- Бастауыш сынып оқушыларына психологиялық қызмет көрсету міндеттері.
Мектепке қабылданған балалардың өмірі олардың балалық шақтан оқушы статусына ұштастыратын өтпелі кезеңдігімен сипатталады. Балалар өміріндегі бұл шақ көптген әлі көзі ашылмаған даму мүмкіндіктеріне бай.
Оларды дер кезінде байқап, қолдап отырғанда ғана балалардың жекелік психикалық қасиеттері жан-жақты дамып, қажетті әрекеттерге айналады. Сондықтан мектеп психологі баланың мектеп талаптарын орындауға, биологиялық кемелденуі, ақыл-ой дамуы, жеке басының қалыптасуы мен әлеуметтік даярлығы, ерік сапаларының қалыптасуы және көңіл-күйін меңгеріп, өзін-өзі ұстау жағынан мағлұматтар алып оларды нормативтермен салыстырып зерттеуі қажет.
Мектеп табалдырығынаттаған күннен бастап бала оқушыға айналады. Оның өмірінде ойын әлі маңызды рөл атқарады. Дегенмен бастауыш сынып оқушысының өмірінде оның танымдық әрекеті жетекші бола бастайды.Осы әрекеті мінез құлық мотивтерін өзгертіп, бар күшін интеллектуалды қабілетін, адамгершілік қасиеттерін дамытуға бағыттауды қажет етеді. Әсіресе баланың мектеп өміріне енуі оның көптеген жағдайға икемделуін талап етеді.
Балалардың көпшілігі бұған отбасыда немесе балабақшада арнайы психологиялық даярлықтан өтеді. Мектепке бала үлкен қуанышпен барады. Өйткені мектепті бала болашақ үлкен өмірге дщаяарлықтың бір сатысы ретінде қабылдайды. Баланың бір ішкі позициясы оның мектеп өмірін қалауы, сыныпта мінез-құлық ережелеріне, сыныпта жолдастарымен ерекше қарым-қатынас нормаларын, күн тәртібін, мұғалімнің талаптарын жылдам қабылдап оны қиналмастан орындауы негіз болады. Бұл талаптарды бала орындамауға болмайтын қағида деп қабылдайды.
Жаңа ережелер мен нормаларды сөзсіз орындауды талап ету кей кезде балалардың қырсықтық көрсетуіне немесе шамадан тыс шаршауына алып келуі мүмкін. Сондықтан психологтың алдында тұрған ең негізгі міндеті – балаларға мектеп талаптарын қабылдап алуға көмектесу.
Мектеп қойып отырған жаңа талаптарды орындау үшін бала ерекше режим бойынша өмір сүреді. Олар уақытында оянып, сабақты жібермей қатынасып, мұғалімнің сөзін жақсы тыңдап сабақта ұйымдастырылған жұмысты және үйге берген тапсырмаларды уақытында ережелерге сай орындап отыруы қажет. Баланың бұл міндеттерін толық орындауға негіз болатын тиісті дағдылары болмаса, ол әдеттен тыс шаршауы, сабақты жіберіп қоюы, үй тапсырмасын орындамауы сияқты режимді бұзу орын алуы мүмкін. Психологтың екінші міндеті – бірінші сыныпқа қабылданғандарды мектеп режиміне үйрету шараларын жүйелі түрде жүргізу.
Бірінші сынып оқушыларының басым көбі бастан кешіретін қиындықтарының ішінде олардың мұғалімдер мен және сыныптас жолдастарымен қарым – қатынас жасауы болып табылады. Психологиялық қызмет көрсету барысында баланың қарым – қатынас мәдениетін тәрбиелеу, қалыптастыру психологтың келесі міндеті болып анықталады.
Баланың мектепке баруымен оның отбасындағы жағдайы өзгереді. Бала үй тапсырмасын орындайтын орны және уақыты болуы керек, ал ата-аналар өз тіршілігін оқушының күн тәртібімен санасып ұйымдастырады. Сондықтан бірінші сынып оқушыларының ата – аналарымен көптеген режимдік жұмыстар, балаларға үй тапсырмасын орындау тәртібін үйрету, баланың жұмыс орнын ұйымдастыру т.с.с. мәселелер бойынша ағарту жұмыстарын жүргізу – осыжас кезеңіндегі балалармен жүргізетін психолог жұмысының келесі міндеті.
Қазіргі кезде көптеген мектептер гимназия, лицей мектептері статусын алуымен байланысты балалардың интелектуалдық қабілетін анықтау психологқа жүктеледі. Сондықтан бұл мәселе де психолог міндеттерінің бір саласы болып табылады.
- Жеткіншектерге психологиялық қызмет көрсету негіздері.
Балалық шақтан өткен, ересектікке әлі жетпеген 11-15 жас аралығындағы балаларды психалогияда жеткіншек жас кезеңіндегілер деп атайды. Бұл жас кезеңі «өтпелі кезеңң, «қиын жас», «проблемалы» т.б. көптеген қосымша белгілерге бай. Оның барлығы осы жас кезеңінде жүретін психофизиологиялық процестермен байланысты. Бұл жас аралығында бала ағзасы дамуының бір ағзасынан екінші сатысына өтіп, ал әлеуметтік статусы бойынша олар әлі балалық щақта жүрген кезең. Психалогияда мұндай құбылыс даму дағдарысы деп аталады.
Жеткіншек жас кезеңінде баланың бойында бұрын қалыптасқан қасиеттерге жаңа сапалар немесе жаңа құрылымдар қосылады. Бұл құрылымдар бұрынғы психалогиялық және физоллогиялық көріністерге жаңа сапа беріп, олардың бір – бірімен бітісуі әлі аяқталмаған кез болғандықтан, көптеген екі жақтылық орын алады. Сондықтан бала көптеген қиналыстарға ұшырайды: болашақта кім болатынын, өмірде орындайтын әлеуметтік ролін, қарым – қатынас ерекшеліктерін анықтау қажеттілігі туғанынан бала уайым шегіп, өз орнын іздейді.
Үлкендер баланы барлық уахытта түсіне бермейді. Қарым – қатынас барысында жеткіншектерді өздеріне бағындыру, үстемдік көрсету, тіл алуды талап ету орын алады да, мұндай көзқарас баланың қырсықтығын туғызып, нәтижесінде үлкендер мен баланың арасында такетрестік орын алуы мүмкін.
Жеткіншектердің дене мүшелерінің дамуында да үлкен үйлеспеушілік орын алады. Мәселен, олардың аяқ – қолдары, бет мойыны тез ұзарады да, кеудесінің өсуі, бұлшық еттерінің ұзаруы кешеуілдейді. Дене мүшелерінің бір келкі дамымауы салдарынан жеткіншекте «өзін, жарым – жан сезінуң деп аталатын комплекс пайда болады. Ол денесін тік ұстауға қиналып, көбінесе бүкшейіп, немесе бір жағына қисайып жүреді.
Жеткіншек жас кезеңінде балалардың эндокриналық жүйесіде өзгеріске ұшырайды. Гипофиздік гармаондар жыныс безінің жұмысын әсерлендіріп, күшейтіп, жеткіншекті жыныстық өмірге дайындайды. Ми қабығының жасушалары жыныс гармондарының тітіркендіруіне әсерленгіш. Сондықтан жеткіншектер көп мәселелердің байыбына үңіліп жатпайды, сөді аяғына дейін тыңдап болмастан, морт кететін қылықтары осының салдарынан туады.
Жеткіншек жас кезеңіндегі мінездің кейбір көрсеткіштерінің шамадан тыс дамып кетуін акцентуация деп атайды. Акцентуацияның байқалу ерекшеліктерін Леонгард жан – жақты зерттеп, оның типолпгиясын жасаған. Сонымен қатар осы жас кезеңінде мазасыздану да бала өмірінде едәуір орын алады.
Осы жас кезеңнің ерекшеліктерін ата – аналар, мектеп мұғалімдері, сынып жетекшісі, басқа да жеткіншектің айналасындағылар жақсы түсінетін болса, барынша төзімдік көрсетіп, түсінушілік білдірсе, балалар жас қиындығын оңайырақ көтереді.
Жеткіншек жастың ерекшеліктері:
барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкендердің қамқорлығы мен ақыл – кеңесінен құтылғысы келуі;
үйге берілген тапсырмаларды жаттап алмастан өз сөзімен түсінікті етіп айтуға тырысуы;
үлкендерге сын көзбен қарап, олардың айтқанын сынап мінеп, кей кезде өрескел мінез көрсетуі; жеткіншек істі игеру жағынан әлі бала болса, ал талап қою жағынан ересек, өз мүмкіндігін жоғары бағалап, бәрін өзі істей алатындай сезінуі.
Жеткіншектердің қырсық мінез көрсетуіне, ересектер талабын оңай орындамауына негіз болатын бірнеше себептер бар.
Олар:
Балалардың оқудан басқа айналысатын шаруасының болмауы.
Радио, теледидар, басқа да ақпарат көздерінен ересектерге арналған хабарларды көріп, соған еліктейтіні.
Өзінен үлкен балалрмен танысып, солардың жарамсыз әрекеттеріне еліктейтіндігі.
Күні – түні фантастикалық және криминалистикалық әдебиеттерді оқып, ондағы кейіперлерді еліктеуі.
Акцентуацияның көрініс беруі.
Агрессияның анық байқалуы.
Психологтың жеткіншек жас кезеңдегілермен жүргізетін жұмыстарының міндеттері мен мазмұны осы ерекшеліктерден туады. Барлық іс – шаралар жеткіншектердің жасымен байланысты проблемаларын ескере отырып, олардың шешуге немесе шешу жолдарын табуға көмектесуге бағытталған. Сонымен қатар осы жас кезеңінде баланың интелетуалдық дамуына үлкен көңіл бөлу қажет.
- Жас өспірімдерге психологиялық қызмет көрсету міндеттері.
Жас өспірімдік шақ баланың жыныстық толысуымен басталып, ересектік орын алғанға дейін созылатын, көптеген физиологиялық және әлеуметтік жағдайларға байланысты шектері анықталатын жас кезеңі. Бұл кезең 14-18 жас аралығында өтеді және көптеген өзіне тән ерекшеліктермен сипатталады.
Жыныстық даму жөнінен жігіттер мен қыздардың көбі бұл жаста пубертаттық кезеңде болады. Осы физиологиялық процеске байланысты ұл – қыздардың бір – біріне көз салып, жыныстық қызығушылығы орын ала бастайды. Жас өспірімдік кезең бала мен ересектің арасындағы аралық жағдайда болады. Балалар материалдық жағынан әлі ата – аналар қарауында. Мектепте оған, екінің бірінде, сен ересексің, үлкенсің десе, екінші жағынан, одан үнемі үлкендердің айтқанын сынамастан орындауды талап етеді. Бұл жағдай мектептен басқа жердеде анық байқалады. Сонымен қатар, жоғары сынып оқушылары болашақта некелеуге өз отбасын құруға әзірлену кезеңінде. Сондықтан, психолог алдында тұрған үлкен міндеттерідің – жыныстық тәрбие, болашақ отбасы өміріне даярлау, қарым – қатынас мәдениетін тәрбиелеу болып табылады.
Жас өспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері – мамандық таңдау, еңбек пен қоғамдық — саяси қызметке даярлану және болашақ мамандық алатын оқу орнын анықтау. Бұл міндеттері жүзеге асыру баладан ұзақ уақыт мақсатты даярлықты талап етсе, үлкендер жағынан баланың мұқтаждығын жақсы түсініп оған кеңес беріп, қол ұшын беруді қажет етеді. Мамандық таңдау баланың жалпы дүниетанымдық ізденістері мен өмірлік жоспарларында орнығып, нақтылады.
Жас өспірім есейген сайын таңдау қажеттігі күшейе түседі. Ойдағы, қиялдағы нмесе абстрактілік көптеген мүмкіндіктердің ішіне неғұрлым шындықа жақынын, қабылдауға келетін варианттарды таңдау керек болады.
Сондықтан мамандыққа баулу, баланың мамандық таңдау мотивациясын, қызығушылығын, ден саулығын және анатомо-физиологииялықмүмкіншілігін зерттеп кәсіби бағдар беру – психолог алдында тұрған екінші міндет болады.
Жас өспірімдік жас кезеңінде адам өзінің қандай екенін, қаншалық құнды, қабілетті екенін барынша толығырақ түсініп білгісі келеді. Өзін-өзі бағалау дың екі тәсілі бар. Оның біріншісі-өз талаптарының деңгейін жеткен нәтижелермен салыстырып бағалау, ал екіншісі-әлеуметтік жарыс, өзі туралы төңірегінділердің пікірлерін салыстыру.Осы тәсілдер арқылы құрылған баланың өз «менің бейнелері күрделі әрі бір мәндес болмайтыны белгілі.»
Мұнда нақты «мен» (қазір қандаймын), динамикалық «мен» (қандай болғым келеді), м ұраттық «мен»(өзімнің адамгершілік ұстанымдарыма байланысты сондай болуға тиіс тімін), қиалдағы «мен»(қолымнан бәрі келетін болса сондай болар едім!) т.с.с. көз алдына елестетін «мен» бейнелері бар. Өзін-өзі талдау нәтижесінде балалар өзін обьективті, төмен немесе асыра бағалауы мүмкін. Балалар психолог көмегімен «мен» көріністерін анықтауға, оны зерттеуге мүмкіндіктері болуы керек.Сондықтан әр баланы өзін-өзі танып білуге үйрету психологиялық қызметтің ке лесі міндеті.
Осы шақта эгоцентризм, невротизм белгілері болуы әбден мүмкін. Сонымен қатар жас өспірімдік рефлекцияның тереңділігі мен қанықтылығына байланысты көптеген әлеуметтік (әлеуметтік тегі мен ортасы, білім деңгейі), жеке типологиялық (интроверсия-экстроверсияның дәрежесі) және өмірбаяндық (отбасында тәрбиелену жағдайлары, құрдастарымен қарым-қатынасы, оқыған кітаптарымен көрген кинофилмдерінің сипаты) факторларға байланысты. Психолог осы шақтағы баланың ерекшеліктерін анықтап, әрқайсысына қажетті көмек көрсетуі керек. Бұл жас өспірімдерге психологиялық қызмет көрсетудің келесі міндеті.
Жас өспірімдік шақта достықты қажетсіну күрт өседі және бұл сезім өте тұрақты да терең бола бастайды. Достық туралы жас өспірімдік ұғвм мен оның нақты дәрежесі әр балада әр түрлі болады. Қыз балаларда олардың ертерек толысатындығымен байланысты интимдік достықты қажетсіну ер балалардан ерте басталады. Егер жастары бір шамалас ер балалар мен қыз балалардың достық мұраттарын салыстырса, қыз балалар ер балаларға қарағанда достыққа неғұрлым жоғары талаптар қоятындығы көрінеді. Есейген сайын бұл айырмашылықтар жоғалады.
Достыққа деген көзқарастың жекелей айырмашылықтары да өте үлкен. Біреулер жұп достықты ғана мойындап, нағыз дос біреу ғана бболу керек деп санайды. Ал екіншілерінде екі, үш және оданда көп достар болады. Тіптен барлық таныстарымен достасатындар да кездеседі. Бұл мәселе тәлім-тәрбие барысында көңіл аударатын проблемаларының бірі болғандықтан психологиялық қызмет көрсету барысында оны талдап, шын достықтың мән мағынасын балаларға көрсету психолог міндеттерінің бірі болып саналады.
Жас өспірімдердің біреулері оңашалықты ұнатса, екіншілері жалғыздықтан үрейлене қорқады, аз уақытта да жалғыз қала алмайды.Кейде мазасыздану, фобия белгілері де орын алуы мүмкін. Психолог осы шақтағы баланың психологиялық дамуындағы ерекшеліктерін анықтап, оның нормадан ауытқуларына ерекше көңіл бөліп, әрқайсысына жеке-дара қажетті көмек көрсету керек. Бұл жас өспірімдерге пмсихологиялық қызмет көрсетудің келесі міндеті.
Адамның күрделі интелектілік операцияларды меңгеруді және ұғымдық аппаратының баюы, теориялық интелектінің қалып тасуы және көрініс беруі жас өспірімдік кезеңде жетіледі. Әсіресе арнайы қабілеттер шапшаң дамиды. Мүдделердің бағытталуының барған сайын саралана түсумен қосылып, мұның өзі жастардың ақыл-ой қызметінің құрылымын кіші жастардағыға қарағанда күрделі де дара сипат береді.
Қазіргі кезде жаңа тестік жүйені қолдану арқылы жоғары сынып оқушыларын мамандық таңдау ға даярлануы қажеттілігін ескере отырып, олар дың шығармашылық қабілетін, білім мең герудегі дербестік дәрежесін артьтыруға аса маңыз беру қажет болып отыр. Арнайы қабілеттердің қалыптасуы оқытудың сипаты мен қатар пси хологиялық түзету-дамыту жұмыстарымен де тығыз бай ланысты. С он дықтан пси холгтің келесі міндеті – жоғары сынып оқушыларының интелектуалдық дамуына ықпал жасау.
Осы аталған, тағы да баланың жас ерек шеліктеріне, өмір талабына байланысты туып отырған міндеттерді басшылыққа ала отырып, әр психолог жас өспірімдермен жүргізетін қызметінің мазмұнын анықтайды.