Кеңес беру әдісі, қаншама маңызды болса да, индивидті емдеудегі тек жалғыз ғана әдіс емес екенін дұрыс түсіну қажет. Бұл барлық бейімделмеген адамдар үшін жалғыз қорғаныш емес. Ол балалардың, сонымен қатар үлкендердің де, барлық проблемаларын шеше алмайды. Оны толық талдамай, студенттерге , әскер қатарына шақырылған адамдарға және жұмысшыларға — барлығына бірдей қолдануға болмайды. Бұл аса маңызды болғанымен де , индевидтің әлеуметтік топқа бейімделуінде , оның пайдалы мүшесіне айналуында олардың басқа да көптеген проблемаларымен жұмыс жасау әдістерінің бірі ғана болыптабылады.
Бұдан әрі баяндауда емдеуге сай келетін кез келген психотерапевтік әдістері қолдану барысында осы әдісті пайдалануды шектеудің көптеген түрлерін көрсетуге мүмкіндік болады. Бұл жерде тек кеңес беру мен емдеудің басқа да тәсілдері арасындағы белгілі бір айырмашылықтары бар екенін ескерте кеткен жөн.
Нақты жағдайларда белгілі бір әкімшілік саясат бейімделу проблемасының алдын алуғабағытталуы мүмкін. Мысалы, ол – адамдарды жұмысқа қабылдау және өнеркәсіпті басқаруда, немесе мектептерде және институттарда келесі курсқа өтуге дайындық барысында қолданылуы мүмкін. Мұндай жоспарлау, әрине, е болғанымен де, ол денсаулық сақтау саласындағы профилактика медицинасы сияқты мәнге ие. Әлдеқашан пайда болған сүзек ауруын қалай емдеу керек екнін білгеннен гөрі, индевидтің мектепке, колледжге, үйге және өндіріске бейімделу процесіндегі сәтсіздіктердің алдын алу керектігін түсінген маңызды. Осыдан кейін нашар бейімделетін индевидпен жұмыс жайлы жалпы түсініктен біз адам қарым-қатынасына және жұмыстыцң тиімділігіне әсер ететін барлық әкімшілік шаралардың өте маңызды екнін жете түсінуіміз керек. Бұл жағдайда оның қандай институтта қалыптасатыны маңызды емес. Біздің салауатты психологияылық даму туралы жеткілікті біліміміздің болуы мектептер, өнеркәсіп мекемелері және кез келген басқа да ұйымдар үшін бейімделу процесін жеңілдетуге мүмкіндік беретін, сонымен қатар психикасында ауытқулары бар, бейімделмеген адамдардың және мінез-құлқында қалыпты тепе-теңсіздік көрсеткіштері жоғары адамдардың, невротикалық тұлғалардың және т.с.с. туындауына әкеліп соғатын жағдайлар туралы түсініктердің болуына қажетті әкімшілік шараларды жасап, ұсынуға мүмкіндік береді. Сондықтан,егер бізді емдеу проблемалары қызықтырса, онда сол сияқты проблемаларды болдырмайтын ұйымдастыру шаралары да назардан тыс қалмауы керек.
Емдік әсер етуді алдын алу шараларымен ауыстыру мүмкіндігіне қатысты мәселелерді шешуде медицинамен параллельжүруге болады. Біздің алдын алу шаралары туралы біліміміздің көп бөлігі нашар бейімделген индевидтермен жүргізілген эксперименттерді бақылау барысында алынған. Сөйтіп, балалармен жұмыс істеу көрінетін зардаптарын тоқтату үшін, бала дамуының ерте кезеңінен бастап оқуға үйрету әдістемелерінің қажеттігі анықталды. Студенттердің бейімделу проблемасына келетін болсақ, мұнда психологиялық және әлеуметтік салдармен қатар кәсіби мамандықты дұрыс таңдамауға байланысты экономикалық шығын сияқты проблемалар байқалды. Осының негізінде білім және кәсібі бағдар беру үшін кеңейтілген прфилактикалық шаралар жасау қолға алынды. Өнеркәсіп және сауда сферасында наразы және нашар жұмыс істейтін қызметкерлермен әңгімелесуден алынған ақпараттар негізінде корпарацияның қаражат мүмкіндігіне және жұмысшылардыңпсихологиялық қажеттілігіне бірдей көңіл бөлу саясатыорын алды. Қысқасы, топтар үшін ең өнімді бағдарлама құру туралы сұраққа келсек, жекелеген индевидпен жұмыс жүргізудің тиімді әдістерін ойластыруымыз қажет.
Мінез-құлқындағы проблемалар, сәтсіздіктер,эмоциялық бұзылулар, невроз, делинквентті мінез-құлыққа бейімділік, бақытсыз неке сияқты қиыншылықтарды басынанкешірген индевидтерге көмек көрсету әдістері негізінен бірнеше топтарға бөлінуі мүмкін. Бірінші әдіс – айналасындағыларды басқару жолымен индевидтің проблемаларын шешу. Мұндай емдеу формалары әр түрлі. Айналасындағылардың жекелеген адамға физиологиялық және психологиялық жағынан әсер етуіне қажетті кез келген мүмкін құралдарды пайдалану арқылы оның қалыпты бейімделуіне қолайлы жағдайлар жасауға болады. Бір адам үшін бұл демалыс үйіне бару болса, басқа біреуге — мектебін ауыстыру, үшінші біреуге – бір өндіріс бөлімінен екіншісіне ауысу, ал бала үшін өзінің үйінен интернатқа немесе басқа да тәрбиелік мекемеге көшу болады. Ортаныңтерапевтік өзгерісі, жоғарыдағы жағдайларда көрсетілгендей, дөрекі де немесе ортаны өзгертуі анық болмаса да, мәнді,нәзік, сезімтал болуы да мүмкін. Бала аптасына 1 рет оқу дағдысын жетілдіру үшін сондай топқа баруы мүмкін, жұмысшыны оның қасындағы дау-дамайлы қызметтесінен аластату үшін жаңа машинаға ауыстыруға, ересек адамға оны қанағаттандыратын қоғамдық тапсырмаларды жүктеуге болады.
Егер осы сияқты шаралар мұқият ойланып және ебін тауып іске асырылса, онда олар индевидтің бағдарларын мінез-құлқын және бейімделу мүмкіндіктерін өзгертудің тиімді құралы болуы мүмкін. Алдыңғы кітаптаавтор физиологиялық және әлеуметтік ортаны басқару көмегі неғұрлым тиімдіболатын, қиын балалармен жұмыс істеуде қолданылатын әдіс-тәсілдерге сипаттама беріп, талдауға тырысты.Бұл мәселені қайталамай-ақ қояйық. Оқырманды ортаның өзгеруіне байланысты емдеудің жанама тәсілдерін қамтитын, терапияның тұтас саласымен таныстыра кетсек, кеңес берудің тікелей әдістерін жақсы түсініп, бағалайды деп ойлаймыз.
Осындай әсер етудің кез келген әлеуметтік белгілі бір қажетті мақсатты көздейтінін ескерген жөн. Мәселен, ережені бұзғанбала изоляторға жіберіледі,өйткені:1) қоғам оның мінез-құлқына шыдай алмайтынын көрсетеді; 2) осы нақты жағдайда интернатқа орналастыру оның жеке тұлғалық бағдарлары мен мінез-құлқын өзгертудің ең тиімді тәсілі болып саналады. Жеткіншектің интернатқа барғысы келді ме және ол бұл шараның уақыт өткен сайын оның бағдарына міндеттітүрде әсер етуі керек екнін түсіне ме – бұлар аса маңызды емес. Көптеген жағдайларда, әрине, емдеу үшін берік негіз осы болады. Алайда кейбір жағдайларда осы шараны белгілі жетілу кезеңіндегіиндевидке қолдану мүмкін еместігі де анықталуы мүмкін. Тек қылмыстық заңды бұзушылармен немесе психопатпен, ауру немесе қандайда бірсебептермен өзіне біз ересектерге қатысты осындай шараларды еркін қолдануымызға болады. «Орта әсерінің тұрғысы» (қоршағанн жағдайлар әсері) негізінде әлеуметтік қабылданған маақсаты бар екені және ата-аналар , мекемелер немесе органдар жағынан инде,видті осы мақсатқа бағыттайтын белгілі міндеттерді қамтитын әркез жете түсініле бермейді. Сол себепті осы әдістің қолданылуымен таралуына шек қояды.
Емдеу әдістерінің екінші категориясына өзінің дербес жағдайына байланысты қолайлы қатынасты орнатуға көмектесетін индевидке тікелей әсер ету әдістері жатады. Бұған емдік әңгімелесулер, кеңес беру және осы кітапқа тікелейқатысы бар психотерапевтік әдістер кіреді. Олар жиі кездесетін және тікелей емдеудің ең маңызды тәсілдеріне жатады, ол туралы келесі тарауларда айтылады.
Тікелей терапия әдістерінің келесі тобы әрқайсысы қандайда бір деңгейде бір-бірімен және ішінара кеңес беру үрдісімен де байланысты – экспрссивті деп аталуы да мүмкін, себебі бұл жерде сезімдермен бағдарлардағы катарсистің рөлі маңызды болады. Бұл топқа ойын терапиясы, топтық терапия, арттерапия, психодрама және басқа да осы сияқты техникалар жатады. Тұлғалық поблемаларды шешуде бұлардың әрқайсысы маңызды рөлге ие. Осы әдістердің көпшілігі, негізінен, балалармен жұмыс барысында қолданылады, алайда ересектермен жұмыс істеуде де бұл әдістерді қолдану мүмкіндігі еш күдік туғызбайды. Әрбір жағдайда емдеудің негізгіэлементтері сезімдерін, түйсінулерін толық білдіруде ойыншықтар , суреттер немесе сазданжасалған мүсіндер т.с.с. көмегімен немесе вербалды емес құралдарды пайдалану арқылы эмоциялары мен сезімдері басқаларға проекцияланады, мысалы, кенеттен немесе драматизация түрінде басқарылатын вербалды білдіру арқылы болады. Өнімді кеңес беру принциптері осы экспрессивті әістерді қолдануда да тиімді болуы мүмкін. Сондықтан да бізге осы әдістерді жиі қолдануға негіз бар. Бірақ осы жаңа тәсілдер жайлы толық мағлұмат алу үшін оқырмандар басқа да қосымша материалдарды пайдалануы қажет. Біз әлі де медициналық емдеу – секреторлық функцияларға, операцияларға, диеталарға және т.с.с. тікелей әсер ету арқылы мінез-құлық пен бағдарды өзгерту жайында айтқан жоқпыз. Мұндай емдеу туралы кітапта айтылмайды, бірақ оның жалпы емдік әсер етуде өзіндік орны ескерілуі қажет. Индевидтің мінез-құлқында, өмірге деген көзқарасында, бейімделу процесінде кездесетін қиыншылықтарды жеңугеқабілеттілік сияқты кез келген проблемаларына медициналық тәсілдерді қолдана отырып тікелей әсер етуге болады.
Бейімделу проблемаларын шешуде кеңес беру әдісі маңызды болғанымен де, әлеммен үйлесімділік сезімін жоғалтқан индевидті емдеуде бұл бір ғана әдіс емес екені айқын бола түседі . Торыққан энтузиастар жолында көп кездесетін «қақпандарға» түспес үшін бізге осы сәтті жан-жақты ескеру қажет. Бұл кітап толығымен кеңес беру мен психотерапия мәселелеріне арналғандықтан, кеңес беру – бейімделмеген адамға толыққанды өмір сүруге көмектесетін көптеген әдіс-тәсілдердің бірі болып табылатындығын ескерген жөн.