Психологиялық кеңес берудің типтік сатылары

Клиенттің психолгиялық жағдайын өзгертуге немесе тереңдетуге арналған арнайы тапсырмалар және жаттығулар ретінде пайдаланатын әдістемелер мен арнайы жасалған “ бос орындық техникасы” отбасылық терапия шеңберінде жасалған” келісімдер жасау” т.с.с әдістемелер жатады. Сонымен қатар клиенттің нені және қалай жасауы керектігін қысқаша қағаз бетіне түсіруді талап ететін үй тапсырмалары, клиентпен қосыла отырып бір шешім қабылдауға бағытталған пікірталастар және т.б түрлері бар. Көбінесе бұл тәсілдер әңгімелесу процесімен тығыз байланысты, тікелей солардан шығады да клиент үшін ол ерекше сезім тудыратын мәселе болады. Бұл тәсілдерді қолдану көбіне кеңес берушінің

Теориялық бағдарымен сонымен қатар психологиялық көмек сұраған адамның проблемасының сипатымен анықталады.

Әдіс тәсілдердің мұндай түрін меңгергендігі маманның тәжірибесінің қалыптасқандығын және оның кеңес беру бойнша теориялық еңбектермен таныстығын , бұл жұмыстардың ерекшелігін толық түсінгенін сондай ақ әріптермен кәсіби қарым қатынас жасап, олардың тәжірибесін үйреніп жүргенін көрсетеді. Сондықтан мұндай техникалардың кең тізбегімен таныстығы кеңес беруші психологтың кәсіби шеберлігінің оның кәсіби жинақтылығының шарты болып ьабылады. Олар кеңес беру әңгімесін мағыналы жағынан тереңдетіп оны эмоционалдық жағын үйлесімді етеді. Бұл техникаларды дұрыс пайдалану психологиялық ықпалдың тиімділігін , клиентпен кеңес берушінің байланысын қалыптастырудың және дамытудың мүмкіндіктері кеңейтеді және ұтымдылығын қамтамасыз етеді.

Тілсіз жүргізілетін байланыс түрлері.

Кеңес берушінің ықпал етіп вербальдық құралдарынан басқа вербальдық емес құралдарының да көптеген түрлері бар. Бұл құралдарды пайдалану көбінесе қандай да бір нақты мақсатқа жету үшін қызмет көрсетіп, клиентпен кеңес беруші арақатынасының тез қалыптасуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бұл тәсілдер психологқа деген сенімді арттырады және клиенттің қауіпсіздігіне кепілдік береді. Психологиялық ықпалдың табысты болуының негізгі шарты әңгімені ұйымдастыру барысында келесі тілсіз жүргізілетін байланыс түрлерін тиімді пайдалану болып табылады.

  1. психологтың көзқарасы – сөйлесу барысында клиенттің көзіне қарап айтқан сөздерінің мағынасына түсініп отырғанын білдіру.
  2. отырысы – отырғанда клиентке қарама қарсы емес кішкене бір біріне бұрыштап отырғаны әңгімелесуге ыңғайлы жағдай туғызады,
  3. бет көрінісі – психологтың бет әлпетінде тілектестік, мейірімділік, түсінушілік байқалғаны дұрыс, ол психотерапевтикалық әдістердің бірі болып табылады.;
  4. дене қалпы – психологтың отырысы емін еркін, дене қалпы ашық, клиенттен жабық емес болуы керек. Қол қусырылған тыныш таппаған адам клиентке теріс әсерін тигізеді, сондықтан психологтчң дене қалпы клиентке психологиялық ыңғайлы жағдай туғызатындай болуы керек.
  5. дауыстың ырғағы, күші – психолог дауысы жұмсақ, тілектестік белгісі анық сезілетін кей кезде сыбырласып сөйлескеннің үлкен әсері бар,
  6. паузаларды пайдалану – психолог кейде ундеместен отырып өз ойын, тағылымын толық айтуға мүмкіндік береді. Осы талаптарға сай ұйымдастырылған психологиялық кеңес беру өз функциясын толық орындайды.

Студенттердің өзіндік жұмыстарының тапсырмалары.

  1. Психологиялық кеңес берудің мақсаты мен міндеттері;
  2. Психологиялық кеңес беру, психологиялық коррекция және психотерапия жұмыстарының байланыстылығы.
  3. Психологиялық кеңес берудің қағиджалары.
  4. Қарым қатынас барысында клиентке тілектес болу
  5. Клиенттің құндылықтары мен нормаларына бағыттану
  6. кеңес беруге тыйым салу
  7. Кеңес берудің анонимділігі
  8. Жеке және кәсіби қатынастарды шектеу
  9. Клиентке кеңес беру процесіне кірістіру
  10. Психологиялықкеңестен өтіп жатқанда жауапкершілікті өз мойнына алдыру
  11. Кеңес берушімен клинт арасындағы қатынасты құру
  12. Кеңес берушінің ықпал ету құралдары.

Сонымен қатар, бастапқы әңгімелесу барысында өтініш иесінің, ат- аналарының психологқа деген көзқарасының сипаты мен отбасымен өзара әрекеттерінің шегі анықталып, белгіленеді. Тәжірибелі психолог бір кездескеннің өзінде ақ баланың даму тарихы, отбасының тәрбиелік н,ысаны, ата- аналардың педагогикалық ұстанымдары туралы мәліметтер ала алады.

Екінші фаза- өтініш иесінің, отбасының проблемасын анықтау. Бұл фазада кеңес алушымен кеңесшінің проблемаларды түсінудегі келісімдері анықталады. Психолог өз зерттеулеріне сүйене келіп проблеманы анықтап, оның мәнісін клиентке жеткізіп, кеңес беру жұмысының бағыт- бағдарын түсіндіреді. Кеңес талушы мен кеңксші баламалы амалдарды талқылай келе, біржақты шешімге келіп, клиент проблеманы қабылдауы керек. Бұл кезеңдегі маңызды мәселе- екі жақ бір- бірін жете түсініп, келісімге келуі болып табылады. Олай болмаған жағдайда барлық кеңес беру процесінің тиімділігін қамтамасыз ету өте қиын болады. Сондықтан клиентпен әңгімелесу барысында осы проблеманы шешуге теориялық негізқ ретінде қабылданған көзқарастар туралы, оның жеке тұлға психологиялық проблемасын шешуге әсерлілігін дәлелдеу, ол тәсілдердің ерекшеліктерімен таныстыру арқылы кеңес беру- алу процесінің мақсаты- кеңес алушының проблемаларын тиянақты шешу екені анықталады.

Үшінші фаза- іс- әрекет. Бұл фазада кеңес алушымен бірге оның алдында тұрған проблпмаларын талдау, оны шешудің бірнеше варианттарын салыстырып көру, орын алған жағдайдың оң- терісін анықтау арқылы оны жаңаша тусінуге жетелеу жүргізіледі. Бұл фаза үшін мынадай динамика тән: кеңесші мен кеңес алушы арасындағы байланыс бірнеше құрылымдық көріністерге бөлінеді, клиенттің өз проблемасына терең малшынуынан оның жүйкесі тарылды, төзімділігі төмендейді, жағымсыз жағдайларға қарсы тұра білуі төмендейді, сонан соң мәселені іртіндеп талдау барысында, оның мән мағынасына түсіну арқылы өз жағдайына, қоршаған адамдардың оны бағалауына көзқарасы өзгерен бастайды. Мұндай өзін өзі түсінушілікке жеткізу үшін психолог көп күш жұмсап, клиентті түсінушілікке жеткізіп, эмоционалдық тарыққан жағдайлардан шығарып алу керек.Қорытындысына кеңес алушы төзімсіздіктен шығып, өз басына иелік жасау жолын табады.

Төртінші фаза – шешім қабылдау. Клиенттің өмірінде қалыптасқан табиғи жағдайда басқалармен сыиысымды мінез- құлық көрсетуі. Бұл фазада белгілі бір кеңес беру теориясына сүйене отырып, маман кеңес алушының қалыптасқан жағдайдан шығу жолдарын іздестіріп, оны табуға жетелейтін өзінің әрекетінің жоспары мен стратегиясын құрады.Клиент өзі үшін ең қолайлы шешім тапқаннан кейін, оны өзінің пікіріндей қабылдап, дербестігі туралы сеніге ие болғаннан соң, қақтығыс орын алған ортада өзінің жаңа бейнесін көрсету үшін іске кіріседі. Сонымен қатар клент кеңесшімен бірге әрекеттерін одан әрә жалғастырып, басқаларға сенімді және әсерлі болудың түрлі әдістерін сұрыптаудан өткізіп, ең соңында өзіне қолайлы деген амалдарын таңдап алады. Бұдан кеиін осы амалдардың тиімділігін табиғи жағдайда, өзінің өмірлік тәжірибесінде тексереді. Нәтижелі болатынына көзі жеткен соң өзінің күш қуатын тұтастай осы жүйеге жұмылдырылады.

Бесінші фаза – кері байланыс. Кеңес алушыны кеңес беру процесімен және оның нәтижесімен қанағаттанғанын білдіреді. Психолог кері байланыс қағидасын бағдарға ала отырып, таңдап алған кеңес беру ақпараттарының мынандай талаптарды жүзеге асыруы мүмкін. Ақұпараттар мазмұнының нақтылығы мен дұрыс құрылуы, белгілі бір адамға бағытталуы, белгілеушілік, уақыттылық, тұтынушылық сипаттары.

Көптеген психологтар кеңес беруді өткізу кезінде магнитафон мен диктафонды,кеңес беру нәтижесін тіркеуге арналған үлгідегі бланкілерді пайдаланады. Алынған ақпараттарды толығырақ анықтау үшін ассистент көмекшілері әңгіме барысын хаттамаға түсіреді, кеңес беру процесінің динамикасы мен нәтижелігін қадағалайды.

Психологиялық кеңесберу барысында клиентке көрсеткен қызметінің тиімділігіне, психологтың кәсіби шеберлігіне байланысты ол мынадай мінездемелерге ие болуы керек.

  • беделді, ұқыпты сұрастырушы,сенімді нығайтушы, диагноз қоятын, түсінуге ұмтылатын;
  • Ұқыпты кеңесші, сырт қарағанда селқостау болып көрінгенімен, салиқалы кеңес береді;
  • Беделді психолог, осал көрінетін клиентке күш- қайрат беріп, ізгілікке ұмтылуға баулиды, өзөінің күш жігері мен клиенттің сенімін нығайтады;
  • Сұрастырушы психолог ерекше белсенділік білдіреді, сұрақтарды көп қояды, пайдалы көзқараста болады;
  • Диагноз қоюшы психолог көптеген жағдайларда тәуекелге барып, ықпал етудің болжамдық әдістерін жиі қолданады.

Кеңес беруді жүргізу барысында психолог өзінің кәсіби біліктілігі мен дағдысын сыннан өткізіп, оңай және қифн сұрақтар қою арқылы кеңес алушының сезімідегі басты ойлапды н,азарға алады. Осы жина\қталған клиенттің ойын, айтқандарын ой елегінен өткізіп, оны қорытындылай білу, кеек кезінде үндемей отыру, гипотеза ұсынып және оның тиімділігін дәлелдеу, клиентпен ақылдаса отырып бірлесе шешім қабылдау- кеңесшінің шеберлігінің көрсеткіші болып табылады.

Психолог кеңес беру кезіндересми әңгімеге бармай ақ, клиенпен қымсынып тым тұйықталып қалмай немесе жеңілтектікпен шектесетіндей тым ашыла бермей өзінің ойын еркін жеткізуі керек. Гипотезаны берік ұстануға бара бермеу керек, өйткені ол жалған болып шығуы мүмкін. Себепсіз клиенттің жанына дақ түсіретіндей немесе беделін төмендететіндей тура сұрақ қоюға да болмайды.

Р:В:Овчарова Ұсынған отбасылық кеңес берудің тиімсіз және тиімді шарттарына назар аудару керек.

Тиімді отбасылық кеңес берудің шарттары.

  1. Психолог клиентпен белгіленген уақытта кездесіп, оның проблемалары бойынша және кеңес берудің жүруі бойынша пікір алмасады.
  2. Психолог кеңес алушының құқығын құрметтейді, кәсіби қарым қатынас жасау шараларын шамасы келетіндермен шектейді. Психолог клиенттің өзінің мәселелері бойынша шешім қабылдауға қабілетті екеніне сенеді.
  3. Психолог клиентке үлкен сенім артатынын сөзбен немесе басқа да бір әдістермен жеткізеді, оны эмоционалды түрде қолдайды және өзінің тілектестік сезімін білдіруі арқылы оған өзінің қиындықтарын айтқызады.
  4. Психолг кеңес алушының жағдайын қызығушылықпен тыңдап, оның проблемаларын обьективті анықтау үшін кеңес алушының “ізімен жүріп”, терең және жан- жақты түсініп алады.
  5. Психолог клиент алдында тұрған проблемалары туралы қорытынды мен ұсыныс беруге асықпайды, ол кеңес алушыға ыңғайлы жағдай туғызуға ғана асығады.
  6. Психолог клиенттің әр қадамына ырзашылығын білдіріп, оны өзімен бірге қосылып проблеманы шешу жолындақызмет жасауға шақырады.
  7. Психолог клиентке барлық мәселені жан жақты талдап, оның себептерін толық түсінуге және проблемаларды бірлесіп шешуге ұмтылады.
  8. Тиімсіз отбасылық кеңес берудің көрсеткіштері.
  1. психолог пен кездесулері уақытында өтпейді.
  2. Психолог клиентпен айтарлықтай байланыс орнатпайды.
  3. Психолог кеңес алушыны “көрмейді”,” естімейді “ және “сезбейді”. Ол өзінің айтқандарына ғана көңіл аударады. Кейде клиенттің “аузын ашқызбай” тек өзі
  4. сөйлейді. Кеңес алушыға шағымдары бойынша қатал шағымдары бойынша қатал ескертулер жасап, оның қылықтарын жамандыққа жориды. Кеңес алушыны әшкерелеуге тырысады немесе моральдық талаптарға жүгіндіреді.
  5. кеңес алушыға өзінің шешімін зорлап міндеттеп береді, асығыс кеңестер мен ұсыныстар береді
  6. Кеңес алушымен дауласумен аяқталған кездесу болашақта клиентті шындықты жасыруға немесе психологиялық көмектен бас тартуға мәжбүр етеді.
  7. Бастапқы гипотезаны қатаң ұстанады. Диагнозды нақты қояды және емдеудің нақты жолдарын ұсынады.

Сонымен, отбасына психологиялық кеңес беру жұмысы оны жүргізуді негіздейтін түрлі теориялық көзқарастарға сүйенеді. Отбасылық кеңес берудің мазмұны мен оның түрлері отбасы мүшелерінің жас шамаларына және психологиялық даярлығына қарай бағдарланады.