Психологиялық кеңес беру жүйесіндегі директивті әдістердің маңыздылығы

Әрі қарай терапевттік процесті талдауға көшпес бұрын кейбір даулы кезеңдерді қарастыра кету өте маңызды. Психотерапияда да, кеңес беруде де, бұрын айтылып кеткендей, кеңес беруші процесс нәтижесіне басшылық ету жауапкершілігін мойнына алмайды. Көптеген оқырмандар біз сипаттап кеткен кеңес беру типі оларға онша мәлім емес екенін сезген шығар, сондықтан бірден мынадай сұрақ туындайды – кеңес беруші осы жерде сипатталған тәсілмен клиент проблемасын шеше ала ма? Бұл сұрақтар шын мәнінде өте маңызды және ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Бірден ақырғы жауапты бермес бұрын, бірқатар негізгі ой-пікірлерді айта кетейік.

Бірден айта кететін жағдай – осы жұмыста ұсынылған кеңес беру тұжырымдамасы жалғыз ғана тұжырымдама болып табылмайды. Кеңес берудің басқа да бірқатар тұжырымдамалары, терапевттік қарым-қатынасты қалыптастырудың басқа да тәсілдері бар. Осы процестің жалпы анықтамасын мына мәселеге алып келуге болады: кеңес беруші клиент проблемасын анықтайды, диагноз қояды және оны шешумен айналысады, бірақ кеңес алушының да осы істің атқарылуына тікелей әрі өте белсенді қатынасуына талап қойылады. Терапевт проблема шешілуіндегі бұл жауапкершілікті өз мойнына алады және бұл жауапкершілік барлық талпыныстардың басында тұрады. Мүмкін, осындай директивті әдісті көрсету оқырмандарды сендіруге мүмкін көмектесер.

Колледжде оқыту дағдылары курсын өтіп жүрген студент қыз кеңес берушіге алғашқы әңгімелесуге келеді. Кеңес беруші қызды қарсы алады да, әңгіме басталады (фонограмма):

К. Мен сенің құжаттарың мен әр түрлі анықтамаларыңды қарап шықтым.

С. М-м.

К. Сонымен мен сенің У-дан екеніңді білдім.

С. М-м.

К. Сен Рузвельта Хаяға бардың ба?

С. Иә, М-м.

К. Мен сенің оқуыңды жақсарту мақсатымен психологиялық курсқа келгеніңе ерекше көңіл аудардым. Мен сенің қиыншылықтарыңмен таныстым, сенің қиналып жүргеніңді және сені нашар бағаларың, есте сақтау қабілетіңнің нашарлығы және т.б. мазалайтынын түсіндім. Ал мектепте сен қалай оқып едің?

С. Енді мен орташа оқушы болғанмын.

К. Ол жердегі сенің негізгі пәндерің қандай еді?

С. М-м, сіздің меңзеп тұрғаныңыз…

К. Орта мектепте сенің дайындығың арнайы дайындық болды ма әлде коммерциялық па?

С. Ол теориялық курс болатын. Мен ағылшын тілі және тарих пәндерімен айналысатынмын.

К. Сен бәрінен де қайсысын көбірек ұнатып едің?

Бұл үзіндіні келтіріп отырған себебіміз, ол бәріне жақсы мәлім кеңес берудің типтік тұрғысын көрсетеді. Кеңес беруші бастан-ақ сыпайы түрде ситуацияны толығымен басқаруды өз қолына алады. Ол процесті басқаруға өте қажетті мағлұматтардың өзінде бар екендігін студентке қажетті мағлұматтардың өзінде бар екндігін студентке сездіреді. Ол студент проблемаларының ішінен кеңес беру процесі бағытталатындарын іріктеп алады. Ең бастысы – кеңес берушінің әңгімелесу процесін басқаруды тікелей өз қолына алуы. Студенттің міндеті – кеңес беруші нақты әрі дәл диагноз қоюға көмектесетін мәліметтерді алуына қажетті сұрақтарға жауап беру. Бірінші әңгімелесудің соңына таман терапевттік қарым-қатынастар нақтырақ анықталады.

К. Менің байқауымша, сенің проблемаң өзіңді-өзің көбірек танығың, білгің келетіндігінде ғой деймін. Біз осы сынақтың барлығын қайтадан жүргіземіз, сондай-ақ алдағы іс-әрекеттің жоспары және жобалары – мұның барлығы бізде бар. Мен сенімен әр апта сайын осы уақытта кездесіп тұрамын және сол жағдайда сенде осы оқиғаның картинасы анығырақ қалыптасады. Мен саған оны тексеруге көмектесемін және бәрі дұрыс па, жоқ па – соны айтамын. (Күлкі.)

С. М-м.

К. Олай болса, біз қазір осыны ретке келтіріп аламыз. Мен сенің назар аудару және шоғырландыруда қиындықтарының болуына байланысты, мен қалай болса да осы жобамен жұмыс жүргізу керек деген ұсыныс жасар едім. Жақсы, онда шын мәнінде ол осылай ма әлде жоқ па – тексеріп көрейік.

С. М-м.

К. Егер себеп мұнда болмаса, онда басқада болар. Жарайды, жақсы, біз мұны сенің оқи алуыңды тексеру жолымен біле аламыз. Осы жерде проблема бар.

С. М-м.

К. Сонымен, біздің проблема туралы өз түсінігіміз бар, енді сен бір шешімді қабылдай отырып: «Сонымен, осы проблемамен мен міндетті түрде жұмыс істеуім қажет» — деуің керек. Мұнда тұрған ештеңе жоқ, алайда сен осы жұмысты өзің орындап жатқандықтан, «Мен қаншалықты ынта-жігеріммен істегелі жатырмын?» деген сұрақты шешуіңе тура келеді. Сондықтан менің саған ұсынысым: егер сенің қиындықтарың тарих сабақтарында болса, келесі жолы тарих кітабың мен дәптеріңді ала кел, сонда мен жағдайың қандай екендігін анықтай аламын, сосын біз диагнозға қатысты жұмысты әрі қарай жалғастыра аламыз.

С. М-м.

К. Мен жұмысты болжамды қарастырудан бастар едім. Сонда кейінірек сенің проблемаңның сипаттамасы қалай анығырақ бола түскенін байқарсың деп ойлаймын.

Осы әңгіменің бірқатар ерекшеліктерін атап кетейік. Кеңес беруші проблеманы анықтайды және бұл оның айтылған сөздерінде нақты көрсетілген: «Менің ойымша, сенің проблемаң мынада…» Кеңес беруші проблеманың шығу көзін таба отырып, диагнозды анықтау жауапкершілігін алатындығын көрсетіп тұр: «Бәрі дұрыс па, мен саған оны айтып отырамын». Ол диагнозды анықтай түсу үшін студент не істеу керек екенін ұсынады және, әрине, түзету жолдарын ұсынады. Кеңес беру процесінде негізгі назар проблемаға, оның себептеріне және емдеу жауапкершілігі — өзінің бірлескен жұмысқа қаншалықты дайын екендігін шешуі. Басқаша айтқанда, процесті басқару толығымен кеңес берушінің қолында тұр.

Жоғарыда келтірілген үзіндіге байланысты осы кітапта берілген көзқарас тұрғысынан бірқатар түсініктемелер беруге болады. Біріншіден, біз кеңес беруші іріктеп алған проблемалар студент үшін шын мәнінде өзекті болып табыла ма, жоқ па – білмейміз. Өкінішке орай, студент кеңес беруші проблемаларды анықтағаннан-ақ, оның осы салада кеңес беру процесі шоғырлануы керек деген пікірін еш ойланбастан қабылдай салған сияқты. Одан да маңыздысы – ол бүкіл процесс барысында тек кеңес беруші ғана диагностика жүргізеді, ал мұның өзі кеңес алушының, одан әрі тәуелділікпен бейімделуіне байланысты, проблемаларын шешуге қабілетсіздігін тереңдеп жіберуі әбден мүмкін.

Кеңес берудің осындай түрі барлық өлшемдеріне байланысты, жоғарыда біз сипаттап кеткенді қоспағанда, ерекше болады. Кеңес беру жағдайында раппорт пен жауапкершілікке байланысты екі жақты келісім болуы тиіс. Алайда берілген тұрғыға байланысты болса, онда сезімдер мен бағдарлардың көрінуіне толық еркіндік жоқ, өйткені мен бағдарлардың көрінуіне толық еркіндік жоқ, өйткені кеңес берушінің сөйлеу мәнері кез келген сезімнің берілуін тежейді. Сонымен қатар кеңес берушінің жауапкершілігіне де, клиенттің өзінің тәуелділік дәрежесіне қатысты да ешқандай нақты шектеулер қойылмаған. Өзінің жекелеген әсер ету рөлін төмендетуден аулақ болса да, кеңес берудің аталған түрі көпшілігіне кеңес берушінің сендіру күшінің басымдылығына сәйкес құрылған.

Директивті және директивті емес әдістердің негізгі сипаттамалары. Осы кеңес беру әдісі мен алдыңғы бөлімде сипатталып кеткен кеңес беру әдістерінің арасындағы айырмашылықтары тек қана теориялық емес. Жоғарыда ескертіліп кеткен Портердің зерттеулерінде директивті және директивті емес әдістерді қолданған кеңес беруші іс-әрекетіне қатысты ойлануға тұрарлық бірқатар мәліметтер ұсынылған. Зерттеушінің салыстырмалы талдауға алған әңгімелерінің саны аса көп емес, бірақ нәтижелерінің тұрақтылығы таңғаларлық. Портер сараптаушылар тобынан әр түрлі критерийлері бойынша фонограммаға жазылған әрбір диалог пен кеңес берушінің айтқандарын

Директивті топтағы кеңес берушілер қолданған тәсілдердіңсипаттамалары

 

Тәсілдердің сипаттамасы

Бір әңгімедегі орташа мөлшер
Директивті топ Директивті емес топ
Кеңес беруші әңгіме оқиғасын диагностикалық терминдер немесе емдік кезеңдер арқылы анықтайды.

Мысал. «Мен сіздің проблемаларыңыздың қандай екендігін білмеймін, бірақ біз оған сынақтардың және тікелей әңгімелесу процестерінің көмегімен біртіндеп жақындауымызға болады».

 

 

 

1,7

 

 

 

0,5

Кеңес беруші тақырыпты береді, бірақ оның әрі қарай дамуын кеңес берушіге қалдырады.

Мысал. «Сіз осы туралы маған толығырақ айтып бере алмайсыз ба?»

 

13,3

 

6,3

Кеңес беруші тақырыпты береді де, оның алдағы дамуын колдау, қолдамау немесе белгілі бір ақпарат ұсынумен шектейді.

Мысал. «Сіз мұнымен қаншалықты ұзақ айналысып келесіз?», «Осында ма әлде үйде ме?», «Ол не қылған курс болып еді?»

 

 

34,1

 

 

4,6

Кеңес беруші проблеманы, қиындықтардың шығу көзін, түзетуді қажет ететін жағдайларды және т.б. сынақ нәтижелерінің түсініктемелер беру немесе бағалау сияқты жолдарымен анықтайды.

Мысал. «Сіздің проблемаларыңыздың бірі өзіңізді басқалармен салыстыру мүмкіндігіңіздің болмауы ғой».

 

 

 

3,7

 

 

 

0,3

Кеңес беруші сынақ нәтижесіне түсініктеме береді, бірақ қиындықтарды анықтау мақсатымен емес және т.б.

Мысал. «Бұл деген колледжге жаңадан келгендердің 32% -ы тапсырма материалын сізге қарағанда жылдам оқып шыққанын көрсете ме?»

 

 

1,2

 

 

0,1

Клиентке қатысты қолдау немесе қолдамау, таңғалу немесе т.б. жеке реакцияларын білдіреді.

Мысал. «Жарайды! Тамаша! Бұл жақсы бастау».

 

2,6

 

0,6

4 Кеңес беруші проблемаға немесе емдеуге байланысты қандай да бір мәліметті береді, талқылайды, түсіндіреді.

Мысал. «Сонымен, мен жалғыз ғана себеп осы деп ойлаймын. Бұл туралы жеткілікті хабары бар кейбір адамдар да дәл ештеңе білмейтін адамдар тәрізді мазасызданады».

 

 

 

20,3

 

 

 

3,9

Кеңес беруші клиенттің іс-әрекетін тікелей өзінің сұрақтары арқылы немесе «не істеу керек» деген клиент сұрағына жауап арқылы бағыттайды.

Мысал. «Менің ойымша, сізге бұл жұмысты тастап, барлық күш жігеріңізді мектептегі сабағыңызға бағыттау керек сияқты».

 

 

10,0

 

 

1,3

Кеңес беруші өзінің барлығына «жақтау» немесе «қарсы болу» сияқты жеке ойын білдіре отырып, дәлелдерді бағалау және ретке келтіру арқылы белгілі бір шешімнің қабылдауына әсер етеді.

Мысал. «Жақсы, бәрі сенің өзіңе байланысты, бірақ мен ең болмағанда тырысып көрер едім».

 

 

5,2

 

 

0,3

Кеңес беруші клиентті сендіруге тырысады.

Мысал. «Сіз қазір үлкен қиындықтармен кездесуіңіз мүмкін, бірақ олардан шошымаңыз. Сіз жеңесіз?».

 

0,9

 

0,2

Директивті емес топтағы кеңес берушілер қолданған тәсілдердіңсипаттамалары

Тәсілдердің сипаттамасы Бір әңгімедегі орташа мөлшер
Директивті топ Директивті емес топ
Кеңес беруші әңгіме жағдайын клиенттің әңгімені дамыту, мәселені шешу және т.б. бағытындағы жауапкершілік терминдерімен анықтайды.

Мысал. «Ал кейде адамдар өздерінің проблемаларын тағы біреумен бірлесе талқылай отырып, ол туралы әлдеқайда жақсы түсініктер алатындығын байқатады».

 

 

 

0,5

 

 

 

1,9

Кеңес беруші өзінің жауабы арқылы, сол уақытта клиенттің айтқан сезімдері мен бағдарларын қабылдағандығын көрсетеді.

Мысал. «Және бұл өзіңді біршама кемсітіп сезінуге мәжбүр ете ме?»

 

 

1,2

 

 

10,3

Кеңес беруші өзінің жауаптарына түсініктеме береді және сөзбен айтылмаған сезімдер мен бағдарларды қабылдағандығын көрсетеді.

Мысал. «Бәлкім, бүгін сіздің таңертең келгіңіз келмеген шығар?»

 

 

0,7

 

 

9,3

Екі топқа да ортақ тәсілдердің сипаттамасы

 

Тәсілдердің сипаттамасы

Бір әңгімедегі орташа мөлшер
Директивті топ Директивті емес топ
Кеңес беруші клиентті таңдау жасауға және әңгіменің тақырыбын дамытуға ықпал жасайтын нұсқаулар береді.

Мысал. «Сіз бүгін таңертең не туралы ойладыңыз?»

 

 

0,6

 

 

0,6

Кеңес беруші субъективті мазмұнды түсінуге бағытталатындай етіп жауап береді.

Мысал. «Және осы сынақ бейсенбіде болады».

 

6,1

 

6,0

Кеңес беруші шешім қабылдау клиенттің өзіне байланысты екендігіне меңзейді.

Мысал. «Бұл сізге байланысты».

 

0,4

 

0,6

Кеңес беруші шешімді қабылдап, қолдайтындығын көрсетеді.

Мысал. «Осы жерде сіз дұрыс айтсаңыз деп ойлаймын».

 

0,8

 

0,6

жүйелеп топтастыруды өтінген. Барлығы 19 әңгіме. Сонымен қатар ол сарапшылардың әрбір әңгімені директивті дәрежесіне қарай бағалап отыруын сұраған. Сонда сарапшылар үшін мынандай нұсқау берілді: «ІІ бағасы бағыт-бағдар толығымен кеңес беруші өзі берген әңгімеге сәйкес келеді, ал І бағасы – кеңес беруші тура немесе жанама түрде әңгімені бағыттау жауапкершілігінен бас тартып және соның нәтижесінде клиент амалсыздан жауапкершілікті өзі қабылдауға тура келген әңгімеге сәйкес келеді. Сіздер кеңес берушінің әңгіме дамуын бағыттауды қаншалықты жақсы іске асырғандығын бағаламауларыңыз керек. Әңгімені тек оның директивті немесе директивті емес дәрежесіне байланысты бағалаңыздар».

Бағалау кезеңі аяқталып, көбірек директивті әңгіме азырақ директивті әңгімемен салыстырылып болғаннан кейін, мінез-құлық модельдерінің арасындағы айқын айырмашылықтары алынды. Портердің мәліметтерін алып және оның деректерінің кейбіреулерін топтастыра отырып, біз осы айырмашылықтарды көрсетіп кестені шығардық. Портердің мәліметтері бойынша 19 әңгіменің 9-ы директивтік дәрежесіне байланысты 11 балдық жүйе бойынша 1,5-тен 5,6-ға дейінгі балл беріліп, ал орташа есеппен алғандағы көрсеткіші 3,3 болып, өте төмен бағаланды. Қалған 10 әңгіме бірауыздан директивті әңгімелер тобына жатқызылды, бұларға 9,3-тен 10,8 дейінгі балл беріліп, орта есеппен алғандағы мәні 10,2 болды. Директивтік көрсеткіші төмен болған топтарда 5 кеңес беруші, ал директивтілігі басым болған топтарда 6 кеңес беруші жұмыс жасаған, сондықтан да қандай да бір кеңес берушінің тәжірибелік ерекшеліктерінің сипаттамасы кеңес беру нәтижелеріне әсер етпеді. Әрбір топта жаңадан келген кеңес берушілердің де, тәжірибелі кеңес берушілердің де әңгімелері ұсынылды. Әңгімелер терпияның әр сатысынан, яғни алғашқы, орта және қорытынды сатыларынан іріктеліп алынған. Екі топ та осы жағынан шамамен тең болады. Ал енді біз сөйлеудің белгілі бір түрі немесе тең болады. Ал енді біз сөйлеудің белгілі бір түрі немесе кеңес берушінің стилі осы немесе басқа топ үшін айрықша бола ма дегенді қарастыратын болсақ, онда кәдімгідей ерекшеліктерді байқаймыз. Бізде директивті сөйлеудің жиі қолданылған он бір түлі жазылған, үш түрі директивті емес топта, ал төрт түрі – екі топ үшін де шамамен бірдей дәрежеде.

Осыдан алынған нәтижелер жоғарыдағы кестелерде көрсетілген (2-4-кестелер). Жалпы зерттеу әңгіме барысында кеңес берушінің рөлін қарастырумен шектелетіндігін ескеру керек. Бұл жерде клиенттің жауаптары топтастырылмаған. Кестеде сипатталған мәліметтер категориялары Портер және оның эксперттері қолданған түрінде берілген. Әрбір бөлімде эксперттер анықтамаларды нақтылау үшін қолданылған қысқаша мысалдар келтірілген. Оң жақтағы бағанада директивті немесе директивті емес топтардағы кеңес берушінің әңгіме барысындағы ой-пікірлерінің айтылу түріне байланысты жалпы саны көрсетілген.

Осы үш кестенің талдауы екі психотерапевттік әдістің арасындағы бірқатар маңызды айырмашылықтарды көрсетеді. Біріншіден, директивті стильді ұсынатын кеңес берушілер кеңес беру жағдайында белсенділік көрсетеді – олар көбірек сөйлейді. Директивті әңгімеде орта есеппен алғанда әңгіме барысында кездесетін жүзге жуық әр түрлі жауап категорияларын, ал директивті емес әңгімеде қырық тоғыз категорияны іріктеуге болады. Осыған сәйкес директивті әңгімеде клиент әлдеқайда аз сөйлейді. Осы әңгімедегі сөздерді санағанда. Портер бір оқиғада клиент кеңес берушіге қарағанда жеті есе көп сөйлейтіндігін, ал басқасында кеңес беруші клиентке қарағанда төрт есе көп сөйлейтіндігін байқаған, яғни бұл «сөз қыстыруға ұмтылу» деген статистикалық дәлелді мысал. Егер біз кеңес берушілердің осы екі түрін салыстырсақ, онда екінші кеңес беруші біріншісіне қарағанда жиырма бес есе көп сөйлеген болып табылады.

Кеңес беруші мен кеңес алушының сөз мөлшерлерін салыстыру мен директивті дәрежелерін салыстыру арасында анық әрі нақты өзара байланыс байқалады. Он директивті әңгімелерде орташа есеппен алғанда кеңес беруші клиентке қарағанда үш есе көп сөйлеген, ал тоғыз директивті емес әңгімелерде кеңес беруші клиенттің сөйлегенінің жартысынан азын сөйлеген, ал тоғыз директивті емес әңгімелерде кеңес беруші клиенттің сөйлегенінің жартысынан азын сөйлеген. Осы екі салыстырудың нәтижесінде мынаны байқауға болады: директивті емес тәсілді ұстанатындарға қарағанда орта есеп бойынша алты есе көп сөз қолданғандығы зерттеу барысында байқалатын үлкен айырмашылықтардың бірі болып табылады. Осы директивті емес кеңес беруде клиент «өзінің проблемаларын айту үшін келетіндігі» туралы фактіге сенімділік тудырады. Директивтік кеңес беруде кеңес беруші клиентпен әңгімелеседі. Көрсетілген кестелердің негізінде біз – спецификалық сұрақтарды қолдану, сынақ нәтижелеріне түсінік беру, түзетуді қажет ететін проблемаларға нұсқау жасау, клиентті сендіру сияқты тәсілдердің төңірегіне жинақталуға сәйкес келетін тәсіл директивті емес тәсілден гөрі директивті әдіске көбірек тән деген қорытындыға келеміз. Ал клиенттің сөз жүзіндегі немесе сөзсіз көрінетін сезімдері мен бағдарларын айыра білу және түсініктеме беру сияқты тәсілдері директивті емес топты құрушы тәсілдер болып табылады. Осы жерде қайтадан түпкілікті айырмашылықтар көрінеді – директивті топта кеңес беруші әңгіменің өрістеу барысын басқара отырып, қажыр-қайратын клиентті таңдаған мақсатқа қарай жылжуға мәжбүрлейтін тәсілдерге жұмсайды; ал директивті емес топта – бар көңіл клиенттің өз дәлелдері мен сезімдерінің ізімен инсайттың және өзін түсінуінің тереңдеуіне, оларды байыптауына талаптандыратын тәсілдерге аударылады.

2,3,4-кестелердегі салыстырмалы талдаудың мәліметтері директивті кеңес берушілер әңгіме барысында өте жоғары дәрежедегі белсенділік көрсетеді деген фактіге байланысты біршама көмескіленгендіктен, біз сол материалды 5-кестеде біршама басқаша етіп ұсынуға тырыстық. Екі топта да жиі кездесетін кеңес беру тәсілдерінің қолданылу жиілігінің кему реті бойынша параллеьдігі түрде салыстырып көрейік. Әрбір топта кеңірек қолданылған тәсілдердің тек жетеуі ғана ұсынылған, ал қалғандары өте сирек қолданылады. Бұл кестедегі тәсілдердің атауы алдыңғы кестелердегі ресми атауларымен салыстырғанда аздап өзгертілген. Әрбір тәсілдің сипаттамасынан кейін әңгіме жақшаға алынып көрсетілген.

Әңгіменің жиі кездесетін тәсілдері(жиіліктің азаюы ретімен)

Директивті кеңес берушілер тобы

 

Директивті емес кеңес

берушілер тобы

1. Арнасы тар сұрақтар қойылады және жауабы «иә» немес «жоқ» сөздерімен шектеледі немесе қандай да бір белгілі ақпарат беріледі. (34,1) 1. Қазір ғана клинт көрсеткен сезімдер мен қарым-қатынастарды мойындайды, оны қандай да бір тәсілдер арқылы білдіреді. (10,3)
2. Түсіндіреді, талқылайды немесе себепке байланысты мәлімет береді. (20,3) 2. Ерекше әрекеттерде, мінез-құлықта немесе жоғарыда айтылған пікірлерде көрінетін сезімдер мен қарым-қатынастарды мойындайды немесе түсінік береді. (9,3)
3. Әңгіменің тақырыбын береді, бірақ оның алдағы дамуын клиентке ұсынады. (1,3) 3. Әңгіменің тақырыбын береді, бірақ оның алдағы дамуын клиентке ұсынады. (6,3)
4. Клиенттің белсенділігін ынталанды-рады. (9,4) 4. Клиенттің қазір айтқандарының мазмұнының мағынасын мойындайды. (6,0)
5. Клиенттің қазір айтқандарының мазмұнының мағынасын мойындайды. (6,1) 5. Арнасы тар сұрақтар қойылады және жауабы «иә» немесе «жоқ» сөздерімен шектеледі немесе қандайда да бір белгілі ақпарат беріледі. (4,6)
6. Фактілерді реттестіреді және клиентті ұсынылған әрекетін істеуге сендіреді. (5,3) 6. Түсіндіреді, талқылайды және проблемаға немесе емдеуге қатысты мәліметтер береді. (3,9)
7. Түзетуді қажет ететін проблеманы немесе жағдайды көрсетеді. (3,7) 7. Әңгіме жағдайын клиенттің қолдану жауапкершілігі тұрғысынан анықтайды. (1,9)

Бесінші кесте бізге аз әңгімені қарастыруға негізделген эксперименттік қорытындыларды алуға мүмкіндік береді, дегенмен толығымен үнтаспаға жазылып алғандықтан, олардың құндылығы өсе түсетінін ескеру керек. Директивті кеңес беру түрі көбінесе мағынасы тар сұрақтармен сипатталады және жобалы түрде бұл сұрақтарға нақты жауаптар бар екендігін болжамайтынын айта кету керек. Сондай-ақ кеңес беруші клиентке түсіндірме немесе мәлімет ұсынатындығымен де сипатталады. Бұл екі тәсіл осы сияқты терапевттік әңгімелердегі кеңес берушінің белсенділігінің басым бөлігін құрайды. Соңында кеңес беруші клиентке белгілі бір тақырыпқа байланысты өз пікірін айту мүмкіндігін береді және кеңес берушінің пікіріне түзетуді қажет ететін проблемалар мен жағдайларды нұсқайды. Ол клиенттің айтқандарының ішінен маңызды деген мезеттерді анықтайды. Клиентке нақты әрекеттерді орындауды ұсына отырып, белгілі бір өзгерістерге жетуге тырысады, яғни берілген әректтердің орындалуын қадағалау арқылы клиентке өзінің жеке ой-пікірін білдіре отырып, сол арқылы қысым жасайды.

Директивті емес кеңес беру түрі клиенттің белсенділік сипатына ие, клиент әңгіме барысында көбінесе өзінің проблемаларын талқылай отырып сөйлейді. Кеңес берушінің негізгі жұмыс тәсілдері клиенттің өз сезімдерін, бағдарларын неғұрлым саналы түрде сезіну мен сезімдерін, бағдарларын неғұрлым саналы түрде сезіну мен түсінуге және оны осы тұрғыда әңгімеге тартуға бағытталған. Кеңес берушінің іс-әрекетінің жартысы демек осы категорияларға жатады. Кейін кеңес беруші осы мақсатқа клиенттің айтқандарының мағынасын анықтау және қайталау жолымен жете алады. Кеңес беруші осы немесе басқа проблемаға байланысты клиенттің өз сезімдерін көрсетуіне мүмкіндіктерді жиі береді. Таза ақпараттық сипаты бар сұрақтарды сирегірек қояды. Кейде кеңес беруші клиентжағдайын талқылайды немесе мәлімет береді. Мен бұл жағдайда ситуацияның қайта бағдар алуы іске асырылады — әңгіме және жалпы алғанда қатынас клиент төңірегінде құрылады, оның жеке дамуы үшін қолданылады дер едім.

Директивті емес кеңес берудің бағдарламасы. Қазір ғана келтірілген ереже тұжырымдамаларын әңгіме өткізуге нұсқау ретінде Вестерн Электрик Компаниясының кеңес берушілері үшін бекітілген ережелермен салыстыру аса қызықты.

Ережелер мынадай:

  1. Кеңес беруші сөйлеп отырған адамды ықыласпен және төзімділікпен тыңдап, бірақ сонымен қатар қандай да сын көзбен қарауы тиіс.
  2. Кеңес беруші қандай да болмасын өктемдік көрсетпеуі тиіс.
  3. Кеңес беруші ешқандай моральды тұрғыдағы ескертулер жасамауы және кеңес бермеуі керек.
  4. Кеңес беруші сөйлеп отырған адаммен сөз таластырмауы керек.
  5. Кеңес беруші тек белгілі бір жағдайларда ғана:

а) адамға өз ойын айтып жеткізуге көмектесу үшін;

б) сөйлеушінің әңгімелесіп отырған адаммен қарым-қатынасына әсер ететін қорқыныш немесе мазасыздану сезімдерінен арылту үшін;

в) сөйлесушінің өз ойын және сезімдерін анық әрі нақты жеткізгендігін мақтау үшін;

г) әңгімені қалып кеткен немесе клиенттің айтпай кеткен жерлеріне бағыттау үшін;

д) егер қажет болса, әңгіменің түсініксіз жерлерін талқылау үшін сөйлеуі немесе сұрақ қоюы керек.

Бұл ережелерде кеңес беру, үгіттеу және пікірталастың жоқтығына назар аударылады және осының бәрі әңгіме уақыты тек клиентке тиесілі деген ой төңірегіне шоғырланады, осы арқылы клиентке еркін сөйлеуге мүмкіндік беріледі, ал бұл жалпы алғанда директивті емес тәсілдерге толығымен сәйкес және директивті типтің тәсілдеріне қарама-қарсы келеді.

Кейбір практикалық қорытындылар. Біреулерге автор өзінің кеңес берушілер мен терапевттердің директивті үлгідегі жұмыстарының басты әрі айрықша ерекшеліктерін көрсетуге ұмтылуы шектен тыс тиянақтылық болып көрінуі мүмкін. Біздің осы сұраққа барынша түсінік беруге ұмтылуымыздың себебі қандай да болмасын кеңес берушінің әдетте өзін және өзінің жұмыс істеу үлгісін көбінесе директивті емес деп санауымен байланысты болып тұр. Кеңес берушілердің директивті шкала бойынша жоғары балл алғандарының көпшілігі сұхбаттасу барысында – мақсат таңдау, клиент не істеу керек екендігі туралы кеңес береді және оларды осы нұсқауларды орындауға көндіргендеріне сенбейді. Осыған сәйкес кеңес берудің барлық түрлері негізінен ұқсас, ал тәсілдері мен техникаларының айырмашылықтары тым аз мөлшерде деп болжамдауға болады. Бірақ Портердің зерттеулері мүлдем бұлай емес екендігін көрнекі түрде дәлелдеді. Біздің түсінігімізде психотерапияның прогресі шындығында ешқандай негізсіз ой-пікірдің үйлесімдігіне ұмтылумен емес, терапевттік тәсілдердің арасында болатын қағидалы айырмашылықтарды мойындауымызбен қамтамасыз етіледі.

Егер оқырман біз келтіріп кеткен фактілерді анықтай түскісі келсе, онда қандай да болмасын берілген әңгімені талдап шығуына болады. Егер ол жазылғандарды жай ғана қайталап оқып шықса, онда төменде келтірілген ой-пікірлерінің беруінің әділетті екендігіне көзі жетеді: 1. Әңгіменің жалпы бағыты мен негізгі ойын түсіну үшін кеңес берушінің айтқандарымен бір танысып шығудың өзі жеткілікті. Егер осы пікір дұрыс болса, онда әңгіме әбден директивті болып табылады. 2. Клиенттің айтқандарын оқып шығу арқылы барлық әңгіменің айтарлықтай парапар сипатын алуға болады. Егер осылай болса, онда кеңес беру үлгісі мүмкін директивті емес болып саналады. 3. Кездесіп келетін пікірлерді оқу тек жаңылысудан басқа ештеңе бермейді, ал клиент немесе кеңес берушінің айтқандары қалай болғанда да әңгіменің мәні туралы өте аз мәлімет береді. Ал бұл әңгіме директивті немесе директивті емес үлгілерінің ортасындағы белгісіз бір нәрсені беретінін көрсетеді.