“Адамзат ақыл-ойының қазынасы сериясы” он томдығы жинағының бесінші томынагуманистік психология өкілдері — К.Роджерс, А.Мослоу еңбектерінен үзінділер, сондай-ақ Г.Оллпорт пен Г.Айзенктің жеке тұлға туралы көзқарастары ұсынылып отыр.
Психотерапиясаласында өзіндік төңкерісжасаған, клиентке бағытталған терапияныңавторы К.Роджерстіңкеңес беру мен психотерапияға арналғанеңбектерінен негізгіүш бөліменгізілген.Олар: 1Кеңес берудің рөлі;2.Кеңесберугекіріспе ;3.Кеңес беру процесі . К.Роджерстің өзі осы еңбектерін — практикалықжұмыс саласындағы ең жаңа тұрғылар деп атайды.
К.Роджерстің адам табиғатынакөзқарысы , Фрейдтіңкөзқарасысияқты; оныңэмоциялық бұзылулары бар адамдарментікелей жүргізгенжұмыстарыныңнегізінде қалыптасқан. Оның көзқарасы бойынша ,адам-белсенді субъект,өзінің алға қойған мақсатына сәйкесдаму қабілеті бар. Оның айтуынша , бүкіл адмзаттыңтабиғиүрдісі (тенденция) – тәелсіздік , әлеуметтік жауапкершілік,креативтілік жәнекемелденубағытындағықозғалыста болуы. Адам табиғатына осындай көзқарас Роджердің теориясының түйіні болып табылады да, гуманистік бағытқадәлме-дәл келеді.
Роджерс те, Мослоу да адамдардың өзін-өзі жетілдірудегі әлеуеті шексіз деп санағнымен, бұлардың теориясыныңүш басты айырмашылығы бар. Роджерс – жеке тұлға мен оның мінез-құлқы қоршаған ортаны қабылдауына байланыстыдамып қалыптасады десе, Маслоу адамның мінез-құлқы мен тәжірибесі қажеттіліктер иерархиясымен реттеліп отырады дейді. Роджерстен бөлек, Маслоу адам феноменалогиясын ерекшелемеген. Екіншіден , Роджерс теориясы , негізінен , психологиялық проблемалары бар адамдармен жүргізген жұмысының нәтижесінде қалыптасқан. Шындығында, Роджерс адамның өзіндік кемелденуіне негіз болатынтерапиялық жағдайларға көңіл бөледі және терапияданалынғандарынжеке тұлғаның жалпы теориясына ендіреді. Ал Маслоу, керісінше, ешқашан терапиямен айналыспаған және, психология өз назарынауытқуларды зерттеуден гөрі психикалық тұрғыдан сау адамдарға аударуы қажет дегенді қадағалап айтып отырған. Сонымен, Роджерс адамдардың туа біткен әлеуетін жетілдіруге көмектесетін дамудың нақтыформаларын анықтаса, Маслаудың теориясында адамның толық өзіндік кемелденуіне қарай қозғалысын реттейтін даму процестері мүлдем есептелмеген . Оладам өмірсүру желісінің белгілі “күрт өзгеретін кезеңдерінде” қажеттіліктер фрустрациясына ұшырайтынын мойындаса да, оның еңбектері,негізінен, тек ересектерге арналған.
Роджерс адамның бүкіл өмірлік тәжірибесін өзіндік кемелденуіне қалай қызмет ететіне байланысты бакғалайды. Родхжерс теориясындағы тірек ұғымдары:өзіндік кемелдену, феномендік бағдар (әрбір адамның ерекшелігі оның қабылдауерекшліктеріне тікелей байланысты ),субъективті тәжірибенің үстемдігі және
“Мен”тұжырымдамасы.Роджерс бойынша , “Мен” тұжырымдамасы “нақты Мен-ді” және “идеалды Мен-ді”(адамдар қандай болғысы келеді және қандай болуы керек) қамтиды.”Мен” тұжырымдамасының дамуы, негізінен,әлеуметтену процесі арқылы
(мәнді басқалар – ата-аналар ,аға-іні, апа-сіңлі,басқа да туысқандар)жүредіӘрбір адам үшін ең маңыздысы – оны басқалардың түсінуі және жақсы көруі.
Гуманистік психология термині 1960 жылы Маслоудың жетекшілігімен персонологтар тобының ұсынған термині. Осы жинаққа А.Мослоудың “Мотивация и личность” аталатын еңбегінен оның негізгі көзқарастарын көрсететін:1) Мотивация теориясы;2) Психопотология мен нормаға сәйкестілік;3) Өзін-өзі кемелдендіру (өзіндік кемелдену);4) Өзін-өзі кемелдендіретін адамдардың креативтілігі;5) Жаңа психологияның мәселелері ;6) Ғылымға деген психологиялзық тұрғы атты тараулары аударылып берілді.
Маслоудың гуманистік тұрғысының негізінде жатқан тезис — әрбір адамды біртұтас қайталанбас, ұйымдасқан тұтастық деп қарастыру. Мотивация мәселесі – Маслоудың бүкіл персонологиясындағы ең маңыздысы болып табылады, адамдар өздерінің жеке мақсаттарыніздестіруге мотивтелген. Мотивтелгенпоцестер жеке тұлғаның гуманистік теориясының діңгегі іспетті. Маслоудың айтуынша, адамның қажеттіліктеріиерархиялық жүйеге орналасқан, олар реттілігі бойынша:
. физиологиялық қажеттіліктер;
. сақтану және қорғану қажеттіліктері;
. топ, қоғам мүшесі болуға, махаббат сезімдеріне деген қажеттіліктер;
. өзін-өзі сыйлау қажеттіліктері;
. өзіндік кемелдену немесе жеке тұлғалық жетілу қажеттіліктері.
Маслоудың адам табиғатын зерттеу процесі арқылы ой тұжырымдамаларын төмендегідей сипаттауға болады:
- адамдарға денсаулықтықтың , шығармашылықтың , өзін жүзеге асырудың біршама жоғары деңгейіне ұмтылу (тырысу) қасиеті тән;
- невроздар өзіндік кемелдену жолындағы бөгет (қоршау) ретінде қарастырылады;
- синергетикалық қоғамның дамуы — табиғи және қажетті процесс. Бұл барлық индевидуум бір-бірінің бостандығын шектемей, тұлғалық дамудың жоғарғы деңгейіне қол жеткізетін қоғам;
бизнес және тұлғалық дамудың тиімділігі сәйкес болып табылады. Шын мәнінде өзіндік кемелдену процесі әрбір индевидтің өндірістік жетістігінің жоғарылауына әкеледі.
Психологтардың еңбектеріндегі жеке тұлға психологиясына арналған III тарауда Г.Оллпорттың “Личность в психологии”атты еңбегінен және Г.Айзенктің “Структура личности” атты еңбектерінен жекелеген үзінділеркелтірілген.
Адам табиғатына деген көзқарастарды ұсынатын теорияларнегізгі алты көрсеткіш ( снеімділігі; эвристикалық құндылығы; ішкі келісімділігі; үнемділігі ; қамту аймағының кеңдігі; функцияның маңыздылығы) бойынша бағаланады.
Жеке тұлға психологиясы — зерттеудің енді дамып келе жатқан өте жас саласы.Тек соңғы елу жылдың ішінде ғана бұл салада айтарлықтай бағыттар пайда болды. Болашақты шығармашылықпен зерттеушілер өздерінен бұрынғылардың интеллектілі қазынасына сүйенетін болады.
Адамға қатысты негізгі ғылыми ықпалдардың мәні олардың жаңа зерттеулерге қаншалықты дәрежеде дем беруімен байланысты. Сонымен бірге өзінің ғылыми мәнділіктерін жойып алмау үшін жеке тұлға теориялары жаңа эмперикалық мәліметтердің жиналу шамасына қарай түзетіліп отырылуы керек.
Адамның жеке тұлғалығына қатысты жаңа зерттеуулер негіізгі бес баағыт бойынша жүзеге асады деп шамаланады:
- Танымдық процестерді психологиялық қызмет жасаудан басқа да қырларымен өзара байланысты зерттеу;
- Ситуациялық факторлар мен жеке тұлғалық өзгерістердің өзара әрекеттесуі мен олардың мінез-құлыққа ықпалын зерттеу;
- Жеке тұлғаның нейрофизиологиялық, биохимиялық және генетикалық негіздерін зерттеу;
- Орта жастағы және мосқал адамның жеке тұлғалық дамуынзерттеу;
- Адамның тәжірибелі іс-әрекетіне қатысты проблемаларды зерттеу.
Психологиядағы жеке тұлға ұғымы аса күрделі және жан-жақты болғандықтан, Батыс ғалымдарының жеке тұлғаға деген негізгітұжырымдамаларын қазақ оқырмандарынаұсынуды жөн көрдік. Бұл көзқарастарды екңес психологтарының тұжырымдамаларымен салыстыра талдау келер күннің еншісінде болар.
Гуманистікпсихологияның, жеке тұлға психологиясының көрнекті өкілдерінің бірі- Карл. Роджерс Иллинойс штатында дүниеге келген.Көптеген ғылыми қоғамдардың белсенді мүшесі болған К. Роджерс өзінің психология ғылымына қосқан үлесі үшін Америка психологиялық ассоцияциясы тарапынан 1956, 1972 жж. Екі мәрте марапатталған. Теория және оның кәсіби психологияға әсері тұрғысынан К. Роджерстің еңбегі өте жоғары бағаланады.
К. Роджерстің негізгі еңбектері: “Психотерапия и изменение личности”(1954); “ Становление личности : взгляд психотерапевта” (1961); “ Свабода учиться : чем может стать образование” (1969); “КарлРоджерс о группах встреч” (1970); “Спасоб бытия” (1980) т.б.