Психологиялық кеңес берудегі кейбір ерекше проблемалар

Жауап қайтаруды талап ететін клиент.

Кеңес берудің қолданылуы мен кең таралуына қарамастан және кейбір кәсіби топтардың өкілдері оны өздерінің қолданылатын негізгі әдістерінің бірі деп есептегенімен, бұл процесс әлі толық зерттелмеген . Біз, мысалы, балаларды интернатқа анықтаудан гөрі, студенттер арасындағы кеңес беру жұмысыныңнәтижелері туралы анағұрлым аз білеміз. Кеңес беру процесін сипаттаудың өзі жан-жақтылығы жағынан, ойын терапиясы әдістерін сипаттауға қарағанда, соңғысы аса шектеулі жағдайларғапайдаланылса да, әлі жеткіліксіз. Біз, басқалармен салыстырғанда, кеңес беру тиімділігін жоғарылату немесе төмендету факторлары жайлы анағұрлым аз хабардармыз.

Бұл саладағы біздің біліміміздің деңгейі төмендегі соншалықты, психотерапия аспектілерінің бірде-біреуі туралы қандайда белгілі және аяқталған ой- пікірлерді кәсіби деңгейде ұсынуға әлі дайын емеспіз. Бізге дәл қазіргі уақытта керегі кейін оны тексеру үшін кеңес беру тәжірибесінде негізделген болжамдық жағдайлар қатарын қалыптастыруға тырысып көру. Ғылыми даму тәжірибеде тексеріп көруге, түзетуге және келешекте жетілдіруге болатын болжамдары бар жағдайда ғана мүмкін. Әлі күнге кеңес беру салссында жемісті болжамдар көп емес. Керісінше, бұл саланың адамдарға көмектесу арқылы игілікті істер жасауға ұмтылысы оны негіздейтін принциптердің дәл тұжырымдауының орнын басып отырды.

Автор қойылған мақсаттарға сәйкес психотерапияға байнысты көзқарастармен барлық ой-пікірлерді мазмұндауды міндеттемейді. Осы пән туралы бір-біріне қарама-қарсы түсініктерді бейнелей отырып, оларды шатастыру емес, негізінен кеңес беру сферасында бір бағытта, бір тұрғыда жұмыс істеудұрыстау болар деп санайды. Сондықтан осы еңбекте балаларға көмектесуде он екі жыл қалыптасқан кеңес берудің әдістерімен теориясы көрсетілген, оған отбасылық және студенттерге кеңес беру тәжірибелерінің әсері ескерілген және көрсетілгендер осы саладағы басқа мамндардыңтәжірибесі , ой – пікірлерімен жеңіл үйлеседі. Берілген көзқарас тұрғысынан кеңес беруде аталған көзқарастың қалыптасуында зерттеушілік бағдарламасышеңберінде жүргізілген, әрі қарай талдау жүргізу үшін жекелеген ь және сериялы терапевтік әңгімелері фонографқа жазылып алынған жұмыстың маңызы зор болды.

Мұның өнімді болғаны соншалық, белгілі бір күңгірт идеялар таза, айқындыққа ие болды. Көрсетілген түп-нұсқалар базасында қалыптасқан негізгі принциптермен болжамдардың толық қатары осы саланың келешекте дамуына негіз болады деген үміттеміз.

Осы кіріспе тараудың қорытындысында оқырмандарға түсініктемесі, дәлелденуі және қосымшалары келесі тарауларда келтірілетін негізгі болжамды ұсынуды дұрыс деп ойлаймыз. Оны өте қысқа үлгідетөмендегідей анықтауға болады.

Тиімді кеңес беру — өз алдына құрылымдық үлгісі анықталған, белгіленген ережелері жоқ өзара әрекеттестік; ол клиенттің өзін түсінуіне қол жеткізуге мүмкіндік беретіні сонша, оның жаңа бағдарларына сәйкес оң қадамдарнды жасауына мүмкіндік туғызады.

Осы айтылғаннан мынадай салдар б шығады: барлыққолданылатын әдістер алдын ала белгіленген өзара еркін әрекеттестіктіқұруға мақсатты, бұл кеңес беру кезінде де, басқа қарым-қатынаста да өзін түсінуге және клиенттің өзінің ынтасы негізінде оң әрекеттерді құру үрдістеріне бағытталған болуы керек.

Бұл жағдай келесі тарауларда толығымен түсіндірілетін болғандықтан, біз оны осы жерде талқылаймыз, бірақ кейін ол нақты мазмұнментолықтырылады. Оқырман кітапты оқу барысында өзі үшін ол жаңа мағына иеленді ме дегенді тексеру мақсатымен қарайлап отыруына да болады.

Кітаптың алғашқы беттерінде- біз ойын терапиясы сияқты техникаларды, жалпы терапевтік процеске нақтылық беретін және ашық көрсететін бөлімдерінен басқа, толық талқылауға тырыспаймыз деп айтылған болатын. Дәл қазір сондай қолайлы жағдай келіп тұр, эмоциялы жауап беру туралы сұрақты қарастыра отырып, ойын терапиясымен дәлме-дәл келетін паралльердерді қарастыруға болады. Егер ойын терапиясы әсерлерінің типтікмысалдарын қарастырсақ, онда мына мәселелерді байқауға болады. Өзара іс-әрекеттерді құрылымдаумен, тиым салынған немесе басылып қалған бағдарларды толығымен еркін көрсетуге мүмкіндік ұсынуымен, біртіндеп түсінуге, инсайтқа жақындауымен ойын терапиясы сөз негізіндегі кеңес беруді еске түсіреді. Бұл процесс кей жағдайларда түсініктірек те болуы мүмкін, өйткені мұнда сөз негізіндегі емес (вербалды емес) құралдар қолданылады.

Дороти Барух сипаттап берген төрт жасар бала және оның ата-анасымен жүргізілген тамаша терапия оқиғасын келтіреміз. Одан алынған үзінді төменде келтіріледі. Осы үзіндіде кеңес беруге қатысты барлық негізгі қағидалар жеткілікті түрде анық көрінетінін айта кетейік. Берілген оқиғада ата-аналармен жүргізілетін жұмыс нақты белгіленіп, іске асырылған. Баланың мұғалімі қатысқан ойын ситуациясында екі арадағы жалпы қарым-қатынас пен еркіндіктің орнатылғаны көрінеді. Ойын ситуациясына оқиғаны құрылымдауға көмектесетін шектеулер де көрінеді. Бағдарлар түсінікті болған және қабылданған кезде, сезімдердің біртіндеп тереңдеуі әбден байқалады. Агрессия мен өшпенділік өте жоғары дәрежеде көрсетіледі, өйткені дәл осы сезімдер пәрменді түрде тұншықтырылған. Кездейсоқжағымды эмоциялардың көрсетілуі драмалық түрде және кенеттен болады. Эмоциялы босатылудың мінез-құлыққа әсері ерекше қызығуды тудырады. Осы оқиғаны Барух былайша сипаттайды:

Мектепке дейінгі мекемеге түскен кезде, Раймонд төрт жас екі айға толған. Ол сол жерде үш семестрге қалды. Алғашқыда ол шығып кетуге сәл-ақ қалған. Ол не сөйлемейтін, не ойнамайтын. өзімен болып жатқан ештеңені қабыл алмайтын болып көрінген. Бірақ балалар дәрігері растайтындай физикалық дамуында ешқандай күрт ауырпалық болған жоқ. Анасы баланың үйде бірнеше сағаттар бойына ешқандай қимылсыз отыра бергендігі және оған баласы ешкім кіре алмайтын қабыршақтың ішінде отырғандай болып көрінетіні туралы айтты. Оны баланың сөйлемейтіні қатты алаңдататын. Осындай сәтсіз қалыптасуды тудыратын негізгі себеп – ол ата-анасының арасындағы өте шиеленіскен қарым-қөатынас болуы мүмкін. Әлеуметтік қызметкермен болған әңгімеде олардың екеуі де орталарында өшпенділік бар екендігін мойындады. Алайда олар ашық түрде жауласпайтындықтарын, керісінше, “өз-өздерін ұстайтындықтарын” айтты. Дау-жанжалдан кейін жеңілдену үшін, шешесі ішіп, баласын ұған, күйеуінен ала алмаған өшін баласынан қайтаратын болған.

Жеке терапиялық сеанстарда екі жақта өшпенділіктерін көрсетті. Олар ұзақ айқайласып, жындануға сәл-ақ қалғандары туралы айтты. Көптеген өкпе- ренжістерін, күйінішті өткен-кеткендерін естеріне ала отырып, олар әлеуметік қызметкердің алдында өздерін толығымен ашып берді. Және іштеріндегі буларын сыртқа шығару мөлшеріне қарай, сірә, олар белгілі бір жеңілдіктер алатын болған, және наразылықсыз қарай алатын болған еді.

Сондай-ақ олар баласында басқа дәрежеде қабылдай алатын болды. Енді шешесі баласына “нағыз өшпенділік” сезінбейтін. Ол төзімдірек, шыдамдырақ бола алатын, бірақ бала шешесінің алдыңғы эмоцияларын бойына өте көп мөлшерде жинағандығы соншалық, енді басқа жаңа эмоцияларды қабылдауға қабілетсіз еді.

Баланың топтық жұмысқа қатысуына қосымша мүмкіндігі басынан бастап-ақ бар еді. Бірақ алғашқы айларда ол қандай да болмасын қатынастардан қашатын. Өз сезімдерін білдіру, егер ол қандай да бір қоласты заттарды қолданғанда ғана болмаса, ол үшін мүмкін емес еді. Алайда талаптар мен шектеулердің өте аз болу фактісі балаға өзін біршама еркіндеу сезінуге мүмкіндік берді. Біртіндеп мұғалімдердің біреуіне деген сенімділік байқала бастады, бірақ бұл сезім өте тереңде жасырынып жатқандығы соншалықты, олөзін мұғаліммен тек үшінші тоқсанда ғана жеңілірек сезіне бастады. Тек осыдан кейін ғана ол топтан тыс қала отырып, ересек адаммен жеке қарым-қатынаста болғанда үрей-қорқынышты сезбейтін дәрежеге жетті.

Мұғаліммен қарым-қатынаста болған уақыттың келесі кезеңдерінде белсенділіктің әр түрлі сатыларынан өтті. Ол балшықтан фекалий (нәжіс) тәріздес зат жасай отырып, агрессиясын білдірді. Жұмыс жүріп жатқан уақытта, сол бөлмеде ол бірнеше рет линолеумге табиғи дефекация да жасады. Ол мұғалімнің алдында өзінің жыныс мүшесін көрсетті және мастурбация жасап, өзінің эксгибиционистік бейімделіктерін көрсетті. Ақыр соңында ол балшықтандөрекі фигураны жасауға тырысты және мұғалімнің көмектесуін талап етті.

Бұл фигура бала үшін анасы болып табылатын еді. Ол оны ұрды, таптады, үстіне дәретке отырып, оған өзінің жыныс мүшесін тыққылап, қол-аяғын және басын жұлып тастады.

Мұғалима оның барлық қылықтарын қабылдауын жалғастыра берді. Ол балалардың өз аналарына қатысты әр түрлі сезімдерді жиі сезінетіндіктерін және кейде тіпті жындануға дейін баратындықтарын, және оның сезімдерін түсінетін болғандықтарын, өзіне солардың бәрін әрі қарай айтуына, көрсетуіне болады дегенді қайталап айтты. Бір-екі рет ол оның үстін топырақпен былғап немесе ұрыпта жібере жаздады, бірақ мұғалім оған рұқсат бермеді, екеуінің араларындағы қарым-қатынастары бұзылуы мүмкін екнін сезіп, блаға олай етуіне тиым салды. Өзі толығымен сенетін адамды ренжіту баланың оданда зор мазасыздық пен кінәлілікті сезінуіне, одан да жоғары жалғыздық қаупіне алып келетін еді.

Ақыр соңында өзінің анасы ретінде жасалған фигураны ұрып, таптап, кескеннейін кейін, бала күтпеген жерден тынышталып, босаңсыды. Бірінші рет оның даусында жақсы көрінушілік ноталары сезілді: “О, ол өліп қалды, бейшара кәрі, жиіркенішті”.

Сосын ол мерт болған анасының топырақ фигурасын көтерді де өте мейірімді дауыспен сыбырлады: “Байғұс жан. Ол өліп қалды. “Жедел жәрдем”шақырыңдар . Бейшара, кәрі, жеркенішті әйел. Ол қиналмай өлді”. Ол оны мейірімділікпен шапалақтап қойды: “Ішінде не бар екенін көрейік”. Ол топырақ фигураның төбесін шұқылады. “Ой мына жерде қан. Қан кетіп жатыр. Оны ауруханаға апарыңдар”. Ол: “Ана, мен сені қинағым келмейді!”-деп қайтадан көтерді. Сосын мұғалімге бұрылып: “Оны қайтадан жаса”,-деп өтінді.

Топырақ фигураны қайта жасап жатып мұғалім кәрі жауыз анасының өліп қалғандығын, ал мынау жасап жатқаны: бәлкім, өзі қалаған жаңа анасы екендігін түсіндіріп жатыр.

Бала фигураны алып, өзінің жаңа, жақсы анасы деп атады. Фигураның мұғаліл шарак-шапы жабыстырған аяғы жұлынып кетеді. Ол оны алып, аяғын аса ұқыптылықпен өзі қайта жасайды. Осы жерде біз ойын барысында бірінші рет анасына деген мейірімділік, қамқорлық және тағы басқа көп жағымды сезімдердің білінгенін көреміз. Соңына таман уақыты біткен кезде, ол әдеттегідей фигураны бұзыптастаудың орнына, оны қорапқа салып, аса мейірімділікпен бетін жауып: “Міне, осылай”,-деді.

Шамасы, “бұрынғы кәрі анасына” деген агрессиялы сезімдерінің аталуымен, ол енді жаңа анасын қабылдауға қабілетті болды.

Оның мінез-құлқында нақты әрі терең өзгерістер өте анық көрінеді. Ол неді тұтықпайды. Өзқұқын қорғай бастайды. Ол басқа балаларға өте агрессиялы бола түсті, бұл оның алдыңғы өзіне-өзі күтуі және бағыныштылығының салдары еді. Ол неді өзін ақымақтар сияқты ұстамайды және елдің назарын аударатын қылықтарды сирек жасайтын болды, сондай-ақ мейірімділікке адекватты көңіл аудара бастады. Жалпы алғанда ол бұрынғыдай емес, анағұрлым табиғилау әрі ашық .

Ойын терапиясының мұндай зерттеулері психотерапияның белгілі бір іргері заңдылықтарымен дамитын процесс екендігін тағы бір рет дәлелдейтіні әбден анық. Және біздің сеніміміз осы заңдылықтардың әр түрлі жағдайларда- өндірістік мекеменің қызметкерлеріне, орта мектептегі жасөспірімдерге, клиникадағы ата-аналарға, ойын терапиясында кішкентай балаларға, мамандық таңдауда жастарға кәсіби-бағдарлық кеңес берудегі көріністеріне байланысты өте түсуде.

Катарсистің клиентке әсері.

Клиент үшін эмоциялардың кедергісіз еркін шығуының мәнділігі біздің әрбір терапиялық әңгімеден келтірілген үзінділерімізде тікелей болмаса да, жанама түрде көрінеді. Осы құбылыстың қүұндылығы туралы бінеше рет айтылса да, ендігі жерде ол туралы тек еске сала кетейік.Бірінші кезекте клиент бұрын өзі басып тастаған сезімдерімен бағдарларынан арылады. Осындай катарсис физикалық релаксациямен дене қысымын жоюмен бірге жүретінін жиі бақылауға болды. Бірде осындай қысымды тудыратын сезімдерден босанған клиент өзіне және өзінің жағдайына объективті түрде қарайды және ортада өзін ыңғайлы сезіне бастайды.

Сонымен бірге эмоцияларды еркін шығару мүмкіндігі клиенттің болып жатқан оқиғаны дәлірек зерттеуіне ерік береді. Тіпті эмоциялық құбылыстар әлсіз білінгенде, қандай да қорғанысты қажет етпейтін жағдайдағы проблемаларды көтеруде, бейімделудің тәсілдері мен сипатын дәл айқындауға, бар проблемалармен қиындықтар туралы нақты жауап алуға, клиенттің жеке сезіміне жүнгіне отырып, дәлірек бағалау мүмкіндігіне әкеп соғады.

Осылай, жағдайды толыцғымен анықтау ғана емес, сонымен бірге аса маңызды — өзін- өзі түсінуі іске асады. Ол өзі туралшы әңгіме жүргізу кезінде қысылмай, өзінің “Мені-нің” әр түрлі жайларын: ниеттерін, сүйкімсіз нәрселерін, өшпенділік серпілістері мен жағымды бағдарларын, тәуелсіздікке немесе тәуелділікке талпынысын, сезілмейтін дау-дамайлары мен мативтерін, тілектері мен шынай мақсаттарын жақсартуды ешбір жетілдірусіз және бастартусыз қабылдауға қабілетті бола бастайды. Шынайы өмірлік жағдайлардың көбіне бұлай болу мүмкін емес, сондықтан да әрдайым белгілі бір қорғаныс “майданын” ұстанған жөн. Әр түрлі қорғанысты қажет етпейтін, терапиялық қарым-қатынас процесінде клиент өмірінде бірінші рет өз-өзіне ашық , өзінің қорғаныс шегінен шығады және жағдайды дәл бағалай алу мүмкіндігіне ие болады.

Клиенттің қоғамқабылдамаған, оның жасырын “Мен-ін” кеңес беруші сабырлы түрде қабылдап отырғанын көргенде, ол да осы күнге дейін айқындалмаған “Мен-ін” жеке өзінікі ретінде қабылдауға қабілетті болады. Клиент қорқыныш, толқу және қалыптан шығу сезімдерінің орнына, кемелденуге апаратын шынайы әрі тиесілі нүкте ретінде өзінің әлсіз және күшті жақтарын қабылдап, дамыта бастайды. Клиент өзінде жоққа жанталаса ұмтылмай, кім болғысы келетініне зор мүмкіндік туғызатын, өз бойында бар, өсіп келе жатқан қабілеттерді дамытудың артықшылығын түсіне бастайды.

Катарсистің дәл осы бағалы сәттері кеңес берудің шын мәніндегі терапиялық тиімділігін тудырады. Клиент эмоцияларына назар аударғаны ішкі жан дүниесінен бұрын қорғау әрекеттерін сақтау үшін қолданып келген жаңа күштердің босатылуына әкелетінін түсіне бастайды.

Тіпті кеңес беру осы эмоциялық босатылу, сезімдердің сыртқа шығу фазасынан аспаса да, жасампаз және пайдалы болмақ . Дәл осы факт айтылып отырған кеңес берудің осы түрін қысқа мерзімдік терапия үшін ең қажетті құрал ретінде қарастырудың негізі болып табылады. Кеңес беруші бір ғана әңгімелесу арқылы қарым –қатынас жасайтын немесе емдеуді ұзарта алмайтынын білетін жағдайлармен жиі ұшырасады. Тәжірибе көрсеткендей, бұл жағдайларда ждирективті әдіс қана жиі қолданылады. Уақыттың тығыздығына байланысты, кеңес беруші проблемаларды өз тұрғысынан тез арада қабылдап, клиентке лайықты кеңес беру арқылы түсіндіреді және бағыт береді. Бірақ нәтижелері әрдайым өмірге қажетсіз және қанағаттандырарлықсыз болып шығады. Демек, кеңес беруші шектеулі уақыт ішінде тадамды барлық ойын еркін “айтып салуына” жетелесе, кейін кәдімгідей позитивті нәтижелерге жетудің мүмкіндігі арта түседі. Әрине, клиент проблемаларының жасанды “шешім” таппағанын түсінеді, бірақта қажетті және оны басқа бдіреудің әр түрлі проблемалар мен сезімдеріне қарамай, сол қалпында қабылдап түсінгеніне сенімділік сезімімен кетеді. Терапевтің берген кеңесін толығымен қабылдамай, қарсылық білдіріп, өзінің көп іс-әрекеттерінің дұрыс еместігін сезініп, өзіне бұрынғыдан да сенімсіз күйде кететін кейбір клиенттерге қарағанда, бұл клиент өз жағдайын бағалауда біліктілеу болады.

Бұл бөлімнің катарсистің процестерін терең зерттеу мен терапиялық әңгімелесудің осы фазасын басқаруда туындайтын әр қилы проблемаларды қарастыру жолдары көрсетілген. Осы мәселе тұрғысындағы қысқаша қорытынды материалды қалай да болса құрылымдауға көмектеседі.

Тиімді кеңес беру мен психотерапияның басты бір мақсаты — өмірге икемделуге байланысты проблемалар мен қайшылықтардың негізінде жатқан эмоциялық қарым-қатынасты еркін шығаруына көмек көрсету. Осы мәселені шешуде кеңес беруші әр түрлі әдістердіқолданады. Ең бастысы, клиенттің өз ойын жеткізудегі материал мазмұнының мәніне емес, сондай-ақ оларды мойндауға емес, оның эмоцияларына вербалды деңгейде көңіл бөлу.

Кеңес беру эмоциялы бағдарлрдыңқандай күйде көрінгеніне – жауласу, қорқыныш, үрей сияқты жағымсызсезімдер, не бомаса үйренісу, күш-қайрат, өзіне деген сенімділік немесе амбивалеттілік және қарама-қарсы бағдарлар сияқты позитивті сезімдер айтылғанына қарамастан, осы қағидаларды ұстануға тырысады.Бұл тәсілді клиенттің сезімдері өзіне, басқаларға, сонымен бірге кеңес берушіге немесе кеңес беру жағдайына қарсы бағытталғанда да қолдануға болады. Қалай болғанда да терапевт сыртқа шығарылған эмоцияларды проблеманың және терапиялық қатынастың бір бөлігі ретінде ашық қабылдап, оны түсінеді және шешімін табуға тырысады. Клиент қабылдауда әлі ойын емес, басылып қалған бағдарлар туралы сөз қорғауынан қашқақтайды.

Бұл процесс бойынша клиент осы кезге дейін шығармай келген сезімдерімен түйсіктерінен эмоциялы құтылуда көрінеді, ал ол өзінің жеке сезімдерін ашық және салмақты түрде мойындауға итермелейді және оның жағдайының нақты элементтерін сезіну деңгейін тереңдетеді.Осындай ойлау барысында, ол өзінің жағдайын анығырақ көріп, оның әр түрлі элементтерінің өзара байланысын түсіне бастайды. Бұл ендігі қарастырылатын құбылыс инсайтқа жеткізудегі бастама және нағыз мықты негіз болмақ.