- Қарым-қатынас мәдениетін дамыту.
Социометрия әдісі.
Әлеуметтік ортадағы қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеугеарналған көптеген әдістемелер жасалған. Олардың көпшілігі мектеп психологиялық қызметінде сыныпоқушыларының қарым-қатынас ерекшеліктерін, оқушының әлеуметтікстатусын зерттеуге кеңінен пайдаланылып жүр. Қазіргі кезде ең жиі пайдаланылатын топты зерттеу әдістемесі социометрия деп айтуға болады. Социометриялық талдауды ұсынған және оны психологиялықзерттеулерде қолдануережелерін жасаған Австрия ғалымы Джекоб Морено. Венадағы психиатпприялық клиникада жүргізгензерттеулерінің нәтижесінде ол өте маңызды қорытынды жасайды: көптеген психикалық ауытқулар адамның әлеуметтікортада өзін ыңғайсыз сезінумен, әлеуметтік адаптациядан өте алмағанымен байланысты деп тапқан. Осы себептің әсерін төмендету үшін әр адамныңөз ортасындағы әлеуметтік статусын және қарым-қатынасмәдинетін зерттеу қажетті екенін дәлелдеген .
Өткен ғасырдың 20- жылдары Дж. Морено психиатриялық зерттеулерден әлеуметтік – психологиялық проблемаларды зерттеуге бет бұрады. Ол социометриялық әдістемелерді әлеуметтік топттардағы әр адамның күй- жағдайын зерттеуге пайдаклану жолдарын іздеді. Мореноадамдарға әлеуметтікортаның әсерін зерттеуге “ триадикалық” деп атаған жүйені ұсынды. Бұл жүйенің құрамды бөліктері социометрия, топтық психотерапия және психодрама деп аталды. Осы ұсынылған триадикалық әдістемелердің ішінде мектеп психологиялық қызметінде оқушылар ұжымын зерттеуге кеңінен пайдаланылатыны – социометриялық талдау. Бұл әдістеме көмегімен оқушылардың сынып ұжымындағыорны, олардың достары мен жолдастарының бар екендігі , ұжымының ішкі құрылымы, үлкен топтың құрамында микроптардың барлығы және ол топтардағы тұлғааралық қатынастардың қалыптасқандығы анықталады.
Мақсаты: Ұжым мүшелерінің бір-бірімен эмоционалдық байланысын анықтау және татулығын өлшеу.
Орындау ережесі.Тестті орындау алдында зерттелінушілерге жауап парақпен жұмысістеу тәртібі түсіндіріледі. Жауап бланкісі алдын-ала төменде беріген үлгі бойыншадаярланады.
Орындау ережесі: “ Мен сіздерге сұрақтары бар парақ таратып беремін. Әр сұраққатерең ойланып , дұрыс жауап беруге тырысыңдар”.
Жауап берубланкісі
Аты жөні ——————————————————————
Оқитын сыныбы———————————————————
Төмендегісұрақтардың әрқайсысыцнасыныпта біргеоқитын оқушылардың үшеуінің атын жазыңыз.
- Мектептібітіргеннен соңкіммен достық қаым-қатынаста болғыңыз келеді?
А)
Б)
В)
2.Туған күніңізге кімді шақырғыңыз келеді?
А)
Б)
В)
3. Саяхатқакіммен шыққыңыз келеді?
Нәтижесін талдау. Жиналған материалдарды социоматрица жәнесоциаграмма жасапталдау керек.
Жоғарыдаберілген үш тапсырма бойынша жиналған материалдарды жеке-жеке матрицамен социограмма жасауды талап етеді. Олардың жалпы көрсеткіштерібір-бірінесәйкес келуіжәне айырмашылығы көпболуы мүмкін. Бұлжерде мысал ретіндебір тапсырма бойыншажиналған мәліметті кестеге түсіру ретін ғана көрсеттік. Басқаекі тапсырма бойынша осылайша матрица мен социограмма жасау керек.
Социоматрица жасау. Кестеге зерттелінушілер тізімі түсіріледі және олардың қалаулары жоғарғы қатардағы олардың нөмірімен қиылысқан жеріне түсіріледі. Кестенің төменгі қатарынаәрқайсысының жинаған қалауларыныңсаны жазылады.
Бағалау шкаласы:
және одан да көп- жұлдыздар
3-5- қалаулылар
1-2- қалаусыздар
шектеулілер
Ұсынылған кестедегі көрсеткіштер бойыншатоптағы балалардыңекеуі “ жұлдыз”, бесеуі “қалаулылар” , оны “ қалаусыздар”,ал екеуі “ шектеулілер” қатарына жатқызылды. Осы көрсеткіштердің өзі сынып ұжымындаауызбіршілік, татулық әлі қалыптаспағандығының белгісі болып отыр.
Социоматрица.
№ | Аты- жөні | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
1 | Айжан | + | + | + | ||||||||||||||||
2 | Асан | + | + | + | ||||||||||||||||
3 | Арай | + | + | + | ||||||||||||||||
4 | Арман | + | + | + | ||||||||||||||||
5 | Бағлан | + | + | + | ||||||||||||||||
6 | Гүлназ | + | + | |||||||||||||||||
7 | Гүлмира | + | + | + | ||||||||||||||||
8 | Данияр | + | + | + | ||||||||||||||||
9 | Дәулет | + | + | |||||||||||||||||
10 | Дамир | + | + | + | ||||||||||||||||
11 | Зарина | + | + | + | ||||||||||||||||
12 | Мадина | + | + | + | ||||||||||||||||
13 | Нұрғали | + | + | + | ||||||||||||||||
14 | Нағима | + | + | + | ||||||||||||||||
15 | Оңалбай | + | + | + | ||||||||||||||||
16 | Өскен | + | + | + | ||||||||||||||||
17 | Палсая | + | + | |||||||||||||||||
18 | Руслан | + | + | + | + | |||||||||||||||
19 | Толқын | + | + | + | ||||||||||||||||
20 | Уәли | + | + | + | ||||||||||||||||
21 | Шоқан | + | + | + | ||||||||||||||||
22 | Юсуп | + | + | |||||||||||||||||
23 | Элдар | + | + | + | ||||||||||||||||
Таңдаулар: |
Топтың ұжымшылдығын анықтау үшін барлық таңдаулар санын өзара таңдау санына бөлу керек. Бұл сыныпта ұжымшылдық, татулық өте төмен болып шықты.
өзара таңдау8
Р=———————=————=0,15
Таңдау саны57
Социоматрицадағы көрсеткіштер бойынша зерттелінушілер статусына байланысты социограмма жасалады. Ең кіші шеңберге “ жұлдыздар”, екінші шеңбер ішіне “ қалаулылар” ,ал сыртқысына “ шектеулілер” белгісі түсіріледі.
Социограмма.
Жиналған материалдардыталдаунәтижесінде келесі қорынды жасауға болады. Социометриялық талдау барысында сыныптағылардың екеуі жұлдызболып шықты. Олардың белгілеріішкі шеңберде орналасқан.Сонымен қатар сыныптағы оқушылардың ауызбіршілігі төмен, бір-бірімен қарым-қатынасы шектеулі екендігінбайқауға болады. 33 оқушыныңалтауышектеулі( олардың белгілері сыртқы шеңберде орналасқан ), оңаша қалғандар. Бұл оқушылар басқалармен, әсіресе сыныптағы майталманлидермен қарым-қатынаста болғысыкеледі, тек олардыбұл оқушылар қабылдамайды. Соныменқатар13 оқушыны 1-2сыныптастарығана қалап алған, олар басқаларға ұнамсыз, қалаусыз деп айтсақ болады. Ал 12 оқушыны 3-4 адам таңдап алған. Оларды қалаулыларға жатқызуға болады
Бұл жердебір атап өтетін мәселе — ұл балалар мен қыз балалардың арасында қарым-қатынас шектеулі, тек қанабір қалау орын алған. Бірсыныптағы балалар жеке топтар болып оқып жүргенсебептерін зерттеп, оң көрсеткіштерін нығайтып, арақатынастарын жақсарту нәтижесінде ұжым ішілік татулықты тереңдетуге мүмкіндік туады.
Сіз өзгелермен тіл табыса аласыз ба?
Мақсаты: Қарым қатынастағы басқаларға ұнамдылық, сыйысымдылық көрсетуге икемділікті бағалау.
Орындау ережесі: Төмендегі сұрақтарға “ия” “кейде” немесе “жоқ” деп жауап беріңіз.
Сауалнама.
Сізді қызмет бабымен кездесу күтіп тұр. Күту сізді шаршатады ма?
Ауру әбден асқынғанға дейін дәрігерге бармай жүресіз бе?
Баяндама жазу хабарлама жасау сияқты іс шараларды орындау сізге қиындық тудырмайды ма?
Өзіңізге таныс емес қалаға іс сапармен баруды ұсынса сіз оған бармаудың барлық әрекетін жасайсыз ба?
Сіз өзіңіздің уайымыңызды басқа адамдармен бөлісуді қалайсыз ба?
Көшеде таныс емес адам бір нәрсе сұрағанда( жол көрсету, уақытты айту) ашуланасыз ба?
“Әке және бала” мәселесі барлығына сенесіз бе және әр жас кезеңіндегі адамдардың бір бірін түсінуі қиынба?
Осыдан бірнеше ай бұрын300 теңге алып, оны қайтаруды ұмытқан танысыңыщздан ақшаңызды сұрауға ұяласыз ба?
Ресторанда немесе асханада сізге сапасыз тамақ берді. Сіз үндемей тарелканы ашуланып сырғытып қоясыз ба?
Танымайтын адаммене жеке қалғанда онымен сөйлеспейсіз және ол бірінші болып сөйлессе оны жақтырмай қаласыз. Солай ма?
сізге қай жерде болмасын ( дүкенде, кітапхана, театр кассасында т.б.) ұзақ кезек күту керек болса сіз кезекке тұрудан бас тартасыз ба?
талас тартыс мәселелердің қарастыратын комиссия мүшесі болудан қорықпайсыз ба?
Әдебиетті өнер мен мәдениетті бағалауда сіздің өзіңізге ғана тән піәкіріңіз бар, сіз бөтен пікірлерді ескермейсіз. Солай ма?
Сізге анық мәселе туралы басқа біреулердің басқаша пікір айтқанын естісеңіз, сіз үндемейсіз бе, жоқ турасын айтасыз ба?
Қызметтегі сұрақтар, оқу тапсырмаларын меңгеруде басқа біреулер көмектессе, сіз қысылмайсыз ба?
Сіз өз пікіріңізді (ойыңызды бағалауыңыз) ауызша айтқаннан гөрі жазбаша түрде баяндауды ұнтасыз ба?
Бағалау шкаласы.
Ия жауабы -2 балл
Кейде-1 балл
жоқ-0 балл.
Нәтижесін бағалау:
Барлық баллдар қосындысы бойынша қарым қатынаста сіздің мінез құлқыңыз қандай өзгешеліктерге ие екені анықталады.
30-32 балл. Сіз ешкіммен тіл табыса алмайсыз, ешкімді менсінбейсіз, сондықтан оқшауланып жападан жалғыз жүресіз. Көкірек мінезіңіз өзіңізге де, жақын адамдарыңызға да өте қиын жағдай туғызады.Көпшілікпен араласуға және тіл табысуға тырысыңыз, өзіңіөді өзіңіз бағалаңыз.
25-29 балл.Сіз аз сөйлейсіз, томаға тұйықсыз, жалғыз болғанды қалайсыз, сондықтан сіздің достарыңыз аз. Жаңа жұмыс және басқалармен араласу сізді тұйыққа тіремесе де аз уақытқа болса да тыныштығыңызды бұзады. Өзіңіздің осы мінезіңізді білесіз және оған риза емессіз. Сіз мұндай наразылық пен шектелместен бұл мінезіңізді жеңуге күш салыңыз. Оған сіздің күшіңіз жетеді. Кейде жұмысқа беріліп кеткенде ашық жарқын болып, өзгелердің барлығымен тіл табысып кетесіз.
Сондықтан тек қана өзіңіз тұйықтығыңызды өзгерту керек.
19-24 балл. Сіз белгілі дәрежеде көпшілсіз, таныс емес ортада өзіңізді емін еркін сезінесіз. Жаңа мәселелер сізді қорқытпайды, оны орындауға шешімді тез қабылдайсыз. Дегенмен жаңа адамдармен араласуға бәсекеге түсуге пікірталастарға түсуге асықпайсыз., өзіңізді жоғары бағалайсыз, сондықтан сіздің сөздеріңізде басқаларды кекетушілік кездеседі. Бұл кемшілікті түзетуге болады.
14-18 балл. Сіз басқалармен қарым қатынасыңызды дұрыс құра аласыз. Сіз өте әуесқой, әңгімешіл адамсыз, басқаларды жақсы тыңдайсыз, қарым қатынаста ұстамдылық көрсетіп, өз пікірлеріңізді көзқарасыңызды асықпай дәлелдейсіз. Жаңа адмдармен тез араласып, тіл табысып кетесіз. Шулы ортаны ұнатасыз. Ойда жоқтағы қылықтарды, көп сөйлегенді жақтырмайсыз.
9-13 балл. Сіз ашық жарқынсыз. Өте әуесқой, сөзшең, әр түрлі сұрақтар туралы ой пікіріңізді басқаларға білдіруге құмар болғандықтан олар туралы көп айтқандығыңызсонша, кейде айналадағылар жалығып кетеді. Жаңа адамдармен танысу сізге қиын емес. Әр уақытта көпшілік ортасында болғанды ұнатасыз, ешкімнің өтініш сұранысына жоқ деп айтпайсыз, тек ол өзіңізді орындамауыңыз да мүмкін. Тез ашуланғышсыз, бірақ қайтымыңыз да тез. Егер істі өзіңіз орындағыңыз келсе, алған беттен қайтпайсыз. Жауапты мәселелерді шешуде сізге сабырлылық, батырлық, орындаушылық юетіспейді.
4-8 балл. Сіз өте епшіл көпшіл, білгірсіз.Күрделі тақырыптар басыңызды ауыртса да жарыссөздерге қатысуды ұнатасыз. Қандай да бір сұрақтарды үстіртін білсеңіз де, өз ойыңызды айтпай қалмайсыз. Барлық іс шараларға белсенді қатысып, мойныңызға алған істерді аяғына дейін жеткізе алмаса да оны орындауға белсенділікпен кірісесіз. Сондықтан да сіздің басшыларыңыз бен әріптестеріңіз сізге сенімсіз қарайды. Бұл мәселеге көңіл аударыңыз.
3 балл. Сіз ашық жарқын, көп сөйлейтін адамсыз, басқалармен өте тез тіл табысып кетесіз., бірақ бұл мінезіңізді көпшілік ұнатпайды. Сізге қатысы жоқ істердің барлығына араласып, тиісті емес мәселелердің барлығын сынап мінейсіз, сондықтан саналы және санасыз түрде айналағылардың ұрыс жанжалының себепкері боласыз. Өзіңіз тез ашуланғыш, өкпелегіш, сын көтермейтін болғаныңызға мқарамастан өзіңіз кейде ешкімнің көңіліне қарамайсыз.. жауапты жұмыстардан бас тартасыз.Әріптестеріңіздің отбасы мүшелерінің сіздің осы мінездеріңізден өте қиналатын сәттері болады. Сіз өзіңіздің мінезіңіздің жөндеуге үлкен көңіл бөлуіңіз керек. Ең алдымен өзіңізді шыдамды болуға, өзіңізді ұстай білуге адамдарды сыйлауға үйрету қажет. Сонан соң өзіңіздің денсаулығыңызды ойлаңыз, өйткені мұндай мінез құлықтар міндетті түрде із қалдырады.
- Басшы болуға икемділікті бағалау тесті.
Мақсаты: зерттееленушінің ашық -жарқындығы мен қарымқатынасқа икемділігін бағалау.
Орындау ережесі: ұсынылған 20 тұжырымдаманы мұқиат оқып, оның әрқайсысына “иә”,немесе “жоқ” деп жауап беріңіз.
Тапсырмалар.
- мен өзге адамды ұнататынымды ашық айтым.
- маған достасудан гөрі қолдау көрсеткен керегірек.
- менің жолдасымның табысқа жеткені туралы естісем абыржып қаламын.
- достарымның алдында менің міндетімнен құқығым басым екенін сеземін.
- өзіме — өзім қанағаттануүшін мен біреуге көмектесуім керек.
- достарымның арасында мен ешнәрседен қам жемеймін.
- достарым мені әбден жалықтырды.
- мен бір нәрсе істеп жатқанымда басқалардың қарап тұрғанын ұнатпаймын.
- мен қанша қиналсам да басқаларға көмектескеніме риза боламын.
- 10. досым қателессе де оны силағанымнан келісе саламын.
- өзім жеке қалғанда қорқыныш жиі бөленемін
- өмірдегі ең үлкен қуаныш – басқалармен қарым қатынас жасау
- мен достарды ең жақсы және сенімділермен шектеймін.
- көпшілік арасында болғанды ұнатамын
- жақындарыммен ұрысып қалсам ұзақ уақыт мұңайып жүремін
16.басқаларға қарағанда менің достарым көп.
- өзгені бағалағанда мен басқалар берген мінездемеге емес, өз сезіміммен қиялыма көбірек жүгінемін
18.мен қарым қатынастан ләззаттанудың орнына адамдардың лауазымды және қалталы юолғанына
көбірек көңіл аударамын
19.жақын достары жоқтарға жаным ашиды
20.менің жақсылық істегенімді көпшілік бағаламайды.
Кілті.
Жоғарыдағы тапсырмаларға жауаптарыңыз төмендегі кілтке сай келсе 1 балл деп бағалайсыз.
“Ия” болса: 5,6,9,11,12,13,14,15,16,19.
“ жоқ” болса: 1,2,3,4,7,8,10,17,18,20.
Нәтижесін бағалау:
10 баллға дейін – тұйықсыз, қарым қатынасқа икемсіздік білдіресіз.
11-14 баллға дейін – амбивертсіз, қарым қатынасқа икемділігіңіз орта.
15-20 балл – ашықсыз, қарым қатынасқа икемсізсіз.
5.14. Басшы болуға икемділікті анықтау тесті.
Төмендегі ұсынылатын тест басшы болудың жеке көрінісінң дәрежесін анықтайды.
Берілген 50 сұрақ сіздің мінез құлқыңызды анықтау үшін берілген. 2 түрлі жауаптар бар.Сіздің пікіріңізге сәйкес келетінін таңдап алыңыз. Жаман жауаптардың жоқ екенін
біліңіз. Сұрақтарға тез ойланбай жауап беру керек.
- Айналадағылардың назарында жиі боласыз ба?
А. ИяБ. Жоқ
- сізді қоршаған адамдардың барлғы сізге қарағанда қызметтері жағынан жоғары орында деп ойлайсыз ба?
А. ИяБ. Жоқ
- Қызметтеріңіз бірдей адаммен жиналыста бірге болғанда өз ойыңызды айту қажет емес деп ойлайсыз ба, оны айту өте керек болса да?
А. ИяБ. Жоқ
4.Сәби кезіңізде кішкентай достарыңыздың ойындарын басқару ұнайтын ба еді.
А. ИяБ. Жоқ
5.Сізге қарсылық білдірген адамның оның дұрыс еместігіне көз жеткізуден қанағаттанасыз ба?
А. ИяБ. Жоқ
6.Сізді батылсыз адам деген кез болды ма?
А. ИяБ. Жоқ
- Мынадай құжаттармен келісесіз бе? Жекелеген ұлы тұлғалардың жасағандары ғана әлемдегі ең пайдалысы?
А. ИяБ. Жоқ
8.Сіздің мамандық белсенділігіңізге сілтеме жасайтын кеңес берушіге зәрусіз бе?
А. ИяБ. Жоқ
адамдармен әңгімелескенде салқынқандылығыңызды жоғалтқан кезіңіз болды ма?
А. ИяБ. Жоқ
10.Сізден айналадағыларыңыздың қорқуы сізге қанағат бере ме?
А. ИяБ. Жоқ
11.Барлық жағдайда өзіңізге көңіл аударатын және барлық жағдайды бақылауға ыңғайлы жерге отыруға тырысасыз ба?
А. ИяБ. Жоқ
12.Сіздің сыртқы бейнеңізді сендіретін әсер қалдырады деп есептей ме?
А. ИяБ. Жоқ
13.сіз өзіңізді арамдаушымын деп есептейсіз бе?
А. ИяБ. Жоқ
14.Егер қоршаған алдамдар сіздің пікіріңізбен келіспесе, сіз сасқалақтамайсыз ба?
А. ИяБ. Жоқ
15.Сіздің өз ұсынысыңыз бойынша жұмыс топтарын ұйымдастырған кездеріңіз болды ма?
А. ИяБ. Жоқ
- Егер сіз белгілеген шаралар белгілі қорытындыны бермесе:
а. Сіз оны басқа біреуге тапсырғанға қуанасыз
б. Қабылданған шешіммен байоанысты барлық жауапкершілікті өзіме аламын
- Екі пікірдің қайсысы сіздің пікіріңізге тура келеді.
А. Нағыз басшы барлық істі ұсақ түйекке дейін өзі істеу керек.
Б. Нағыз басшы басқара білу керек.
- Қандай адамдармен жұмыс істегенді жөн көресіз.
А. Бағынышты, жуас
Б. Бірбеткей адамдар.
19.Қызу айтыстан қашқалақтайсыз ба?
А. ИяБ. Жоқ
20.бала кезіңізде әкеңіздің өктемдігіне жиі ұшырадыңыз ба?
А. ИяБ. Жоқ
21.мамандық туралы пікірталаста сіз өзіңіз келіспеген адамды өзхіңізге қарата аласыз ба?
А. ИяБ. Жоқ
22.мынадай көріністі елестетіп көріңіз: Достарыңыз бен орманда қыдырып жүрген уақытта сіздер жолдан адасып қалдыңыздар, кеш батып келеді.Шешім қабылдау қажет.
А. Сіз бұл мәселені топтағы ең білгір адам шешу керек деп ойлайсыз
Б. Сіз басқалардың шешіміне арқа сүйейсіз.
- Мынадай сөз бар:” қалада екінші болғанша, ауылда бірінші бол” деген. Егер сізге таңдау керек болса, не істер едіңіз?
А. Ауылда 1 ші болуБ. Қалада 2 ші болу.
- сіз өзіңізді басқа адамға қатты әсер етемін деп ойлайсвыз ба?
А. ИяБ. Жоқ
- Сіздің сәтсіз өткен тәжірибеңіз сізге жеке бастама бастауға кедергі кетіреді?
А. ИяБ. Жоқ
- Сіздің пікіріңізше нағыз басшы ол:
а. Ең компетентті” өз ісін жақсы білетін)
б. Кімнің мінезі күшті.
- сіз барлық уақытта адамдарды түсінуге тырысасыз?
А. ИяБ. Жоқ
- Айналадағы тәртіптілікті сыйлай білесіз бе?
А. ИяБ. Жоқ
29.Басшылардың қай типі сізге құрметті болып көрінеді.
А. өзі барлығын шешетін
Б. әр кезде ақылдасып отыратын.
- Сіздің пікіріңізше басшылардың қай типі фирманың, өндірістің жұмысына ыңғайлы?
А. Бірлесіп істейтін тип
Б. Авторитарлық тип
- Сізді жиі пайдаланып кетеді деген әсер сізде жиі боладыма?
А. ИяБ. Жоқ
- сіздің бейнеңізге қай портрет жақын?
А. Қатты дауыс, шапшаң қимыл, сөз үшін қалтаға түспейсіз.
Б. Бәсең дауыс, асықпай жауап беру, өзіңізді бақылап қимылдау, ойлы көзқарас.
- Жұмыс жиналысында сіз бір өзіңіз басқаларға қарама қарсы ойдасыз, бірақ сіз өзіңіздің ойыңыз дұрыс екеніне сенімдісіз. Өзіңізді қалай ұстар едіңіз?
А. Үндемей қоя саласыз
Б. өзіңіздің ойыңыз дұрыс екенін дәлелдейсіз.
- Сіз туралы басқалардың қызығушылығын өз мақсаиына пайдаланады деп айтады ма?
А. ИяБ. Жоқ
- Егер сіз бір іске үлкен жауапкершілікте болсаңыз, онда сіз үрей қорқынышты сезесіз бе?
А. ИяБ. Жоқ
36.Өзіңіздің кәсіби мамандығыңыздан не күтесіз?
А. Біреуге бағыну.
Б. Тәуелді болу
37.сіз қалай қарайсыз. Жанұяның бақытты болуына маңызды сұрақты ерлі зайыптының біреуінің шешкені длұрыс па?
А. Дұрыс
Б. Дұрыс емес
- сізге керек емес нәрсені біреудің сөзіне сеніп сатып алғансыз ба?
А. ИяБ. Жоқ
- Сіз өз ұйымдастырушылық қабілетіңіз ортадан жоғары деп ойлайсыз ба?
А. ИяБ. Жоқ
- Қандай да бір сәтсіздікпен кездескенде өзіңізді қалай ұстайсыз?
А. Сәтсіздіктен есім шығады
Б. Сәтсіздік жылдамырақ қимылдауыма көмектеседі.
- Қызметтес жолдастарыңызға( курстастарыңызға) кенеттен кінә тағасыз ба, егер де ол кінә оған лайықты болса.
А. ИяБ. Жоқ
- Сіз өзіңіздің жүйкеңізді өмірдің тауқыметіне шыдайды деп ойлайсыз ба?
А. ИяБ. Жоқ
- Егер сізге қайта құруды орындау керек болса,сіз қалай орындайсыз?
А. Дереу өзгеріс жасаймын
Б. Біртіндеп эвалюциялық өзгеріс енгіземін
- Сіз өте мылжың адамды керек кезінде әңгімесін бөле аласыз ба?
А. ИяБ. Жоқ
- Сіз мына ұғыммен келісесіз бе:” бақытты болу үшін, елеусіз өмір сүру керек”.
А. ИяБ. Жоқ
- Әр бір адам өзінің адамгершілік қасиетімен көрнекті іс жасау керек деп ойлайсыз ба?
А. ИяБ. Жоқ
Сіз бала кезіңізде кім болуды армандағансыз (мына мамандықтар бойынша)?
А. әйгілі суретші, композитор, ақын
Б. Ұжым басшысы
қандай әуенді тыңдағанды ұнатасыз?
А. Салтанатты,қуатты, күшті
Б. Мұңлы лирикалық
Сіз маңызды адамдармен кездескенеде қобалжисыз ба?
А. ИяБ. Жоқ
сіздің ерік күшіңізден күштірек адамды жиі кездестіресіз бе?
А. Ия Б. Жоқ
Нәтижесін талдау:
Сіз 1,2,4,5,7,10,11,12,15,20,21,22,23,24,26,28,31,32,33,34,37,39,41,42,43,44,46,48-ші сұрақтардың “А” жауабы 0 баллдан, 3,6,8,9,13,14,16,17,18,19,25,27,30,35,36,38,40,45,47,49,50-ші сұрақтардың “Б” жауабына 1 баллдан есептеулеріңізге болады. Барлық баллдарды қосыңыз.
25 және одан төмен – жетекшілік қасиетіңіз әлсәз білінеді.
26-35 балл – жетекшілік қасиет белгілі бір дәрежеде көрініс береді.
36-40 балл – жетекшілік қасиет күшті жоғары көрсеткішке ие.
40 баллдан жоғары – үстемділікке бейімділіктің көрсеткіші.
- “Сіз және сіздің айналаңыздағылар” психокоррекциялық тренингтік-ойыны.
Мақсаты: Сіздің басқалармен тіл табысуыңызды бағалау.
Орындау ережесі: Өзгелер сізбен достсқысы келеді ме,жоқ болмаса сізден қашқақтап жүреді ме? Сіз басқалардың көңілін табуға мән бермей жүрген шығарсыз?
Осы сұрақтарға жауап беруге ұсынылып отырған тест көмектеседі. Сұрақтарды мұқият оқып шығыңыз да “ а” немесе “ б” әріптерімен белгіленген жауаптардың біреуін таңдап алыңыз.
Тапсырмалар:
1.Сіз қонаққа барғанда неге көбірек көңіл бөлесіз?
А. Ыңғайлы киінуге
Б. Жағдайға қарай киінуге
- сіз досыңыздың құмарлығын қолдамайтын болсаңыз оның сұрағына:
а. Шыныңызды айтасыз
б.бүктірмелеп айтасыз
- Бір уақытта екі кездесуге баратындай жағдай болып қалса, қайсысына барасыз ба?
А. Бұрын айтылған кездесуге.
Б. өзіңізге ұнайтын адаммен кездесуге
4Сіздің досыңыздың отбасындағы орын алған түсінбеушілік бойынша кеңес беру керекболса:
А. Бас тартасыз.
Б. . Сіздің ойыңызша кімдікі дұрыс екенін ашық айтасыз
- Танысыңыз сіздің балаларға арналған телебағдарламадеп бағалайтын көрсетілім туралы үлкенқызығушылықпен пікірін айтқанда сіз оған:
А. Мен оны көрген жоқпын, көру керек екен.
Ббір рет көрген едім, бірақ ол маған ол ұнамады.
- Танысыңыз” Жаңа машинаны өте қымбат алдым ау” – деген ойымен бөліссе, сіз шынында ол артық төледі деп есептеңіз.
А. Турасын айтасыз
Б. Жаңа машинасымен құттықтайсыз.
- Қонақтардың біреуі сіз білетін анекдотты айтуды бастап, аяғын есіне түсіре алмаса:
А. Оны аяғына дейін жеткізесіз
Б. Үндемейсіз
8 . Атын ұмытып қалған адамды кездестіргенде:
А. Жағдайдан шығу жолын іздейсіз
Б.Есіңізге түсіре алмағаныңызды айтасыз
- Бас қатыру немесе отбасындағы түсінбеушілік сізді мазаласа:
А. Сыр сақтайсыз
Б. Кездейсоқ адамдарға дейін сырыңызды ақтарып саласыз.
Кілті:
Берілген кілтке сай келген жауап бір баллмен бағаланады.
1А, 2Б, 3А, 4А, 5А, 6Б, 7Б, 8Б, 9А.
Нәтижесін талдау:
0-3 балл: Сіздің шыншылдығыңызды айналадағылар түсінбей қалады,сондықтан өз ойыңызды өзгелерге айудан бұрын ойланып алсаңыз қарым қатынасты проблемаларыңыз азаяды.
балл: Басқалар мен тіл табысуға икемдісіз.Бірақ сіз шыншылдық білдіргенде айналадағылармен түсініспеушілік орын алуы мүмкін, сондықтан сын айтуға құмарлығыңызды басып жүріңіз.
7-9 балл: Өзгелерді өте жақсы түсінесіз, сондықтан қарым қатынас мейірімділік пен ынтымақтастық жолымен жүреді. Сізді барлығы сыйлайды, шын достарыңыз көп.