациямды қорғап алу керек екні туралы ата анам кеңес берген еді. Мен сол кезде тұрмысқа шықтым да диссертациялық жұмысымды аяқтап шығуға мүлдем уақытым болмады., ал нәтижесінде мен дымсыз қалдым. Сенде осылай болады ма деп қатты қорқамын” – деп баласының болашағын ойлап жүргенін білдіреді.
Айтылған сөздердің мазмұндық жағынана айырмашылықтары онша үлкен болмасада “мен қорқамын” деген тіркестің айтудың өзі ананың балаға деген жеке сезімдерін білдіріп, сол арқылы түсінбеушілік тудырған мәселені шешу кішкене тиімдірек болатыны дәлелдеуді талап етпейді. Адамның басқаларға деген оң сезімдерін білдіру- шиеленіс жағдайларды білдіруге өте қажет. Себебі адамдар өзінің ішкі сезімін біреудің алдында сирек ашып айтатын болғандықтан, оларға басқалардың сезімдері де түсініксіз болып қала береді немесе өте үстіртін ұғынылады. Сондықтан балалар ата аналарын “ ешнәрсе түсінбейді, олар маған әдейі тиіседі” деп түсінуі мүмкін. Осы жағдайда тата аналар өздерінің ересек балаларына ішкі сезімін ашып айта білсе балалары оларды түсінуі мүмкін. Ата ана бала өмірінде орын алған кез келген нәрселер үрей туғызбай, қатаң бақылау қажеттігін тоқтату керектігін сезінетін болады.
Клиентпен әңгімелесу барысында сезімді білдіру проблемасын талқылау ғагна емес, оны айналасындағылармен бөлісу неліктен қажетекендігі туралы пікір алмасу, сезімді білдіру қаншалықты қымбат нәрсе екенін түсінедіру процестері де жүреді. Кеңес беру процесінде “ бос орындық” техникасын қолдана отырып, болған оқиғаны басынан аяғына дейін ойын арқылы қайта жаңғырту ұсынылуы мүмкін. Мұнда клиент қарсы алдындағы бос орындыққа ұлы не қызы отырғандай күнделікті орын алып отырған түсінбеушілікке алып келген мәселелер. Қандай жағдайда болғанын басынан бастап айтқызу қажет.Осы мақсатта неше түрлі тәсілдер элементтерін пайдалану арқылы клиентке не туралы айту қиын болды және т.б. мәселелерін талқылау арқылы оның барлық проблемаларын толық айтқызу керек.
Қарым қатынасты өзгертуөте күрделі процесс. Сондықтан ата ананың баламен сенім әңгімесін ұйымдастыру арқылы мұндай бағдардағы іс шараларды біршама жылдамдату жөн болады. Мұндай әңгіменің мақсаты- клиенттің ұлы немесе қызы туралы уайымы, оның өмірі қандай болады деген уайымы, балаға деген махаббаты жатқан ішкісезімін ретке келтіру, клиент өзі туралы әңгіме айтқанда баласы ммени қатынасы мен өзара ықпалдарының бұрынғыға қарағанда жоғары деңгейге шығуына тырысу, оған деген қатынастың өзгергенін көрсету. Ата ананың да баланың да жан дүниесіндегі сырын ашу барысында жиналған шағымы мен өһкпесінен арылту мүмкінедігі болса мұндай кеңес олардың арақатынастағы нағыз меже бола алады. Осы байланыста кеңес берудің негізгі ережелерінің біріне назар аудару керек. Егер клиент өмірінде қандай да бір оқиғадан өту қажет болса,оны әңгіме барысында тек талқылаумен шектеп қоймастан , мүмкіндік болса тіпті оны іске асыру жолдарын анықтап, уақытын белгілеп, дайындық жаттығуларын жүргізу керек. Нақты талқылау барысында қолайлы уақытты таңдау неден бастау керек екенін пайдаланатын нұсқауларды іріктеу керек. Мұндай нақтылау үстіртін әңгіме кезінде байқалмайтын бірақ жобаны іске асыру кезінде тез ашылатын жасанды кедергілерді ашу және олардан ұтып шығу үшін қажет. Мысалы клиент қызымен сөйлесуге бел байлайды, бірақ қызы үйге өте кеш ата анасы ұйықтап қалғанда оралады., ал демалыс күндері ата анасы саяжайға кетеді. Осы жағдайда саспастан күйгелектенбестен сырласу әңгімесін хүргізу үшін екі жақты да қолайлы уақытты арнайы тауып алып, оны өткізу уақытын анықтау керек.
Бұл жағдайда пікірталасушы “ идеяның бастамасы болған” кеңес беруші мәселенің тұтас шешілуіне айтарлықтай ыцқпал етуі керек. Ол ықпал мәселені шешудің жалпы нұсқасы туралы ғана емес, оны толығымен нақты шешу ретін, айтылатын ойларды және осы ойларды жеткізу үшін пайдаланатын тірек ұғымдары мен сөздерді, оны өткізу уақыты қажетті формасын таңдап, дайындық логикалық жағынан аяқталған болуы керек. Сонда біріншіден, оны орындамау мүмін емес және ол ата ананың күрделі қатесі болып табылады, екіншіден , орындамау себептерін талдау барысында клиент жағынан алауыздық білдіргені немен байланысты болғанын түсінуге негіз бола алады. Мысалы бұл жағдайда қызыни күтіп, онымен сөйлесу үшін клиентке бір күні өте кеш жатуға тура келеді. Тіпті ол алдын ала анықталған уақытта клиент өз қызымен сөйлесе алмасада бұл талпыныстың болашақта тигізетін әсері аз емес., осы әңгімеге даярлық және осы кездесуді күтудің өзі оның өз баласымен арақатынасын өзінше терең талдауына тамаша материал бола алады. Себебікүту кезінде пайда болған қызына деген жалпы сезімі және наразылық сезімінің күші оны ақтайтын сылтаулар іздеуі ата аналық сезімнің күштілігінің көрсеткіші бола алады.