Лонгитюдтік талдау

Лонгитюдтік талау — Ұзақ уақыт ішінде бақылауға алынған адамдардың жас ерекшеліктеріне және әсер еткен факторларына байланысты өзгеруін талдау әдісі. Бұл әдіс адамның өмір циклдары мен фазаларындағы болған психологиялық қасиеттерінің сандық және сапалық өзгерістерін анықтауға пайдаланылады. Мысал ретінде Э.Эриксон жасаған тұлғалық дамудың эпигенетикалық кестесін көрсетуге болады. Бұл кітапта лонгитюдтік талдаудың бір көрінісі ретінде темпераманттің ерекшеліктерін анықтауға арналған жоспар бойынша байқауды жүргізу жолы көрсетілген.

Темпераменттің ерекшенліктерін анықтауға арналған жоспар бойынша байқау әдісі.

Мақсаты: темперамент типін және жүйке процестерінің тепе теңдігін анықтау.

Орындау ережесі: Төменде берілген жоспардың баптары бойынша бақылау жүргізіп, оларды талдау арқылы темперамент көрсеткіштері және жүйке процестерінің үру ерекшеліктерін анықтауға болады. Зерттеуші өзі жүргізген бақылау нәтижелерін төмендегі тұжырымдамалармен салыстырып, әрқайсысының тұсына жауаптарын “+” немесе “-“ деп белгілеуі керек.

Тұжырымдамалар.

Жылдам әрекет қажет болған жағдайдағы оқушы өзін қалай ұстайды.:

А. Іске жеңіл араласып кетеді.

ә.беріліп әрекеттенеді.

Б.жай әрекеттенгенімен, артық сөз айтпай орындайды.

В.сенімсіз алаңдап әрекет етеді.

Мұғалімнің ескертуіне қалай қарайды:

А. Енді қайталамайтынын айтқанымен, алайда біраз уақыттан кейін тағы да сол қалпында қайталайды.

ә. Оған ескерту жасағанға тас талқан болып ашуланады.

Б.тыңдайды бірақ үндеместен жұмысын орындайды.

В. Үндемейді, бірақ өкпелейді.

Осы мазалайтын сұрақты талқылауда қатарларымен қалай сөйлеседі:

А. Асығыс жанын беріп сөйлегенімен, басқалардың айтқанына құлақ түреді.

ә. Тез бар ниетімен, алайда басқаларды тыңдамайды.

Б. Жай, асықпай, бірқалыпты, бірақ сенімді

.в. терең қобалжып күдіктенеді.

Бақылау жұмысын тапсырарда оқушы өзін қалай ұстайды: ол жұмысты әлі аяқтап үлгермеген болса, немесе жіберген қатесін жұмысты жинап алғаннан соң оның есіне түскен жағдайда:

А. Болған оқиғаға жеңіл қарайды.

ә. Жұмысты аяқтауға тырысады, қате жібергеніне ызаланады.

Б. Мұғалім өзі келіп жұмысты жинап алмағанынша , тапсырманы асықпай орындай береді, жіберілген қате жайлы аз сөйлейді.

В. Есептің дұрыстығына сенімсіз, күдік туғызған болсада сөзге келмей жұмысын өткізнді.

Қиын тапсырманы орындағанда оны бірден орындай алмаса өзін қалай ұстайды:

А.тастайды.біраз уақыттан соң жұмысты жалғастырады.

ә. Біраз уақыт ызаланып отырса да райынан қайтпай нәтиже шығарады.

Б. Бірқалыпты

В.сасқалақтық сенімсіздікті білдіреді.

Оқушы үйіне асығып тұрған жағдайда мұғалім басқа оқушылар немесе белсенділер тобы оған сабақтан соң қалып, бір тапсырманы орндауды ұйғарса, өзін қалай ұстайды:

А. Тез келіседі.

ә. Ызаланады.

Б. Бір сөз айтпай қалады.

В. Сасқалақтап қалады.

Бейтаныс ортада өзін қалай ұстайды:

А. Аса белсенділігін білдіріп, тез арада бағдарлану үшін қажетті мәліметті алады, тез шешім қабылдайды.

ә. Бір ғана бағытта белсенділігін көрсеткенімен, көп мәліметті ала алмайды, алайда шешімді тез қабылдайды.

Б. Айналада балып жатқан жағдайларға асықпай қарай

В) қысылып , сасқалақтактап айналамен танысып, шешімді сенімсіз қабылдайды.

Осы жоспар бойынша бақылау нәтижесін бағалап шығу үшін төмендегі кестеге бақылау нәтижесін әр баланың қатарына түсіріп шығу керек ( сәйкес келген бағанға “ + “ немесе “ – “ белгілерін қою арқылы).

Зерттелушінің

аты-жөні

А Ә Б В Темперамент типі
1            
2            
3            
4            
5            

Оқушының әрекеті басым көп жағдайда “А” жауабымен бағаланса, оның темпераменті сангвеникке жақын болғаны, “Ә”- холерикке, “Б”- флегматик, “В”- меланхолик темпернаменті типінің өкілі деп тұжырымдауға болады.