Психологиялық кеңес беру – бірегей іс-әрекет ретінде

Клиент көмекті қажет ете ме? Клиент берушіні толғандыруға тиісті тағы бір сұрақ индивидтің көмек алғысы келе ме?» түрінде айтылады: Егер клиент өзіне көмекті қажет етсе және осы фактіні саналы мойындаса, басқа жағдайлар бірдей болғанда, кеңес беруді табыстылықтың мүмкіндігі неғұрлым жоғарылайды. Егер көмекті аса қатты қажет етсе, клиент кеңес берушің мәнді мәліметін тез ұғынады, егер кенес беруші клиентті мұқият тыңдай алса және оның сезімге толы тасқынды сөздерін бөлмесе, онда емдеуде жетістіктерге өте тез жетуге болады. Бұл түйінді кейбір жағдайлармен нақтылау үшін индивид осыған өз талпынысын саналы түрде ұғынып, клиенттің қолдау алуды қажетсінуі аса күшті көрінетін мысал келтірейік. Колледж студенті Пол алдын ала келіспей-ақ кеңес берушіге келген. Ол қатты күйзеліс үстінде екенін, өзін зорығу жағдайында сезінетін айналадағылармен толық байланысқа түсе алмайтынын, қолы терлейтінін және т.б. айтты. Сеанс келесі күнге белгіленді. Біздің алдымызда оның кеңес берушімен бірінші сұхбаттасуында жазып алынған үзінді.

/\. Сонымеи, кеше шын мәнде сенен әңгіме басталмас бұрын, мен сені қайтарып жібердім. Енді бізде бәрін тәптіштеп айтуға уақыт жеткілікті. Сен маған ойыңда не бар екенін айтқың келе ме?

С. Иә, мен сізге нені сезінетінімді айттым ғой, енді кез келген нәрседен қатты ширығамын — енді мен кез келген мәселеге қобалжимын, қайда болмасам да мен енді — егер қандай сұрақ болмасын, мейлі тіпті мәнсіз болсын, ол мені қорқытады және мен, сізге айтқандай, ол сұраққа төзбеймін, маған ол жақпайды, мен шын мәнінде қажетті шара іздестіруім керек, өйткені менің қызметім бекерге зая кетеді. Мен әкемнің қаражаты есебінен өмір сүре алмаймыи. К. Сен шынында да, көбінс осы сенің колледждегі үлгеріміңе әсер етеді деп ойлайсын ба?

С. Сұмдық, о, сұмдық. Мен кейбір пәндерден нашар оқитын болдым, егер мұндай күйде болмасам, ешқашан бұлай болмас еді, оған мен сенімдімін және мен сондай күйзелістемін, менде басқа күш-қуат жоқ. (Үзіліс.) Мысалы, мен тақта алдында тұра алмадым, мен сізге айттым ғой, мен тақтаға шығып өзім өте жақсы білетінімді айта алмадым, мені шақырған уақытта мен сондай қобалжимын, асықпай байсалды ойлана алмаймын және мұның бәрі, меніңше, барлық шектен шығып барады, — бүл күйзеліс. К. Қалайша?

С. Мен енді айттым ғой, мен тіпті мейрамханада ширығуды сезінемін, ол жат әдет болып көрінеді, бірақ мен — м-м — бұл мәселе қалай болса да менің алдымнан шығып отырады. (Үзіліс.)

К. Енді қажетті шараларға кірісу керек, шегіне жеттім деп ойлайсың ба?

С. Ия, міндетті түрде анық. Бұл жалғасып жатыр, меіі айтар едім — мен есіме түсіре аламын, мен он екі жастамын, бірінші рет мені өзім жазған шығарманы оқуға шақырды. Мен өзім

жазғанымды кәдімгідей мақтап тұттым, бірақ сынып алдына шыққанда, бір себептен менің қолым дірілдей бастады, мағам отыруға тура келді. Басқасын айтпағанда, мен өте қорландым.

К. Сеп өзіңді өте қорланғандай сезіпдің бе?

С. Өте.

К. Сен оны қалапй сезхіндің?

С. Мен өзімді дені сау емес адам деп санадым, кім болса. сол мұны істей алады тек мен емес.

Егер индивид осы үзіндідегідей үлкен күйзелісте болса, ол өзінің жағдайын айуға кабілетті және көмекті де аңсаса, сөз жоқ, бұл кеңес беру процесі үшін жоғары дәрежедегі сәтті басталу болып табылады. Бірақ әр түрлі терапевттік жағдайлардың талдауы, түрлі жағлайларды есептегенде, психотерапия, клиенттің көмек алуға саналы тілегі болмаса да, табысты болуы мүмкін екенін нақты көрсетеді. Джим кішкепе бала, екінші тарауда ол туралы айтылған, әкесінің саз балшықтан жасалған бейнесін ұрып-соққанда жеңілдік алғап, ол сірә өзінің қолдауга мұқтаждығы мен көмекті қажетсіпетінін саналы түсінбеген, оған көмектесіп жатқанына да есеп берміген. Оның жағдайы он сегіз жастағы қыздың жағдайымен ұқсас, анасы қызын клиникаға алып келген, өйткені ол қызының куйеуге шығу туралы жоспарларын бақылап отырғысы келді. Бұл қыз көмекке ешқандай мұқтажбын деп сезінбеген, бірақ емдеуді жалғастыру барысында көмекті дұрыс қабылдай алды. Соңында мүлдем тәуелсіз түрде өзі — оның болашақ үйлену тойы шын мәнінде ұзақ бірге өмір сүруге талпыныс емес, ата-анасына көрсеткен қоқан-лоқы ғана деп шешті. Сол сияқты кеңес алуға басқа біреулер көндірген пациенттермеи жүргізілгеп жұмыстардан да мысалдар келтіруге болады. Олар бастапқыда қарсылық керсеткенімен бәрібір көмекті қабылдағаи. Сірә, бізге адамның көмекті қабылдауына мүмкіндік беретін ситуацияларды өте муқият талдау керек шығар.

Клиенттің кейбір қақтығыс немесе күйзелісті басынан өткеруде екеніп біле отырып, кецес беру ситуацияларын дұрыс пайдаламуға мүмкіндік беретін тағы екі факторды айта кетуіміз керек. Біріншіден, әңгіме жүргізудің физикалық мүмкіндігі болуы керек. Мұндай пікір артық көрінуі мүмкін, дегенмен де шын мәнінде ол кейбір ойластыруды қажет етеді. Көбінесе клиентті кеңес алуға еріксі

мәжбүрлегенде (әрине, кеңес бсрушінің өзі емес), осындай Ситуацияда болғанының өзі терапевттік процестің бастауы болып табылады. Мысалы, емдеу мекемесіне немесе интернатқа орналасқан бала емдеуден сәтті өтеді, өзін және өз проблемасын жете ұғынады, ал егер) ол осындай сиянстар қажет пе деп, ерікті түрде таңдапса ондай жетісктік болмас еді. (Осы тәрізді жағдайларда кеңес беру көптеген сұрақтарды тудырады, олар келісі тарауда қарастырылады мысалы кеңес беруші мен беделді адам рөлін шатастыру қаупі.)

Бірақ кеңес беруде бір ғана физикалық мүмкіндіктің орындалуы жеткіліксіз. Клиент проблеманы тудырған қайшылықтары талпыныстары туралы қалай да болса айтып беруге қабілетті болуы керек. Ол мұны ойын арқылы немесе басқа түрдегі шартты белгілермен жасауы мүмкін, бірақ психотерапия проблеманы тудырған, терапевттік әрекетке қалай болса да кірістірілмеген күштердің алдында дәрменсіз. Индивид өз сезімін айта біле ме, жоқ па — бұл сұрақ кеңес берушінің қолайлы терапиялық атмосфераны жасауға қабілеттілігі, сол сияқты клиенттің қабілеттеріне байланысты болады. Әрбір нақты жағдайда, кецес берудің қажеттілігі туралы шешім қабылдағанда бұл фактор назарда болуы қажет.

Он екі жастағы Саллимен жүргізілген бірінші сеанс кеңес алуға көндірген жағдайда үнемі орын алатын кейбір қиындықтар мен мүмкіндіктерді көрсетті. Саллидің анасы (онымен келесі тарауда кездесеміз) қызып клиникаға өзі әкелді, ол, ақыл-ой деңгейінің жоғарылығына қарамастан, мектепте нашар оқыған және бұған қоса үйдегі, әсіресе әпкесі екеуінің арасындағы, қақтығыстың тұрақты себепкері болған. Салли ата-анасының және басқалардың кез келген әрекетіне ашумен жауап қайтарған, сонымен өзінің жеке әлемінде өмір сүрді. Ол клиникаға келуде де қарсылық танытқан. Бірақ оның бұл бағдары асыра сілтеушілік болып шықты және бірнеше айдан кейін бәрі де сеансты бастауға дайыи болды. Салли бір кеңесшімен, ал оның анасы басқамен жұмыс жасай бастады. Енді кеңесшінің бірінші емдеу сұхбатының бірінші бөлімінің есебін ұсынамыз.

Біз жайғасқаннан кейін, мен: «Сендер бүгін осында келе жатқанда қатты тайғақ болды ғой деймін. Жол өте сырғанақ шығар?» — дедім. Ешқандай жауап жок,. Сен В-да тұрасың, солай ма? «Иә» дегендей күбірлейді. Ол орындықта аяқтарын айқастьіра салып отыр, аузын жымқырып алған, уақыттың көбінде менің кезқарасымнан қашпай, маған қараумен болды. Кішкене үзілістен кейін мен: «Мүмкін, пе үшін осында екенін аған қызықты шығар, мүмкін, сен мұнда болғың да келмейтін шығар?» — дедім. Ешқандай жауап жоқ. Осы бірнші ескертуден кейін мен тағы бірнеше сөйлемдерді айттым, оның отбасы, өзі туралы ештеңе білмейтінімді, оның апасы оған бақытты болу үшін көмек қажет және өз қабілеттеріне сәйкес оның үлкен табыстарға жететініне сенімді екенін айттым. Ешқандай жауап жоқ.

Мен жалғастыра бердім: «Мен неліктен екенін білмеймін, бірақ кебінесе біз өз мәселемізді басқа біреумен бөліссек, онда оларды жақсы уғынуға комектесіп, жақсы көңіл-күйде болуымыз мүмкін. Сонымен бірге саған не істеу керек және сенің нені ойлауың немесе сезінуің керектігін нұсқағым келмейді, менің оған құқығым да жоқ». Салли күбірледі: «Сіз не айтқыңыз келді?»

Мен жалғастырдым: «Әрине, көп адамдар бізбен әңгімелесуге келгенде, оны өз еріктерімен жасайтыны өзінен-өзі белгілі, егер оларды бір нәрсе мазаласа, олар өздеріне біреудің кемегін қажет деп сезінеді. Сен өзіңді мшкене басқаша сезіне аласың, өйткені бұны сенің анан шешті. Осында келуді ол дұрыс шешім деп санады. Бірақ біреумен әңгімелесу, өз ойын анықтауға және басқалармен, Тіпті өзіне де қарым-қатынасын жақсартуға кемектесуге мүмкін ғой. Кейде біз ішкі қолайсыздықты аса күшті сезінеміз. Менің жалғыз ғана мақсатым — сен не айту керек деп ойласаң да, бәрін тыңдауым мүмкін, соның арқасында саған толық бақытты болуыңа көмектесуге болады».

Бұл сөздерді мен үзбей, бірден айтқан жоқпын, бір ой екіншісінен үзіліспен жүріп отырды. Сонымен қатар мен қатал емес, достық пейілді болып көрінуге тырыстым. Ол уақытының көбін маған тапжылмай қарап, мойнына тағылған жүрек түріндегі алтын алқасын тістелеп немесе шашын түртпектеумен өткізді.

Үзілістен кейін мен жалғастырдым: «Сен адаммен сөйлесу өте қиын — не сезініп түрганыңды сөзбен жеткізу қиын деп санайсың ба?» Ешқандай жауап жоқ. Кезекті үзілістен кейін мен: «Дәл қазір, сен туралы мен ең негізгіні — сенің өзің, отбасың жайлы еш нәрсе білмеймін. Сенің апа-сіңлілерің бар ма?» — дедім

Салли осы және басқа да ұқсас сұрақтарға аз мәліметті, сыпайы жауаптар берді. Осы сияқты ұзаққа созылмаған сүхбаттан кейін кезекті үзіліс болды. (Жазылған таспаның жалғасы.)

Содан кейін мен: «Сен езіңнің жаныңа жақын бір нәрсе туралы — сенің отбасың, мектеп немесе тағы басқа бірдеңе туралы әңгімелескің келе ме?» — дедім. «Сіз не айтқыңыз келеді?» Менің келесі пікірім адамдардың өздерін жақсы сезінуі үшін жай ғана оған нені жасау керек, нені жасамау керек деп еш нәрсе нұсқамайтын адаммен сөйлесу арқылы соны қалай істеу туралы болды. Және: «Бұл қалай көмектесетінін саған түсіну кішкене қиындау», — деп қостым. Ол: «Мүмкін, бұл кейбіреулеріне көмектесетін шығар, бірақ мен ойламаймын…» — деді. Содан кейін бірдеңе деп оған бұл анық көмектеспейтіні туралы кубірлегендей болды. Сенің ойыңша, бұл біреуге көмектесуі мүмкін бірақ саған ешқандай пайда әкелмейді ғой, шамасы». Ешқандай жауап жоқ. Екеуміз жай үндемей отырған (мүмкін, 45-60 секунд) біраз үзілістен соң мен: «Сіздер, қыздар, үйде бір-бірімізбен жақсы қарым-қатынастасыздар ма? Сенің апке-сіңлілеріңнің аты кім?» — дедім.

Қысқаша сұрақтар мен жауаптардың кезеңі басталды. Салли отбасындағы әрбір адамның атын атап, отбасындағы ұрыс-керіс туралы фразаны аяғына дсйін айтты, бұл осы әңгімелесу кезіндегі толығымен айтылган бірінші фраза. Ондаған сұрақтармен бірнеше сұрақтарға мардымсыз жауаптарынан кейін тағы да үнсіздік басталды. (Жазбадан тағы да үзінді.)

Біраз үнсіздіктен кейіп мен тағы да айттым: «Мен айтып кеткендей, кейде бұл әңгімелесулер көп көмектеседі, көптеген .адамдар өздері қажетсінгендіктен келеді. Студенттер кейде өздері қалағандай жақсы оқи алмағандықтан келеді. Бірақ сен мүмкін өз келісіміңмен емес, анаңның қалауымен келдің ғой». Ешқандай жауап жоқ.

Мен жалғастырдым: «Егер сен өзіңнің осында келуіңе қатысты сезімінді айта алсаң… ол ешкімді де қызықтырмауы мүмкін — сен не ойласаң, соны түгел айтуыңа болады. Бұл менің саған деген қатынасымды өзгертпейді, менің мақсатым біреу ғана — ол саған көмектесу». Қысқа үнсіздік. «Сен келгендегі өз сезіміңді қандай сөздермен жеткізер едің?» Салли: «.Менің келгім келмеді — келмес те едім» — деді. Ол үзіліс жасағанда, мен басымды изедім де: бұл өте дұрыс -оны күтуге болар еді дедім — осында келу оның өз шешімі емес қой. Ол сыпайы ғана: «Мен шынымен келгім келмеді, бірақ мен келдім», — деді. «Бірақ сен түсінесің ғой, бұл сенің шешімің емес». Ешқандай жауап жоқ. Мен біраз үнсіздіктен кейін сұрадым: «Сен жиі ойланатын және сол туралы айтқым келетін: не проблема немесе басқа нәрсе бар ма?» — «Мен тек қана бір нәрсені көп ойлаймын -мектептегі алатын бағаларым туралы». Мен басымды изедім де, айттым: «Олар сені кейде мазалайды». — «Иә, мен тағы да қайтадан төменгі сыныптарда болсам, ол қалай болар еді деп ойлаймын». — «Саған бұл онша жаксы болмайтын сияқты ғой?» Үзіліс. Мен оған тағы да бір сұрақ қойдым, өйткені мен оны дұрыс түсінбедім бе деп ойладым: «Осындай бұрын болып па еді әлде немесе енді бола ма?» — «Ол болуы мүмкін, бірақ мен болмайды деп ойлаймын. Менің 3 және 4 деген бағаларым бар, келесі сыныпқа көшемін деп оилаймын. Мен тек екіліктер үшін ғана мазасызданамын. Бірақ мен бұндай баға аламын деп ойламаймын».

Осы кезден бастап Салли өзін-өзі еркін сезіне бастады, өз бағалары туралы айтты, мектепті жақсы көрмейтінін, өзінін жеке жоспары туралы, үй шаруасымен айналысатын әйел болғысы келетінін айтты. Бұл фрагмент тіпті қатты қарсыласатын индивидтің де, күресуге қажет болған ситуацияда, бірте-бірте көмек алу процесіне ене алатынын көрсетті. Салли өзінің келуіне байланысты теріс көзқарасы туралы айта бастағанда, кенеттен осы сезімді кеңес берушінің де солай түсінетінін байқағанда, осындай шеберлікпен жасалған контактіден күрт өзгерістің болуы жайдан-жай емес шығар. Тағы да айтып кететін жағдай екінші сеанста ол тағы да қарсыласа бастады. Және сеанстың көп бөлімінде әңгімелесуге құлқының жоқтығын көрсетті, бірақ кеңес беруші тағы да сол әдісті қолданып, оны дұрысырақ қатынасқа қайта әкелді.

Көмек алуға деген ұғынықты қажеттіліктің маңызы зор болса да, кеңес беруде, көмекке өте күшті қарсылық жағдайында да, егер әңгімелесу мүмкіндігі болса және клиенттің қалай да болса өз қайшылықтарын айтуға қабілеті болса, онда жеңіске жету мүмкін екендігін Саллимен болған мысал дәлелдейді.

Ересек тәуелсіз адаммен жұмыс жасағанда қатынас құру мүмкіндігі шын мағынада көмекті қажетсінуіне байланысты. Көрсетілген ескерту Смиттің әлеуметтік жұмыс колледжінде екі зерттеумен бекітіледі. Екі балалар клиникасындағы жағдайларды талдау ата-аналар балаларын клиникаға мектеп немесе сот адамдарының айтуымен еріксіз жатқызған жағдайда, емдеудегі прогресс жоғары болмайтынын көрсетеді. Ал егер ата-аналар өз балаларына көмектескісі келсе немесе олар баласы да, өздері де қалауымен емдеуден өткісі келсе, онда емдеу өте жоғары дәрежеде өтеді. Осындай ата-ана бағдарларын бірінші әңгімеде-ақ анықтауға болады.

Жеке тұлға отбасы бақылауында ма? Кеңесшінің терапевтік жұмысты жоспарлағанда тағы бір, әсіресе жасөспірім немесе баламен жұмыс істегенде назар аударатын сәті — ол клиенттің отбасымен қарым-қатынасының сипаты. Егер бала ата-анасына эмоциялы тұрғыдан тәуелді, ата-анасына бағынышты болса және үйде тұрып жатса, тек қана балаға бағытталған терапия көбіне тиісті нәтиже бермейді, кейде тіпті қосымша қиындықтар да туғызады. Терапевттік кеңес беру нәтижесіне қатысты болжамдардың бірі индивидтің өз ситуациясын өзгертуіне және осы бағытта түрлі талпыныстар жасауына, инсайттың қандай да бір деңгейіне жетуге мүмкіндігі мен қабілетінің болуына байланысты екендігін тағы да бір ескертіп кетейік. Ересек пен бала өздерінің бейімделу деңгейлерін жоғарылатуға әкелетін өзгерістерді бірге жасауы үшін баламен жүргізілетін тиімді психоторапия әдетте ата-аналармен жүргізілетін жүмысты да қамтиды. Басқа жағдайда баламен жүргізілген терапия оның ата анасына деген негізгі қарсылығын өршітіп, проблеманы шиеленістіруі мүмкін. Тек баламен ғана жұмыс істеуде ересектер баланы кеңесшіден қызғануы мүмкн, трапевтің баламен жақсы қарым-қатынасы антагонизмге әкеледі. Мұндай жағдай тіпті ересектер баласының терапевтік көмек алуын қалағанында да ұшырасуы мүмкін.

Тәуелді индивид ата-анасының қорғауы мен бақылауының әсерінен тыс болган жағдайда, мүлдем басқа көрініс байқалады. Әрбір колледж кеңесшісі ата-анасына он жастағы баладай тәуелді студенттермен де жұмыс істейді. Мұндай адамдар ата-аналарына толығымен сеніп, ешқашан өздеріне киім таңдамайды, өз әрекеттеріне жауапкершілікті сезінбейді. Осындай студенттер колледжге түскен соң кеңес беру көмегіне зәру болады. Тәуелділікке қажеттіліктері мен колледждегі қоғамдық норманың тәуелсіздігі арасындағы шиеленіс, осыдан пайда болған күйзелісті шешу керектігін тудырады.

Сондықтан да балалармен кеңес беру процедурасының тиімділігі әдетте бала немесс жасөспірімнің ата-ана бақылауынан эмоциялы немесе территориялы тұрғыда тыс болуын қажет етеді деп айта аламыз. Бұған жалғыз жатпайтын басқа жағдайлар — олар сирек кездеседі — баланың проблемасы ата-ана—бала қарым-қатынасымен мүлде қатыссыз болатын жағдайлар. Осындай репетиторлық немесе терапевттік көмекті біз ең негізгі проблемасы — оқу дағдысындағы қиындықтарға кездескен балаларға көрсетеміз. Осындай жағдай мамандық таңдауда проблемасы бар жасөспірім үшін де дұрыс болуы мүмкін. Дегенмен осы жағдайларда да баланың не жасөспірімнің отбасына тәуелділігі жоғары деңгейде эмоциялы тұрғыда болғанда, кеңес берудің нәтижесіз болуы әбден мүмкін.

Клиент жасы, интеллектісі жәyе тұрақтылығы бойынша сай келе ме? Біздің мәліметтеріміз шектеулі болса да, кеңес беру белгілі жас мөлшеріндегі және ақыл-ой дамуының белгілі деңгейіндегі адамдар үшін неғұрлым тиімдірек деп айтуымызға негіз бар. Бұл жағдайды дәлелдейтін мәліметтерді біз практикада пациенттерді әңгімелесу арқылы емдеу үшін клиникалық іріктеуде негізінен қалыпты дамудағы, ақыл-ойы дұрыс адамдарды іріктеу үрдісі бар екенін айтқанда көрсеткенбіз. Өте сирек жағдайларда төменгі немесе соған жақын дедгейдегі индивидтерге психотерапия қажет деп белгіленеді.

Бұрып айтылып кеткен Хили меи Бронгюр зерттеулері осы тұрғыдан тым жақсы нәтижелер береді. Олардың зерттеуі арнайы іріктелген клиенттермен жүргізілген жұмыстың нәтижесін талдауға арналғанын естеріңізге саламыз, бұл жерде төрт жүздей жағдай қамтылған болатын. Ондай интеллектпен емдеу нәтижелерінің арасындағы күшті тәуелділік анықталған. 60% балаларда 70-тен 79-ға дейін көріністе ІQ-дің әрі қарай өсуі келеңсіз; проблемалар шешілмеді немесе тереңдетілді; ІQ —80—89-ға дейін болғандар арасында 23% сәтсіз нәтиже берді; ал ІQ 90—104 арасында ‘21%-ы және ең жоғары ІQ (110-нан жоғары) — 10%-ы ғана сәтсіз жағдай болды. Аторлар бұл материалды талдауда сақ болу керек, сәтсіз нәтижелср басқа да қосымша, бірақ тікелей ақыл-ой дамуымен байламыссыз, төмен интеллектімен қатар жүретіндермен байланыста туындауы мүмкін екенін асығыс ескертті. Қалай болғанда да, олардың алған мәліметтері кез келгек жағдайларда кенес беру әдісін қолданудың тиімділігі туралы шешімді қабылдауда аса сақ болу керек деген қорытындыға әкеледі.

Жас кезеңі одан да белгісіздеу фактор. Жас адамға қарағанда ересек, кемелденген адамға өз өмірін өмірін өзгерту қиынырақ екені айқын сияқты. Хронологиялық жас адамның алғырлығы үшін нашар көрсеткіш және сондықтан да осы жағдайға байланысты мынаны айтуға болады: жасы елуден асқан адамды емдеуде оны емдеу мүмкіндігін мүқиятқарастыру қажет. Жас кезеңінің төменгі шекарасы да белгісіздеу. Ең басында айтылған, төрт жастағы балалар үшін ойын түріндегі психотерапия шынында да тиімді. Он жастан кіші балаларға кенес берудің вербалды түрі өте сирек қолданылады. Төрт жастан он екі жастағы балаларға ойнау техникаларын ұсынуға болады, өйткені негізгі эмоциялар мен күйзелістерді вербалды түрде айту балаларға қиын болады.

Келесі фактор — жоғарыда аталған, жеке түлғаның психикалық тұрақтылығы. Клиникалық тәжірибе де, зерттеулердің бірқатар мәліметтері де жоғары деңгейдегі тұрақсыз индивидтің, әсіресе оның тұрақсыздығы органикалық немесе тұқым қуалаушылық сипатында болса, психотерапия барысында қандай да бір нәтижеге жетуі екіталай скенін растайды, қазіргі кездегі басқа терапиялық әдістер үшін де бұл солай болады. Хили және Броннер зерттеуінде осы проблема бойынша біршама материал бар. Дамуында нақты пемесе мүмкіндіктегі ауытқулары бар адамдарды анықтауда — бұған психопатиялық түлғалар, ауытқулары бар, миы зақымданғандар кіреді — олардың 7-інде әрі қарай жақсы дамыңан, 37 жағдайда пәтижелер сәтсіз болған. Мәліметтердің сенімділігіне қарамастан, осы зерттеудің қосымша материалдары норма мен ауытқу арасындағы шекараның кандай нәзік болғанын дәлелдейді. Өте анық психотикалық симптомдар немеее психотикалық сипаттардың 9 жағдайында барлығы да емдеуге дұрыс көзқарас танытқан. 17 адам көрінетін немесе «шын мәніндегі» невротиктердің 15 жағдайында нәтижелер сәтті, тек екеуінде ғана сәтсіз болған. Осындай қарама-қарсы мәліметтердің иитерпретациясын кейінгі зерттеулерден алатын шыгармыз. Органикалық тұрақсыздық екінші немесе үшінші топтап гөрі бірінші топқа сәйкестеу болуы мүмкін, бірақ алынғап мәліметтер түсіндіруге әлі де жеткіліксіз.

Қосымша мәліметтер автордың Рочестердегі Тәрбие орталығында өткізілген кейінгі зерттеулерінің негізінде алынды. Ол, біз көрсетіп кеткен, екі жүз жағдайдың терапия салдарын талдауда анықталған материалдармен байланысты. Әр түрлі синдромдар мен симптомдардың маңызын бағалау мақсатымен біз балаларда бар проблемаларды егжей-тегжейлі жүйеледік. Гипербелсенділік жағдайында емдеу нәтижесінің сәтсіз болуының мүмкіндігі жоғары екендігі анықталды. Зерттеуде бұл категория «гипербелсеңділік-қызбалық» деп анықталды. Ол негізінде физиологиялық себептерге байланысты, бірақ дәл медициналық диагнозын анықтау әрқашан мүмкін бола бермейтін мінез-құлық типтерін қамтиды. Тым ерекше белсенділік пен мазасыздық, қызбалық мәнері, тиктер (дене мүшелерінің еріксіз тартылуы), бейберекет және бақылаусыз мінез-құлық -міне, осы категорияны сипаттайтын симптомдардың кейбіреулері. Осындай ауытқулары анықталған балаларға мінез-қүлық немесе бағдарлармен байланысты түрлі басқа да күрделі проблемалар неғұрлым тән болатыны айқындалды. Мұндай жағдайларда емдеудің, оның ішінде психотерапияның да, нәтижесі төмендеу болды.

Ең қызығы, екі жылға созылған терапиядан соң гипербелсенділік өз-өзінен жоғалып кетеді, бірақ топтың үштен екі бөлігінде басқа бір проблемалар қалып отырды. Осы зерттеудегі категориялар Хили және Броннер жұмысында қарастырылған параметрлерге сай келмесе де, екі зерттеу арасынан қызықты параллельдер табуға болады. Бұл, егер оны сәйкес түрде анықтаса, осы психикалық тұрақсыздық факторының маңыздылығын дәлелдейді.