Басқа адамға ескерту бергенде басшылардың кейбіреулері жылатып айтады, ал біреулері кеңес беріп, тез үйренуге жәрдемін тигізеді. Адамның жекелік қасиеттерінің барлығына мінез үлкен әсерін тигізіп, оның жалпы адамгершілігін, іскерлігін, қарым-қатынасқа икемділігін, сыйысымдылығын анықтап отырады. Мінез адамның барлық психикалық қасиеттерімен тығыз байланысты, сондықтан оның ерекшеліктерін көптеген жекелік қасиеттердің көрінісі бойынша сипаттауға болады.
Егер адамды танитын, білетін болсаңыз ол өмірдің әр түрлі жағдайында қандай мінез көрсететінін болжамдап айтуға болады. Мінез-құлықты басқаруға, оны басқаларға ыңғайлы, сыйысымды етіп, дұрыс жол көрсетіп отыруға болады. Сондықтан мінез тәрбиеленетін қасиеттерге жатады. Адамдардың мінез-құлқы тарихи-әлеуметтік жағдайға байланысты көрініс береді. Мысалы: өзінің намысын, отбасының намысын қорғау үшін дуэльге шақырып, намысына тиген адамға қастандық, қатыгездік көрсетіп, оны атып тастаған. Вендетто — қанға-қан, жанға-жан деген кек алу дәстүрі т.с.с. қалыптасқан әдет-ғұрып кеңінен орын алады. Қазіргі кезде цивилизацияның дамуымен байланысты ең үлкен құндылық адам өмірі болып саналады. Сондықтан адам өміріне қауіп туғызу немесе өлтіру ең үлкен қылмыс болып есептеледі. Сондықтан өрескіл мінез көрсеткендерге дәл сондай дөрекілік көрсетіп, балағаттап немесе басқа түрлі қастандықтар көрсету кеңінен орын алады. Оның барлығы мінездің теріс көрсеткіштері, сыйысымсыздық, арамзалық деп бағаланады.
Адамның мінезінің қалыптасуына отбасы, қоршаған ортадағы жетекші салт-дәстүр мен әдет-ғұрып, өзінің қарым-қатынас жасайтын кіші тобы, сынып оқушылары, группадағы студенттер, жолдастар мен достар, оқыған кітап, көрген кино кейіпкерлері үлкен әсерін тигізеді. Өйткені адам басқаларға қарап, олардың тәжірибесін меңгеріп адам болады.
Мінез детеминиз ұстанымына сай барлық психикалық қасиеттермен тағыз байланысты. Мінезге темпераменттің тигізетін әсері өте үлкен. Холериктің жеңілтектігі мен қызбалығы, сангвиниктің сөзшеңдігі, флегматиктің байсалдылығы, меланхоликтің тұйықтығы мен ұстамадылығы мінезге әсерін тигізіп тұрады. Мінез бен темпераменттің өте тығыз байланыстылығы психиканың динамикалық ерекшеліктерімен анықталады. Дегенмен темпераментті өзгертуге болмайды, ал мінез тәрбиеленеді. Холерик пен сангвиникке белсенділікті, шығармашылық қасиетті қалыптастыру оңай, ал флегматик ерінбестен оның бәрін меңгеруге шамасы келеді, меланхоликке ашық-жарқын болу өте қиын. Осы ерекшеліктерді ескерсе отырғанда тәрбие нәтижелі болады. Мінез — тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу нәтижесі.
Психолог өз қызметін ұйымдастыру үшін психолог басқа адамдардың мінезін біліп, ол адамның неше түрлі жағдайларда өзін қай жағынан көрсететінін болжамдауға болады. Сондықтан мінез ерекшеліктерін біліп алу негізінде ол адамды тәрбиелеуге, жекелік ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік туады.
Мінез өзі өте күрделі психикалық қасиет. Ол бірнеше көрсеткіштермен сипатталады. Сондықтан жеке тұлғаға мінездеме бергенде оның ерекшеліктерін басқалармен салыстыра отырып қарама-қарсы көрсеткіштермен сипаттайды: кеңпейілді — іші тар; жеңілтек — байсалды; адал — арам; сыйысымды — сыйысымсыз; қорқақ — батыл, сезімтал — қатыгез т.с.с. Бұл жеке көрсеткіштер мінездің құрамды бөліктері, оның көрсеткіштері болып табылады. Осы көрсеткіштердің ішінде біреу жетекші, доминанта болады. Адамды бағалағанда сол доминантасы бойынша мінездеме береді.
Мінездің барлық көрсеткіштері бір-бірімен тәуелді байланыста. Сондықтан егер адам қорқақ болса ол көп жерде белсенділік көрсетіп жүруі өте қиын. Қорқақтың сыйсымдылығы, басшыларға ерекше ізет көрсетіп, иланушылық (ұйып сенуі), тілалғыштықпен көзге түсіп жүруі мүмкін. Олар өте сараң, материалдық байлықты қорғау үшін басқаларды сатып кетуі, сөзінен айнып кетуі жиі кездесіп тұрады.
Сондай ақ, батыл, шешім қабылдағыш, адам қорқақ болуы мүмкін емес, ол мырзалық көрсете алады, басқалардың пікірін сыйлайды, бірақ кейде тік мінездік көрсетіп, керек емес жерде тәуекелшіл болып, өз өміріне қауіп тудыруы мүмкін.
Мінездің бір-бірімен тәуелді байланыстағы көрсеткіштерінің ішінде біреуі доминанта болып, барлық басқа көрсеткіштеріне әсерін тигізіп тұрады. Доминантасының ерекшелігі: мінездің құрамды бөліктерінің ішінен біреуі жетекші және барлығына бағыт беріп тұратын болады, ал қалғандары қосалқы болып негізгінің көрінісін тереңдетіп, құлпыртып тұрады. Оны келесі мысалдармен дәлелдеуге болады:
а)кең пейілділік доминанта, жетекші көрініс берген адамның басқа
мінез сипаттарының барлығы жалпы ол адамды «жақсы адам» деп
қабылдатады. Ол тірлікті асығыс, шала, үстіртін істейтін, кейде сөзінде
тұрмайтын болса кеңпейілділігі бұл осалдылығын жұмсартып көрсетеді;
б)сыйымсыздық, қатыгездік доминанта болса ол адамның барлық басқа қасиеттеріне теріс белгі береді. Доминантасы қатыгез болса ол адам іскер, білімі терең, барлық мәселені шешу жолдарын тез анықтайтын болғанымен қоршағандар жалпы оның мінезі теріс деп қабылдайды.
в)доминантасы сыйысымдылық, кешірімді, ұрысқақ емес, басқалардың жағдайын түсінетін болса, ол адам шалағай, сөзінде тұрмайтын болса да оны басқалар оң қабылдайды, жақсы адам деп санайды.
Доминантадан басқа мінез құрылымының келесі көрсеткіштері бар.
- Қоршаған ортаға көзқарасы. Қоршаған ортадағы ең маңызды құндылық — басқа адамдар. Егер әр адам басқа адамдарды сыйласа, олармен тіл табысып өмір сүргісі келсе, ешкімге зиян келтірмесе, туған-туысқандарына қамқорлық білдірсе оны басқаларда силайды.
- Өзіне деген көзқарасы. Адам өзін сыйлап, өзінің беделін, іскерлігін, қоршаған өмірге икемділігін барлық уақытта жетілдіріп жүрген адамның өзін-өзі бағалап, сыйлағанын көрсетеді. Эгоизм, эгоцентризм, өзін ерекше деп есептеп, өзінен басқа ешкімді сыйламау — теріс көрсеткіш.
- Іс-әрекетке, еңбеккке көзқарасы. Адамды адам қылған еңбек. Жұмысқа ынталы болу, тілалғыштық, өз мамандығының барлық қыр-сырына жақсы түсініп, шебер, іскер болу — оң көрсеткіштер. Барлық уақытта тәртіп бұзып, тапсырманы уақытында орындамай жүрген теріс көрсеткіштер, өзін сыйламағандықтың белгісі.
- Заттарға көзқарас. Барлық заттар адамның еңбегінің нәтижесі. Оны ұқыпты ұстау керек. Заттарға деген салақтық, өзіңдікі емес заттарға, киім-кешекке, оқу құралдарына көзқарастар адамгершіліктің көрсеткіштері.
Мінезінің оң көрсеткіштері басым келсе ол адамды адамгершілігі күшті, жақсы адам деп бағалайды. Сондықтан, мінез адамдық қасиеттердің қалыптасқандығын, адамдар ортасында өмір сүруге икемділігін анықтайтын қасиет болып табылады.
Мінез адамның барлық басқа жекелік қасиеттерімен тікелей байланысты.
- Ерікпен тығыз байланыстылығы адамның барлық істеген тіршілігін тиянақты, уақытында орындауы, іс-әрекет барысында басқа адамдармен қарым-қатынасын қалыптастыруы, ұйымдастырғыштық, іскерлік, жауапкершілік т.б. көрсеткіштермен сипатталады.
- Сезіммен байланыстылығы оның іс-әрекет барысында күйгелек немесе жайбарақаттығы, байсалдылықпен мәселелерді шешу жолдарын іздеуі, өзінің және басқалардың табысына қуанатындығы, ашушаңдығы, көңіл-күйінің тұрақты немесе тұрақсыздығы, тілектестіктің көрініс беруі.
- Ақыл-оймен байланыстылығы интеллектуалдық қабілеті, іс-әрекетте пысықтық, іскерлік, ізеттілік, жеңілтектік, шалғайлық көрсетуі.
Сондықтан мінездің анықтамасында бұл қасиет көптеген жеке ерекшеліктер жиынтығы екені көрсетілген. Мінез көп аспектілі қасиет. Мінездің осы көріністері әр адамда әр түрлі вариантта болады. Дегенмен адамның өмірінде қалыптасқан мақсаттарга байланысты әр адамның өмірге деген көзқарасы және бағыттылығы болады. Адам мінезінің бағыттылығы дегеніміз оның қызығушылығының, идеалдарының және сенімінің жиынтығы (неге сенеді, нені көздейді). Екі адамның мақсаты, бағыттылығы бірдей болуы мүмкін ал сол мақсатқа жету үшін қолданған әркеттері және әдіс-тәсілдері әр түрлі болады.
Адам мінезінің көрсеткіштері көп түрлі. Дегенмен әр ортада мінез ерекшеліктеріне, тәртіп сақтауға, үлкен-кішілер қарым-қатынас ерекшеліктеріне қойылатын талаптар бар. Мінездің әр құрамды бөлігі адам өмір сүретін ортада қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа сай болуы керек. Дәстүрлі қалыптасқан нормалардың бұзылуы адамдар ортасында басқаша бағаланады және норма шегінен асып немесе одан төмен көрсеткішке ие болған жеке адам мінезінің акцентуациясы анық байқалады.