Элективті курс-оқушылардың әртүрлі танымдық қызығушылығын қанағаттандыратын, профильдің мазмұнын толықтыратын, оқу жоспарының жаңа элементі. Элективті курс кез келген тақырыпта болуы мүмкін, яғни жалпы білім бағдарламасының шекарасында жататын және одан тыс аймақта.
Элективті курс, ол оқыту процесін актуализациялау мен индивидуализациялаудың жаңа механизмі. Жақсы ұйымдастырылған элективті курстардың жүйесі оқушыға белгілі талап тілегіне сәйкес білім алып шығуына мүмкіндік береді.
Элективті курстар мектептің жоғары сатысында профильді оқыту жүйесінде маңызды роль атқарады. “Жалпы білім берудің профильді оқыту тұжырымдамасына” сәйкес жоғары сыныптардағы оқытудың мазмұнын дифференциациялауды әр түрлі курстардың мына 3 типінің негізінде жүзеге асырылады: базалық, профильді, элективті. Бұл үш типтің әр бір курсы профильді оқыту мәселесін шешуде өз үлесін қосады.
Базалық курс-білім берудің барлық оқушыларға міндетті инвариантты бөлігі және оқушылардың жалпы білім алу дайындығын аяқтауға бағытталған.
Профильді курстар- жеке пәндерді тереңдетіп оқытуды қамтамасыз етеді және бірінші кезекте кәсіби білімді алуды жалғастыратын мектеп бітірушілерді дайындауға бағдарланған.
Элективті курстар-әр бір оқушының жеке білімге қызығушылығын, талап тілектерімен және икемділігін қанағаттандырумен байланысты. Сондықтан ол мәні бойынша жеке білім беру бағдарламаларын жасаудың маңызды құралы болып табылады және мейлінше әр оқушының қызығушылығына, қабілетіне, өмірлік жоспарына сәйкес таңдауына байланысты болады.
Жоғарыда атап өткендей базалық пәндердің профильді және элективті курстардың көлеміндегі ара қатыс жобамен алғанда оқу жоспарының жалпы сағат санынан сәйкесінше 50%, 30%, 20% болу мүмкін [1].
Мектепте элективті курстар білім беру мекемесінің оқушы компонентіне бөлінген сағаттардың есебінен жүзеге асырылады. Элективті курстар әдетте Х-ХІ сынып оқушыларына өткізіледі. Сонымен бірге оқушыларға кәсіби таңдауына бағдар беру мақсатында мектептің ІХ сыныптарында кәсіп алдындағы дайындықты өткізуді қарастыруға болады. Бұл үшін базистік оқу жоспарында арнайы ұйымдастырылған қысқа мерзімді курстарға аптасына 2 сағат (68 сағ) бөлінеді. Олардың мақсаты оқушыларға жоғары сыныптағы профильді оқытуға қатысты өз шешімін табу. Жоғарыда айтып өткендей бұл жағдайда оқу жылы барысында оқушы 8 әр түрлі курсты (бір ай мерзімде ), 4 курсты (тоқсан ішінде) немесе 2 түрлі курсты тыңдауы мүмкін.
Мектепке элективті курсты енгізе отырып, оған бағдарлама мен оқу құралы қажеттігі мен қоса оны оқытудың толық әдістемелік жүйесі керек екендігін есекеру қажет. Элективті курстардың жұмыстарын ұйымдастыру келесі ретке сәйкес жүргізідеді:
1) оқу пәндері мен ендірілетін элективті курстардың жиынтығы анықталады;
2) оқушы өзінің қызығушылығына, жоспарлаған кәсібіне байланысты таңдаған профильі мен оған қатысты элективті курстарға сәйкес жеке жоспар құрады да мектеп әкімшілігіне өткізеді;
3) алдынғы екі пункті ескеріп мектептің келесі оқу жылына оқу жоспары жасалады;
4) соған сәйкес сабақ кестесі құрылады. Сабақ кестесінде сыныптар, элективті топтар, қатар жүретін базалық топтар және қатар жүретін прфильді топтар ескеріледі.
Мысалы, физикадан элективті курстарды жүргізудің әрқилы формаларының арасында, шамамен төмендегідей ара қатыс болғаны жөн: бүкіл оқу уақытының 20-25%-лекциялар, 10-15%-семинарлар, 15-20%-есеп шығару, 15-20%-жаппай лабораториялық жұмыстар, 20-30%-физикалық практикум, 3-9%-экскурсиялар, 3-6%-сынақ сабақтары [2]. Сонымен оқу уақытының жартысынан көбін есеп шығару және лабораториялық жұмыстарды орындау жөніндегі практикалық сабақтарға бөліп беру ұсынылады.
Жаратылыстану бағытындағы сыныптар үшін біз құрастырған “Медициналық физика” атты элективті курс ХІ сынып үшін 34 сағатқа есептелген. Төменде олардың бағдарламасы келтрілген (1-кесте). Онда оқушылардың негізгі физика курсында оқығандарын тереңдету және кеңейту қарастырылады.
Кіріспе. Сабақтың басты мақсаты- оқушылардың биофизикаға қызығушылығын тудыру және бекіту. Мұғалім оқушыларға ғылымның осы аймағымен таныстырады, олардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру үшін биофизикалық білімнің адам үшін мәнін ашу, биофизиканың алдында тұрған проблемаларды атау, оның басқа ғылымдармен байланысын көрсету. Сонымен бірге қазіргі таңда медицинаның физикалық заңдарға және құбылыстарға негізделген құрылғылар мен аппараттарды, диагностикалау мен емдеудің физикалық әдістері қолданбайтын облысы жоқ. Қорытындысында мұғалім дәрігер, медбике, және басқада медициналық қызметкерлердің кәсіптері және олар үшін физикалық білімдердің олар қажеттілігі жөнінде айтып өтеді.
Адамның сөйлеу және есту аппараттарының құрылысы ондағы физикалық процестер жөнінде айтылады. Клиникада дыбыстық зерттеу әдістерінің: аускультация, фонокардиография және перкуссиялардың физикалық негізі түсіндіріледі және оларда қолданылатын аппараттар стетоскоп, фонендоскоптардың құрылсымен таныстырады.
Ультрадыбысты медицинада қолданылулары. Ультра дыбыстың көмегімен қоспаларды дайындау, ультрадыбысты биологияда қолданылу, ультрадыбысты диагностика үшін қолданылу, диагностикада Доплер эффектісін қолдану, ультрадыбысты терапияда және хирургияда қолдану, ультрадыбысты хирургияда қолдану, фокустелген ультрадыбыстың көмегімен хирургия; ультрадыбысты физиотерапияда қолдану, ұлпалардың регенерациялануын үдету, тропикалық жараларды емдеу; сынықтардың бітуі жөнінде айтып өтіледі.
Электромагниттік тербелістерді емдеу мақсатында қолдану. Электромагниттік тербелістердің жиіліктік диапозонға шартты түрде бөлінуі түсіндіріледі және оларды емдеу әдістерді айтылады: диатермия жоғары жиілікті токтар қолданылады), индуктотермия ( жоғары жиілікті магниттік өрістің әсері), УЖЖ (жоғары жиілікті электр өрісі қолданылады). Медицинада науқасты электромагниттік тербелістермен емдеуге арналған кейбір құрылғылардың жұмыс істеу принциптері мен электр схемалары қарастырылады.
Ағза ұлпаларының импедансы және реографияның физикалық негізі. Ағза ұлпалары тек қана тұрақты токты ғана емес және айнымалы токты да өткізетіндігі, ағзада индуктивтік катушка сияқты жүйе жоқ, сондықтан да оның индуктивтігі нольге тең болтындығы, биологиялық ұлпалар және барлық ағза сыйымдылық қасиетке ие, осыған байланысты ағза ұлпаларының импедансы омдық және сыйымдылық кедергілермен анықталатындығы, биологиялық жүйелерде сыйымдылық элементтердің болуын ток күші түсірілген кернеуден фаза бойынша озатындығы дәлелдейітіндігі жөнінде қарастырылады. Ұлпаның электрлік моделін оқып үренеді.
Электромагниттік толқындарды емдеу мақсатында қолдану. Микротолқынды терапиямен ( сантиметрлік ұзындықтағы электромагнит-тік толқындар қолданылады) оқушылар таныстырылады.
Ойыс айналарды медицинада қолдану. Ларингоскоп, маңдайлық рефлектор құрылыстарымен және ондағы физикалық құбылыстармен таныстырылады.
Талшықты оптика және оны медициналық құрылғыларда қолдану. Талшықты оптиканың негізінде жасалған құрылғылардың жұмыс істе принципімен таныстырылады.
Оптикалық құрылғыларды медицинада қолдану. Электрондық микроскоп.
Оптикалық құрылғылардың құрылысы және жұмыс істеу принципі қарастырылады.
Инфрақызыл және ультракүлгін сәулелерді медицинада қолдану. Инфрақызыл сәуле шығаруды бақылау әдістері негізінен екіге бөлінетіндігі, яғни жылулық және фотолектрлік жөнінде және оларды қолдану мақсаттары жөнінде айтылады. Ультракүлгін сәулелердің емдеу мақсатында және медициналық құрылғыларды қолданулары қарастырылады.
Рентген сәулелерінің ауыруды диагностикалау үшін қолдану. Қазіргі таңдағы рентген аппараттары. Медицинадағы маңызды диагностикалудың бірі рентгенодиагностикалаудың негіздері қарастырылады.
Лазерлерді медицинада қолдану. Лазерлердің медицинадағы қолданылу мақсаттары және голография туралы түсінік, оның медицинадағы қолданылуы қарастырылады.
Радиоактивтік сәуле шығарудың адам ағзасына әсері. Радиоактивтік изотоптарды медицинада қолданылу. Биология мен медицинадағы радиоактивті изотоптар. Таңбаланған атомдар жәрдемімен жүргізілген теңдесі жоқ зерттеулердің бірі-организмдегі зат алмасуын зерттеу. Аз уақыттың ішінде оргонизм түгел жаңарып отыратыны дәлелденген. Оны құрастыратын атомдар жаңаларымен алмастырылған. Изотоптық зерттеу жөнінен жасаған тәжірбиелер көрсеткендей, бұл ережеге тек темір ғана бағынбайды. Темір гемоглобиннің қызыл қан түйіршіктерінің құрамына өнеді. Тамаққа темірдің 26Fe56 изотопты атомдарын ендіргенде олардың қанға мүлдем қосылмайтындығы байқалған. Тек организмдегі темір қоры таусыла бастағанда ғана организм темірді сіңіре бастайды.
Мәселен, оттегі мен азоттыкіндей жеткілікті ұзақ өмір сүретін радиоактивті изотоп болмаған жағдайда, тұрақты элементтердің изотоптық құрамын өзгертеді. Мысалы, оттегі 8O18 изотопын біртіндеп қосу арқылы, фотосинтез кезінде бөлініп шығатын, еркін оттегі алғашында көмірқышқыл газдың емес, судың құрамына енгендігі анықталған.
Радоактивті изотоптар медицинада диагноз қою үшін де, терапевті мақсаттар үшін де қолданылады.
Аз мөлшерде қанға енгізілетін радиоактивті натрий қан айналасын зерттеу үшін пайдаланады.
Йод қалқанды безде, әсіресе базед ауруына ұшыраған кезде бөлінеді. Счетчиктің жәрдемімен радиоактивті иодтың жиналуына қарап, диагнозды қоюға болады. Радиоактивті иодтың көптеген дозасы аномальді дамитын тканьның біршама ыдырауын туғызады, сондықтан базед ауруын емдеу үшін радиоактивті изотоп пайдаланылады.
Физикалық практикумдар. Биофизикалық мазмұнды жұмыстар орындалады. Мысалы, , “Адамның артериялық қан қысымын өлшеу”, “Сүйектің тығыздығын және серпімділік модулін анықтау”, “Құлақтың есту табалдырығын анықтау”, “Капилярлы визкозиметрдің көмегімен қанның тұтқырлық коэффициентін анықтау”, “ Электрлік дипольдің өрісін оқып үйрену ” және т.б.
Емдеу мекемелеріне экскурсия. Емдеу мекемелеріне эксурсия жасалады, ондағы емдеу және диагностикалық аппараттармен, емдеу әдістерісмен таныстырылады.
Биофизикадан кешке дайындық. Биофизикалық мазмұнды кешке жоспар жасалып, оған дайындық шаралары өткізіледі.
1-кесте
ХІ с ы н ы п
N | Тақырыптың аталуы | Сағат саны |
1 | Кіріспе. Медицинадағы физикалық әдістер | 1 |
2 | Адамның сөйлеу және есту аппараттарының физикалық негізі.
Клиникада дыбыстық зерттеу әдістерінің физикалық негіздері. |
2 |
3 | Ультрадыбысты медицинада қолдану | 2 |
4 | Электр тербелістерінің емдеу мақсатында қолдану | 1 |
5 | Ағза ұлпаларының импедансы. Реографияның физикалық негізі. | 2 |
6 | Электромагниттік толқындарды емдеу мақсатында қолдану | 1 |
7 | Ойыс айналарды медицинада қолдану | 1 |
8 | Талшықты оптика және оны медициналық құрылғыларда қолдану. | 2 |
9 | Оптикалық құрылғыларды медицинада қолдану. Электрондық микроскоп. | 2 |
10 | Инфрақызыл және ультракүлгін сәулелерді медицинада қолдану | 2 |
11 | Рентген сәулелерінің ауыруды диагностикалау үшін қолдану. Қазіргі таңдағы рентген аппараттары | 2 |
12 | Лазерлерді медицинада қолдану. | 2 |
13 | Радиоактивтік сәуле шығарудың адам ағзасына әсері. Радиоактивтік изотоптарды медицинада қолданылу. | 2 |
14 | Физикалық практикумдар. | 6 |
15 | Емдеу мекемелеріне экскурсия | 4 |
16 | Биофизикадан кешке дайындық | 2 |
Резюме
В статье рассматривается организация элективного курса по физике в средней школе и представлены темы элективного курса для 11 класса.
Summary
In the article discusses the organization of an elective course in physics in high school, the topics elective course for grades 11.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Орлов В.А.. Элективные курсы по физике и их роль организации профильного и препрофильного обучения// Физика в школе.-2003
- Кабардин О.Ф. және басқалар. Физикадан факультатив сабақтар методикасы.-Алматы: Мектеп, 1985.
- Унт И. Индивидуализация дифференциация обучения.- М.:Педагогика.-1990.
- Щукина Г.И. Проблема познавательного интереса в педагогике.-М.: Педагогика, 1971.
- Биологиялық физика.-Алматы.:Қайнар,1990
- Ремизов А.Н. Курс физика, электроники и кибернетики. М, “Высшая школа” 1982.