Ата – аналарға жеткіншек жасындағы балалармен арақатынастарындағықиындықтар себебі бойын кеңес беру.
Баланың дамып нықтанып келе жатқан мінезін дұрыс жолға салып білудің маңызы өте зор. Егерде кіші мектеп жасында мұндай дефектілер бойынша уақытында шара қолданылмаса баланың проблемасы сол кезде белгілі бір бұзылысқа әкелгенімен дамудың келесі жеткіншектік немесе жасөспірімдік кезеңдерінде белгілі бір қарама қайшылықтарға алып келуі мүмкін. Сонымен қатар, өтпелі кезеңнің өзінің заңдылықтарына байланысты балалардың ата аналар мен педагагтар назарынан тыс қалған барлық мәселелерін тереңдетіп жіберетіндігі белгілі. Бірақ, әрбір проблемалы бала өздерінің ерекшеліктерімен де, басынан кешіріп отырған қиындықтар сипатымен де, дамуының әлеуметтік жағдайымен де тек өзіне тән дара ерекшеліктерімен сипатталады.
Бала өсіп жетілуінде жеткіншек жасының алатын орны ерекше. Бұл жас кезеңінде баланың ағзасында және оның жан дүниесінің дамуында күрделі психофизиологиялық өзгерістер орын алумен байланысты баланың қоршаған ортаға, адамдар арсындағы қарым қатынасқаа, іс әрекетке деген көзқарасы өзгереді. Жеткіншек жас кезеңінде бала ағзасында көптеген жаңа құрылымдар орын алады..
Көптеген психологиялық зерттеулер нәтижесінде өсіп келе жатқан бала өмірінде жеткіншектік кезең қиын әрі өте маңызды деп ан,ықталды. Жеткіншек жас кезеңінің ерекшеліктерін зерттеушілер Р.Баярл, Д.Баярд, Т.В.Драгунова, А.Е.Личко, М.Кле, М.Реттер, Л.С.Выготский, П.М.Якобсон, А.В.Запарожец, т.б. ғалымдар осы жас кезеңінде балаларға ерекше көңіл бөлу керек екендігін атап өткен. Өйткені осы жеткіншек жас шағында бала ағзатында жүретін күрделі өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін, қарым қатынастарын өмірге деген көзқарастарын түбірінен өзгертеді. Бұл өзгерістер қысқа мерзімде, секірмелі қауырт даму сипатында болып, бала өмірінде әр түрлі елеулі субьективтік қиыншылықтар болуымен қабаттаса өтеді және баладан өз бетімен шешуді талап еткен қиыншылықтармен ұштасады. Жеткіншек ересектердің ықпалына көне қоймайды, онда тіл алмаудың, қиқар мінез көрсету, дөрекілік, қарсылық, тентектік, бүкпелік, тұйықтық сияқты ерекшеліктер орын алады.
Бұл біріншіден пубертаттық кезеңде келетін морфологиялық және физиологиялық өзгерістер жеткіншектің ағзасын біршама өзгертуге ұшыратады да олардағы соматикалық аурулар қаупін тудырады. Сонымен бірге тура осы жеткіншектік кезеңде көптеген жүйке және психикалық аурулар көрініс береді.екіншіден осы кезеңге тән әлеуметтік қарым қатынас сферасының кеңеюі жеткіншектерге меңгеруге қиын болып табылатын және әлеуметтік тәжірибелер береді. Өтпелі кезең- жас ерекшелік дамудыңөте жауапты сатысы..П.П.Блонский өтпелі кезеңде жүріп жатқан өзгерістердің бірден болып жатқанына көңіл бөлсе,Л.С.Выготский бұл кезеңді ескінің өшуін, жаңаның қалыптасуын сипаттайтын жас деп көрсетті. Олай болса, өтпелі жас дегеніміз – баланың психофизиологиялық дамуындағы бір сатыдан екінші сатыға өту аралығы. Осы уақытта балада оны біршама жоғары сатыға дайындайтын барлық негізгі психологиялық жаңа құрылымдар қалыптасуы қажет. әйтпесе осы жас қиылысында кризис тууы мүмкін. Ал кризис дегеніміз – теріс байланыстарды шақырушы мінез құлық моделінің ауытқуын көрсететін негізгі құбылыс.
Жеткіншектің дамуындағы негізгі өзгерістерге арқау болатын биологиялық фактор проблемасы баланың организмінде нақ осы шақта өтетін биологиялық толысу жолында ағзада болатын түбегейлі өзгерістердің орын алуынан туындайды. Олар баланың дене күшінің дамуындағы жаңа кезеңнің басталуы, жыныстық жетілу процесінің өрістеуі.бұлардың бәрі организмнің морфофизиологиялық қайта құрылу процестерінен тұрады.Жеткіншектік шақта ағзаның ішкі ортасында белсенді қзмет атқаратын ішкі секреция бездері жүйесінде күрделі өзгерістер болып, жыныс бездерінің жетілуімен байланысты қанға жыныс гармондары бөлініп шыға бастайды.олар баланың ер жеткені туралы қосымша сигналдар береді . Сондықтан ақыл ой немесе дене күшінің қажуы ұзақ уақыт жүйкеге күш түсу қорқыныш, ыза, реніш, аффектілер, күшті эмоциялық толғаныстар, эндокриндік қолайсыздықтар баланың шамадан артық психоэмоционалды зорлануына алып келеді және олардың жүйке жүйелерінің функцияларының бұзылуына себеп болуы мүмкін. Осы себептерге байланысты жеткіншектерге бұрынғы кезбен салыстырғанда тез шаршаушылық, ұмытшақтық, жұмыста өнімділіктің төмендеуі ұйқы бұзылуы байқалады. Жеткіншектік шақта эндокриндік және жүйке жүйелерінің қызметіндегі балалық шақта болатын тепе теңдік бұзылып, жаңа тепе теңдік енді ғана қалыптаса бастайды. Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуында ерекше орны психологияда “өтпелі”,”бетбұрыс”,”қиын”,”сыналатын” кезең атауларында бейнеленген. Бұл атауларда осы жаста болатын, өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтумен байланысты даму процесінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық шақтан ересектікке өту кезеңіндегі дене, ақыл ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады.
Бұл қайта құрылу ішкі жағдайларына, көңіл күйіне әсер етіп, бұл жастағылардың жалпы ұшқалақтығын, ашуланшақтығын, шамданғыштығын, қозғыштығын, қимыл белсенділігінің артуын, мезгіл – мезгіл селқостануын, енжарлануын туғызады. Бала дамуындағы барлық бағыттарында сапалық сандық құрылымдар қалыптасады, ағзаның, сана сезімнің, үлкендермен және жолдастарымен қарым –қатынастың, олармен әлеуметтік өзара іс әрекет әдістерінің, мүдделердің,танымдық және оқу іс әрекетінің, мінез құлыққа іс әрекетпен қарым қатынасқа арқау болатын моральдық этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады. Балалардың агрессивті мінез құлқы мен өзіндік бағалауының арасында маңызды байланыс бар. Адамның өзіндік бағалау деңгейі ішкі нормативті реттеп отырады. Егер әділетсіз шабуыл жасаса яғни субьектінің ар намысына тисе, онда агрессия балалардың өзінің ар намысын қорғауға бағытталады. Кейбір зерттеулер бойынша агрессияның төмендеуі — өзіндік бағалау процесімен жанама түрде байланысты болғанының көрсеткіші. Агрессия сферасын анықтаушы нормативті стандарттар, балалардың агрессивтілік әрекетін дағдыланған түрде реттеп отырмайды. Балалардың мінезіндегі стандартты өзіндік бағалау әрекеттері болуы үшін, субьектінің зейіні соларға бағытталуы қажет. Яғни ”обьективті өзін тану ” жағдайы болады.
Балалардың “ мен” бейнесі өзіндік ерекшеліке ал өзіндік символикалық сипатқа ие. Идеалды нақтыланған “ Мен” бейңесі бір мифологиялық табйғатқа ие болады. Миф ұғымы “ Мен” бейнесі тұлғаның өмірлік стратегиясын біріктіруге мүмкіндік береді. Өзіндік бағалауға кәмелетке жетпегендер үшін олардың агрессивті мінез құлықтарының көптеген формаларына да көрініс береді: ойлары, қауіптеріне психикалық және физикалық жәбірленуіне, конфликттерімен күрестеріне, фантазияларына және басқа да әлеуметтік қолдау алмайтын мінез құлықтың түрлеріне мәнді әсер етеді.
Өзіндік бағалау агрессиялық мінез құлыққа бегілі бір ерекшеліктер әкеледі және көп жағдайда тұлғааралық қатынасқа ішкі әсерленулер мен эмоциялық реакциялары, әрекет пен іс әрекет мотивациясын анықтайды, өзін және басқаларға деген не оң, не теріс қатынасты құруға негіз болады.
Жеткіншек жасында өзіндік бағалаудың негізгі функциясы баланың іс әрекеті мен мінез құлық реттеу болып табылады. Мысалы:” Мен қандайақылдымын, бірақ мені ешкім бағаламайды” деп ойласа, ол бала қоршаған ортаға сенбеушілікпен қарағандай болады. Басқаларды бағалауда бала адекватты емес, күманданумен қараса, өзін басқалардан артық деп бағалап, өзінің адамгершілік қасиеттерін өзі айтып,и басқа адамдарды менсінбеу белгісін көрсетсе, қоршаған орта да оған негативті түрде қарайды. Өзіндік бағалауы жоғары болған балада сын көтермеушілік шектен тыс ренжігіштік айқын байқалады. Реніш сезімі дамыған балаға қоршаған орта оған әділетсіз түрде қарағандай көрінеді.
Ал өзіндік бағалауы төмен балалар қарым қатынаста қандай қиыншылықтармен қақтығысады. Өзі туралы мен бақытсызбын, әдемі емеспін, жолым болмайды деп санайды. Мұндай жағдайларда көбінесе мінез акцентуациясының педанттық типі анық байқалады және мазасызданудың деңгейі жоғары болады. Олардың көңіл күйі төмен, қапалы тұйық күйін қалыптастырады. “ Өзін кемтар сезіну комплексі ” орын алады.Өзіндік бағалау шектен тыс төмен болса жеткіншектерге тәуелділік, өз бетінше шешім қабылдай алмау, тұйықтық, ұялшақтық, жасқаншақтық исияқты қасиеттер басым болады. Балаларда өзіндік ойлау, өзіндік бағалау қалыптасуүшін көптеген факторлар әсер етеді: ата анасының қатынасы, қрбы құрдастарының арасындағы беделділігі, педагогтардың балаға деген қатынасы. Бала қоршаған ортада өзі туралы қалыптасқан көзқарастарды салыстыра отырып өзіндік бағалауын дамытады.
А.Е.Личконың айтуы бойынша жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы – оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі. Ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді, үлкендерден және жолдастарынан ақырында өзіне қанағаттанарлық қарым қатынас орнатуға өзінің болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерін жобалауға бағытталады. Жеткіншектрге “ балалық ” пен “ ересектіктің” қатар болуы және ересектіктің түрлі жақтарының дамуында елеулі айырмашылық орын алады. А.А.Бодалевтің айтуынша бұл процесс қазіргімектеп оқушыларының өмірінде екі түрлі жағдайдың болуымен байланысты жүреді. Олар:
- Ересектіктің дамуын тежейтін жағдайлардың орын алуы балаларда көбіне үлкендердей тұрақты және мағыналы міндеттердің болмауы, олардың тек оқумен ғана шұғылдануы, көптеген ата аналардың балаалрды тұрмыстағы еңбектен қорғап, оларға гиперқамқорлық көрсетуге тырысуы.
- Ересектендіретін мағлұматтардың орасан зор тасқыны: көптеген ата аналарда бос уақыттың аз болуына байланысты олардың балаларының ерте дербес болуы; жолдастармен қарым қатынастың жедел дамуы; дене күші дамуы мен жыныстық толысудың акселерациясы.
Осы ересектік белгілердің дамуы әр балада әр түрлі жаста әр түрлі жылдамдықпен әр түрлі көрініс береді. Мысалы, жетінші сыныпта оқитындардың ішінде бет пішіні мен мүлделері әлі балаларға ұқсас ер балалар бар. Сонымен қатар ересектер өмірінің қайсыбір жақтарымен танысқан, сырт көрінісі бойынша өте ересек балаларда бар. өздігінен көп салаларда білім алып жүрген “ интелектуалдармен” қатар бағдарлама бойынша берілген оқу материалының өзін өздігінен игере алмай жүрген жеткіншектерде бар, ал болашақ мамандығына саналшы түрде даярлана бастағандар да бар, кейбір қыз балалардың ішінде бар ойлағаны сән қуу мен ер балалардың көзіне түсу болса, басқаларға бұл мәселелерге онша мән берместен , тек үлкендердің айтқанын орындап жүргендері, кейбір балалар үйінде нағыз қолқанат жәрдемшілер болса, енді біреулері әбден ерке болып кеткен, тіпті тұрмыстағы қарапайым нәрселерге де ебі жоқ болып өсіп келе жатыр.
Жеткіншектік жас кезеңіндегілердің ең үлкен мақсаты – үлкен болу. Ол мақсатқа жету жолында олар көптеген амалдарды пайдаланады. Солардың ішіндегі ең кең тарағаны – ересектіктің сыртқы белгілеріне еліктеу. Ересектердің сыртқы келбетінің өзіне тән белгілері мен мінез құлық мәнерлері, балалармен салыстырғандағы артық болып көрінетін ересектіктің сыртқы белгілері жеткіншектер үшін аса тартымды болып көрінеді. Олар темекі тарту, карта ойнау, шарап ішу, сөйлеу мәнері, киім кию мен шаш қоюдағы ересектерге тән сәндікке, опа далап, әсемдік заттар, қылымсу тәсілдері, дем алу, көңіл көтеру ілтипат білдіру т.б. тәсілдеріне еліктейді. Сигарет ұстаған бала өзіне өзәі ересек болып көрінеді, төңірегіндегілерге де солай болып көрінемін деп ойлайды. Жеткіншек үшін ересек еркектің немесе әйелдің мұндай белгілерін қабылдау оның өзінің ересектігін көрсетудің өзінде сондай сенім орнықтырудың амалы. Ересек болудыңмұндай формасы өте кең тараған және ерекше тұрақты болады. Бұл көріністердің жағымсыз екенін оларға ұғындыру қиынға соғады.
Жеткіншектердің ересек сыныптастары немесе басқа үлкендер оларға нақты үлгі болатыны жиі кездеседі. Әдетте жеткіншектерді ересектер өмірінің тыйым салынған жақтарына баулитындар,оларға өздерінше “ ұстаз”, “ үйретуші”, болатындар нақ солар болады. Естияр жеткіншектердің қарым қатынастарының негізі олардың бос уақытты өткізу мәдениетінің төмендігіне байланысты.Ішімдік ішу, карта ойнау, би алаңдарына бару, көше кезіп бос жүру сияқты “ көңілді және жеңіл” өмір стиліне еліктеу біртіндеп баланы қауіпті өмір салтына жетелеп кетуі мүмкін. Бұл жағдайда оқу, болашақ мамандығына даярлану мұндай жеткіншектің өмірінде маңызды орын алмайды, танымдық ынта жоғалады, сөйтіп өзіне сәйкес өмір құндылықтарымен қоса “ уақытты көңілді өткізу” деген өзіне тән ерекше ниет бекиді. Уақытты бұлай өткізу қаражат қажет болуы құқық тәртібін бұзушылықтардың себебіне айналуы мүмкін. Қазіргі бар мәліметтерге қарағанда, жасы жетпей құқық бұзушылардың көбі өздерінің бос уақытын өткізу мәдениеті төмен болғандардан шығып отыр.
Жеткіншектердің психикасы аса тұрақсыз болғандықтан оларда мектеп неврозы мен мазасыздануы бір бірімен ұштасып келіп, себепсіз агрессияны жоғарылатады. Бұлар баланың мектепке баруға қорқуынан, сабаққа қатысудан, тақтаға шығып жауап беруден бас тартуынан т.б. дезадаптивті мінез құлықтан көрініс береді.
Мектептік мазасыздану баланың жеке басының неврозын туғызады, оының жүйкесі мен психикасының бұзылуына алып келеді де, олардың шамадан тыс зорлануынан сипаттауға болады. Оның себебі мұғалім мен оқушы арасындағы қатынасының бұзылуы. Бұл педагогтың өзін дұрыс ұстамауынан немесе оқушыға байқамай ауыр сөз айтуынан, т.б сол сияқты үлкендерге елеусіз себептерден болуы мүмкін. Әдетте мұғалімдердің байқаусыз айтқан, не әдепсіз айтылған сөзінен оқушылардың жалпы мектепке деген көзқарасының бұзылуына алып келуі мүмкін. Баланың мұндай көңіл күйінің бұзылуына бұрын ауыр сөзді естігендер тап болады. Осындай жағдайлар баланың тұлғалық қалыптасуына теріс әсерін тигізіп, оқушының оқуға деген мотивтік сферасының бұзылуына алып келеді. Білім алуға тырысушылық мотиві оқу ісіне жетекші болудан қалады. Сонымен қатар балалардың құндылықтарды бағалауы, өзін өзі бағалауы өзгереді. Біртіндеп мазасыздануневрозы тұлғалық дамудың ауруына ауысып кетуі мүмкін. Мектеп неврозына себептер көп болғандықтан оның көріну шеңбері де кеңейеді. Невротикалық жағдайға апаратын себептерінің бастылары ретінде мектептік мазасыздану акцентуациясының орын алуы агрессияның жоғарылауы, басқалармен тіл табыса алмай әуреге түсуі неше түрлі жағдайларда бала жанының жарақаттануы. Көптеген зерттеулер нәтижелері көрсеткендей, егер оқушыларға невротикалық реакцияларының алғашқы белгілері кезінде назар аударылса, оның дамуын тоқтатуға болады. Мектептік невроздың алдын алу психологиялық кеңес беру және коррекция жасау арқылы жүзеге асырпылады. Ол үшін баланың даму ерекшелігіне ерте диагностика жүргізіп, оның мүмкіндіктерін оқу тәрбие процесінде ескерумен қатар балалардың ата аналарымен , мұғалімдермен психологиялық қызмет шеңберінде жұмыс істеу керек.
Жеткіншектік жас кезеңіндегі оқушыларды невроз жағдайына алып келетін және олардың эмоционалды үйлеспеуіне әсер ететін негізгі себептер келесі деп айтуға болады.
Біріншіден, дисгармониялық отбасы, ол психологиялық үйлеспеудің түрлі варианттардан тұрады. Агрессияның анық байқалуы мұндай отбасындағы негізгі мәселе болып табылады, ал оның негізгі себебі отбасы мүшелерінің бір бірімен қарым қатынасының қалыптасқанына байланысты дисгармония орын алғаны. А.Е.Личконың өз зерттеулерінде дисгармониялық себептердің түрлері мен типтері көрсетілген: гармониялық емес, бұзылып бара жатқан және бұзылған отбасылар, сонымен бірге сырт көзге үйлесімді қалыптасқан болып көрінетін отбасылар. Ал А.С.Спиваковская отбасында қалыптасқан қарым қатынас түрлеріне байланысты оларды “ театр, санатория, қамал, вулкан, маскарад” деген түрлерге болады деп көрсеткен. Екіншіден, мектепішілік қарым қатынастың бұзылуы, оқушының өзімен бірге оқитындармен, мектептен тыс құрбыларымен оқытушылармен тіл табысуының төмен болғандығы. Үшіншіден, жеткіншектердің қырсық мінез көрсетуіне негіз болатын келесі себептерді атап көрсетуге болады:
- отбасы мүшелерінің біреуінің жүйке психикалық ауытқуы, не алкогольдік, наркотикалық, химиялық заттарға тәуелді болуы;
- соматикалық аурулар және ауыр жарақаттар салдарынан жеткіншектерге “кемістік” сезімінің орын алуы;
- Эмоционалды сфераның тұрақсыздығы;
- Ситуативті мазасыздану дәрежесінің тұрақсыздығынан өзін дискомфортты сезінуі;
- Барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкендердің қамқорлығы мен ақыл кеңесінен құрылғысы келуі;
- Үйге берілген тапсырмаларды жаттап алмастан өз сөзімен түсінікті етіп айтуға тырысуы;
- Үлкендерге сын көзбен қарап, олардың айтқанын сынап мінеп, кей кезде өрескел мінез көрсетуі;
- Істі игеру жағынан әлі бала болса ал оларға қойған үлкендердің талаптары бойынша оларды ересек деп есептегендей болуы;
- Жеткіншектердің өз мүмкіндіктерін жоғары санап, бәрін өзі істей алатындай сезінуі;
- Балалардың оқудан басқа айналысатын шаруасының болмауы;
- Радио, теледидар, интернет және басқа да ақпарат көзөдерінен ересектерге арналған хабарларды көріп, соған еліктейтіндігі;
- өзінен үлкен балалармен танысып, солардың жарамсыз әрекеттеріне еліктейтіндігі;
- күні түні фантастикалық және криминалистикалық әдебиеттерді оқып, ондағы кеіпкерлерге еліктеуі;
- акцентуацияның көрініс беруі.
Жеткіншектің өмірінде орын алған осы көріністер олардың өз қатарлармен және ата аналармен дұрыс қарым қатынас жасай алмауы мен олардың мінез құлқында неше түрлі ауытқулардың орын алуына алып келеді. Олардың ішінде ең көп тарағаны мінез акцетуациясы. Акцентуацияның белгілері:адамның ызақор болуы, кейбір стресс факторларына өте қызу түрде реакция беруі. Сонымен қатар дәл өзіне тікелей қатысы жоқ факторларға немқұрайлы қарауы. Акцентацияны көп психологтар психопатияның бастамасы деп түсінеді. Оларды шизойдты және эпилептикті тип деп екіге бөледі.
Психологиялық қызмет көрсету барысында балалардың мінез құлқындағы осы ауытқулардың алдын алып, психопрофилактикалық жұмыс жүргізіп , отбасында бала жағдайын түсініп, кейбір өрескел мінездерін көтеріп, оларға жас ерекшеліктермен байланысты шатақ мінез көрсетіп жүргенін түсіндірудің маңызы өте үлкен. Бұл мәселен толық түсіну үшін балада орын алған акцентуацияның түрлерін нақты анықтап алу қажет. Оны анықтау үшін К.Леонгардщтың теориясына сүйене отырып жасалған және бұл мәселені зерттеуде кеңінен қолданылып жүрген классификациялардың бірі А.Е.Личконың ұсынысына жүгіне отырып келесі трлері мен олардың сипаттамасын пайдалануға болады.( сипаттамасы бірінші кітапта берілген ).
- гипертимдік тип
- лабильдік тип
- сенситивтік тип
- шизоидтық тип
- эпилептоидтық тип
- тұрақсыз тип
- астено-невротикалық тип
- демонстративтік тип
- циклоидтық тип
- аффекті-экзальтациялық тип
Психодиагностикалық зерттеу барысында осы жағдайларды тудырған себептерді анықтап, психологиялық кеңес беру немесе коррекция жүргізу арқылы шешім қабылданады.
Кеңес беру барысында жиі кездесетін проблемалардың бірі – ата аналардың өздерінің ересек балалармен қарым қатынас барысындағы қиындықтарға шағымы. Әдетте мұндай шағыммен анасы келеді, бірақ кейде ата анангың екеуі де тіпті әке ғана келеді. Бұл мәселенің ерекшелігі олар өзінің көмек сұрауын балаларынан құпия сақтағысы келетіндігінде. Ата аналар өздерінің проблемасы туралы әңгіме басталғаннан психолог шиеленісті “қатысушылардың күшімен” қосымша ақпарат алмай, аталған оқиғаға “кінәлі” адамдарды іздеместен, әр ата ана балалармен өздері тіл табысып, мәселелерін өздері шешуге бағытталуы керектігін білдіреді.
Жеткіншектер-балалықтан өтіп, бірақ, әлі үлкендердің қатарына қосылған жоқ. Сол үшін оларға өте ерекше психодиагностикалық әдістерді қолдану керек, олардың балалық және үлкендік қасиеттерді ескеру керек.
Өзінің интелектуалдық даму жағынан жеткіншектер үлкендермен қатар болады. Сондықтан олардың тану процестерін зерттеген кезде, үлкендерге арналған тесттерді қолдануға болады, бірақ ғылыми терминдер мен ұғымдарды қолдануда абай болу керек. Тұлға мен тұлғааралық қатынастарға келетін болсақ, бұл жерде көптеген шектеулер бар, оларды орындау керек. Жеткіншектер-жартылай балалар, сол үшін оларға тесттің жартылай балалық және жартылай үлкендердің түрлерін қолдану керек. Ол түрдің негізгісі болып ойын түрі болып есептелінеді, ал тапсырмалары балада қызығушылық тудыру керек.
Тәуелсіздікке құштарлық тест барысында көп дербестікті талап етеді. Көп тесттер тапсырмалардың стандарттық шешулері бар, бірақ олардан ауытқулар да болуы мүмкін. Үлкендер жағынан жеткіншектің стандарттық емес шешілерін қолдауы оның интеллектуалдық дамуының деңгейін толық көрсететін мәліметтерді алуға көмектеседі. Керісінше, қызығушылықтың жоқтығы, тест тапсырмаларды шешкісі келмегендігі, бұның бәрі ой дамуының деңгейі төмен екен деген қате пікірге келуді көздейді.
Жеткіншектердің психодиагностикасына қолданылатын әдістемелерге әлеуметтік нормалардың тұжырымдамаларды, кейбір арнайы ғылыми ұғымдарды кіргізуге болады. Көбінесе, ондай ұғымдарды қарапайым сөздермен ауыстыруға тура келеді, өйткені, көп жеткіншектер арнайы ұғымдарды түсінбей қалуы мүмкін.
Мысалдар өмірден алынған және балаға таныс адамдарға қатысты болу керек: ата-аналардан, құрдастардан, мұғалімдерден, кітап және фильм кейіпкерлерден.
Бала эксперттік және лидерлік іс-әрекетте өз-өзін көрсете білу керек, сол кезде ол өзінің білімі мен қабілеттерін толық іске асыра алады. Жеткіншектерді тек зерттелетіндердің рөлінде ғана емес, экспериментатор ретінде тестке қатысу керек. Егер зерттеуші баланы тесттің құрастыруына және бағалауына (егер мүмкін болса), тестті өткізу үшін қолайлы жағдай жасаса, оның нәтижелерін өндесе, бұл нәрсе әрине, баланың тестке қатысуын өте қызықтырады.
Ерте ержетуі-бұл барлық салаларда: финанстық өзін-өзі қамтамасыз етуінде, моральдық ойлаудағы тәуелсіздік, саяси көзқарастар мен әрекеттерде әлеуметтік-психологиялық тәуелсіздігінің орнатылуының бастамасы.
Ерте ержетуі-адама психологиясының өзгеше бетбұрылысы. Өмірдегі, баланың түсініксіз өмірдегі қарама-қайшылықтарды сезінуі: мораль нормалары мен адамдардың, олардың іс-әрекеттердің, идеалмен іс жүзіндегі, қабілеттерімен, мүмкіншіліктері; әлеуметтік құндылықтармен өмірдің іс-жүзіндегі нәрселермен.
Ерте ержетуі-бұл адамның басқалары үшін жауапкершілікті сезіну, өзі үшін жауапкершілікті сезукезеңі. Бұл үлкендердің қиын өміріне адаптациясының бастамасы. Бұның бәрі жасөспірімдерге үлкендерге арналған тестті толық қолдануға болатының білдіреді. Бірақ үлкендер үшін актуальды проблемалар жасөспірімдер үшін түсініксіз болауы мүмкін. Сондықтан әдістемелердің керекті кешенін тапқан кезде жасөспірімдердің жан-жақты психодиагностикасына арналған, дәл солардың жасына актуальды нәрселерге көңіл бөлу керек. Мысалыға, олар үшін терең өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру, өзінің ішкі нәзік сезімдердің қарым қатынастардың анализіне талпыну – бұл психологиялық проблемалар жасөспірімдер үшін ең маңызды нәрселер болып есептелінеді; екінші жағынан – бұндай сұрақтар, өмірдің мағынасы мен мақсаты, жалғыздық, өмірдің түрі мен кәсіби жетістіктер жасөспірімдерден гөрі, үлкендерді көбірек ойландырады.
Сондықтан, ерте ержетудің психодиагностикасындағы кейбір шектеулер тек тұлға мен тұлғааралық қатынастардың салаларымен байланысты тесттерге қатысты. Олардың интеллектуалдық, тану процестеріне ешқандай қатысы жоқ, бұларды зерттеу үшін ерте ержетуде ешқандай шектеулерсіз үлкендерге арналған әдістемелері мен тесттер қолданатын еді. Сол үшін интеллект тесттерде ең төмен жас шектеуі 16-17 жас деп белгіленген.
Бозбалалар мен бойжеткендердің психодиагностикасын бағалаған кезде, олардың жеке мәліметтерді үлкендерге арналған нормалармен емес, тесттен өткізілетін жасөспірімдермен жасты адамдарды сипаттайтын нормалармен салыстыру керек. 16-17 жасар балалар әлі үлкендерге толық жатқызу қиын. Балаларға үйреншікті жағдайларда тест өткізілу керек. Олар-мектептегі дәрістер, психологиядан дәрістер болуы мүмкін. Психодиагностика әдістемелерімен практикалық танысуы бағдарламаға кіреді, сол үшін тест процедурасы оған оңай енеді.
Жеткіншектер мен психологтың жүргізілетін жұмысы.
Жеткіншектермен жүргізілетін жұмысы осы кезеңге тән проблемаларға негізделген. Жеткіншектер кезеңі деп 11-ден 16-ға дейінгі балалардың даму кезеңін айтамыз. Бұл кезеңде өте күшті психофизиологиялық дамуы және баланың әлеуметтік белсенділігінің қайта құруы өтеді. Баланың өмірлік іс-әрекеттеріндегі барлық салалардағы күшті өзгерістер бұл кезеңді «өтпелі» етеді. Бұл жас қиыншылықтармен, ұйымдармен, кризистермен өте бай. Бұл кезеңде іс-әрекеттің тұрақты түрі, мінезінің қасиеттері, эмоциялық реакцияның әдістері құралады. Бұл кезеңде балалық көзқарас жоғалып, психологиялық дискомфорт пайда болады.
Жеткіншектер кезеңін өте жиі дамудағы диспропорция кезеңі деп атайды. Бұл кезде өзі-өзіне көңіл бөлу көбейеді, өзінің физикалық ерекшеліктеріне, айналадағылардың пікіріне реакциясы ұлғаяды, өкпелегіштігі көбейеді. Физикалық кемшіліктер жиі үлкейтіліп көрінеді.
Жеткіншектердің психофизиологиялық дамуының негізгі моменті болып жыныстық даму, жыныстық идентификация болады. Олар дискомфортты төмендегі нәрселерден сезінеді:
— эмоциялық сфераның тұрақсыздығынан ;
— ситуациялық күдіктіктің жоғары деңгейінен ;
— жоғары жүйке іс-әрекетінің ерекшеліктерінен .
Ең информативті диагностикалық әдістемелер төмендегілер болуы мүмкін:
— жүйке жүйесінің қасиеттерін анықтаудың аппаратуралық әдістер;
— «Жүйке жүйесінің қасиеттерінің көрсеткіштер анамистикалық схемасы» сұраулығы ;
— Аизенк сұраулығы (жеткіншектер үшін вариант)
— В.М.Русалов темпераменті құрылымының сұраулығы (балалар үшін вариант)
— МТК (мінезбен темпераменттің қасиеттері) сұраулығы;
— темпинг тест (жүйке жүйесінің қасиеттерін Я.Стрелец темпераментінің құрылымының психо-мото-сұраулығы бойынша анықтау)
— САН сұраулығы (эмоционалдық жағдайлардың бағалау) жеткіншектің тану қабілеттерінің даму ерекшеліктері мектептегі оқудың қиындықтардың себепкері болады : оқудан қалып кетуі, адекваттық емес іс-әрекет. Жақсы оқу мотивацияға тәуелді, тұлғалық стимулдан іс жүзінде жеткіншек оқудың ешқандай қажеттілігін сезінбейді және керісінше, оқуға өте табан тіреседі.
Жеткіншектік тану сферасының ерекшеліктерін зерттеу.
Тану жадымен байланысты ең маңызды тану процесі: материалды қабылдап және оның ерекшеліктерін сақтау.
Қабылдауды зерттеу әдістемелері:
— «компастар» әдістемесі (кеңістік қасиеттерді қабылдау);
— «сағат» әдістемесі;
— уақытты қабылдауды зерттеу әдістемесі.
Жеткіншек кезеңінде зейін еркін болады және оқытушының өзінмен толық ұйымдастырылып, бақылануы мүмкін.
Зейіннің жеке толқуы жеке – психологиялық ерекшеліктерге негізделген болуы мүмкін (ашуланшақтығы, тез шаршауы, соматикалық аурулардан кейін зейіннің төмендеуі), оқуға қызығушылықтың төмендеуі.
Зейіннің зерттеу әдістемелері:
— «корректуралық проба» әдістемесі;
— «қара-қызыл таблица» әдістемесі;
— Мюнстенберг әдістемесі;
— «сандарды орналастыру» әдістемесі;
— «сандарды табу» әдістемесі;
— «сандарды басқа нәрсеге зейінді аударумен табу» әдістемесі.
Ерекшеліктер қатарына жадының функциялауындағы жеке айырмашылықтары жатады. Жеткіншекті рационалдық еске сақтау әдістеріне тиімді үйрету үшін, жадының басымды типін және еске сақтаудың жекеерекшеліктерін білу керек.
Жадыны зерттеу әдістемесі:
— кезекті еске сақтаудың әдісі (Л.С.Выготский бойынша);
— пиктограмма әдісі (А.Р.Лурия бойынша);
— «сандарды есте сақтау» әдісі;
— «бейнелерді сақтау» әдісі;
— екеулік қайта бейнелеу әдісі.
Жадының ойлау іс-әрекетімен байланысы, интелектуалдық процестерімен жеткіншектер жасында өзіндік маңызға ие болады.
Ойлауды зерттеу әдістемелері:
— Векслер әдістемесі (балалар варианты) ;
— ШТУР;
— «Қиын ассоцициялары» әдістемесі;
— «Равен матрицалары» әдістемесі;
— «Ұғымдар қатынасының анализі» әдістемесі;
— «Жалпы ұғымдарды анықтау» әдістемесі;
— «Сандық қатынастар» әдістемесі;
— «Интеллектуалдық лабилдың» әдістемесі;
Жеткіншектің сөйлеу дамуының ерекшеліктерін білу қажет.
Сөйлеу дамуының зерттеу әдістемелері:
— вербальдық қайта бейнелеудің өнімділіктің бағалау әдістемесі ;
— мақал – мәтелдердің түсіндірмесі.
Оқу мотивацияның зерттеуі:
— оқу мотивацияның зерттеу әдістемесі;
— мақұлдау мотивациясы — Марлоу-Краун шкаласы;
— бақылау локализацияның шкаласы және т.б.
Жеткіншектің психикалық дамуының мазмұны болып оның сана сезімінің дамуы болады. Жеткіншектің тұлғасын сипаттайтын қасиеттердің бірі болып өзін-өзі бағалау тұрақтылығының пайда болуы және «Мен» бейнесі.
Жеткіншектің сана сезімінің мазмұны болып оның физикалық «Мен» бейнесі болады — өзінің денесін «еркектік», «нәзіктік» (қыздарда) эталондар көзқарасынан салыстыру, бағалау.
Физикалық даму ерекшеліктері жеткіншектің өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі сыйлау төмендейді және айналадағылардың оны нашар бағалау алдында қорқынышқа әкеліп соғады. Сырт көрінісінің кемшіліктері жеткіншекке өте ауыр болады, ол өзін басқалардан кем деп санайды.
Жеткіншектер өзінің құрдастарының пікіріне жиі сүйенеді. Өзінің идеалдарымен өмір сүруі әр түрлі конфликттерге (ата-анамен) әкеліп соғады. Биологиялық дамуының шапшаңдығына байланысты және өзіндікке талпынуына байланысты жеткіншектерде құрдастарымен қарым-қатынастарда қиыншылықтар тудырады.
Өкпелегіштік, негативизм, агресивтік өз-өзіне сенімсіздікке эмоционалдық реакциялары болып табылады. Көптеген жеткіншектерге мінезінің акцентуациясы анықталады – баланың әлсіз жақтарын (невроз, делинквенттік іс-қимыл, алкогольге, есірткіге құмарлық) тудыратын мінезінің кейбір қасиеттерін белгілейді.
Тұлғаның даму ерекшеліктерін және оның қасиеттерін зерттеу әдістемелері:
— Кеттелл сұраулығы;
— Бриендік тұлғаның анкетасы (БТА);
— К.Леонгардтың мінездік сұраулығы;
— Тейлор ұйымдар бағалау шкаласы;
— Спилберг;
— Депрессия шкаласы;
— «Аяқталмаған сөйлемдер» әдістемесі;
— «Өмірде жоқ жануар» әдістемесі;
— «ДДИ» әдістемесі;
— Субъективтік бақылаудың деңгейін зерттеу әдістемесі;
— Өзін-өзі бағалауды зерттеу әдістемесі (Будасси, Дембо-Рубинштейн және т.б. бойынша)
— Талап деңгейінің зерттеу әдістемесі;
— Конфликттік ситуацияларға реакциялау әдістемесі (К.Томмас);
— Q – іріктеу әдістемесі;
Микротоптық деңгей қасиеттерін зерттеу әдістемелері:
— социометрия;
— референтометрия;
— Тимоти-Лири бойынша тұлғааралық қатынастардың диагностикасының әдістемесі;
— репертуарлық торлар;
— ГОЛ.
Жеткіншектің даму ситуациялары (биологиялық, психикалық, тұлға-мінездік ерекшеліктер) кризистерге, конфликттерге, әлеументтік ортаға адаптациялау қиыншылықтарға әкеліп соғады. Осы жаңа кезеңді ойдағыдай аттай алмаған жеткіншек, «қиын» деген статус алады. Бұл, біріншіден, әлеуметтік емес іс-әрекеті бар жеткіншектерге қатысты. Жеткіншекте физикалық әлсіздік, мінез дамуының ерекшеліктері, коммуникациялық қабілеттерінің жоқтығы, эмоциялық ержетпеу, айналадағы әлеуметтік ортаның нашарлығы. Жеткіншектерде белгілі бір әрекеттік реакциялар пайда болады, олар арнайы кешенді құрады. Ол эмансипация реакциясы ретінде анықталады, әрекеттің бұл түрі арқасында ол үлкендердің бақылауынан босатылып кеткісі келеді.
Бұл реакцияның анықтауы ең жоғары дәрежесі-қаңғыру:
— құрдастарымен топталу реакциясы, өзінің жеке субмәдениетінің қалыптасуы.
— хобби, жеткіншектің қызығушылығы мен үйірлілігі.
Мамандықты талдау процесінде жеткіншек белгілі бір қиындықтарға кездеседі. Жеткіншектің мамандық таңдауы шешім қабылдаудың бірнеше этаптарынан тұрады. Шешім қабылдаудың бірқатар іздеу стильдерін бар : имппульстік шешім, салмақты шешім, байқап шешім қабылдау, инерттік шешімдер.
Осы деңгейдегі қасиеттерді зерттеу әдістемелері:
— «қызығушылық картасы» әдістемесі;
— ДДО әдістемесі (Климов);