Клиент үшін инсайттың мәні

Эмоциялы өңделген бағдарлардың еркін айтылуы клиент үшін маңызды болғанымен, сәтті кеңес беру немесе терапияның мәнін құрайтын процестер онымен толық бейнеленбейді.

Осы жағдайдың анықтығы алдыңғы тараудан көрінеді. Осы уақытқа дейін басылыңқы сезімдердің көріну тәжірибесі жай босанып шығудан гөрі анағұрлым маңыздырақ. Осындай күйзелістің негізінде индивид өзін жаңаша қабылдауды иелене бастайды. Оны біз кеңес беру тәжірибесінен алынған көптеген мысалдардың негізінде бірнеше рет көрсетіп кеткен болатынбыз. Бұл өз эмоцияларын ойын терапиясымен көрсететін балаға да қатысты. Біртіндеп ол өзін жаңаша қабылдауға қол жеткізіп, өз әрекеттері арқылы өзі үшін жаңа рөлді ойнайтындығын көрсетеді. Осы тараудың мақсаты, біздің инсайт деп атап, оның катарсиске сүйеніп, соны бастан өткізумен тығызқ байланысты екенін түсініп, осы жаңа қабылдауды қарастыруға көшуде.

Тарау соңында біз инсайт ретінде топтастырылған күйзелістердің мәні мен егжей-тегжейлі сипаттамасын ұсынамыз. Қазір бұл жерде осы терминнің индивидтің өз тәжірибесінің жаңа мағынасынқабылдауын білдіретіндігіне нұсқауымыздың өзі жеткілікті. Мінез-құлық симптомдарының мәнінің жаңа ұғымына ие болу, себеп пен салдардың өзара жаңа байланыстарын көру, қандай да бір адам мінез-құлқының әдістерін түсінудің барлығы инсайт ұғымына енеді.

Ол біртіндеп дамуы, бір мезетте жүзеге асуы өте сирек болғандықтан, байыппен талқылауды қажет ететін күрделі процесс. Мұндай күйзелістер көбіне жекелеген кейіпте немесе сөз арқылы қандай мөлшерде анықталса, әрекеттер арқылыда солай бейнеленеді.Мұның барлығы интелектілі емес сипаттағы эмоциялы терең кұйзелістермен қосарлана жүреді, сондықтан да айқын вербалды түрде анықталуы да, анықталмауы да мүмкін. Дегенмен инсайт — бұл терапевтік кеңес берудің аса маңызды аспектісі және біздің өте терең назар аударуымызды қажет етеді. Сонымен бірге бұл терапияны көптеген мамандар жете бағалай қоймаған, аз зерттелген аспектісі. Сондықтан нақты қарау шартымен әңгімелесу барысында алынған “өңделмеген” мәліметтердің біршамасын тәптіштеп талдағанымыз дұрыс болар.

КЛИЕНТ ҮШІН ИНСАЙТТЫҢ МӘНІ НЕДЕ.?

Бұрынғы деректерді өзара жаңа байланыстарда қабылдау. Инсайт феноменінің түрлі аспектілерін талдау үшін, ең алдымен, қарапайым мысалды, инсайттың бір түрінің өте кішкентай үлгісін қарастырайық. Миссис Р.- жеткілікті дәрежедегі өмірлік табандылықпен ерекшеленетін, әңгімеге ашық, тіпті сөзшең әйел, оның 13 жастағы Айзек атты баласы – ақыл-есі кем бала. Ситуацияның үлгісі толығымен клиникалық көрініске жақын. Баланың қалыпты дамудан ауытқағаны айдан-анық әрі психологиялық талдау оның 8 жасар бала дәрежесінде әрекет ететіндігін дәлелдеді. Баласының ақыл-ойы кем екендігін анасының ешқашан мойындамауы проблеманы шешуде жүргізілетін конструктивті жұмысқа кәдімгіднй кедергі болады. Бұл жағдай оның рационалды түсінігінің жоқтығынан емес — көптеген мамандар оған ситуацияны жан-жақты түсіндірген, бірақ барлығы да еш нәтижесіз еді. Алайда сол әйел өз сезімдерін айқындауға мүмкіндік тудыратын ситуацияға түскенде, онда инсайт дами бастайды. Осыны бірінші әңгімелесудің (фонограмма) қорытынды бөліміне алынған үзінді дәлелдейді: әйел баланың дені сау болуына ұмтылған және оны оқытуға әрекет ететіндігіжайлы әңгімелейді.

К. Сіз барлығы өзіңізге байланысты деп сенесіз, солай ма? Сіз оны тамақтандыруыңыз, оқытуыңыз қажет, оған аспа бауды кигізуіңіз қажет (сынған бұғана үшін) т.с.с.

Ә. Мен білмеймін. Бүгін, ертең, ал –кейін не болады? Сәз білесіз ғой, оны сезінгенше, уақыт өтіп бара жатыр. Ол есейді, бірақ ол не істей алады? Мүлдем ештеңе. Мен оған: “Не болады? Сен не жаза, не оқи алмайсың ғой?”- дегенде, ол істей алатындығын айтты. Ол : “Мен жүк машинасын жүргізе аламын, мен ұшақта ұша аламын, мен линолеум төсей аламын, мен перделерді іле аламын”,- деп жауап береді. Оның барлық жағдайларға жауабы дайын.

Мен оған. “Сен оқып, жазуға үйренбесең, ұшақта ұша алмайсың ғой. өйткені басқару таблосында сандар орналасқан” деймін де, әрні қарай ұшақ жайлы не айтатынымды да білмеймін.

К. Сіздің ойыңызша, ол сіздің үйреткіңіз келген нәрселерді үйрене алмайтын сияқты ғой?

Ә. Мен оның істей алмайтындығына сенбеймін. Мүмкін, қазір мен ана болғандықтан елемейтін болармын, сіз түсініңізші, менің елемеуім мүмкін-алайда, мен олай ойламаймын. Менің ойымша, Айзектің бір қылығы бар –ол бірбеткей. Егер мен осы қасиеттің түйініне жеткен болсам ол бәрін істей алар еді деп ойлаймын, бірақ мен білмеймін.

К. Бірақ сіз бірнеше жыл бойы оны оқытуға тырысқаныңыз рас қой?

Ә. Мүмкін, мен жеткілікті күш жұмсамаған шығармын.

К. Сірә, сіз тым көп күш салған боларсыз?

Ә. Мен білмеймін, білмеймін. Мен балалармен айналысатын макманмен кездескенде, ол маған екі сұрақ қойып: “Ал енді сіз оны үйіңізге апарыңыз да, оған тыныштық беріңіз”,- деп айтқанда, мен: “Егер оның жағдайында бір кемістік болса, неге сіз маған бар шындықты айтпайсыз?” (Дауысы күшейеді.) мен шындықты білгім келеді және бұл жағдаймен не істейтіндігімді білгім келеді, әрі мен шешімге келім қажет екендігімді білемін, сонда мен оны ағаш ұстасы, тас қашаушы, немесе басқа бір кәсіпке үйретемін! Маған шындықты айтыңыз!

К.(түсінген кейіпте) Сіз әлі шындықты білмейсіз бе?

Ә.(Өте ақырын-тым өзгерген даукыспен.) Мен оны білгім келмейді. Мен оған сенгім келмейді. Мен бұны білгім келмейді. (Көзінде жас пайда болады.)

Осы жерде не болды? Біз кейінірек қарастыратын себептер бойынша, анасы өзіне белгілі деректерді мүлдем басқа көзқараста қабылдайтыны ең маңызды болуы керек сияқты ғой. Ол өз проблемасы жайлы еш жаңа нәрсе білген жоқ . Бұл проблеманың өзі- өзгермеген объективті шындық. Бірақ оның осы проблеманы қабылдауы, оған қатынасы да мүлдем басқа кейіпке ие болды. Алғашында проблема олған әсер етсе де, әднттегідей ол үшін қандай да бір сыртқы кейіпте болады. Проблема- оған көмектеспеген шындықты айтудан бас тартқан дәрігерлер. Бірақ клиентпен ситуация күрт өзгерді. Енді бұл проблеманыңбір бөлігіндей қабылдай бастаған оның өзнің қатынасы және де ол өз тарапынан қиын міндет ретінде сезіне бастағанда, оның осы ситуацияға қатысты мінез-құлқы өзгеріске дайын.