Оқушылардың ата- аналарына психологиялық кеңес беру.
Отбасына психологиялық кеңес берудің теориялық негіздері. Тиімді отбасылық кеңес берудің шарттары. Тиімсіз көмек берудің көрсеткіштері. Ата- аналарға кіші мектеп жасындағы балалармен ара қатынастарындағы қиындықтар себебі бойынша кеңес беру. Бастауыш сынып оқушыларының дамуында кездесетін ауытқулар. Темпераменттің ерекшелігін анықтауға арналған жоспар бойынша байқау әдісі. Ата- аналарға жеткіншек жасындағы балалармен ара қатынасындағы қиындықтар себебі бойынша кеңес беру. Жасөспірімдерге тән мінез ауытқулары.
2.1 Отбасына психологиялық кеңес берудің теориялық негіздері.
Отбасына кәсіптік әлеуметтік – психологиялық көмек көрсетудің негізін құрғандар- психиатрлар мен психотерапевттер. Отбасына кеңес берудің психологиялық модельі психоаналыз негізінде пайда болды. Оны құрушылар теориялық көзқарастарына байланысты бірнеше топқа бөлінеді.
- Психодинамикалық көзқарас.Бұл топқа М.Боуеннің отбасына психологиялық кеңес беру тұжырымдамасы мен М.Ульрихтің отбасына тиянақты психологиялық көмек көрсету концепциясын жатқызуға болады.
- Бихевиористтік көзқарас.бұл көзқарас шеңберіндегі нәтижелі кеңес берудің анықтаушы шарты себептерге емес, “қалай”, “қашан”, “қайда”, “не” деген қамқорлық көрсетумен ерекшеленеді. Негізін құрушылар Д:Тиболт, Г:Кенлей жақсы отбасы ұтылыс пен ұтыстың, жаза мен ынталандырудың арасындағы теңдік жағдайында болады дегенболжам ұсынған.
- Гуманисттік көзқарас. Отбасына көмек көрсетудің психотерапевттік моделін АҚШ ғалымы Карл Роджерс ұсынған. Ол кеңес алушы проблемаларына бағытталған әрекеттерге негізделген.
- Психологиялық кеңес берудің моделі. Отбасына психологиялық кеңес берудің моделі В:Кемплердің жасаған сынақ тәжірибелеріне негізделген. Мұндағы отбасына кеңес берудің мақсаты- мейлінше нәтижелі кездесулердің сынағынан өтуге көмектесу. Психологтың ұйымдастырған кездесулері отбасын қолдайтындай хал- ахуал туғызады, өзінің жекелігі менитілегін білдіру мүмкіндігін ғана беріп қоймай, сонымен бірге басқада ойлағаны мен тілегін білу, қажеттілігінің ерекшелігін тпүсінуге мүмкіндік береді. Отбасының қиындықтары “осы жерде және қазір деген жағдайда талқыланады.
- Құрылымдық моделі. С.Минухиннің отбасына кеңес берудің құрылымдық моделі бойынша отбасылық жүйе құру мен қайта құру жөніндегі үздіксіз эксперимент ретінде түсіндірілді. Отбасы құрылымын отбасындағы өзара әрекеттестік әдістерін қалыптастыратын талаптар мен функциялар торабы құрады. Отбасы келесідей жүйеліліктерден тұрады: ерлі зайыптылар жұбы, олардың ата- аналары, балалары.
- Кеңес беру моделінің стратегиясы.кеңес берудің бұл моделін жасаған Дж.Галлей тұжырымдамасы бойынша, адамдар өздерінің жеке көзқарасы жүйесінің құрылымдары өзін- өзі қисындыб ұстау туралы ережелерінен туындайды. Көзқарас жүйесінің құрылымы- бұл дүние, басқа адамдар, өзі туралы қорытындылардың жиынтығы.
Отбасылық кеңес беру құрылымы.
Отбасылық кеңес беру процесін шартты түрде 5 фазаға бөлуге болады.
- Байланыс орнату.
- Проблемаларды анықтау.
- Іс- әрекет фазасы
- Кері байланыс фазасы.
- шешім қабылдау фазасы.
Бірінші фаза- өтініш иесімен байланыс орнату. Кеңес алушылармен өзара әрекеттесу шегін анықтауды талап етеді. Ол бастапқы әңгімелесу- кеңес беру барысында жүзеге асырылады. Бұл фазада клиентм пен психологтың араласуы, олардың қарым қатынасын құрудағы арақашықтығы қандай болу керек екні анықталады. Кеңесші әңігіме өткізгенге дейін отбасын,ата- аналар мен балаларының байланыстарын қадағалап, бақылау нәтижелерін талдап алады. Бұл бақылау барысында психолог бала мен ата- ананың байланыс жасауындағы мінез- құлық ерекшеліктерін анықтау
Екінші кітап жеті тараудан тұрады. Оларда психологиялық кеңес берудің ерекшеліктері, психокоррекция жүргізудің теориялық негіздері мен оларды ұйымдастыру және жүргізу технологиясы, психологиялық кеңес беру және түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу барысында пайдаланылатын психодиагностикалық және коррекциялық әдіс-тәсілдер мен ойындар жинағы берілген.
Психологтың кеңес беру және психологиялық коррекция жүргізудің технологиясы мен мазмұнын анықтау ХІХ ғасырдың аяғынан бері зерттелінуде. Соған қарамастан бұл саладағы қызметтің көптеген қыр-сырлары әлі толық анықталмаған. Олардың үлгісін жасаған Г. Айзенк, Ф.М. Александер, А.А. Бодалев, А. Лазарус, К. Роджерс, Б.Ф. Скиннер, А.С. Спипваковская, У. Шутц, М. Фельденкрайс, З. Фрейд, А. Химед, К. Юнг, И.Д. Ял, т.б. ғалымдар психологиялық қасиеттердің бұзылуымен байланысты жүргізілетін коррекциялардың негізін анықтап, пайдаланылатын әдіс-тәсілдер үлгілерін жасаған. Осы ғалымдардың еңбектеріне негізделе отырыпбаланың даму ерекшеліктеріне байланысты олардың тұлғалық қасиеттеріндегі орын алған ауытқуларды түзету, ата-аналарымен қарым-қатынас проблемаларын талдау, ата-аналардың өз балаларымен қарым-қатынасындағы туатын қиындықтарды саралау және оларға тиімді көмекішінде көрсету нұсқасы берілген. Балалардың әр түрлі жас кезеңдеріндегі даму заңдылықтарымен байланысты орын алатын мазасыздану, тұлға аралық қатынасқа түсу проблемаларын зерттеп, олардың көрінісін бағалауға қолданылатын психодиагностикалықәдістемелер жүйеге келтіріліп берілген. Сонымен қатар мектеп оқушыларымен жүргізілетін психотренингтерде пайдалануға болатын коррекциялық ойындар жинақталған.
Барлық ұсынылып отырған әдістемелер бірнеше жыл бойы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде студенттерді оқыту барысында және олардың педагогикалық- кәсіби іс-тәжірибелерінде қолданылып, біздің мәдениетімізге, салт-дәстүрімізге сай келетіндей етіп өңделген.
Әдістемелерді жинақтауға негіз болған білім көздері ретінде орыс тіліндегі көптеген оқулықтар мен әдістемелік қүралдар және қазақ тілінде шығып жатқан дерекнамалар кеңінен пайдаланылды. Оладың барлығы әдебиеттер тізімінде толық көрсетілген.