Т.Лиридің тұлғааралық қатынасты диагностикалау әдістемесі.
Т.Лири, Г Лефоржем,Р.Сеззакомдардың әдістемелері 1954 жылы пайда болған. Топта қалыптасқан тұлғааралық қатынастарды анықтауға 8 ортақ және 16 нақты қарым қатынас нұсқалары анықталған. Олар психограммаға түсірілген. Олар: бағындыру- бағыну және татулық – агрессия. Дәл осы факторлар тұлғааралық процесті қабылдау барысында жалпы адам туралы әсерді анықтайды. Мұндай қарама қайшы жағдайлар үш осьпен бағаланады: бағындыру- бағыну, татулық- агрессия, эмоционалдық- аналитикалық.
Мақсаты: Бұл әдістеме көмегімен адамның идеялды “Менін” өзін қабылдауын өзіне деген көзқарасын зерттейді, сонымен қатар кішігірім топтардағы қарым қатынастарды айқындауға бағытталған. Осы әдістеме көмегімен адамдардың өзіндік бағасы мен тұлғааралық қатынаста өзара бір біріне баға берулері анықталады.
Орындау ережесі: әдістеме екі кезеңде жүргізіледі.
Бірінші кезеңде зерттелінушілерге тұлғааралық қатынаста көрсететін шеңберлік психограмма бойынша өзіне тән мінездемені төмендегі берілген октанттар бойынша сипаттамалардан тауып алып оны”+”деп белгілеу ұсынылады.
Қоршаған ортаға деген қатынас түрлері:
- Өктемшіл
- Өзімшіл бастамшыл
- агрессивті басқыншыл
- Күдікшіл сенбейтін
- Көнгіш ұялшақ
- Тәуелді ымырашыл
- Ынтымақтас ықыласты
- Қамқоршыл албтуристтік.
Әр октант өкілдері тұлғааралық қарым қатынаста өздеріне тән келесі ерекшеліктерімен сипатталады(баллдық көрсеткіштері екінші тапсырманы орындағаннан соң нақтыланады)
- Өктемшіл – бастамшыл.
0-8 балл жинағандар. Өзіне сенімі өте күшті, қайсар, табанды, жақсы ұстаз, жетекші және ұйымдастырушы бола алады. Басқаруға қабілеті жақсы.
9-12 балл жинағандар. Бастамшыл жігерлі қайратты, барлық іс әрекеттерінде табысты , басқаларға ақыл айтуға кеңес беругеқұмар, өзін сыйлағанды талап етеді, сын көтермейді, өзінің мүмкіндіктерін ақиқаттан артық бағалайды.
13- 16 балл жинағандар . Өктемшіл бастамшыл қатыгез мінезді, барлығына ақыл үйретеді және билігін жүргізеді, айтқанын бұлжытпай орындауды баршадан талап етеді., басқалардың кеңесіне құлақ салмайды, жетекшілікке, өзгелерге бұйрық беруге құмар, өте күшті, әсерлі тұлға.
- Өзімшіл – бастамшыл.
0-8 Балл жинағандар эгоистігі анық байқалады,сенімді, тәуелсіз, өзіне бағытталған, бақталастыққа жақын тип
9-12 балл жинағандар мастанған өзіне қанағаттанған абыройлы екендігіне сенімі үлкен, басқалардан өзін артық санайтын, басқалардан өзгеше пікірде болатын және өз пікірін жоғары бағалайтын, топта оқшауланып жүретін тип.
13 – 16 балл жинағандар. Баршадан жоғары болғысы келетін, менмен, есепшіл, өзін өзі ерекше жақсы көреді. Бағынғанды ұнатпайды, қиындықтарды өзгелерге аудара салады, өзі істерге жатсына қарайды. Айналасындағыларға оқшауланып, ешкімді менсінбей жүретін мақтаншақ, сыйысымсыз тип.
- Агрессивті басқыншыл.
0-8 балл жинағандар. Қайсар қыңыр, мақсаиқа жетуде үлкен табандылық білдіретін, жігерлі турашыл адам.
9- 12 балл жинағандар. Талапшыл турашыл шын көңілді басқаларды бағалағанда қатал, бірбеттік көрсетеді, ымырашылдыққа бармайды, өзгелерді кіналайды, сыншыл, сықақшыл ашуланшақ кейігіш.
13-16 балл жинағандар. Шамадан тыс қайсарлық, мейірімсіздік, қатыгездік, өзгелермен қастасуға құмарлық, ұстамсыздық, агрессияның кейде ассоциялдықмінезге ұштасуымен сипатталады.
- Күдікшіл- сенбейтін.
0-8 балл жинағандар.Іс әрекеті мен ой пікірінде шыншыл., өзгелерге сын көзбен қарайтын, еш нәрсеге сенбейтін, сыйысымсыз.
9-12 балл жинағандар, сыншылдыққа құмар адамдардан көңілі қалған, тұйық мінезді, сыр бермейтін ашушаң. Өзгелерге сенімі төмен, тұлғааралық қатынаста басқаларға сенбеушілігінен қиналады. Негативизімін вербальдық агрессия арқылы көрсетеді.
13-16 балл жинағандар. Жауға және жамандыққа толы ортадан оқшауланып жүреді, күдікшілдігінен және оған деген адамдардың нашар көзқарасынан пайда болған қорқыныш үнемі интерперсоналды қатынастағы қиындықтар туғызады, баршаға сенімсіздікпен қарайды., кекшіл, арамза басқаларға күн бнрмейді.
- Көнгіш – ұялшақ.
0-8 балл жинағандар.Қарапайым, кішіпейіл, қымсынғыш, жасық, кез келген уақытта адамдарға өз жолын бергіш, эмоционалдық жағынан ұстамды, өз пікірі жоқ, тіл алғыш, өзқызметін адал атқарады.
9-12 балл жинағандар. Ұялшақ қымсынғыш жуас, жасық, жағдайды ескерместен өзінен күштілерге бағынады.
13-16балл жинағандарқарапайым, бағынышты жасық өзін өзі төмендеткіш, кез келген уақытта барлық адамдарға өз жолын бергіш, өзін өзі ең соңғы орынға қояды, сол үшін өзін өзі кінәлайды, өзінен күштілерден қолдау іздейді.
- Тәуелді ымырашыл.
0-8 балл жинағандар конформды, жұмсақ мінезді өзгелерден көмек кеңес күтетін, сенгіш, өзгелерге таңырқағыш, басқалардың қолдағанын күтеді.
9-12 балл жинағандар тіл алғыш, көнгіш, жалтақ, жасқаншақ, ақкөңіл болғандықтан басқалардың айтқанының бәрі дұрыс, бәрі жөн деп есептейді, әрқашанда ешкімге қарсылық білдіре алмайды, дәрменсіз.
13-16 балл жинағандар өзіне сенімі өте төмен, жабысқақ қорқыныш сезімідамыған, абайлағыш, кез келген нәрсеге мазасызданады, тәуелді басқаларға әрқашанда бағынышты, конформдылығы өте жоғары.
- Ынтымақтас- ықыласты.
- 8 балл жинағандар бірлесіп жұмыс істегенге бейім, икемді, дау дамай проблемаларды шешуге ымыралы келісімге келеді, саналы түрде конформды, барлық адамдармен қатынаста дұрыстық этикалық нормалар мен ережелерді сақтайды, топ мақсатына жетуде ыңғайлы, бастамшыл, көмек көрсетуге дайын, басқалардың өзіне көңіл аударып, олардың махаббатына бөленуді ұнатады, ашық жарқын ,қарым қатынаста мейірімділік пен тілектестік білдіреді.
9- 16 балл жинағандар баршамен сыпайы және ықылас танытқыш, қарым қатынаста әлеуметтік қолдау көрсетілген және қабылданған болуға бағытталған, баршаның талабына сай келуге жағдайға қарамастан барлық адамдарға жақсы көрінуге тырысады, микротоптың мақсатына бағытталған, ішкі зерттеу механизмдері жақсы қалыптасқандықтан эмоциялық жағынан өте икемделгіш.
- Қамқоршыл- альтурист.
0-8 балл жинағандар. Адамдарға жауапкершілікпен қарайды, өте әдепті, кеңпейіл, сыпайы,жұмсақ мінезді, адамдарға эмоциялық қатынасын мейірімділікпен қамқорлықпе, жанашырлықпен көрсетеді, айналасындағыларды сергітіп, тыныштандыра алады.
9-16 балл жинағандар. Шамадан тыс жауапкершілікке ие, әрдайым өз қызығушылықтарымен мүмкіндіктерін басқалар үшін құрбандыққа қияды, басқаларға көмек көрсетуде үлкен белсенділікпен, кейде жабысқақтыққа дейін көрініс юереді, өзгелер үшін барлық жауапкершілікті өз мойнына алуға даяр) бұл кейде қарама қарсы бейнесін жасыруға пайдаланылған “ маска” болуы мүмкін).
Екінші кезеңде зерттелінушіге 128 қысқаша тұжырымдамалар берілген тапсырмалар жинағы ұсынылады. Оларды мұқият оқып әркім өздерінің мінездемелеріне сай келеді деген тұжырымдама тұсына”+” белгісін қойып шығады.
Тұжырымдамалар.
- Басқалар ізгі ниетпен қарайды
- Қоршағандарға әсерлі
- Басқаларға билігін жүргізе алады
- Өз пікірін қорғай алады
- Ар намысы бар
- Тәуелсіз
- Өзіне өзі қамқор бола алады
- Парықсыздық білдіреді
- Қатал бола алады
- Қатал бірақ әділетті
- Адалдық білдіреді
- Өзгелерге сын көзбен қарайды
- Жыламсырауды жақсы көреді
- Қабағынан қар жауып жүреді
- Сенімсіздік білдіреді
- Жиі көңілі қалады
- Өзін сынауға қабілетті
- Өзінің қателерін мойындайды
- Шын көңілімен бағынады
- Жолын бергіш
- Ризашыл
- еліктегіш, таңданғыш
- сыйлағыш
- Қолдауды іздейді
- Ынтымақтас өзара жәрдпмдескіш
- Басқаларға сыйысымды болғысы келеді
- Ықылас танытқыш ізгі ниетті
- Ілтипатты, сүйкімді
- әдепті
- Жігерлендіруші
- Көмек сұрағандарға көмек көрсеткіш
- Риясыз
- Таңқалдыра алады
- Басқалар оны сыйлайды
- Басшы болуға қабілетті
- Жауапкершілікті жақсы көреді
- Өзіне сенімді
- Өзіне өзі сенген қайсар мінезді
- Іскер, пысық
- Бәсекелестікті жақсы көреді
- Қажет болғанда тұрақты және қатал
- Ымыраға бармайды, алаламайды
- Кейігіш
- Ашық, тік мінезді
- Басқалардың басқарғанын қаламайды
- Еш нәрсеге сенбейді
- Әсер ету қиын
- Ренжігіш,кінәмшіл
- Ұялшақ
- Өзіне сенімсіз
- Көнгіш
- Қарапайым
- Өзгелерден көмек күткіш
- Беделділерді ерекше сыйлайды
- Кеңестерге құлақ салғыш
- Басқаларға сенгіш және өзгелерді қуантуға құмар
- Барлық уақытта сыпайылық білдіреді
- Өзгелердің пікірін бағалайды
- Сыйысымды ашық
- Ақкөңіл
- Мейірімді, сенімділік орнатады
- Жұмсақ мінезді, мейірімді
- Басқаларға қамқорлық білдіруге құмар
- Адал, мырза
- Кеңес бергіш
- Өзін бағалы етіп көрсетеді
- Әмірешіл, бұйрық бергіш
- Өктемшіл
- мақтаншақ
- Менменшіл, тәкаппар
- Тек өзінің қамын ойлайды
- Есепшіл қу
- Өзгелердің қатесін кешірмейді
- Тек өз пайдасын ойлайды
- Турашыл
- Ықылас талпынушылығы жиі орын алады
- Ызақор
- Арызқой
- Қызғаншақ
- Өкпелеу сезімі ұзақ сақталады
- өзіне өзі наразы
- Жасық
- ынжық
- Ұяң
- Тәуелді дербес емес
- Бағынғыш
- Өзгелерге шешім қабылдауға мүмкіндік береді
- Қиын жағдайға ұшырағыш
- Достарының әсеріне бөленгіш
- Өзгелерге сенім артқыш
- Талғамсыз, баршаға сеніммен қарайды
- Баршаны ұнатады
- Кешірімді
- жанашырлығы шексіз
- Кең пейілді,ғ кешірімді
- Жұртқа қорғаншы болады
- Табысты болғысы келеді
- Басқалардан таңқалуды күтеді
- Өзгелерге үстемддік көрсетеді
100 Қатыгез
101Өзгелерді лауазымдылыққа және қалталылыққа қарай сыйлайды
- мансапқор
103 Өзімшіл
104 суыққанды, қатыгез
105 Сықақшыл, ащы тілді
106 Ашулы, қатал
107 жиі ызаланғыш
108 Мейірімсіз, қатыгез
109 Кек сақтағыш
110 Қарама қарсылыққа бөленген
111 Қырсық
112 Күдіктенгіш
113 Именшек
114 Ұялшақ
115 Бағынышты болуға ерекше даярлықта
116 Жұмсақ мінезді
117Ешкімге қарсы сөйлемейді
118 Жабысқақ
119 Қамқоршысының болғанын ұнатады
120 Сенгіш
121 Өзгелерге жағынышты болуға тырысады
122 Барлығын мақұлдайды
123Барлық уақытта мейірімді
124 Баршаны жақсы көреді
125Өзгелерге қамқорсынғыш
126 Баршаны жұбатқысы келеді
127 Өз пайдасын ойламастан өзгелерге қамқор болады
- Ерекше мейірімділігімен басқаларды бұзады.
Бағалау шкаласы:
Әр плюс бір балл деп есептеледі. Жалпы бағасы октанттар бойынша шығарылады. Ол үшін келесі кестеде көрсетілген сұрақтарға берілген жауаптар көрсеткіштерінің қосындысы шығарылады.
1-ші октант:1 — 4,33-3665-6 8 97-100
2- ші октант:5 — 837-4069-72101-104
3- ші октант:9 -1241-4473-76105-108
4- ші октант:13 — 1645-4877-80109-112
5- ші октант:17 — 2049-5281-84113-116
6- ші октант:21 — 2453-5685-88117-120
7- ші октант:25 -2857-6089-92121-124
8- ші октант:29 -3261-6493-96125-128
Бағалау деңгейінің жоғарғы деңгейі 16 баллға тең, ол 4 деңгейге бөлінеді.
0 — 4 балл – қасиет төмен дамыған, айқын көрсетілмеген.
5- 8балл – қасиет қалыпты нормада.
9- 12 балл — Қасиет жоғары дамыған, айқын байқалады.
13-16 балл – паталогияға дейін жоғарғы көрсеткішке ие.
Нәтижесін талдау ережесі.
Әр октант бойнша жинақталған баллдар психограммадағы номері сай келетін секторына түсіріледі. Жиналған баллдар санына байланысты октант сандарын координатасына доға түсіріледі. Шеңбер ортасымен жаңадан түсірілген доға арасына штрих сызықтарымен түс беріледі.Зерттеу барысында барлық жиналған баллдар октанттар бойынша психограммаға түсіріледі. Нәтижесінде Психограмманың біршама аймағы штрихталған болады да ол аймақ зерттелінушінің тұлғааралық қатынаста көбірек орын алатын стилін көрсетеді. Егер мінездемелердің басым көпшілігі 8 баллдан жоғары болмаса, бұл көрсеткіш зерттелінушінің жеке тұлғалық қасиеттерінің үйлесімділігінің белгісі және оның қарым қатынасқа икемділігінің көрсеткіші болады, 8- ден жоғары болған баллдар сол октанттағы қасиеттердің акцентуациясын байқатады. Егер бір октант бойынша 14-16 балл жиналса, ол адамның әлеуметтік адаптациялау мәселесі бойынша қиындықтар бар екенін анық байқатады, көрсеткіштер өте төмен болса (0-3) зерттелінушінің сыр сақтайтындығының, өте тұйық екендігінің белгісі. Ал егер барлық октанттар бойынша 4 баллдан жоғары көрсеткіш тіптен болмаса, онда зерттелінуші өзін ақиқатқа сай бағалағысы келмегені.
Тұлғааралық қатынастың бірінші төрт типінің өкілдері (1,2,3,4 октант) конформды емес, дау дамайға жақын, қатал, тәуелсіз,өздеріне сенімі күшті, пікірлерін қорғанғыш жетекші басшы болуға құмарлар қалған төрт өкілдері (5,6,7,8 октант) тгұлғааралық қатынасы жоғарыда аталғандарға қарама-қарсы мінездемелер иесі: конфорым ды, өзігне сенімі төмен, басқаларға ергіш, ымырашыл.
Арнайы жасалған екі формула көмегімен негізгі екі фактордың көрсеткіші анықталады. Басыо мдылық пен татулық .
Басымдылық: (1-5)+0,7*(3+2-4-6)
Татулық:(7-3)+0,7*(8-2-4+6)
Осы көрсеткіштерді салыстыру арқылы зерттелінушінің тұлғааралық қатынасының типі аныцқталады. Жоғарыда берілген типалониялық мінездеме бойынша зертелінугшінің барлық ерекшеліктеріне толығырақ сипаттама жасауға болады.