Психодиагностика және психкоррекция туралы түсінік

  1. Психодиагностика туралы жалпы түсінік .

« Психодиагностика » сөзі — « психологиялық диагноз қою » дегенді немесе адамның жеке өзінің психологиялық жағдайы немесе қандайда бір психологиялық қасиеттері жайлы сапалы шешім қабылдауды білдіреді.Талқыланып отырған бұл терминнің психологияда екі мағынасы бар. «Психодиагностика» ұғымының бірінші анықтамасы оны алуан түрлі психодиагностикалық құралдарды жасап, оларды практикада пайдалануға қатысты психологиялық білімдердің арнайы саласына жатқызады.

Практикалық психодиагностика психолог іс-әрекетінің әртүрлі саласында қолданылады . Дегенмен психодиагностика психологиялык іс-әрекетінің жеке, өз алдына дербес сферасы ретінде қалыптасқан. Оның басты мақсаты : психологиялық диагноз қою яғни былайша айтқанда, адамның нақты психологиялық жағдайын бағалау.

Мұндай үғымдағы психодиагностика өз саласында мынадай мәселелерді қарастыратын ғылым болып табылады.

1.Психологиялық құбылыстардың табиғаты мен оларды ғылыми бағалаудың принципті мүмкіндіктері туралы.

2.Психологиялық құбылыстардың принципті түрде танылуы мен сандық бағалануы үшін осы уақытқа дейін қалыптасқан жалпылама ғылыми негіздемелер туралы.

3.Қазіргі уақытта қолданылып жүрген психодиагностика құралдары, қабылданған жалпылама ғылыми методологиялық талаптарға қаншалықты сай келеді.

4.Психодиагностиканың алуан түрлі құралдарына қойылатын негізгі әдістемелік талаптар қандай.

5.Психодиагностиканы жүргізу жағдайларында, алынған нәтижелерді өңдеу құралдары мен сол нәтижелерді қорыту тәсілдеріне қойылатын талаптарды қоса алғандағы практикалық психодиагностиканың нәтижелерінің сенімділігінің негіздемесі туралы.

6.Тесттерді қоса алғандағы психодиагностика әдістерінің ғылымилығын құрастыру мен тексерудің негізгі тәртібі туралы.

«Психодиагностика» терминінің екінші анықтамасы психологиялық диагнозды практика жүзінде қолданумен байланысты психологтың өзіндік саласын көрсетеді. Бұл жерде психодиагностиканы ұйымдастырып өткізуге қатысты таза практикалық мәселелер шешіледі. Оған мыналар кіреді:

1.Психодиагност ретіндегі психологқа қойылатын кәсіби талаптарды айқындау;

2.Психологтың өз жұмысын сәтті жүргізуі үшін,өзінде болуы тиісті білімдердің,ептіліктер мен дағдылардың жиынтығын білуі;

3.Психологтың практикалық жағдайларды анықтауы, оларды сақтауы,психодиагностиканың өзге де әдістерін сәтті әрі кәсіби түрде игеріп алғандығының кепілі болып табылады.

4.Психодиагностика саласындағы психологты практикалық тұрғыда дайындаудың бағдарламаларын,тәсілдері мен әдістерін жасап шығу, сонымен бірге оның осы саладағы біліктілігін бағалау;

Теориялық және практикалық мәселелердің екеуі де бір бірімен тығыз байланысты. Осы салада біліктілігі жоғары маман болуы үшін, психолог психодиагностиканың ғылыми әрі практикалық негіздерін жақсы меңгеруі тиіс. Сондықтан теориялық және практикалық мәселелер бірге, олардың қай салаға қатысы бар екендігін анықтамасада талқылана береді. Практикалық тұрғыда психодиагностика психолог қызметінің әр түрлі салаларында, мәселен, ол психологиялық педагогикалық тәжірибелердің авторы болса да, оған қатысушы ретінде жұмыс істесе де және ол психологиялық кеңеспен немесе психологиялық түзету жұмыстарымен шұғылданса да пайдаланылады. Дегенмен де, практикалық психологтың жұмысында психодиагностика қызметтің жеке саласы ретінде көрінеді. Оның мақсаты психологиялық диагнозды қою болып табылады яғни адамның жеке өзінің психологиялық жағдайы. Кез- келген психологиялық — педагогикалық ғылыми тәжірибеде, дәл психодиагностика психологиялық қасиеттердің даму деңгейін білікті түрде бағалауды мақсат етеді. Әдеттегідей бұл осы тәжірибеде тексерілетін, заңды түрдегі өзгерістері болжамдарда болады деп күтілетін қасиеттер. Мәселен, ғылыми психологиялық зерттеулердің мәселелері кейбір заңдар бойынша өмір сүреді немесе белгілі бір дәрежеде әртүрлі айналымдарға тәуелді деген тұжырымдарға қатысты адамның ойлауының кейбір ерекшеліктері болуы мүмкін.

Психодиагностика — кез-келген психологиялық — педагогикалық ғылыми тәжірибе барысында психологиялық қасиеттердің даму дәрежесін сапалы түрде бағалауды көздейді. Олардың заңды өзгерістері болжам жасауда көрініс тауып , тәжірибеде тексерілетін қасиеттер. Мәселен , ғылыми психологиялық зерттеудің мәселелері адамның ойлау ерекшеліктері болуы мүмкін. Оларға қатысты мынадай тұжырым жасалуда : олар кейбір заңдар бойынша өмір сүріп өзгереді немесе белгілі бір жағдайда әртүрлі өзгерістерге тәуелді болады. Кез-келген осындай жағдайда соған сәйкес ой-өріс қасиеттерінің , біріншіден, олардың өмір сүруін дәлелдеуге, екіншіден олардың өзгерістерінің айнымас заңдылықтарын көрсетуге , үшіншіден олардың болжамдарында кездесетін өзгерістерге шынайы тәуелді екенін көрсетуге бағытталған дәл психодиагностика қажет.

Психологиялық кеңеспен шұғылданушы маман клиентке қандай-да бір кеңес беруден б±рын, дұрыс диагноз қоя білуі тиіс, клиентті толғандыратын психологиялық мәселенің мәнін бағалауы шарт. Маман бұл жағдайда клиентпен болған жеке сұхбат пен оны бақылаудың нәтижелеріне сүйенеді.

Егерде психологиялық кеңес өзінің барысында психологтың кеңеспен ғана шектеліп қана қоймай, клиентке өз мәселесін шешуге көмектесе отырып, сонымен бірге өз жұмысының нәтижесін бақылай отырып, сол клиентпен нақты жұмыс атқарса, онда бұл жерде»кіру» және «шығу» психодиагностикасын жүзеге асырудың міндеті пайда болады яғни кеңес берудің бастапқы кезінде және клиентпен жүргізілген жұмыстың соңындағы істің мән — жайын ерекше айқындап алу міндеті пайда болады.

Кеңес беру процесіне қарағанда психодиагностика практикалық психологиялық түзету жұмысында өте нақты болып табылады. Мәселе мынада: бұл жағдайда қолға алынған психологиялық түзету шараларының тиімділігіне тек психолог немесе тәжірибе жүргізуші ғана емес, сонымен бірге клиенттің өзі де көз жеткізуі тиіс.

Клиентте, оның психологпен бірге жүргізген жұмысының нәтижесінде, оның өзінің психологиясы мен мінез — құлқында маңызды оң өзгерістер байқалғандығы жөнінде дәлелдер болуы қажет. Бұл клиенттің өз уақытының босқа кетпегендігіне сендіру үшін ғана емес, сонымен бірге әсер етудің психологиялық түзету тиімділігін күшейту үшін де қажет. Болатын істің сәттілігіне сену — бұл кез — келген терапиялық әсердің тиімділігінің маңызды факторы. Істің нақты жағдайының дәл психодиагностикасынан кез — келген психологиялық түзету сеансы басталып, сонымен аяқталуы тиіс.

  1. Психологиялық- педагогикалық диагностиканың психология салаларымен байланысы .

Психодиагностика оның өзге де салаларында, мәселен медициналық психологияда, патопсихологияда инженерлік психологияда, еңбек психологиясында басқаша айтқанда адамның кез келген психологиялық қасиеттерінің даму дәрежесін дәл білуді қажет ететін барлық жерлерде қолданылады.

  1. Психодиагностиканың кәсіптік – этикалық бағыттары(аспектілері).

Практикалық психодиагностика-бүл психологтардың кәсіптік іс-әрекетінің ең киын және жауапты саласы. Ол арнайы білімді, кәсіптік шеберлікті талап етеді жәнс адамдардың тағдырын қамтуы мүмкін (мысалы, соның негізінде медициналық немесе сот психологиялық диагноз қойылады, жұмысқа конкурстық негізде қабылдау мен таңдау жүргізіледі)

Әлеуметтік — этикалык талаптар :

Психодиагностиканың құпияны сақтау принципі оның нәтижелерін психодиагностикадан өткізілген адамның жеке келісімінсіз жария етпеуді білдіреді .

Психодиагностика әдістемелерінің ғылыми тұрғыдан дәйектелмеген принципі оған толық сенім арта алатындай нәтижелердің болуын талап етеді.

Нұқсан келтірмеу принципі психодиагностиканың нәтижелерін психодиагностикадан өтіп жатқан адамға нұқсан келтірмейтіндей етіп қолдануды қарастырады.

Тестілеу нәтижелерінен алынған қорытындылардың обьективтілігі принципі , оның ғылыми тұрғыда дәйектемеленген болуын талап етеді, барлық қорытындылар тестілеуді нәтижелерінің негізінде болуы шарт. Нәтижелерді қорытындылау тестілеуді өткізген немесе оның нәтижелерін пайдаланған. Кісілердің субьективті ұстанымдарына тәуелді болмауы тиіс.

Ұсынылатын кепілдемелердің тиімділік принципі адамдарға берілетін кепілдемелердің міндетті түрде қауіпсіз болуын қарастырады.

Психодиагностикамен шұғылданушы адамдарға ерекше талаптар қойылады. Олардың негізгілері мыналар : өте жақсы теориялық дайындық, психодиагностикалық әдістемелерді және оларды қолдану ережелерін тиянақты түрде білу. Соған сәйкес әдістемелерді практика жүзінде қолдануда жеткілікті дәрежеде тәжірибенің болуы.

  1. Психокоррекциялық жұмыстардың тиімді ерекшеліктері.

Тәжірибиелі психолог маман психодиагностикалық өңдеукөрсеткішіненалынғаннәтижені негізге ала отырып жеке бас дамуынқалыптастыруға коррекциялықжаттығулар қолданады. Психолог маман жұмысының тиімділігін талдау, балалармен нақты өзара әрекетті ұйымдастыружәне оныжүзеге асыру болып табылады.

Психокоррекциялық жұмыста “коррекция” терминініңкең қолданымға енуі ХХғасырдыңжетпісінші жылдарынан басталды, тура аудармасы“ исправление- түзету” деген мағынаны береді. Психолог жекетұлғаның мінез-құлқыц мен сапаларына, белгілі әсер етуде түзету жұмысына бағдарламақұрады. Бағдарлама құрылымы психологиялық және педагогикалық екі бөлімдеқарастырылады. Психологиялық бөлімінде психолог жекежұмыс жоспарын жасап, оны жүзеге асырады . Ал педагикалықбөлімінде психологбасқпа мамандармен — мұғалім, тәрбиеші және ата-анамен бірігеотырып, психологиялық ұсыныстар құрастырады. Р.С.Немовтың пікірінше“ психокоррекция” ерекшелігі – психикасы сау адамныңмінез-құлқын реттеуге әсер ету және оныңжетіспейтін тұстарын жетілдіруде психологтыңқолданатын психологиялық тәсілдерінің жиынтығы.

Психокоррекцияның басқа бағыттардан ерекшелене сипатталуы :

.психикасы сау адамдарда біріншіденкүнделік тіөмірде шешілмеген мәселелеріболады, психологиялық қиындықтысезінетін ашуланып, оған шағым жасайтындар, ал екіншіден өзіен жақсысезінетін, сондай-ақ жеке басе дамуын талпыныста ұстапөзгеруге дайындық деңгейдегі индивидтергежүргізіледі.

. мінез-құлқындағы ерекшелікке коррекциялық жұмыстаржүргізерде, психика лық саулығыміндетті түрдеескеріледі.

. психокррекция жұмыстар жүргізілуі жеке тұлғада нақты шамада бүгін және ертеңгебағытталады.

. орта мерзімде көмек беруге бағытталады ( психологиялық көмек индевидті қабылдау 15- реттен аспайды).

.әсер ету деңгейі индевидтің жеке бас дамуы мен мінез-құлқық өзгеруіне бағытталады.

Психокоррекциялық жұмыстың мақсаты— баладағы психикалық даму заңдылықтарын түсіне от ырып, үлкендермен серіктестікте жүргізілетін белсенді әрекет түрі.

Психокоррекция лықмақсат үш бағытқа негізделеді :

  1. Әлеуметтік даму жағынан ықшамдау.

2.Балада жтек ші іс-әірекет түрлерін дамыту.

Жас және психологиялық жаңа білімді қалыптастыру.

Психокоррекцияның негізгі міндеттері:

Жеке бас дамуына қажетті конгнитивті ( ақыл-ой), эмоционалды және мінез-құлықтық өзгерістер біргеқарастырылады. Субъектініңмәденижәне жас ерекшелігі ескеріле от ырып , ішкі ресурстарды белсендіру болып табылады. Психокоррекциялық жұмыстардыжүргізужағымды тәжірибе жинақтау мақсатында құрылуы және жүзеге асырылуы қажет.

Психокоррекціиялық бағдарлама құрудың түрлері

коррекцияның жалпы моделі : сабақ жүктемесін құрастыруда баланың жеке бас дамуы, жағдайды, қоршаған орта мен адамдар арасындағы жүйелі қатынастарды ескеріле отырып,ықшамдап күнге, аптаға және айғабөліп қарастырады.

— стандартты бағдарламада: қажетті құрал-жабдықтарқатысушыларға қойылатын талаптар мен кезеңдерге өз қалауынша бөле алады.

Психокоррекциялық жұмыста әсер ету деңгейі психологтың кәсіби біліктілігі мен құзіреттілігіне байланысты:

Т еориялық жағынан ( баланың психикалықдаму заңдылығы мен жас кезеңдерін оқытумен тәрбиемәселесіндегі қатынасты, жеке және шығармашылық қабілетті білуі.) дамуы, арнайы әдістерді( бір әдістің немесе ықпалдың мүмкіндіктерін) және жағдайларды білуі және дайындығы жатады.

Тәжірибелікжағынан кәсіби деңгейде психокоррекциялыұқ әдістер мен әдістемелерді қолдануы меңгеруіжағынан кәсіби деңгейде психокоррекциялыұқ әдістер мен әдістемелерді қолдануы меңгеруі,қызметіндегі құпияларды сақтай білуі және құзіреттілік деңгейін жетілдірге талпыныста оята білуі мен сенімділігі.

Жеке тұлғалық дайындығы жағынан психологтың жеке басындаалдымен өз мәселесі ( өзін-өзі басқару) — бойынша жұмыстың жүргізілуі, өзіндегі жағдайды шеше білуі ( жекемәселесін шеше алмаса, алдына келген индевид мәселесіне тепе-тең көзқараста қарай алмайды) нейтралды ара қашықтықты ұстай білуге мүмкіндік береді. Психолог күнделікті өзімен жұмыс жасап, жеке басын жетілдіріп отыруы қажет себебі алдыменсыртқы түрімен сенімге еніп, әсер етеміз.

Психокоррекцияның түрлері:

сипатына қарай: симптомды ( ауру белгісі) жәнекаузалды ( себеп) деп бөлініп, дер кезінде дамудағы кедергіні анықтайды.

Ұзақтығына қарай: тым қысқа, қысқа және ұзақ, тым ұзақ болып келеді. Өзекті мәселені шешуге қажетті бір немесе бірнеше сағаттар, айлар сондакй-ақ кейде жылзғасозылуы мүмкін.

Міндеттін ауқымына қарай: жалпы, және жеке арнайы болып бөлінеді. Кешенді ұйымдастырылған жұмыстар жеке, жалпы және арнайы топпен жүргізіледі.

Мазмұнына қарай: танымдық өрісі, жеке тұлғалық, аффектілі-еріктік,мінез-құлық тұрғысынан, тұлғааралық қатынасынан, топ ішілік ата-анамен бала қатынасынантұрады.

Жұмыс түріне қарай: жеке, топпен, табирғи жабық топпен ( ұжым, отбасы, ерлі-зайыпты)

Бағдарламаға байланысты: бағдарламалық және жанынан шығарған еркін тақырптар,

әсер етудегі басқару: директі және директивті емес болып қарасетырады.

Білім беру мекемелерінде психокорркециялық жұмыс психологиялық-педагогикалық әсер тұтастығы оны түзетуде, бала дамуындағы бұзылыс пен жетіспеушілікке ағарту жұмыстарын қолдану.Ол екі байланыста көрінеді: симтомдық жеке ауытқуға жәнеэтимологияляқ шығу себебінебағытталған.

Психолог корркециялық жаттығуларымен айналысқанда келесі тізбекпен жұмыс жасайды : а) не бар?б) не болу керек? в) қажетті нәрсе болу үшін, не істеу керек? Оған жауап беруде психиканың дамуын үш деңгейде қарастыра, ттүсінік беру мен талдаудан тұрады ( Г.С.Абрамова)

Нейрофизиологиялық деңгейде( не бар?) психолог құбылыста ми қызметі турлы білім негізінде зерттеп, ми шабуылын алынған көрсеткіштер қолданылады.

Жас-ерекшелік психолиялық деңгейінде ( қажетті нәрсе болу үшін, не істеу керек?) жек тұлғаны жас және дара ерекшеліктеріне қарай сәйкестендіре нақты талдайды.

Психокоррекциялық мәселеге әдіснамалық негізді батыс елдерінде екі үлкен топқа бөлді: психодинамикалық және мінез-құлықтық, психология пәні оны бағытына қарай сана және мінез-құлықта қарастырады. Бұл ықпал бала мен жеткіншекте жүргізілетін психокорркециялық жұмыстың мақсаты, стратегиясы және әдістерін ескертеді. Психодинамикалық ықпалда қолданатын ойын терапиясы, арттерапиясы және бала психоанализі бойынша ерекшеленсе, мінез-құлықтың терапияда қарастыратын балада мінез-құлықдағды жолдары туралы білімді ( жетондық бағдарлама), бейімделуге үйлесімді моделдерді, орнындаушы біліктілігін дамытуға ( мінез-құлық тренингі), өзіндік реттелуге ( скилл-терапиясы) қалыптастырды.Іс-әрекеттік ықпалдаотандық психологиялық мектепте арнайы білімді іс-әрекетте ұйымдастырады , коррекциялық жұмыста ішкі және сыртқы белсенділікті басқару мен бақылауды жаңа деңгейге көтеру арқылы психологиялық құралдарды меңгереді. ( Л.С.Выготский, А:Р.Лурия, П.Я.Гальперин). Психокорркециядағы психологиялық механизм деп интериоризация ( импорт) сыртқы әрекетті ( көшірме жасау, нұсқау бойынша орындау, көрсету) ішке қарай “ айналдыру” ( Л.С.Выготский). Осы бағыт бойынша іс-әректтің жоспары әдістемесінебалалар мінез-құлқына ойын коррекциясы және психогимнастиканықалыптастыруға болады.