Тікелей әдіс.
Көптеген кәсіби мамандар клиенттердің психикалық бағдарларында айтулы өзгерістер тудыру мақсатымен өз уақыттарыныңденін солармен әңгімелесугежұмсайды.Осы мамандар өздерін қалайатаса да – психологтар, мектеп немесе әлеуметтік қызметкерлер , жоғары оқу орнындығы кеңесшілер, өндірістегі жұмыскерлер бойынша мамандар және т.с.с – олардың әрқайсысыныңклиент бағдарларына өзіндік тұрғысы бар – бізді осы кітапта қызықтыратын да нақ осы. Осындай мамандар өмірге бейімделмеген немесе абыржулы, жолы болмаған немесе құқық бұзушылармен жұмыс істейді, ендеше олар терапевттен шыққанда, өмір сүруге анағұрлым бейімделіп,өмірдің түрлі жағдайларында кездесетін мәселелерді шешугедайынрақ болып шықса,- сол маманның қолданатын тәсілдерімен техникасы біз үшін аса қызықты.
Мұндай кеңестер түрліше аталуымүмкін. Оларды “емдік кеңестер” деп қарапайым да кеңтерминменатауға болады,олар көпшілігінде білім салаларында жиі қолданыла бастаған “кеңес беру” терминімен белгіленеді, немесе осындай әңгімелердің емдік тиімділігін есепке алсақ, оларды психотерапия деп атауға да болады, мұндай атау әлеуметтік қызметкерлерге , емханалардағы психологтар мен психиаторларға жақындау. Біздіңкітабымызда осы терминдер бір-бірін белгілі жағдайда ауыстыра отырып пайәдаланылады, ол түсінікті де, себебі олардың бәрі де бір негізгі әдіске,яғни клиенттің өзінің психикалық бағдарлары мен мінез-құлқын өзгертуге бағытталған,индевидпен тікелей жасалатын қатынастарсериясына жатады. Бұрынрырақ “кеңес беру” деп клиентпен жүргізілетінжекелеген жәнеүстіртін қатынастарды айтатын, ал жеке тұлғаны тереңнен өзгертуге бағытталған неғұрлым пәрменді және тұрақты қатынастар “психотерапия” терминімен белгіленген, мүмкін, огсындай саралауға қажетті себептер де бар шығар, дегенмен пәрменді және жемістікеңес берудің пәрменді жәнежемісті психотерапиядан ешбір ерекшеленбейтіні анық. Сондықтан да біз осы екі терминді де қолданамыз, себебі осы саладағы мамандар бұл екуін де қатар пайдалана береді.
Бейімделу проблемасына байланысты кеңес беру мен психотерапияның түрлі әдістеріқаншалықты кең қолданылады? Ол бойынша статистикалық деректер жоқ, сондықтан да бұл сұрақтың жауабы сипаттамалық мәнде болады, дегенменде кеңес берудің процесс ретіндегі маңыздылығын бекітуге көмектеседі.
Психотерапия бала дамуын зерттеуде- бейімделуде проблемалары бар балалармен (әсіресе жасөспірімдермен) және олардың ата-аналарымен жұмыс істеуде түрліше пайдаланатын неғұрлым жетілдірілген тәсіл ретінде көрінуде.Көптеген жылдар бойы осы бағытта клиникалық ой қарқынды түрде дамыды.Сондықтан да психотерапия тәсілдері басқалардан гөрі бала дамуының сферасында неғұрлым жемісті түрде деп нақты айта аламыз.
Осы психологиялық тұрғыдан бала дамуының клиникасында кең тарағанын бір-екі нақты мысал көрсетеді.Авторы бұрындиректоры болған Рочестер (Нью- Йорк) даму орталығындажасалған талдау бізге төмендегідей мәлімет береді.1939 жылы 850 жағдайдан:
балалардың 62% -ы 1-ден 4 психологиялықсеансқадейін өткен , бұл жалпы клиникалық контактілердің 42%-ын құрайды.
30%-ы 5-тен 9 сеансқа дейін өткен,жалпы клиникалық контактілердің 35%-ын құрайды.
Егерде бала психологпен 4 реттен аз кездессе , онда контактілер,сірә , диагностикалық болғаны анық; негізінде кеңес беру еріксіз шектелген болады. Бала және оның ата-анасымен 5-тен 9 сеансқа дейін өткізілгенде, мінез-құлықтыөзгертудің басқа әдістері де қолданылғанымен, кеңес беру кбінесе емдеудің ең маңызды аспектісі ретінде болып отырды. Пәрменді емдеу топтарында да(әрбір жекежағдайларда10 сеанстан көп) психотерапия-проблеманыемдеу және онымен жұмысістеудің маңызды құралы болып табылды. Бұл тек баламен жұмыс істеу немесе бала және оның ата-аналарыменжұмыс істеу түрінде болды.Әрдайым дұрыс болмаса да, әдетте психолог тек баланы емдеуменғана шұғылданды,ал әлеуметтік қызметкер ата-аналарымен кеңес өткізді. Клиникаға келгендердің тек 8%-ымен пәрменді емдеу жүргізілгенімен, бұлиндивидтермен жүргізілген жұмыс барлық клиникалық іс-әрекеттің 1\3 бөлігін құрады.
Оған қоса Бейкердің даму орталығы берген төмендегі мәліметтер балалармен жүргізілген жұмыста кеңес беру мен психотерапияның рөлі қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Директорлар Уилиям Хиль мен Августа Бронердің жетекшілігімен клиникада қарастырылған 1334 жағдайдың 400-інде емдеу жүргізілді.Басқа жағдайларда тек диагноз қойылып, емдеу жауапкершілігі сол пациентті жіберген агентке жүктелді. 400жағдайдың 111-індебала псиатордың 1 немесе2 сеансына қатысса, 210 баламен – 3-тен 9- ға дейін және 79 баламен 10-нан 100-ге дейін әңгіме өткізілді. Ата-аналарымен біргежүргізілген кеңестер нәтижелерінің көрсеткіштері , жалпы алғанда ,ұқсас :83 адам (ата-ана) 10- нан 100-ге дейін немесе одан да көбірек кеңес алды ( әдетте , осы нақты жағдайды жүргізгенадамнан).
Осы екі есеп материалдары бойынша төмендегідей қорытынды жасауға болады: балалар клиникасында психотерапия әдісімен емдеу белгілі деңгейде осындай емдеу типіне сәйкес таңдап алынған жағдайлардың үлесінің аздығымен шектеледі.
Дегенмен таңдап алынған топпен жүргізілген емдеу кеңес — әңгімелері клиника жұмысының негізгі бөлігін құрайды. Бұның өзі елдің нашар бейімделгенбалаларды емдеумен шұғылданатын клиникалық орталықтарының көпшілігіне тән.
Жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің бейімделу проблемасымен айналысатын жұмыстарды талдай отырып, жеке- даралық жұмыстың ең жиі кездесетін әдісі кеңес беру екендігін көреміз. Клиенттер неғұрлым ересектікке жақын болса, анықталған проблемаларды шешудің неғрлым ұтымдылары – кеңес берумен псих\отерапия деп айтуға болады. Оның себептерін біз кейінірек талқылаймыз.
Жоғары оқу орындарында да, колледждерде де жеке тұлғалық және эмоциялық бейімделулер проблемасын шешуде кеңес берудің барлық техникалары толық қолданылады, бірақ әрбір жеке жағдайда кеңс беру осы процестің аса маңызды бөлігін құрайды және аталмыш саладағы мамандардың пікірінше , осындай іс-әрекетте ол одан да көп орын алуы керек.
Орта мектеп пенколледждермен таныс әрбір адам үшін кеңес беруге арналған даму бағдарламалары әрқашан кеңейтіліп отыратыны анық. Мектептер өз жұмыстарын жекедаралық өсу мендамуға бағдарлана отырып жүргізсе,студенттердің өз жағдайына неғұрлым жақсы бейімделуіне көмектесетін психологиялық қызметтер де жетілдіріп отырады. Әкімшіліктер көпшіліктік білім беругебайланысты қаржы жұмсаудың қаншалықты маңыздылығын неғұрлыманық түсінсе, туындап отыратын проблемалардыіс жүзінде шешугесоғұрлым мүдделі болады. Квадрат шегелердідөңгелек тесікке кіргізуқанша болатынын есептеп,яғнишешілмеген проблемаларменненің энергиясы жұтылатындығынстуденттергеүйрету талпыну арқылы — осындай шығындардың алдын алу жолдарын іздестіреді. Топқабелгілі бірегей стандарттардың бірдей болуымүмкін, ал студенттердің бірдей еместігі де түсініле бастады.
Осыған байланысты индивидті тереңірек түсіну мен оның өз проблемаларыншешуіне көмектесу ниетімен жасалған бағдарламаларға деген сұраныскөбейе түсуде. Соған сәйкес көптеген институттар мен колледждерімзде және орта мектептерде студенттердің бейімделуқызметтерібар, дегенмен осы құрылымдар тек қана аы бар ұйымдардан бастап, студенттердің не түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған, кеңес берудің түрлідеңгейлерін ұсынатын неғұрлым жақсы ұйымдастырылған бөлімдер мен бюроларға дейін бір-біріненанағұрлым ерекшеленуімүмкін.
Ересектердің бейімделу проблемаларымен аз ғана клиникалық мекемелер айналымады. Ересектерге көп жағдайдажекелеген психиатрлар мен психологтар кеңес береді. Дегенмен кейінгі кездеерлі-зайыптылардың бейімделу мәселелерімен айналысатын кеңес беру қызметі және солсияқты қызмет көрсету орындарының өсуі байқалады. Осындай мекемелер енді ғана үйленейін деп жүргендерге, сондай-ақ некелесуденсоңғы қиындықтарғакездескен ерлі-зайыптыларға да кеңес береді.
Мұндай қызметтер кешеніне дәрігерлік зеттеу , заң тұрғысынан көмектесужәне тағы басқа элементтердің кіруінен қарамастан, жұмыстың негізгі элементідегенмен де кеңес беру процесі болып отыр. Некегк дейінгі кеңес алушыларүшін ол бір не екі сеанспен шектелуі мүмкін. Ал тұрақты қалыптасқан отбасылық қиындықтарды жеңуде еңбектің жемістілігі көптеген терапевтік кеңестернді қөажет етеді. Мұндай көмекті қажет ету сұраныстан әлдеқайда көп, оны шіркеудің әрбір қызметшісі көрсете алады. Негізінде мұндай көмек отбасылық мәселерге байланысты болғанымен, осы саладағы кеңес берудіңжемістілігі студенттермененмесе бейімделмеген балалардщың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстардан аса ерекше деп айтуға негіз жоқ.
Әлеуметтік жұмыс саласындағы маман дәсттүрлітүрде әлеуметтік жұмыстың бөлігі саналатын қызметтер жиынтығын – қаржылық көмекке, жұмыс табуға көмектесуге, дәрігерлік қызмет көрсетуге ғана емес, сонымен бірге, мүмкін, ол- негізгісі де болар, кеңес берушілік көмекті ұсынуғада дайын болуы керек. «Кеңес беру» термині нақты жағдайларлды шешуде аз қолданылғанымен де, оны пайдалануда клиентке күйзелістерінің шиелінісін төмендетудің, бейімделуге байланысты проблеманы шешудің жаңа жолын ұсынуда әлеуметтік қызметкер жоғарыда көрсетілген әрбір маман қолданылатын процеске келіп тіреледі. Әлеуметтік жұмыс – бейімделу проблемасына байланысты терапевтік көмек көрсетуде кең қолданыс табатын бірден-бірн сала. Осы саладағы қызметкерлердің мәселені өзгертуге қаншалықты құлшынғанына қарамастан, осындай көмек көрсетуқаржылық қиындықтарға кездескендер үшін көбіне шектеулі болып отыр. Сонымен бірге институттар мен интернаттар жанындағы балалар немесе балалар клиникасындағы әлеуметтік қызметкерлер де өздерінің психотерапевтік дағдыларын пайдаланады. Олар кәсіби топ ретіндекеңес беру процесін зерттеуге көп көмек беріп отырды.
Қазіргі біздің айтарымыз: аса жоғары еңбек өнімділігі- әрбір жұмысшының жоғары деңгейдегі кәсіби дамуы, яғни өндіріс саласындағы кәсіби кеңес беру процесі – маңыздылығы аса жоғары процесс екендігі ғана.
Студенттік және өндірістік кеңес беру туралы айтылғандар мен тұжырымдардың көпшілігі кез-келген әскери ұйымға – оқу немесе әскери ұйымға тең дәрежеде сәйкес келсе де, кеңес берушілік бағдар ел аймағында қолданылатын, мемлекеттік деңгейдегі әскери бағдарламада өте аз пайдаланылған. Әрине, бұл ішінара жетістіктер мен жаңалықтарды тиімді жұмыс бағдарламаларында пайдаланудың әдеттегі кешеуілдеуімен түсіндіріледі. Сонымен қатар бұл жағдай әскер басыларының жкек — тұлғалық тұрғыдан емес, көпшіліктік тұрғыда ойлауға бейімділігіне де байланысты болуы мүмкін. Соған қарамастан психотерапия саласында дамып келе жатқан білімдерімізді әскери бағдарламада да, тиімді пайдалануға болар еді деп тұжырымдауымызға көптеген себептер бар.
Өндірістегі моральдың хал-ахуал сияқты, жауынгерлік рух та адамаралық қарым-қатынас пен бейімделушілікке жоғары деңгейде тәуелді және осы салада кеңес беру өзінің пайдалы екендігін дәлелдеді. Мыңдаған әскерге шақырушылар мен әскерге өз бетімен келушілер өздері үшін аса күрделі жаңа жағдайларға тап болды – олар басшылыққа, жаңа әлеуметтік топқа бейімделуі керек, оларға өздерінің кәсіби жоспарларын өзгертуге, болашақтың белгісіздігімен санасуға тура келеді. Кейбіреулер бұл проблемаларға өздігінше бейімделуге қабілетті және осы сияқты жағдайларда ешкімнің көмегінсіз дұрыс бағдарлана алады. Бірақ көпшілігі ондайға қабілетсіз, оларда наразылық, невроздық үрдістер туады, олардың көңіл-күйі жабыраңқы болады. Моральдық хал-ахуал үшін осындай ауытқыған мінез-құлық әсері қиындау болады. Кеңес беру мұндай индевидтерге өз қиыншылықтарын көруге ықпал етіп, оларды бейімдеуге мүмкіндік берер еді, оларға жеке тұлға күштерін жұмылдыратын жаңа мақсат табуға, соған жетуге бар күш-жігерін табуға көмектесер еді.
Осындай әдетте кез келген әскерге келушінің алздынан шығатын қиындықтардан басқа, әскери дайындықтың нақты түрлеріне тәнерекше психологиялық стресс жағдайлары да болады. Ұшқыштар, парашютпен секірушілер және оқытуды аса қауіпті маневрлермен бай»ланысты басқа кәсіби мамандар көбінесе үлкен қорқынышты бастан өткізеді, дүрбелең жағдайға түседі, оның қалыпты оқуға әсер ететіні соншалық,олар осындай оқу курстарынан міндетті түрде «шығып қалып» отырады. Осы сияқты себепсіз қорқыныштар туралы айту және олардан арылу мүмкіндіктері, қайтадан өзіне сенімділік тудыру көптеген осындай адамдардың оқу дайындығын аяқтауына мүмкіндік берер еді. Осындай дайындық жағдайында эмоциялық және бейімдеушілік проблемаларының нәтижесі ретіндеқаншама қиындықтар туындауы мүмкін екенін тек болжауға ғана болады, кеңес берудің өзі де соларды жеңуге арналған, ал мұндай жъұмыстамен тығыз байланысты адамдардың айтуынша, олардың саны аса көп.
Кеңес берубағдарламасының қажеттілігі әскер қатарында жүргенде ғана емес, мүмкін, бейімделудің қиындықтарына байланысты, тіпті әскерден қайту кезеңінде одан дагөрі қажеттірек бола түседі . Әскерден қайтушының алдынан еңбекке орналасу, отбасылық қатынастарды жандастыру,өзін-өзі қамтамасыз ету қажетелігі , жаңа әлеуметтік байланыстарды дамыту проблемалары шығады. Кейінгі соғыс тәжірибесі осындай жағдайда адамға, ең алдымен, өз бетімен дербестік алуға көмек тесетін терапия жауапкершілікті « жоғарыда тұрғандарға» арта салуға болатын әскердегі бұйрықтық өмір сүру формасымен қоштасуға, өз бетімен шешім қабылдауға, таңдай білуге көмектесу қажет екенін көрсетеді.
Қарулы күштерде енгізуге болатын кеңес беру формалары бар, бірақ ол әлі енгізілмеген. Соғыс кезінде кеңес беруді пайдалану тәжірнибесі – психологиялық тұрғыдан жәбір көрген көптеген адамдарды қайта бейімдеу (реадаптация) жұмысы. Соғыс кезінде невроздық механизмдердің дамуы және офицерлермен қатардағы әскерлердің ақиқат өмірден безінуі – қазіргі армияның ең өзекті проблемасының бірі ретіндеқолданыла бастады. Қазіргі соғыстың ажырамас бөлігі өзінің екі ерекшелігімен – соғыс әрекетінің механикаландырылуы және «жүйке соғысымен» бірге отырып, ауыр стресс жағдайына әкелуіне байланысты индеведтің психикалық құрылымы өз тұрақтылығын жоғалтады.Психологиялық кеңес беру осындай адамзаттың өзіне қарсы соғысының құрбаны болғандары қайта бағыттау мен емдеу үшін көп үлес қоса алады. Әскери бағдарламада тиімді кеңес берудің орнымен рөліне байланысты тағы да бір мәселені қосып айта кетуге болады. Соғыс кезіне тән психологиялық хал-ахуалдың әсерінен демократиялық қоғамның көптеген жетістіктері бірте-бірте шеттетіліп отыр. Демократттардың дағдарыс кезінде пайдаланатын диктатурасының кейін тұрақу мүмкіндігіне байланысты олардың мүлдем жоғалып кету қаупі де бар. Негізгі мақсаты адамға бағытталғанжеке тұлғаныңнеғұрлым үйлесімдідамуы болатын тиімді кеңес беру бағдарламасы осы жекетұлғалық интеграция ұғымын қорғайтын күш – демократияның бірінші орынға әрбір жеке азматтың маңыздылығы мен беделін қоюының маңызды символы болуы керек.
Кеңес беру әдістері, осы қысқа алғы сөзде берілгендей, қазіргі уақытта көптеген салаларда маңызды орын алады және келешекте әсіресе білім беру саласында, өндірісте, әскери әрекет бағдарламасы сияқты, жалпы ұлттық көлемде маңызды құралға айналуы мүмкін. Көп қолданып жүрген және маңызы күннен – күнге өсіп келе жатқан әдіс біздің егжей- тегжейлі қарастаруымызды қажет етеді.
Кеңес беру әдісі, қаншама маңызды болса да, индивидті емдеудегі тек жалғыз ғана әдіс емес екенін дұрыс түсіну қажет. Бұл барлық бейімделмеген адамдар үшін жалғыз қорғаныш емес. Ол балалардың, сонымен қатар үлкендердің де, барлық проблемаларын шеше алмайды. Оны толық талдамай, студенттерге , әскер қатарына шақырылған адамдарға және жұмысшыларға — барлығына бірдей қолдануға болмайды. Бұл аса маңызды болғанымен де , индевидтің әлеуметтік топқа бейімделуінде , оның пайдалы мүшесіне айналуында олардың басқа да көптеген проблемаларымен жұмыс жасау әдістерінің бірі ғана болыптабылады.
Бұдан әрі баяндауда емдеуге сай келетін кез келген психотерапевтік әдістері қолдану барысында осы әдісті пайдалануды шектеудің көптеген түрлерін көрсетуге мүмкіндік болады. Бұл жерде тек кеңес беру мен емдеудің басқа да тәсілдері арасындағы белгілі бір айырмашылықтары бар екенін ескерте кеткен жөн.
Нақты жағдайларда белгілі бір әкімшілік саясат бейімделу проблемасының алдын алуғабағытталуы мүмкін. Мысалы, ол – адамдарды жұмысқа қабылдау және өнеркәсіпті басқаруда, немесе мектептерде және институттарда келесі курсқа өтуге дайындық барысында қолданылуы мүмкін. Мұндай жоспарлау, әрине, е болғанымен де, ол денсаулық сақтау саласындағы профилактика медицинасы сияқты мәнге ие. Әлдеқашан пайда болған сүзек ауруын қалай емдеу керек екнін білгеннен гөрі, индевидтің мектепке, колледжге, үйге және өндіріске бейімделу процесіндегі сәтсіздіктердің алдын алу керектігін түсінген маңызды. Осыдан кейін нашар бейімделетін индевидпен жұмыс жайлы жалпы түсініктен біз адам қарым-қатынасына және жұмыстыцң тиімділігіне әсер ететін барлық әкімшілік шаралардың өте маңызды екнін жете түсінуіміз керек. Бұл жағдайда оның қандай институтта қалыптасатыны маңызды емес. Біздің салауатты психологияылық даму туралы жеткілікті біліміміздің болуы мектептер, өнеркәсіп мекемелері және кез келген басқа да ұйымдар үшін бейімделу процесін жеңілдетуге мүмкіндік беретін, сонымен қатар психикасында ауытқулары бар, бейімделмеген адамдардың және мінез-құлқында қалыпты тепе-теңсіздік көрсеткіштері жоғары адамдардың, невротикалық тұлғалардың және т.с.с. туындауына әкеліп соғатын жағдайлар туралы түсініктердің болуына қажетті әкімшілік шараларды жасап, ұсынуға мүмкіндік береді. Сондықтан,егер бізді емдеу проблемалары қызықтырса, онда сол сияқты проблемаларды болдырмайтын ұйымдастыру шаралары да назардан тыс қалмауы керек.
Емдік әсер етуді алдын алу шараларымен ауыстыру мүмкіндігіне қатысты мәселелерді шешуде медицинамен параллельжүруге болады. Біздің алдын алу шаралары туралы біліміміздің көп бөлігі нашар бейімделген индевидтермен жүргізілген эксперименттерді бақылау барысында алынған. Сөйтіп, балалармен жұмыс істеу көрінетін зардаптарын тоқтату үшін, бала дамуының ерте кезеңінен бастап оқуға үйрету әдістемелерінің қажеттігі анықталды. Студенттердің бейімделу проблемасына келетін болсақ, мұнда психологиялық және әлеуметтік салдармен қатар кәсіби мамандықты дұрыс таңдамауға байланысты экономикалық шығын сияқты проблемалар байқалды. Осының негізінде білім және кәсібі бағдар беру үшін кеңейтілген прфилактикалық шаралар жасау қолға алынды. Өнеркәсіп және сауда сферасында наразы және нашар жұмыс істейтін қызметкерлермен әңгімелесуден алынған ақпараттар негізінде корпарацияның қаражат мүмкіндігіне және жұмысшылардыңпсихологиялық қажеттілігіне бірдей көңіл бөлу саясатыорын алды. Қысқасы, топтар үшін ең өнімді бағдарлама құру туралы сұраққа келсек, жекелеген индевидпен жұмыс жүргізудің тиімді әдістерін ойластыруымыз қажет.
Мінез-құлқындағы проблемалар, сәтсіздіктер,эмоциялық бұзылулар, невроз, делинквентті мінез-құлыққа бейімділік, бақытсыз неке сияқты қиыншылықтарды басынанкешірген индевидтерге көмек көрсету әдістері негізінен бірнеше топтарға бөлінуі мүмкін. Бірінші әдіс – айналасындағыларды басқару жолымен индевидтің проблемаларын шешу. Мұндай емдеу формалары әр түрлі. Айналасындағылардың жекелеген адамға физиологиялық және психологиялық жағынан әсер етуіне қажетті кез келген мүмкін құралдарды пайдалану арқылы оның қалыпты бейімделуіне қолайлы жағдайлар жасауға болады. Бір адам үшін бұл демалыс үйіне бару болса, басқа біреуге — мектебін ауыстыру, үшінші біреуге – бір өндіріс бөлімінен екіншісіне ауысу, ал бала үшін өзінің үйінен интернатқа немесе басқа да тәрбиелік мекемеге көшу болады. Ортаныңтерапевтік өзгерісі, жоғарыдағы жағдайларда көрсетілгендей, дөрекі де немесе ортаны өзгертуі анық болмаса да, мәнді,нәзік, сезімтал болуы да мүмкін. Бала аптасына 1 рет оқу дағдысын жетілдіру үшін сондай топқа баруы мүмкін, жұмысшыны оның қасындағы дау-дамайлы қызметтесінен аластату үшін жаңа машинаға ауыстыруға, ересек адамға оны қанағаттандыратын қоғамдық тапсырмаларды жүктеуге болады.
Егер осы сияқты шаралар мұқият ойланып және ебін тауып іске асырылса, онда олар индевидтің бағдарларын мінез-құлқын және бейімделу мүмкіндіктерін өзгертудің тиімді құралы болуы мүмкін. Алдыңғы кітаптаавтор физиологиялық және әлеуметтік ортаны басқару көмегі неғұрлым тиімдіболатын, қиын балалармен жұмыс істеуде қолданылатын әдіс-тәсілдерге сипаттама беріп, талдауға тырысты.Бұл мәселені қайталамай-ақ қояйық. Оқырманды ортаның өзгеруіне байланысты емдеудің жанама тәсілдерін қамтитын, терапияның тұтас саласымен таныстыра кетсек, кеңес берудің тікелей әдістерін жақсы түсініп, бағалайды деп ойлаймыз.
Осындай әсер етудің кез келген әлеуметтік белгілі бір қажетті мақсатты көздейтінін ескерген жөн. Мәселен, ережені бұзғанбала изоляторға жіберіледі,өйткені:1) қоғам оның мінез-құлқына шыдай алмайтынын көрсетеді; 2) осы нақты жағдайда интернатқа орналастыру оның жеке тұлғалық бағдарлары мен мінез-құлқын өзгертудің ең тиімді тәсілі болып саналады. Жеткіншектің интернатқа барғысы келді ме және ол бұл шараның уақыт өткен сайын оның бағдарына міндеттітүрде әсер етуі керек екнін түсіне ме – бұлар аса маңызды емес. Көптеген жағдайларда, әрине, емдеу үшін берік негіз осы болады. Алайда кейбір жағдайларда осы шараны белгілі жетілу кезеңіндегіиндевидке қолдану мүмкін еместігі де анықталуы мүмкін. Тек қылмыстық заңды бұзушылармен немесе психопатпен, ауру немесе қандайда бірсебептермен өзіне біз ересектерге қатысты осындай шараларды еркін қолдануымызға болады. «Орта әсерінің тұрғысы» (қоршағанн жағдайлар әсері) негізінде әлеуметтік қабылданған маақсаты бар екені және ата-аналар , мекемелер немесе органдар жағынан инде,видті осы мақсатқа бағыттайтын белгілі міндеттерді қамтитын әркез жете түсініле бермейді. Сол себепті осы әдістің қолданылуымен таралуына шек қояды.
Емдеу әдістерінің екінші категориясына өзінің дербес жағдайына байланысты қолайлы қатынасты орнатуға көмектесетін индевидке тікелей әсер ету әдістері жатады. Бұған емдік әңгімелесулер, кеңес беру және осы кітапқа тікелейқатысы бар психотерапевтік әдістер кіреді. Олар жиі кездесетін және тікелей емдеудің ең маңызды тәсілдеріне жатады, ол туралы келесі тарауларда айтылады.
Тікелей терапия әдістерінің келесі тобы әрқайсысы қандайда бір деңгейде бір-бірімен және ішінара кеңес беру үрдісімен де байланысты – экспрссивті деп аталуы да мүмкін, себебі бұл жерде сезімдермен бағдарлардағы катарсистің рөлі маңызды болады. Бұл топқа ойын терапиясы, топтық терапия, арттерапия, психодрама және басқа да осы сияқты техникалар жатады. Тұлғалық поблемаларды шешуде бұлардың әрқайсысы маңызды рөлге ие. Осы әдістердің көпшілігі, негізінен, балалармен жұмыс барысында қолданылады, алайда ересектермен жұмыс істеуде де бұл әдістерді қолдану мүмкіндігі еш күдік туғызбайды. Әрбір жағдайда емдеудің негізгіэлементтері сезімдерін, түйсінулерін толық білдіруде ойыншықтар , суреттер немесе сазданжасалған мүсіндер т.с.с. көмегімен немесе вербалды емес құралдарды пайдалану арқылы эмоциялары мен сезімдері басқаларға проекцияланады, мысалы, кенеттен немесе драматизация түрінде басқарылатын вербалды білдіру арқылы болады. Өнімді кеңес беру принциптері осы экспрессивті әістерді қолдануда да тиімді болуы мүмкін. Сондықтан да бізге осы әдістерді жиі қолдануға негіз бар. Бірақ осы жаңа тәсілдер жайлы толық мағлұмат алу үшін оқырмандар басқа да қосымша материалдарды пайдалануы қажет. Біз әлі де медициналық емдеу – секреторлық функцияларға, операцияларға, диеталарға және т.с.с. тікелей әсер ету арқылы мінез-құлық пен бағдарды өзгерту жайында айтқан жоқпыз. Мұндай емдеу туралы кітапта айтылмайды, бірақ оның жалпы емдік әсер етуде өзіндік орны ескерілуі қажет. Индевидтің мінез-құлқында, өмірге деген көзқарасында, бейімделу процесінде кездесетін қиыншылықтарды жеңугеқабілеттілік сияқты кез келген проблемаларына медициналық тәсілдерді қолдана отырып тікелей әсер етуге болады.
Бейімделу проблемаларын шешуде кеңес беру әдісі маңызды болғанымен де, әлеммен үйлесімділік сезімін жоғалтқан индевидті емдеуде бұл бір ғана әдіс емес екені айқын бола түседі . Торыққан энтузиастар жолында көп кездесетін «қақпандарға» түспес үшін бізге осы сәтті жан-жақты ескеру қажет. Бұл кітап толығымен кеңес беру мен психотерапия мәселелеріне арналғандықтан, кеңес беру – бейімделмеген адамға толыққанды өмір сүруге көмектесетін көптеген әдіс-тәсілдердің бірі болып табылатындығын ескерген жөн.
Кеңес берудің қолданылуы мен кең таралуына қарамастан және кейбір кәсіби топтардың өкілдері оны өздерінің қолданылатын негізгі әдістерінің бірі деп есептегенімен, бұл процесс әлі толық зерттелмеген . Біз, мысалы, балаларды интернатқа анықтаудан гөрі, студенттер арасындағы кеңес беру жұмысыныңнәтижелері туралы анағұрлым аз білеміз. Кеңес беру процесін сипаттаудың өзі жан-жақтылығы жағынан, ойын терапиясы әдістерін сипаттауға қарағанда, соңғысы аса шектеулі жағдайларғапайдаланылса да, әлі жеткіліксіз. Біз, басқалармен салыстырғанда, кеңес беру тиімділігін жоғарылату немесе төмендету факторлары жайлы анағұрлым аз хабардармыз.
Бұл саладағы біздің біліміміздің деңгейі төмендегі соншалықты, психотерапия аспектілерінің бірде-біреуі туралы қандайда белгілі және аяқталған ой- пікірлерді кәсіби деңгейде ұсынуға әлі дайын емеспіз. Бізге дәл қазіргі уақытта керегі кейін оны тексеру үшін кеңес беру тәжірибесінде негізделген болжамдық жағдайлар қатарын қалыптастыруға тырысып көру. Ғылыми даму тәжірибеде тексеріп көруге, түзетуге және келешекте жетілдіруге болатын болжамдары бар жағдайда ғана мүмкін. Әлі күнге кеңес беру салссында жемісті болжамдар көп емес. Керісінше, бұл саланың адамдарға көмектесу арқылы игілікті істер жасауға ұмтылысы оны негіздейтін принциптердің дәл тұжырымдауының орнын басып отырды.
Автор қойылған мақсаттарға сәйкес психотерапияға байнысты көзқарастармен барлық ой-пікірлерді мазмұндауды міндеттемейді. Осы пән туралы бір-біріне қарама-қарсы түсініктерді бейнелей отырып, оларды шатастыру емес, негізінен кеңес беру сферасында бір бағытта, бір тұрғыда жұмыс істеудұрыстау болар деп санайды. Сондықтан осы еңбекте балаларға көмектесуде он екі жыл қалыптасқан кеңес берудің әдістерімен теориясы көрсетілген, оған отбасылық және студенттерге кеңес беру тәжірибелерінің әсері ескерілген және көрсетілгендер осы саладағы басқа мамндардыңтәжірибесі , ой – пікірлерімен жеңіл үйлеседі. Берілген көзқарас тұрғысынан кеңес беруде аталған көзқарастың қалыптасуында зерттеушілік бағдарламасышеңберінде жүргізілген, әрі қарай талдау жүргізу үшін жекелеген ь және сериялы терапевтік әңгімелері фонографқа жазылып алынған жұмыстың маңызы зор болды.
Мұның өнімді болғаны соншалық, белгілі бір күңгірт идеялар таза, айқындыққа ие болды. Көрсетілген түп-нұсқалар базасында қалыптасқан негізгі принциптермен болжамдардың толық қатары осы саланың келешекте дамуына негіз болады деген үміттеміз.
Осы кіріспе тараудың қорытындысында оқырмандарға түсініктемесі, дәлелденуі және қосымшалары келесі тарауларда келтірілетін негізгі болжамды ұсынуды дұрыс деп ойлаймыз. Оны өте қысқа үлгідетөмендегідей анықтауға болады.
Тиімді кеңес беру — өз алдына құрылымдық үлгісі анықталған, белгіленген ережелері жоқ өзара әрекеттестік; ол клиенттің өзін түсінуіне қол жеткізуге мүмкіндік беретіні сонша, оның жаңа бағдарларына сәйкес оң қадамдарнды жасауына мүмкіндік туғызады.
Осы айтылғаннан мынадай салдар б шығады: барлыққолданылатын әдістер алдын ала белгіленген өзара еркін әрекеттестіктіқұруға мақсатты, бұл кеңес беру кезінде де, басқа қарым-қатынаста да өзін түсінуге және клиенттің өзінің ынтасы негізінде оң әрекеттерді құру үрдістеріне бағытталған болуы керек.
Бұл жағдай келесі тарауларда толығымен түсіндірілетін болғандықтан, біз оны осы жерде талқылаймыз, бірақ кейін ол нақты мазмұнментолықтырылады. Оқырман кітапты оқу барысында өзі үшін ол жаңа мағына иеленді ме дегенді тексеру мақсатымен қарайлап отыруына да болады.
Көп деген жағдайларда инсайт клиент үшін ескі проблемаларға жаңаша қарау мүмкіндігін беру арқылы еркіндіктіңқажет дәрежесіне жету процесі болуымен маңызды екендігі күмәнсіз. Бұл өзі үшін белгілі бағдарлар арасындығы өзара жаңа байланыстарды ашу тәжірибесі жақсы таныс ситуацияның жасырын, элементтерін қабылдауңға даярлық іспеттес. Миссис Р-мен болған бұрынғы тәжірибеден байқалғандай, мұндай инсайтқа сырттағы ұмынысты жауап ретінде жетуге болмайды, бұл клиенттің ішкі тәжірибесі.
Өзін-өзі түсінудің біртіндеп өсуі.Инсайт пайда болатын осындай жағдайларда өзін-өзі неғұрлым жақсы түсінуге жолындағы қадамдар ғана екендігін ерекше атап өткен жөн. Индивид таныс заттардың жаңаша қабылдауын түсіну үшін психикалық күштің жеткілікті мөлшерін өрбіткенге дейін инсайт біртіндеп, аз-аздап келеді. Жоғарыда келтірілген фонографиялық жазбада осы құбылыс жайлы жалпы ұғымды көрсететін,осындай біртіндеп өсудің аздаған бөлігі, минуттық толқыны берілген. Он жастағы баласы Джимге байланысты проблемалары бар, бірнеше рет мысал ретінде келтірілген миссис Л-мен жүргізілген и әңгімелердің блірінен алынған диалогтың барысы оның өзінің ситуациядағы рөлін сезіну деңгейіне жақындағанымен, пайда болған сезінуді аяғына дейін жеткізе алмағанын көрсетті. Бір апта өткеннен кейін, келесі әңгімелесуде, огның өзінің басынан кешірген өзгерісті қабылдап, жеті күн бұрын басталған фразаны аяқтауына жігері жетті. Осы екі әңгімелесудің біріншісінде миссис Л. Джимді қандай да бір пайдалы ісіне мақтанатындығы жайлы- бұл өте сирек құбылыс- айтады. Ол, оның ойынша, жазалауды қажет ететін тым ызаландыратын мінез-құлқы мен “жақсы” мінез-құлықтың кездейсоқ сипаты жайлы пікірталасқа әкеледі. Әңгіменің жалғасы (фонограмма):
К. Айтыңызшы, ол қайсысын жақсырақ қабылдайды- сіздің оны қандай да бір қылықтары үшін ұрсатыныңызды ма әлде осының астарындағы сіздің махаббатыңыз бен қамқорлығыңызды ма?
Ә. Мен білмеймін. Мен оның шын мәнінде нені сезінетіндігін білмеймін. Мен оныменқалайсөйлейтінімді білемін, дегенмен… Әрине, ол оны қазір олай деген жоқ , бірақ біздің оны жақсы көрмейтіндіктен ұрсатынымызды жиі айтады. Сонымен бірге, ол солай деп айтқанда, мен оған: “тыңдашы Джим, егер біз сені жақсы көрмеген босақ , сенің не істегенің мен үшін бәрібір болатын еді. Сен қалаған ісіңмен айналысатын едің әрі, мен сені жақсы көрмеген болсам, мені ол тіпті толғандырмас та еді. Сенің кімге айналатындығың мен үшін бәрәбір болатын еді, бірақ мен сенің жақсы адам болғанымды қалаймын”,-деймін.
К. Кейдеқандайда бір нақты себепсіз көрінетін жақсы көру мен махаббаттың аздаған ғана көрінісі адамдарға үлкен қуаныш әкеледі. (Үзіліс.)
Ә. (Ақырындап сөйлейді.) Мен оны тым табанды түрде түзегім келгені соншалықты, менің… еш уақытым болған жоқ. Мен табиғатымнан аса мейірімді адам емеспін, нақтырақ айтқанда, барлық адамдармен мейірімді бола бермеймін. (Үзіліс.) Менін анам өзімен қатынасында осыны жиі қайталайтын. Мен ешқашан жай әншейін сүйісе алмайтынмын, тіпті анамды сүйе алмайтынмын. Менің ағам солай істей алатын, сондықтан анам менін оны ағамдай жақсы көрмейтіндігімді жиі айтып отыратын. Мен оған еш көңіл бөлмейтінмін.