Жеткіншектердің интеллектуалдық қабілетінің дамуына әсер ететін психологиялық аспектілер

  1. Жеткіншектердің мінез-құлық даму ерекшеліктері.

Жеткіншек жас кезеңі «өтпелі кезең», «қиын жас», «пубертаттық жас» деген аттармен аталып, осы кезде балалардың ересектіккке өтуіндегі проблемалары көрсетіледі. Бұл проблемалардың барлығы осы жас кезеңінде өтетін психофизиологиялық өзгерістер, жыныстық жетілу процестерімен байланысты. Мектеп психологтары осы қиындықтардың теориялық негіздеріне қанық болғанымен әр баланың алдында тұрған проблемаларды ескере отырып оларға дәл және тиімді көмек көрсетуге, әр баланың проблемасының ерекшеліктеріне толық түсінуге негіз болатын қазақ тіліндегі оқулықтар мен әдістемелік құралдардың тапшылықтары қосымша кедергі болып отыр. Сондықтан әр психолог жұмысқа даярлықты өзінің шамасы келгенінше толық қамтуға тырысуы керек.

Өсіп келе жатқан бала өмірінде жеткіншектік кезең қиын әрі өте маңызы сыналатын кезең. Бұл кезеңді бұлай бағалау, біріншіден, бала ағзасында осы уақытта болатын көптеген сапалық өзгерістерге байланысты. Жеткіншек жас кезеңнің ерекшеліктерін зерттеушілер Р.Байярд, Д.Байярд, Т.В.Драгунова, А.Е.Личко, М.Кле, М.Реттер, ЛГС.Выготский, П.М.Якобсон, И.С.Кон т.б. осы жас кезеңінде балаларға ерекше көңіл бөлу керек екендігін атап өткен. Өйткені осы жас шағында жүретін өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін, мүдделері мен қарым-қатынастарын, өмірге деген көзқарасын түбірінен өзгертетін сипатта болады. Мұның өзі біршама қысқа мерзімде өтеді де, көбінесе күтпеген жерден даму процесі секірмелі қауырт сипат алады. Екіншіден, болып жатқан өзгерістер бір жағынан жеткіншектің өзінде әр түрлі елеулі субъективтік қиыншылықтар болуымен қабаттасады, ал үшінші жағынан, баланың шешуін талап ететін қиыншылықтармен ұштасады. Жеткіншек ересектердің ықпалына көне қоймайды, онда тіл алмаудың, қарсылық пен наразылықтың әр түрлі формалары шығады (қиқарлық, дөрекілік, қарсылық, тентектік, бүкпелік, тұйықтық).

Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен балалардың орта мектептің 5-8 сыныптарында оқитын кезеңімен сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14—15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды, бірақ жеткіншектік жастың іс жүзінде басталуы 5 сыныпқа көшумен тура келмей, бір жыл ерте не кеш болуы да мүмкін.

Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны психологияда «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең атауларында бейнеленген. Бұл атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтумен байланысты даму, процестерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық шақтан ересектікке өту кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарды сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің сана-сезімнің, үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынастың, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің, мүдделердің, танымдық және оқу іс-әрекетінің, мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.

А.Е.Личконың айтуы бойынша жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы — оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі; ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді, үлкендерден және жолдастарымен, ақырында өзіне қанағаттанарлық қарым-қатынас орнатуға (өзінің жеке басы мен өзінің болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерін жобалау) бағытталады.

Алайда жаңаның қалыптасу процесі біраз уақытқа созылады және көптеген жағдайларға байланысты болады. Осы себепке байланысты «өтпелі кезеңнің» жүруі әр балада әркелкі болуы мүмкін. Мұның өзі, бір жағынан, жеткіншекте «балалық» пен «ересектіктің» қатар болуымен ал, екінші жағынан, сол бір ғана паспорттық жастағы жеткіншектерде ересектіктің түрлі жақтарының даму дәрежесіндегі елеулі айырмашылықтардың болуымен анықталады. А.А.Бодалев қазіргі мектеп окушыларының өміріндегі жағдайларда екі түрлі жай сәттерінің болуымен байланысты деп түсіндіреді. Олар:

1) ересектіктіңдамуынтежейтінжайлар:балалардыңкөбінде басқалардай тұрақты және байыпты міндеттер болмай тек оқумен ғана шұғылдануы; көптеген ата-аналардың балаларды тұрмыстағы еңбектен, қынжылыстардан, қорғаштауға, түгелдей қамқорлыққа алуға тырысуы;

2) ересектендіретін жайлар мазмұны сан алуан мәліметтердің орасан зор тасқыны; көптеген ата-аналардың бос уақытының аздығы және осының салдары ретінде балалардың дербестікке ерте жетуі; жолдастарымен қарым-қатынастың жедел дамуы; дене күші дамуымен жыныстық толысудың акселерациясы.

Осының бәрі ересектіктің дамуын анықтайтын алуан түрлі жағдайлар жасайды, осыдан келіп оның белгілі бір жақтары дамуының алуан түрлі көріністері мен елеулі айырмашылықтары келіп шығады. Мәселен, 7 сыныпта бет-пішіні мен мүдделері әлі балаға ұқсас ер балалар да бар, сонымен қатар ересектер өмірінің қайсыбір жақтарына ортақтасқан өте ересек балалар да бар; өздігінен білім алып жүрген «интеллектуалдар» да бар, бірақ, сонымен қатар, оқу материалының өзін өздігінен игере білмейтін жеткіншектер де бар; болашаққа деген жоспары айқын емес, мектеп оқушылары бар, ал болашақ мамандығына саналы түрде даярлана бастағандар да бар; кейбір қыз балалардың бар ойлағаны сән қуу мен ер балалар ғана, басқалары бұған онша мән бермейді; кейбір балалар үйінде нағыз қолғанат-жәрдемшілер болса, енді біреулері әбден ерке болып кеткен, тіпті тұрмыстағы қарапайым жұмыстарға да ебі жоқ.

Л.Колбергтің пікірі бойынша жеткіншектердің ересектігінің дамуындағы жалпы бағыт әр түрлі және әрбір бағыттың көптеген варианттары болуы мүмкін. Мәселен, қайсыбір «интеллектуал» үшін өмірде ең бастысы кітап пен білім болады, қоршағандардың барлығы оны әлі «нәресте» десе енді бір нағыз «интеллектуал» үйде электроника туралы мақалаларды оқып, радиотехникамен, компьютермен әуестенсе, ал екіншісі сабақта түк бітірместен, модадан қалып қоймаумен төтенше шұғылданып, өмірдің мәнін шаштараз туралы мәселеге айналдырып отыратын ересек жасөспірімдер. Үшіншілерін «интеллектуалды» ересектіктің сыртқы көріністері онша қызықтырмайды, бірақ ол шешесінің сүйеніші, өзін ерлік қасиеттерге тәрбиелейді. Қыз балаларға келгенде, осы қыздардың пікірінше, өзін балаша ұстайды, галстугін тартқылап, шаштарын ұйпалап кетеді. Осы үш вариантта ересектіктің дамуы әр қилы болады да, бұл орайда мазмұны әр түрлі өмірлік игіліктер қалыптасады: біреуі үшін маңыздының енді біреуіне құны жоқ болып шығады. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моральдық дамуы және барлық құндылықтардың жалпы бағыты белгіленетіндігі.

Жеткіншектік кезеңдегі дамудың сыналу көріністерінің пайда болуында биологиялық және әлеуметтік жайлардың ролі туралы теориялық талас ұзақ уақыттан бері болып келеді. Өйткені осы жас кезеңінде жеткіншектердің дамуындағы позитивтік әсерлер адамның болашағына үлкен әсерін тигізеді.

Жеткіншектің дамуындағы биологиялық фактор проблемасы баланың организмінде нақ осы шақта биологиялық толысу жолына түбегейлі өзгерістердің болуынан туындайды, дене күшінің дамуында жаңа кезең басталып, жыныстық жетілу процесі өрістейді. Бұлардың бәрінің сыртында организмнін морфологиялық және физиологиялық қайта құрылу процестері тұрады.

Организмнің қайта құрылуы эндокриндік жүйедегі өзгерістерден басталады. Гипофиздің, әсіресе оның алдыңғы бөлігінің қызметі күшейеді, ал мұның гормондары талшықтардың өсуіне және ішкі секрецияның басқа да өте маңызды бездерінін, (қалқан жыныс, бүйрек үсті бездерінің) қызметіне қолайлы жағдай жасайды. Олардың қызметі жеткіншектің организмінде көптеген өзгерістер, соның ішінде неғұрлым анық көрінетін өзгерістер туғызады (жыныс органдарының дамуы және екінші жыныстық белгілердің көрінуі). Бұл процестер қыз балаларда 11 —13 жаста, ер балаларда 13 —15 жаста неғұрлым жедел жүреді. Дене күшінің толысуы мен жыныстық жетілудің: акселерациясы байқалып отырған қазіргі уақытта кейбір қыз балалар 10—11, ер балалар 12—13 жаста жыныстық жетілудің бастапқы сатысында болады.

Бойдың ұзаруы, салмақтың артуы, кеуде клеткасы шеңберінің өсуі — жеткіншек шақтағы дене толысуының өзіне тән жағдайлары, бұлар күрт өсу деген ерекше терминмен белгіленеді. Осының нәтижесінде баланың пішінімен салыстырғанда жеткіншектің пішіні өзгереді: дененің пропорциясы ересек адамға тән пропорцияға жақындайды. Бас сүйегінің бет бөлігінің жедел жетілуі нәтижесінде бет әлпеті де өзгереді. Жеткіншек жасындағы жылдарда омыртқа жылдық өсуінде бойдың ұзару қарқынынан қалып қояды. 14 жасқа дейін омыртқалар арасындағы кеңістік әлі шеміршекпен толы болады да, ұзақ уақыт бойы сыңаржақ салмақ түскен немесе шамадан тыс күш түскен жағдайларда омыртқақисайыпкетугебейімтұрады.Денетүзілісініңнеғұрлым көбірек бұзылуы 11 —15 жаста болады, дегенмен нақ осы жаста мұндай кемшіліктерді түзеу де одан кейінгі кездердегіден оңай болады. 20—21 жаста жамбас сүйектерінің бекуі аяқталады (қыз балалардың жыныс органдары осы сүйектердің аралығында болады). Өте биіктен секірген кезде бұл сүйектердің тайыпкетуімүмкін,ал биік өкшелі аяқ киім кигенде жамбастың формасы өзгеріп, мұныңкейінгі босану функциясына зиянды әсері болуы мүмкін.

Бұлшық еттің және бұлшық ет күшінің неғұрлым жедел артуы жыныстық жетілудің аяғында болады. Бұлшық еттің дамуы ер балаларда еркектер типінде, ал қыз балаларда әйелдер типінде болады, осыданкеліпәр жыныстың өкілдерінде еркектерге тән немесе әйелдерге тән белгілерқалыптасады, бірақ бұл процестің аяқталуы жеткіншектік шақтан өткеннен кейін болады.

Бұлшық ет күшінің артуынан жеткіншектің дене күшінің мүмкіндіктері ұлғаяды. Мұны ер балалардың өздері де ұғынады және олардың әрқайсысы үшін оның үлкен маңызы бар. Алайда ересектерге қарағанда жеткіншектің бұлшық еттері тез шаршайды, сондықтан ұзақ уақыт жұмыс- істейтін қабілеті әлі болмайды, спортпен және дене еңбегімен шұғылданған кезде мұны ескеріп отыру керек. Мотор аппаратының қайта құрылуымен қатар көбіне қозғалыстардағы үйлесім жоғалады, өз денесін дұрыс ұстай білмеушілік шығады (шамадан тыс көп қозғалу, олардың жете үйлестірілмеуі, жалпы ебедейсіздік, қолапайсыздық). Бұдан күйзеле қынжылу, өзіне сенімсіздік секілді жайлар туындауы мүмкін. Алайда 6—7 жастан 13—14-ке дейінгі шақ -көптеген қозғалыс сапалары оптимальды дамитын, қозғалыс функцияларының бірқатар көрсеткіштері жедел артып жетілетін кезең. Сондықтан спортта жетістіктерге жету мүмкіндіктері де артады.

Әр түрлі мүшелер мен талшықтардың өсуі жүректің қызметіне шамадан тыс талаптар қояды. Жүрек те өседі, әрі қан тамырларына қарағанда тез өседі. Мұның өзі жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметіндегі функциялық бұзылулардың себебі болып, жүректің қағуы қан қысымының артуы, бастың ауруы бастың айналуы, тез шаршау түрінде көрінуі мүмкін.

Жеткіншектік шақта организмнің ішкі ортасында белсенді қызмет атқаратын ішкі секреция бездері жүйесіндегі өзгерістерге байланысты күрт ауысулар болады, осының өзінде қалқан бездері мен жыныс бездерінің гармондары, атап айтқанда, зат алмасудың катализаторлары болып табылады. Эндокриндік және нерв жүйелері функциялық жағынан өзара байланысты болғандықтан, жеткіншектік шақ, бір жағынан, энергияның қауырт, өсуімен, ал екінші жағынан патогендік әсерлерге деген сезімталдықтың артуыменсипатталады. Сондықтан ақыл-ой немесе дене күшінің қажуы, ұзақ уақыт нервіге күш түсу, аффектілер, күшті эмоциялық толғаныстар (қорқыныш, ыза, реніш) эндокриндік қолайсыздықтар (етеккір циклінің уақытша тоқтауы, гипертиреоздың дамуы) және нерв жүйелерінің функциялық бұзылуларына себеп болуы мүмкін. Олар тез шамданғыштықтан, тежегіш механизмдердің әлсіздігінен, тез шаршаудан, ұмытшақтық пен аңғалдықтан, жұмысқа өнімділіктің төмендеуінен, ұйқының бұзылуынан байқалады. Жеткіншектік шақта эндокриндік және нерв жүйелерінің қызметіндегі балалық шақта болатын тепе-теңдік бұзылады да, жаңа тепе-теңдік енді ғана қалыптаса бастайды. Бұл қайта құрылу жеткіншектің ішкі жағдайларына, әсерлеріне, көңіл күйіне әсер етіп, оның жалпы ұшқалақтылығының, ашуланшақтығының, шамданғыштығының, қозғыштығының, қимыл белсенділігінің, мезгіл-мезгіл селсоқтануының, енжарлануының негізі болады. Қыз балаларда мұндай жағдайлардың көрінуі етеккір циклі басталардан біраз бұрын немесе осы цикл кезінде байқалады.

Жыныстық толысу мен дене күші дамуындағы өзгерістердің жаңа психологиялық құрылымдардың пайда болуында бірталай маңызы бар. Біріншіден, жеткіншектің өзі анық сезетін бұл өзгерістер оны объективті тұрғыдан ересекке айналдырады және оның өзінің ересектігін сезінуінің (өзінің ересектерге ұқсастығын түсіну негізінде) басталуына негіз болады. Екіншіден, жыныстық толысу басқа жынысқа ден қоюдың дамуына, жаңа түйсіктердің, сезімдердің, толғаныстардың шығуына себепші болады. Өзімен өзі болу жеткіншектің жаңа түйсінулер мен толғаныстарына ден қоюы, бұлардың оның өмірінде алатын орны жеткіншек өмірінің кең әлеуметтік жағдайлары мен нақтылы дара жағдайларына, оның тәрбиеленуі мен қарым-қатынасының ерекшеліктеріне қарай анықталады. Үлкендерге арналған кітаптар мен кинофильмдер де теріс ықпал жасауы мүмкін. Осының бәрі, сондай-ақ махаббат пен жыныс проблемалары туралы жолдастарымен әңгімелесулер адамдардың қарым-қатынасының интимдік жағына көбірек көңіл бөлудің, эротикалық ойысушылықтар мен ерте сексуалдылықтың дамуына апарып соғады. Қыз болсын, ұл болсын жеткіншектерде алғашқы романтикалық сезімдердің оянуы— қалыпты құбылыс.

Жеткіншектің организмінде болатын елеулі өзгерістер ұзақ уақыт бойы осы кезеңдегі жеткіншектер ерекшеліктер мен дамуының сыналу құбылыстарының биологиялық шарттастығы туралы әр түрлі теорияларға негіз болды. Мұндай ұғым біздің ғасырымыздың алғашқы ширегінде үстем болды. Биогенетикалық универсализмнің негізін салушылар С.Холл мен З.Фрейд болды. Олар жеткіншектің дағдарысы мен өзіне тән ерекшеліктері комплексін биологиялық шарттастығы себепті болмай қоймайтын әрі универсал құбылыс деп санады.

  1. Жеткіншектердегі мазасыздық деңгейін психодиагностикалау.

«Жаңбыр астындағы адам» әдістемесі

Графикалық әдістер көбінесе дербес және көмекші ретінде құрастырылады. Мамандарда олар негізінен өте нашар сенімсіз ретінде бағаланады. Алайда, олар адамға шындықты жобалау және өз бетінше елмеуге мүмкіндік береді. Демек, сурет белгілі дәрежеде адамның жеке тұлғасын, оның көңіл-күйін, сезімдерін, уайымдарын, қарым-қатынасын көрсетеді.

Практиктер сурет тесттерді жиі қолданады. Суреттің нәтижесі бала өзінің күйзелістерін ауызша айтып жеткізе алмайтындығынан оның ішкі дүниесінің көрінісін білдіреді. Әрине, зерттеуші үшін оның суреттері қандай бейнеде колданғаны және олардың көмегімен қандай мәлімет алынғандығы әрқашан түсінікті.

Психодиагностиканың мақсаты жобалық графикалық әдістерінің оныңт нәтижесінің психотүзету үрдісінде қолданды, сол сияқты көбінесе олар бала өзінің ішкі дүниесін көрсетуге және өзін түсінуге ықпал етеді.

«Жаңбыр астындағы адам» әдістемесі сирек кездесетін, бірақ қызықты және мәліметті әдістеме болып табылады. Ол адамның эго күшінің диагностикасына, оның жағымсыз жағдайларға қарсы түру қабілетіне бағытталған. Сонымен қатар, қорғаныс механизмдернің касиеттері мен жеке тұлға резервтерін ашуға көмектеседі.

Нұсқау

Нұсқау классикалық вариантта карапайым түрде беріледі. Зерттеушіге тік Бағытталған қағаздың А4 ақ парағына адамның суретін салу ұсынылады, ал бұдан кейін сондай басқа параққа бөлек — жаңбыр астындағы адамнын суретін салуды тапсырады.

Екі суретті салыстыру адамның стресстік қолайсыз (жағымсыз) жағдайда ол қиындық кезінде не сезінетіндігін анықтауға мүмкіндік береді.

Тестілеу кезінде салынған суретті бақылау маңызды және зерттеушінің барлық айтқандарына назар аудару керек. Көбірек сенімді мәлімет алу үшін зерттелінушіге косымша сұхбат жүргізу керек.

Суреттерді интерпретациялау кезінде келесі мәліметтерге көңіл бөлу керек. Интепретацияда ұсыныстарға сүйене отырып, логикалык көзқараспен барлық арнайы датальдарды талдауға көшуге болады.

«Жаңбыр астындағы адам» суретін «Адам» суретімен салыстырғанда көптеген айырмашылықтарды айқандауға болады.

Экспозиция қалай өзгергенін қарау маңызды. Сонымен, мысалы, егер адам күтіп тұрғандай бейнеленсе, онда бұл өмірдің қиын жағдайларынан кету тенденциясымен байланысты, қиындықтан қашумен де байланысты болуы мүмкін (мысалы, әсіресе, егер адамның бейнесі құс ұшатын биіктіктен бақыланғандай бейнеленсе).

Жаңбыр астындағы адам кескіні парақтың жоғарғы жағына жылжу жағдайында зерттеулушінің әрекеттен қашу бейімділігі, сонымен қатар корғаныс механизмдерінің бар екендігі айтылады.

Кескіннің өзгеруі (трасформация)

Кескіннің көлемінің ұлғаюын кейде жасөспірімдерде кездеседі. Олар көбірек күшті және өздеріне сенімді болғандығын білдіреді.

Кескіннің кішіреюі зерттелуші өзін қорғау мен жақтаушылыкты қажет еткенді танытады, өзінің өміріндегі жауапкершілікті басқа адмдарға көшіруді көздейді. Кішкентай кескіндеулерді салатын бала әдетте өзінің сезімін көрсетуге ұялады және адамдармен өзара қарым-қатынасы кезінде кейбір кедергілер мен көпшілік тенденцияларына ие болады. Олар стресс нәтижесінде депрессиялық жағдайға душар болатындығын сездіреді.

Егер де Жаңбыр астындағы адам суретінде кескіндерді бейнелеу кезінде дененің қандай да бір бөлігі (аяқ, қол, құлақ, көз) салынбаса, онда бұл қорғаныс механизмдерінің өзгешелікгерін және эго реакциясының көріну ерекшеліктерін көрсетеді. Киімнің болмауы мінез-қүлыктың анықталған таптаурындарын ескермеумен, сезінудің албырттығымен байланысты.

Жаңбыр белгілері (атрибуттары)

Жаңбыр — адамдарда болатын кедергілер, жағмсыз әсерлер.

Бейнелеудің сипаты адамның қиын жағдайларды қалай қабылдайтындылығымен байланысты: сиректамшылар — уақытша, жеңуге болатын жағдайлар, боялған тамшы немесе сызытар — қиын, үздіксіз жағдайлар.

Жаңбырдың қайдан «келетінін» (адамның оң немесе сол жағынан) және кандай бөлік көп жағдайда әрекетке душар болатынын анықтау керек. Интерпретация адам кескіні немесе оң және сол жағының жазылған мәнімен қатысып жүргізіледі.

Қара бұлт жағымсыз жағдайларды күту белгісі болып табылады. Бұлттар, қара бұлттардың санына, олардың мөлшерінің қалындығына, орналасуына назар аудару маңызды. Депрссивтік жағдайда барлық аспанды алатын ауыр қара бұлт бейнеленеді. Шалшық су, батпақ,балшық бұл үрейлі жағдайдың салдарын. «жаңбырдан» кейін қалатын қайғыруларды бейнелейді.

Шалшықтыңбейнелеуерекшелігіненазараударуқажет(форма, тереңдігі, шашыранды). Адам кескініне шалшық қалай орналасқанын ескеру маңызды. (Кескеннің артқы жағынан немесе алдыңғы жанына орналасқан ба, адамдарды барлық жағынан қоршаған немесе оның өзі шалшықта тұр ма?). Қосымша бөлшектер

Барлық қосымша бөлшектер (үй, ағаш, орындық, машина) немесе адам қолына ұстайтын заттар (сөмке, гүл, кітап) қосымша сыртқы тірекке деген қажеттіліктің көрініс ретінде қарастырылады.

Бөлшектерді көбірек толықтай түсіндіру (мәнін ашу) көрсетілген бейненің символдық мәнін құрайды. Мысалы, найзағай дамудағы жаңа циклдің бастауын және адамның өміріндегі қайғылы өзгерістерді бейнелеуі мүмкін. Найзағайдан кейін жиі пайда болатын күннің шығуын алдын-ала білдіретін кемпірқосақ толығымен орындалмаған армандарды білдіреді.

Қолшатырдың сырты жағымсыз нөсерлерден психикалык қорғанудың символикалык бейнесін түсіндіреді. Бейнелерді түсіндіру көзқарасы бойынша қолшатыр бейнесінде ана мен әкесіне байланысты белгі ретінде қарастырылады. Қолшатырдың жауын-шашыннан қорғауы да, қорғамауы да мүмкін.

Сонымен, мысалы үлкен қолшатыр-саңырауқүлак адам адам үшін барлық қиын жағдайларды шешетін анасының немқұрайдылығын дәлелдеуімүмкін. Адамдардың кескініне қатысты қолшатырдың көлемі мен орналасуы психологиялық қорғаныс механизмі әрекетінің қарқындылығын көрсетеді.

Қатыстыбөлшектердіңболмауышиеленістіжағдайларғажәне психикалық корғаныс механизмдерін ығыстырудың салдары болуын көрсетуі мүмкін. Мысалы, суретте қолшатырдың қатыспауы қиын жағдайда ата-анасы жағынан көмектің болмауы жағдайын көрсетуі мүмкін.

Суреттердегі түстер

Суретті қарапайым қаламмен орындауға болады. Көп адамдар түрлі-түсті қаламның қолдануын калайды. Егер зерттелушіде түрлі-түсті қаламдардың барлығы түгел болмаған жағдайда түстерге карап шешім шығарудың қажеті жоқ.

Түстер белгілі бір сезімдерді, көңіл-күйді және адамдардың қарым-қатынасын білдіруі мүмкін. Сонымен қатар, әртүрлі реакциялардың және шиеленісу жағдайдың да бейнелеуі мүмкін. Жақсы бейімделген эмоциялық қалапты бала әдетке 2-ден 5-ке дейінгі түстерді қолданады. 7-8 түстер жоғары лабильділікті көрсетеді. Бір түстің қолданылуы эмоциялық өзгеруде қорқыныштың болуын көрсетеді.

Қорытындылау кезеңі

Суреттің интерпретациялау кезеңі 1-ші және 2-ші кезеңінен алынған мәліметтер жиынтығы болып табылады. Стандартты тесттер нәтижесінің және адам туралы мәліметтерге қатысып алынған барлық материалдар талданады.

Тест нәтижесін талдау кестесі

Балалар аты  
1.Айжан Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары,

сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм.

 

2.Ақнұр Өзін жоғары бағалайды, әлеуметтік ортадағы өз

орнына қанағаттанбайды, танымдық қызығушылығы жоғары, барлық уақытта іс-әрекет үстінде.

3.Әлия Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары,

сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм.

4.Бану Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары,
сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім

қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм

5.Данабек Эгоцентризм, танымдық кызығушылығы жоғары,

сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм.

6.Гүлдана Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары,

сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм.

7.Мақсат Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары,

сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм.

8.Марс Эгоцентризм, танымдык қызығушылығы жоғары,

сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм.

9.Нұрсұлу Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары,

сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұріақсыз, инфантилизм.

 

«Жаңбыр астындағы адам» тестінің нәтижесін үш баланың суретін талдаумен көрсеттік. Ал бүл пиктограмманың нәтижесі бір-біріне өте ұқсас болып шықты.

Зерттеу нәтижесі бойынша балалардың басым көпшілігінің эгоцентризмі анық байқалатын, танымдық қызығушылығы жоғары дамыған және эмоционалдық тұрақсыз. Зерттеулер нәтижесінде 7 сынып оқушыларының басым көпшілігінің акцентуациясы нормаға жақын немесе соның дисперсиясы аралығында орналасқанын байқадық. Танымдық қызығушылығының жоғарылығы балалардың болашағы туралы ойға бөленіп жүргенін көрсетеді. Шешім қабылдауға пысық болғандары зерттелінушілердің үштен бірі. Сонымен қатар балар арасында өзіне сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм деген жарамсыз көрсеткіштер орын алды. Өзін жоғары бағалайтындары сонымен қатар, эмоционалдық тұрақсыздығы әлеуметтік ортадағы өз орнына қанағаттанбайтындығынан, сонымен қатар олардың жоғары дамыған танымдық қызығушылығының қанағаттандырусыздығынан тууы мүмкін. Жеткіншек жастағы балаларға тән тынымсыздық, барлық уақытта іс-әрекет үстінде болу кажеттілігі зерттеу нәтижесінде жиі кездесті. Біз бұл әдістеме нәтижесін көрсететін тоғыз оқушы жұмысын талдау нәтижесін келтірдік. Бұл зерттеуге барлығы 19 бала қатынасты. Басқаларының салған суреттерінің талдауы осы нәтижені көрсетеді.

  1. Жеткіншектік кезеңдегі девиантты мінез-құлық ерекшеліктері.

Мінез-құлық көп деңгейліпрцесс олтүрлі механизмдерді жүзеге асыру мен қамтамассыз етуде айқындалады,оның басты көрінулері:

Бейнелеу механизмі:Адамбелгінінақты жағдайданемесе ортаға байланысты қоюы: Субьективтініңқимыл механизмі, нақты және тепе –теңдікті бейнелеу шарты : Мінез-құлықты эмоцианалдыреттеу механизмі:барлық кезеңде қарастырылуы:

Осы айтылған механизмдер қызметіжанама түрдегісөйлеу мен есте сақтауда көрінеді . Бейнелеу механизміпроцесс түрінде – қабылдау, түйсік ойлау т.б.Қимыл механизмі- әрект түрінде , іскерлік,дағды,бағдарлама немесе стратегия; эмоционалды реттеу механизмінетікелей сезім және уайым жатады.

Мінез-құлықтыңұйымдастырылуы түрлідеңгейдеқарастырылады: биохимиялық, физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік-психологиялық, әр қайсысы арнайы қоршаған ортамен жеке қызмет атқарады; дене ортасына қатысты; жанама түрде субьектінің даралық-жекетұлғалық сипатына; әлеуметтік-психологиялық жағдайға қатынасы.

Девиантты /ауытқулы/ мінез-құлық – деп қазіргі қоғамда белгіленген ережеге сәйкескелмейтін, әлеуметтік мінез-құлықты айтады (И.А. Невский). Танымал социолог И.С.Кон анықтамасында,-“девитантты мінез-құлық ол психикалық саулық, құқық, мәдениетжәне адамгершіліктің әрекет жүйесі ретінде, жалпы бекітілгенережеден ауытқуы”-депқарастырды. Бейімделгенмінез-құлықтұжырымдамасына сәйкес ауытқу процесі кез-келген бейімделуді бұзады ( психикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық орта). Девиантты мінез-құлықты үлкен екі категорияғабөліпқарастырсақ. Біріншіден ол мінез-құлық — ережеден ауытқығанпсихикалықсаулық, ол ашық немесе ашық немесе жабықпсихопотологияныбілдіреді. Екіншіденбейәлеуметтік мінез –құлық, ол әлеуметтікмәдениет және құқықтық ережелерді бұзу. Егерәрекет аз болмашы болса ондақұқық бұзушы, ал маңызды күрделі болсақылмыс түрінде — ол қылмыскер днп қаралады. Әлеуметтік ауытқуды С.А.Бличева “девиантты мінез-құлық” деп төмендгідейтоптастырды:

Пайдақор бағывтта:құқық бұзу, материалды, ақшалай, мүлікпен пайда табу(ұрлық , алдау жымқыру, сату т.б.)

Агрессивті бағытта:жеке басдамуына кері бағытталған қимыл (бұзықтық, соққы, тілтигізу, өлтіру, зорлау)

Әлеуметтік — енжар түрі. әлеуметтік және жеке мәселелердішешуде (жұмыс, оқу, нашақорлық, ішімдік және суицид) белсенді өмірсүрүден қашу, азаматтық жауапкершіліктен жалтару.

Бейсаналық мінездің сыртқы жағдайда көрінуі, ол ішкі ресурстыңреттелуімен: әлеуметтік, адамгершілік бағыт және түсініктің өзгеруінегізінде қарастырылады.Сондықтан баланың біржағынанмінез-құлықында белгі, дабыл, нышанпайда болуы және дамуы деп қарастырсақ,екіншіден жеке бас дамуына мақсатты әсердің құралы тәрбиелік әсердің сапакөрсеткіші.

Мінез- құлық феноменіретіндеқарастырсақ индивидпсихикасы ерекшелігіне сай жеке бас дамуының жағдайындұрыстау сыртқыпроцестердідаму бағытындаескеруіміз қажет. Психолог ауытқудеп мінез-құлықтықарастыруда ( жағдайын, тұрақтылығын, пайда болу жиілілігін, жекебас ерекшелігін, сипатынжәнежас ерекшелігінт.б.) түрлі әсерді анықтауғакөшеді. Жеткіншек жасындаауытқудың байқалуыадамгершілік және әлеуметтік дамуда: уақытша,жағдайлытұрақты болыпкеледі. Ол жеке басдамуында дара ерекшелігіненақты әрекетіне және өмір сүружағдайынақарай қарастырылады.

Мінез –құлықта кертартпалық жағымсыз жағдай немесеөмірдегі жүйелі, бір жақтылыәрекет, біртіндеп жиналыпкейінненөткір кедергіге әкеледі. Кертартпалық мінез-құлықтыңдеңгейіне мысал келтіріп өтсек қарсылық, шектелу, кету, агрессия. Ол белгілі бірпсихологиялық жағдайлардапайда болады, ал одан арылуғаниет етіп, күш салғандажоюғаболады.Егерде жағдайлар қайталана бкрсе, психологиялық бүтін емес сезінуі қалыптасады. Мінез-құлықтағыбелсенді және енжарыңғайланутоп ішіндежәне жеке әрекетінің өзгеруі: бұзылған- агрессия ол қайта құруға бағытталуы, деструктивті- орнынтолықтыруол көну немесеталаптыорындаудан тұрады. Девиантты мінез-құлықты бірнеше түргебөліп қарастыруғаболады.

Девианттымінез-құлық.

Бейімсіз мінез-құлық.Бейәлеуметтік мінез-құлық.

Аффектілі.Агресивтілік

Аутилдіқұқыққа қарсылық

Суицалды.қылмыстық

Аддиктивті.

Негізінде.Негізінде:

Жеке бас және психикалыӘлеуметтенудің бұзылуы

Дамуындағыбұзылыс.әлеумкттік –педагогикалық.

Психикалық депривация,кері кету, Мінез-құлық

Психологиялық жайсыздық.Реттелінуінің бұзылысы.

әлеуметтіліктен кету.