Біршші талап – тотық кездесулер арнайы жабдықталған, кілем немесе палас төселген, кең, ойын бөлмелерінде жүргізіледі. Ол бөлмеде ойын барысыііда пайдалануға арналган жүмсақ ойыншықтар, шарлар, Доптар, орындықтар немесе көпшіктер, қағаз, қалам, фламастер, жсңімпаздарды марапаттайтын заттар (сағыз, конфет, шар, «кант, май, шәй» тәрізді нәрселер). Топташ жүмысты екі психолог (әйел және ер кісілср) жетекшілік жасап жүргізгені тиімді болады. Олар үлкелдердід үлгісі болгащіыктан әр жыныс өкІлдерінщ ерекіделіктерін көрсетуге ыңгайлы жағдай орцатады, сонымен қатар кейбір жаттығуларды орындау барысында ер адамның қара күпІІ де қажет болады. Кездесулерді әр аптада бір нсмесе екі рет, үзақтыгы 1,5-2 сагат деп аныктап алу керек. Топтағы қагынасуітшлар саны 7-9 , ал кей кезде
12-ге дейін болуы мүмкін. Үлкендермен де осындай бөлмеде ұйымдастыруға болады.
Екінші талап — қарым-қатынас ерекшелігі байқалған бала немесе үлкен клиент өміріндегі қысым көріп жүрген шарттардан шығуына жәрдем беретіндей жағдайда болуы керек. Өйткені қақтығыс аймағындағы байланыстар мінез-құлықтың жағымсыз көрініс беруінің негізгі себебі болуы мүмкін. Сондықтан тілектестікке, мейрімділікке негізделген қарым-қатынас басқаларға деген бұрығны қырсық мінездің өрескіл, ыңғайсыз екенін көрсетеді және өзгелермеп мәдениетті араласудың жаңа түрін іздеуді талап етеді. Осы ізденіс табысты болудың жада жағдайдағы қарым-қатынас түрінің дұрыс үлгісі топта көрсетіледі.
Ол үшін:
а) үлкендер мен кішкентайлардың карым-қатынасы жайбарақат, тілектестік негізінде жүргізіледі;
б) ешкім ешкімге ескерту жасап, мін тағып, сын айыптап, жіберілген қателіктер үшін ұрыспайды;
в)әркім өзін емін-еркін сезінуге жағдай жасалады.
Үшінші талап — шектеудің шектеулілігі. Нені шектеуге болады:
а) жүмыс уақыты (ойын бөлмесінің жүмыс уақыты шектеулі); б)бөлмеден рұқсатсыз шығуға болмайды; в) ойыншықтарды, әдістемелік кұралдарды алып кетуге болмайды. Кішкентайлармен үйымдастырған коррекциялық топтың ең үлкен ерекшелігі — баланың
іс-әрекеттерін ұйымдастыру барысында оларға ешкандай тыйым салмай, нормативтермен таныстырмай, әркімге өзінің шығармашылық қабілетін көрсетуге мүмкіндік беру.
Төртінші талап — өзінше талдауды (интерпретациялауды) колдану. қатнасушының проблемасын диагностикалау және коррекциялау барысында олардың әркайсысына өз ойын түжырымдап айткызу. Бүл әдістің орындайтын міндеті — адам жағдайды үстіртін талдаудан біртіндеп мәселеге терең үңіліп, оның түбірін, болашаққа әсерін т.б. көрсеткіштерін бір-бірімен үштастырып, салыстырып талдайды. Бүл ете күрделі техника. Оны тиімді пайдалану үшін келесі жағдайларды ескеру қажет:
- клиенттің интерпретацияны кабылдауға, түсінуге даярлығы;
- интерпретацияны қолдануға ыңғайлы жағдайдың орын алуы.
Жағдайды өзінше талдау сенімді топтыц ішінде, клиентке өте түсінікті
сөздермен айтылуы керек, күрделі мәселелерді талдауга арналған сүрақтар шектеулі болады және ғылыми терминдер өте аз пайдаланып, сөйлемдер құрылымы жағынан клиенттің тіліне жакындатылған, оған түсінікті, карапайым болады.
Бесінші талап — әр адамға өзінің ойын өз сөзімен басқаларға түсіндіріп айтып беруді үйрету. Ол «қайта проекциялау» деп аталады.
Клиенттің айтқан шағымын психолог өзінше талкылап, оның оң-теріс жағын ашып, барлық болған оқиғаның жақсы жағы да бар екенін көрсетеді, немесе жағымсыз нәрсенің әсері клиенттің бағалауынан төмен екендігін дәлелдеп береді. Мысалы: баласы оқуды тастап кеткен, Психолог осы мәселені талдау барысында оқу немесе болашақ мамандығы баласыньң ойына сай келмеген болуы керек, сондықтан ол өз жолын іздеп тапқысы келгенін түсіндіреді.
Алтыншы талап — клиентті сыйлау, онымен тілектестік негізіндегі қарым-қатынасты қалыптастыру. Қарым-қатынас ауызша сөйлесу (вербальдық қарым-қатынас) аркылы және тілсіз, вербалды емес түрлерінде жүруі мумкін, оның барлық қылығын тусіну, көбісінің басқаларға ұнайтынын және унамды қылықтары бар екенін көрсету. Коррекциондық топта әр адам өзінің толық қауіпсіз ортада екенін сезінуі кажет. Тек кана толық сенім болғанда ғана клиент өз проблемасын ашып, сырын төгеді. Басқалар, әсіресе психолог, ұстамдылык көрсетіп әр клиенттің шағымын эмоционалдық құбылыстарда көрсеткен өмірінің үзінділерін тілектестік белгісімен қабылдауы қажет (қолын сипап, күлімсіреп қарап, басын шайқап…)
Жетшіні талап — ер адам өз өмірінің иесі екенік түсіндіру. Осы позицияда тәрбиелеу үшін әр адам өз праблемасын өзі шешуге шамасы келетініне сенуі қажет. Сондықтан бірінші, екінші кездесу барысында клиентті асықтырмай оның белсенділігін қолдан отыру кажет. Клиенттің күшті жақтарын қолдап, соған сүйену — коррекцияның маңызды шарты.
Коррекииялық топтарды қүру
Топтағы ойындарды уйымдастыру арқьлы жүргізілетін жұмыс барысында
біріншіден топтағылардың карым-қатынасы қалыптастырылады, сонан соң, екінші ретте коррекциялык мәселелер шешіледі. Мұндай топтар жұмысы, көбінесе, балалармен және оған параллель топта олардың ата-аналармен жүргізіледі. Бұл топтардағы коррекция жүмысы бастапқы кезде дара жургізіледі де, ата-аналар тобында олардың теріс әсері бар стереотиптерін түсіндіру тәсілдері кеңінеп пайдаланылады.
Балалар коррекциялдық топтарын құрғанда психодиагностикалык зертгеу барысында анықталған жеке тұлғалық ерекшеліктері мен олар туралы ата-аналары мен мектеп кызметкерлермен түскен шағымдары ескеріледі. Кішкентай балалар туралы шағымдар екі мағнада болады. Біріншісі, баланың топтағы кұрбыларымен қарым-катынас жасамауы. Ата-аналар баланың оқшау жүретінін оның мінезінің түйықтығымен, сол себептен баланың жеке ойнағанша, кітап оқығанды, сурет салғанды ұнатағындығымен түсіндіреді. Кейбір балалар басқалармен қарым-қатынас жасай алмауына байланысты, кейде құрбыларымен жақсы ойнап, ал кейде бұртиып, ашуланып, төбелесіп, шатақ мінез көрсетуімен байланысты өзгелер оны жақтырмайды.
Екінші мағынадағы шағымдар бала мінезінің шатақ болуына байланысты оны көндіру, тіл алдыру мумкін еместігі, олар үлкендерге өрескел, дөрекі сөйлеп, бағынбаушылык көрсететінін айтады. Бұл шағымның астары ата-аналардың өз ұрпақтарымен ғана емес, өздері де бір-бірімен тіл табыса алмай жүргенімен де байланысты болады. Отбасы өте күрделі жүйе болғандықтан оның бір жерінде кездесетін қиындық барлық катынастар жүйесіне теріс әсер етеді. Психокоррекция жүргізу туралы шешім кабылдау үшін проблеманың түбірі неде екенін аныктап алу кажет.
Көбінесе баларда кездесетін қарым-қатынас бұзылуы келесі үш себепке байланысты болуы мүмкін. Біріншісі — отбасындағы мінез-құлық стереотиптерін баланың мектепішілік қатынаста қайталауы. Екіншісі — бала өз темпераментінің ерекшеліктерін меңгере алмағанымен байланысты оның икемделуі төмен, барлық тітіркендіргіштер әсеріне жауап реакииясы жоғары болуы. Үшіншісі — баланың оқу мотивациясының «сәтсіздіктен қашу». бағытымен байланысты ішкі, жеке түлғалық мазасыздауының жоғары болуы, осы себептен туындаған қайшылықтарды шешу жолдарын таба алмауы.
Психокоррекциялық ойыңдар жеке тұлғалык, интеллектуалдық даму проблемаларымен байланысты жүргізілетін коррекцияның негізгі әдісі болып табылады. Бүл кітапта тек кісіаралык қатынаста көрініс беретін қасиеттермен байланысты коррекциялық жүмыстың түрлері қарастырылған. Таным процестерін коррекциялау жолдары осы оқулыктың келесі бөлімінде беріледі. Жеке тұлғалық касиеттерді өңдеу және жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған психокоррекциялық ойындар барысында әр адамның өз тәжірибесінде калыптасқан, дағды болып қалған әлеуметтік рөлдерін орындау стереотиптері кайта кұрылады.