“Сенмаған ұнайсың”
Мақсаты: Бұл тамаша жаттығу балалар арасындағыжақсықатынастың дамуына ықпал жасйды. Кейбір балалар өзінің эмоцияларын еркін көрсете алады, ал бұл кейбіреулер үшін үлкен мәселе. Бұл ойында барлық қатысушылар осы маңызды дағдыныдамытудың шынайы мүмкіндігін алады. “Өрмекші торы”сыныптағы өзара қатынастың ахуалын жақсартады.
Қажетті құрал: түрлі-түсті жіп орамы.
Нұсқау: Барлықтарың ортақ шеңбергеотыруларыңды өтінемін. Мен сендерге өте қызық бір ойынға қатысуды ұсынғым келіп отыр. Біз қазір бір-бірімізді біріктіретінүлкен бір түсті өрмекшінің тот\рын құрамыз.Сонымен қатар әрқайсымызөз сыныбымыздағы жолдастарымызғадеген мейірімді ойлар мен сезімдерді көрсете аламыз. Қазір мен сендерге ойынның жүргізілу тәртібінайтамын.
Жіп орамының ұшын бірнешереталақанда ораймыз да орамды балалардың біріне көрсетесіңдер . Сендер менің не істегенімді көріптұрсыңдар “өрмекші торында” келесі болатын оқушынытаңдадым. Орамдыбіреуге бергеннен соң “Қанат (Ғалым, Берік)сен, маған ұнайсынсебебі …- деп ойынды жалғастырасвң мысалы, мен былай айтамын “Қанат! Сен маған ұнайсың себебісабақ басталмас бұрын сен маған сыныптың есігін аштың”. Оған айтылып жатқан сөздердітыңдап болған соң, Қанат өрмекшінің торы тартылып тұруы үшін, өз алақанын жіппен орайды.Содан соң орамды кімге берерін Қанат ойлап шешуі керек.Орам келесі қатысушыға келгенде Қанат ойыншыға былай дейді: Ұлжан сен маған ұнайсың, себебі сен маған кеше математикадан қиын тапсырманышешуге көмектестің” . Бұл адам сізді немен қуантқалы отыр немесесіз не үшін алғысбілдіргіңіз келетіні туралы айта аласыз. Осылайша біздің ойымыз әріқарайжалғасады. … Орамды беріп жатқанда сізге неайтқанын жақсылапесте сақтаңыз.
Ойын барысында барлық балаларорамды алып шығуынмұқият қадағалаңыз. Егерде кейбір балалардаалғашқыда “сен маған ұнайсың, себебі …” деген дәйексөзді айту қиындық тудырса, оны “маған… ұнайды” деген сөздермен ауыстыруға мүмкіндік беріңіз.
Бірте-бірте “өрмекшінің торы”өсіп толықтырылады, соңғы орамдыалған бала оны керібағытта жинай бастайды. Онда әрбір бала жіп орамын жинай отырыпбаланың есімімен қандай сөз айтқанын қайталап балаға орамды қайтып береді.
Жаттығудыталдау:
-Басқа балаларға жағымды нәрселердіайту саған ұнайма ?
-Осы ойынға дейін саған жағымды нәрсенікім айтты?
- Біздің сынып жеткілікті тату ма?
-Бұлойында бір нәрсе сені таң қалдырдыма?“Жақсыдос”
Мақсаты: Сыныптағы өзарадостық қарым-қатынастыдамыту “Жақсы дос” сйыны бұл маңыздытәрбиеліктапсырма.
Қажетті құрал: әрбір балағақағаз қалам, фломастер.
Нұсқау: Өзіңнің жақсы досың туралы ойла,бұл шын мәнінде дос болып жүргенадамың болуы мүмкін. Егер сенің шынайыдосыңболмаса онда сенжәй ғана елестетуіңе болады. Кіммен енді достасқың келетініжайында ойлан. Сен ол адам туралы не айта аласың? Сендер бірігіп не істей аласыңдар? Сенің досың қандай? Саған оның қандай қасиеті ұнайды? Сендердің достықтарыңның әрі қарай нығаюы үшін не істемексіңдер?
Осы сұрақтар бойыншаойланып көр, оған жауаптықағазға жазааласың,суретін салсаң даболады (15 минут)
Ал, енді төрт адамнан топқа бөлініңдер, егер иқаласаңдарөз суреттеріңдің жәнешығармаларыңды бір-біріне көрсетуге болады. Бұл жаттығуды орындапжатқанда не туралыойлағандарыңды айта аласыңдар. Сендердіңтөрттіктеріңдегі балалардың не айтарынмұқият тыңдаңдар (10 минут)
Жаттығуды талдау:
-Адам досты қалай табады?
-Неліктен өмірдежақсы дос қажет?
-Біздің сыныпта сенің досың бар ма?
“Достыңөмірбаяны”
Мақсаты: егер адам өзініңдостарының өміріне шынайы белсенділік пенқызығушылық танытатын болса, достық қатынасы дамып тереңдей түседі. Бұл ьойын балалардыоның достарының өмірі жайынданиеттендіреді.
Қажетті құралдар: әрбірбалаға арналған анкета. Барлық сынып оқушыларыныңаттары немесе тегі бар жолақтар жинағы.
Анкета.
Бойынша соған түскен адамның өмірбаянын жаз. Ол жайында көбірек сұратырып біл. Міндетті түрде өмірбаянға қос:
-Олбаланың атыжөні:
-Жасы:
-Туылған күні:
-Мекен жайы:
-Оның сырт келбетін суреттеу:
-Оның отбасымүшелерінің есімдері:
-Ол не істегендіұнатады:
-Ата-аналарыжұмысістейді ме, істесекімдер?
-Оның өмірін не әсемдейді?
-Сенің өзқолыңмен ол адамға жасаған портретің:
Нұсқау:Мен сендергежаңа өте қызықты ойын жүргізгім келеді. Сендер өз достарыңныңөмірбаянын жазуларың керек. Өмірбаянныңне екенін білесіңдер ме?
Ол не екендігіжайлыбалалармен сөйлесіңіз, мүмкінболса мысал ретінде біреудің өмірбаянын айтыңыз. Біздің сыныптың барлыққатысушылардыңесімдері бар жолақтарды мен дайындап қойдым. Жеребені тартып, өзіңнің есімің түскентүспегенінтексер,егер түскен жағдайда біреумен жолақ ауыстыруғатура келеді, сіздің жолыңызда есімі жазылғанадамныңөмірбаянын құрастыр. Онда сендергекөмектесу үшінмен анкетадайындап қойдым. Оның сұрақтарынажауап беру керек. Анкетаның барлық тарауларын мұқият оқып шығыңдар.
Мен таңдалған адаммен сөйлесуге 10 минут уақыт беремін, содан соң сендергеқойылатын сұрақтарға жауапеберуүшін тағыда 10 минут беремін. Ал, енді сендерөздеріңнің сыныптастарыңның өмірбаянын жаза аласыңдар (30-45 минут).
Жазылған өмірбаяндардыауызша оқып беруін сұраныңыз.
Жаттығуды талдау.
-Сен суреттеген адам туралыжаңа нәрсе білдің бе?
-Сендердіңараларыңда ортақ нәрсе не, немен ерекшеленесіңдер ?
-Өзге адамның жазғансенің өмірбаяның ұнадыма?
-Қазіргі сәттегі өмірлікмақсаттарың қандай?