Жеткіншектердің жеке-дара типтік ерекше белгілерін диагностикалау

Жеке тұлғаның дара — типтік ерекше белгілерін анықтауға арналған сауалнама (Л. Н. Собчик)

Жұмыс орта және үлкен топтарда жүргізіледі.

  1. Мен барлық сұрақтарға өте ашық және дұрыс жауап беруге тырысамын.
  2. Менің мінезім өте нашар.
  3. Мен сабақты кластан гөрі үйде жақсы орындаймын.
  4. Мен барлық тапсырманы бөгде адамның көмегінсіз жасаймын.
  5. Мен өзіме таныс емес балалармен жиі сөйлесемін.
  6. Менің өмірде жолым тіпті болмайды.

7.Егер мен қалаған нәрсеге айналам қарсы болса да, мен оны өзімше

жасаймын.

8.Мен барлығын орындап, үлгеріп жүрсем де, болмашы нәрселерге жиі

алаңдап, мазасызданамын.

9.Меніңсәтсіздігімекінәлінақтыадамдар(балалар,ата-аналар.

мұғалімдер).

  1. Кластагы балалардыңжалпыпікіріменүшінмаңыздыболып

еселтеледі.

  1. Басқа адамның жагдайларына мені аз қатыстырады.
  2. Маган өлеңді жақсы айтатын адамдар үнайды.
  3. Баска адамдардың қыңырлыгында шаруам жоқ, өзімдікі жетеді.
  4. Шулы ортада мен тек басқа адамдардың қалай көңіл көтеретініне қарап

отырамын.

  1. Әлдекімдердің уайымдап және азаптанып жүргенін көру, мен үшін ауыр

нәрсе.

  1. Мен барлық уақытта дүрыс айтамын.
  2. Менің барлық бақытсыздыгым — өз мінезімнің нашарлығынан.
  3. Мен өмірдегі ең бақытсыз адаммын.
  4. Мен жиі не істерімді білмей қаламын.
  5. Маған жаңа адамдармен танысу барлық уақытта үнайды.
  6. Мен барлық кезде ұзақ ойланып жатпай әрекетке көшемін.
  7. Мен өз ойыма сенімді болсам да, менің пікірімді өзгертуге тырысқан

адамдар мені ызаландырады.

  1. Мен ешбір дәлелсіз өзіме жақын адамдар үшін жиі толқимын.
  2. Біреулердің менің бөлмемдегі және столымның үстіндегі ретке келтіріп

қойған заттарымның орнын ауыстырып қойса, мен оны қаламаймын.

  1. Мен балалардың, тіпті үлкен адамдардың назарын өзіме аударта аламын.
  2. Мен өмірде анықталған ережелер мен қағидаларды қатал үстаймын.
  3. Мен шулап, көңіл-көтеріп отыратын қонаққа баруды үнатпаймын.
  4. Үйде жәнемектептеменіқоршағанадамдардыңкөңіл-күйлерінің

өзгергенін өте тез сезіп қоямын.

  1. Мен ауладағы немесе кластағы б …ларды өзіме қызыктырып, ерте

аламын.

  1. Біреудің жылап, ренжігеніне мен жайбарақат қараймын.
  2. Мен тек басқа адамдарға үнайтын нәрсені ғана жасаймын.
  3. Қоршаған орта менің көңіл-күйімді тез түсіреді.
  4. Тақтаның алдында сабақ айту керек болса, маған ұялшақтығымды жеңу қиын.
  5. Үлкендердің айтқан пікірі мен үшін өте маңызды.
  6. Басқа балалардың қажетті дел есептеген әрекеттерін жасатуға мені еріксіз мәлсбүр ету маған қиынға соғады.
  7. Менің өзсезімдерімнің төмендегенінежәнесәтсіздігімдіқатты уайымдаймын.
  8. Егер істегенісімнің дүрыстығынасенімдіболсам,менбарлық уақытта табанды боламын.
  9. Егер ортада маған көңіл аудармаса, онда маған қызықсыз болар еді.
  10. Менің пікірімді ешкім өзгерте алмайды.
  11. Маған әр кез жаңа достармен әртүрлі ойындар ойнаған ұнайды.
  12. Егер ата-анам немесе мұғалім менің ісімді дұрыс емес деп санаса, мен пікірімді өзгерте аламын.
  13. Метрода немесетрамвайда(троллейбуста)танысемесбалалармен рахаттанып мылжыңдап сөйлесе алады.
  14. Мен ешқашан өтірік айтпаймын.
  15. Мен бүгін істейтін жұмысты ертеңге ешқашан қалдырмаймын.
  16. Мен өмір бойы ештеңеге риза емеспін.
  17. Мен алаңсыз ойланып, армандағанда жалғыздықты ұнатамын.
  18. Мен көңілді ортада әсерленуге қысылмаймын.
  19. Егер маған басқалар бұйрық берсе, онда менен ештеңе шықпайды.
  20. Менің ісіме кім кедергі келтірсе, мен оған қарсы соққы бере аламын.
  21. Өзімнің ыңғайсыз сөздеріме немесе ебедейсіз қылықтарыма ұялу деген менде болмайды.
  22. Өзімнің құқымды қорғау үшін жиі төбелеске барамын.
  23. Егер мен екілік баға алсам немесе өтірік айтқанымды ұстап алса мен оған ренжімеймін.
  24. Менің көңіл-күйім ата-анам арасындағыістіңоңғабасқанына (тәуелді) байланысты.
  25. Табандылық пен қайсарлық жетпесе, маған сәттілікке қол жеткізу қиын.

55.Мен үйде және мектепте үлкендерді барлық уақытта тыңдаймын.

  1. Егер мен теледидардан қызық кино немесе комедиялық ойын-сауық көрсем, онда менің жабырқаңқы көңіл-күйім жеңіл көтеріледі.
  2. Мектептеп жағымсыз нәрселер мені тіпті толғандырмайды.
  3. Айналамдағылар көңілді жүрсе де, менің ішім жиі пысады.
  4. Мен барлық уақытта көшенің тиісті жерлерімен өтемін.
  5. Экстраверсия: иә — 12, 42, 44, 49; жоқ-14, 60.
  6. Споғтячды; иә-4. 21, 29. 34; жоқ- 19, 50.
  • Агрессивті: иә — 7, 22, 51, 53; жоқ- 36, 37
  1. Ригидті; иә — 9, 24, 26, 39; жоқ — 41 , 56.
  2. Интроверсия; иә — 3, 33, 35, 48; жоқ — 5, 20.
  3. Сензитивті: иә — 15, 28, 43; жоқ — 11, 13, 30.
  • Мазасыздық; иә — 8, 23, 38; жоқ- 52, 54, 59.

III. Лабильді: иә — 10, 25, 40, 55, 58; жоқ-27.

  • Жалған шкала, иә — 16, 31 ,45, 46, 57, 61.

Аггровация; иә-2, 6, 17, 18, 32,47.

Экстраверсия (I), Бұл шкала жоғары көрсеткішті көрсетсе, онда бала көпшіл, адамға үйір, мақсаттылық әрекетті жүйесіз, көп алаңдайды, мылжың Достарының саны шектен тыс және таныс балалармен байланысы үстірт, маңызсыз болып қалады (танысы көп — нағыз достары аз). Мұндай балалар оқу материалын оқулықтан гөрі ойындарда, диалогтық режимде жақсы меңгереді Олар тентек, күлегеш болып келеді, алайда олар шындық тұрғысында тапқырлық танытады.

Қиын жагдайдан шығу үшін өтірік айта алады, коршаған ортада өзін жоғары көрсету үшін мақтанып қалады.

Спонтанды (II;. Бұл шкала жоғары көрсеткішті көрсетсе, бала қалай болғанда да еркіндікке, лидерлікке, ешкімге бағынбауға, өз пікірін ашық айтуға ұмтылады Кез-келген еркіндікті кысқан шектен тыс тәртіпке қарсы әрекет жасайды. Бұлар тіл алмайтын балалар, ашуланғаннан гөрі көпшілік мақұлдаған мінез-құлық ережелеріне бағынғысы келмейтіндер және тәртіп бұзушылар. Олар тиым салғандарға жақындайды. Осы себептен ішімдікке наркотикке, шылым тартуға қызығушылықтары ерте басталады. Бұл типтегі балалар отбасықда немесе мектепте болған конфликтіден үйінен қашып кетуге, көше кезіп кетуге әуес болады. Бұлар мектеп ережесін бұзушылар, яғни сабаққа себепсіз кешігушілер, Олар бірқалыпты оқымайды, негізінде бай интуициясына сүйенеді, сыбырлап айтқанды ебін тауып пайдаланады, яғни естіген кішкене бөлшектерін толық суреттеп бере алады. Мектепте мұндай балалар бәле келеді, болашақ өздерінің өмірлерінде тапқыр, талапты және батылдық танытып, тіпті болмаған жетістіктерге жетеді, ашылмаған жаңалықтар аша алады.

Агрессивті (III). Бұл шкала жоғары көрсеткішті (4-5 балл) көрсетсе, бала өз-өзіне сенімді, өз ойын ашық айтуға ұмтылады, белсенді және өз бетімен қозғала алады. 6 балл баланың орынсыз белсенділігін, агрессивті қылықтары мен кезбелікке әуестігін, бағынушылар алдында (импульсивті) қызба мінез-құлықты, талсырманы орындауда ұқыпсыздыктарын, бұзық әрекеттерге дейін баратын көріністерді көрсетеді. Жеке адамның мұндай типтегі балалар үшін, әсіресе толық емес жанұяларда көп кездеседі. Мұндай балалар сәби кезінде ата-аналардың жылуын, мейірімділігін, қамқорлығын, ізгілігін бастан кешірмеген. Олар ерте балалық шақтан өздерін қоршаған ортамен қарсы қояды және күреседі. Бұл балалар педагогты ең үлкен қиындыққа апарады. Бірақ жұмыстың қатаң әдістері (білімімен емес, мінез-құлқына байланысты мектептен шығару, арнайы кластарга немесе арнайы мектептерге жіберу т. б.) бұл жерде баланы өшіктіреді және оның тұлғалық деформациясы өзгереді, яғни ашу-ызасы орнына келмейді.

Ригидті (IV). Бұл шкала жоғары көрсеткіш көрсетсе, балада табандылыіқ (егер өз мақсатына жетуге қатысты болса) және қасаоысушіылық (егер өз көзқарасын дәлелдесе) көрінеді. Олар үшін жеке статусы төтенше маңызды мәселе — басымдылық, билік позициясы және материалдық жетістік болып саналады. Олар басқаның әдеттен тыс билігін және байлыгын қызғанады өздерінің агрессивтілігімен қорғанады. Оқуда материалды біртіндеп, кейде тіпті жай үғады, бірақ оны есінде жақсы ұстайды, жауап беруде жинақталған тәжірибеге сүйенеді. Оларға қиял және интуиция жетіспейді, сондықтан оларға тіпті сыбырлап айтудың өзін қамдану қиынға соғады. Мұндай балаларға материалды ұғу үшін жаттап алу қажет. Олар шыдамдылық арқасында табыстарға жетуі мүмкін, ал соңына дейін күрессе мінезін де жеңуі мүмкін.

Интроверсия (V). Бұл шкала бойынша балалар жоғары көрсеткіш көрсетсе, онда олар үндемейтіндігімен, тұйықтығымен, оқшау жүруімен айырмашылығы көрініп тұрады. Олар қайырымды достарды өте қатты таңдайды, оның есесіне үнемі өздері соларға үйірсек болып жүреді. Пәндерді оқу алдында өздерін бағалайтыны жөнінде ойланады. Олар жалғыз қалғанда ғана материалды жақсы меңгереді. Нақтылы ғылымдарға қарағанда олар әдебиеттік және гуманитарлық пәндерді жеңіл игереді. Бәрінен бұрын вербальды (жазбаша) интеллектілері пайда болады. Олар класс алдында тақтаға шығып жауап бергенді ұнатпайды. Қоршаған орта оларды ынтымақсыз және қабағы ашылмаған адам ретінде қабылдауы мүмкін, дегенмен де олар басқа балалардың қаттылығынан және тұрпайылығынан жиі қорлық көреді, ал тұйықтығы өздеріне қорғану реакция сияқты көрінеді. Оларда бәрінен бұрын өзіндік арман әлемі бар, оларға өмір тәжірибесіз, құнтсыз, идеализацияға бейім болып есептейді Кім жоғары интеллектілі болса, ол сирек кездесетін қабілет, солар ғана терең ұғына алады және оларға өмір қызығырақ болады деп түсінеді.

Сензитивті (VI). Бұл шкала бойынша өз сәтсіздіктеріне тым әсерленіп, тез ренжиді және оған депрессивті реакция берулері жоғары болады. Олар өз кінәларын ұлғайтуға ұмтылады. Кластастарымен қарым-қатынаста олар келісім позицияны ұстанады, лидерлікке ұмтылмайды, класта өзін жайлы, күшті жеке тұлға ретінде сезінеді, мұғалімдерден, ата-аналардан қолдау іздейді және оларды қорған тұтады. Оқуда ұқыпты және жауапкершілікті, емтихан кезінде қатты мазасызданып, төмен бағаға жаны күйзеледі. Олар дерекі әділеттсіздікке ренжіп, ауыр қиналысқа түседі. Даулы жағдайда олар суицидті тенденциялардан және ұзаққа созылған депрессивті реакциялардан қорқады. Оқу процесінде олар кебінесе гуманитарлық ғылымдарға бейімделеді. Оларға орыс тілі мен әдебиетті тереңірек меңгерткен дұрыс, өйткені оларды лирика, поэзия тартады. Олар математика мен физикаға сирек келеді. Мұндай типтегілер достықта, махаббатта тұрақты және балаларға аяушылық білдіріп, қорғап жүреді, оларға сенім артады.

Мазасыз (VII). Бұл шкала бойынша балада мынадай мінез ерекшеліктері басым болады: жасқаншақ, жауапкершілік сезімін сезгіш, ішкі қажеттілігі ортаға — мұғалімдер, ата-аналар, класқа сай болады: күмәнданғыш, қорқақ, негізсіз үрейленуге әуес. Мұндай типтегі оқушылар әдетте тапсырманы орындар алдында жөнсіз үрейден төмен баға алады, кінәдан, жазадан қынжыла уайымдайды, бақылау жұмыстары мен емтихан алдында өте қатты күйзеледі. Достарына жанын береді. Олар үпкендердің — ата-ана, мұғалімнің жетекшілігіне арқа сүйейді, яғни өздерінің ренжігенін, жамандағанын, шағымданғанынайтыпкелгенін ұнатады.Мұндайтиптегілерқыздардың арасында сирек кездеседі. Ұлдар бұл типте «сыпайы», «тәрбиелі», «сабырлы» болып жүреді.

Лабильді (VIII). Бұл шкала бойынша балаларда (лабильді, қозғалмалы) эмоционалды тұрақсыздық жоғары көрінеді. Бұл балалардың көңіл-күйі жеңіл өзгереді — қуанышты күйден көңілсіз күнге тез түседі. Қамығу реакциясы былай сипатталады: беті қызарады, бас ауыруы пайда болады, тамыры жиі соғады, температурасы кетеріледі, есінен танып қалады, қалшылдап тітіркенеді, жүрегі айнып, лоқсып құсады. Бұл әсерленулер қиялы бай және қиялдануға бейім балаларда болады. Олар мектепте өз бетінше ән салумен, өлеңдер оқумен, би билеумен қуана-қуана шұғылданады. Олардың мінез-құлқы көп жағдайда еліктеушілікке басым, олар кез келген әлеуметтік рольден шығады. Педагогикалық-әрекеттің негізгі рычагы — оларда атақ-даңққа ұмтылу. Мұндай типтегі жеке тұлғалардан жақсы спортшылар, әсіресе слорттың әр түріне икем балалар жиі кездеседі. Олар тәртіпті және ер жүрек, батыр болып өседі. Оларда нанггы ғылым, білім жақсы беріледі, олар лоэзияда аяныш жанды, ал дау-дамайда қаттылық пайда болады.

Қарым-қатынаста қиындықтар орын алу себептері әр түрлі болғанымен

оларды бес топқа бөліп топтастырдық. Олар келесі кестеде көрсетілген.

Оқу және қарым — қатынастағы қиындықтар себептері. Зерттелінушілер саны
Мұғалім оқушыны жиі кіналауын бала көтере алмай конфликтіге түсіп жүргендер 3

Қатарластарымен тіл табыса алмай конфликтіге түсіп жүргендер, эгоцентризмі өте жоғары болуы және басқаларды төмен бағалауы 3
Қатарластарымен де мұғаліммен де конфликтіге түскендер 2
Физиологиялық бұзылыстар, психоз белгілерінің орын алуы 0
Өзіне конфликтілік қатынасы, өзін төмен бағалауы, басқалардан кем санауы 5

Қорытынды: зерттелген 28 оқушының ішінен 4 оқушының оқу және қарым — қатынас барысындағы қиындықтары өте тереңдеп кеткені анықталды. Олар мектеп талаптарын бұзуға жиі барып, -кей кезде ішімдік ішетіндігі де анықталады. Қарым — қатынас және оқу барысындағы балалардағы кең тараған, бұзылыс мұғаліммен конфликтіге түсу болып табылады. Бұл жерде біз бір -біріне ұқсамайтын 3 конфликтімен кездестік:

Бірінші жағдайда, оқушы мұғалімді қабылдамайды, бала да мұғаліммен қатынас кезінде агрессия, дөрекілік пайда болады. Қатарластарымен де дәл осындай мінез — құлықты көрсетеді, Мұның себебі, өзін төмен бағалау болып табылады.

Екінші жағдайда, оқушы мұғалімнен қорқады, бала үндемейді, психологиялық жағынан тез жарақаттанады, сонымен катар, бала қатарластарымен де қарым — қатынас жасаудан қашады т.с.с. Мұның негізгі -себебі жоғары мазасыздану, өзін төмен бағалау. Бұл балаларға оқу материалдарын меңгеру қиын, сондықтан бұлармен жеке жұмыс істеу керек. Қатарластарымен қарым — қатынас қиындығы олардың өзіндік басын бағалауы төмендеп кеткен.

Үшінші жағдайда, баланың үндемеушілігімен мұғалімді қабылдамауы арасында қарама -қайшылық туады, бірақ мұғалімге қатты қызығушылықпен қарайды. Бұл оқушыда танымдық мативацияның артта қалуы байқалады, бала мұғалімге сенбейді, сонымен қатар, өзінің айналасып жатқан іс-әрекетіне де сенімсіздікпен қарайды.

Зерттеулер нәтижесі бойынша белгілі болғандай, оқушылардың оқу және қарым қатынас барысындағы барлық қиындыктары өзіне сенбеушілік пен, мазасыздануы, өзін төмен бағалаумен байланысты екен. Сондықтанда оқушыларды бір коррекциялық топқа біріктіріп, коррекциялық жұмысты келесі бағыттар бойынша жүргізуді ұсындық:

  1. Оқу дағдыларын қалыптастыру машықтарын жүргізу;
  2. Баланың отбасы және қатарластары арасындағы қарым қатынасын реттеуге арналған ойын коррекцияларын ұйымдастыру;
  3. Баланың қарым қатынасына кедергі болып отырған кейбір жеке қасиеттерін өңдеу қажет екенін түсіндіру және коррекциялау;
  4. Баланың өзін-өзі бағалауын адекваттыққа жақындату мақсатымен баланың өзіндік бағалауын реттеу, көпнәрсе қолынан келетінін дәлелдеу мақсатьіида оның әрекеттерін ұйымдастыру.

Осы міндеттерді орындау үшін арнайы психологиялық ойындарды іріктеп алып, оларды зерттелінушілердің оң қасиеттерін нығайту үшін қолдандық. Жүргізілген коррекциялық жұмыс үш аптадан кейін оң нәтиже бере бастады. Нәтижелерін пысықтап, бекіту үшін нормадан ауытқулары басқалардан асық болған тоғыз оқушының ата-аналарымен психологиялық кеңес беру жұмысы жүргізілді.

Ата-аналарға келесі кеңестер берілді;

А) Мұндай оқушыларды еш уақытта катты сынауға, түсіндірмей тиым салуға, үрсумен басуға болмайды. Сондықтанда ата-аналармен мұғалімдер мазасыздануы жоғары және сезімтал балалардың эмоционалды күйін үлкен шыдамдылықпен қабылдауы керек. Мұндай балаларға барлық айтылған нәрселер оларды «жаман адам» деген баға емес, олардың болашақта жақсы болуына қамқорлық екенін түсіндіру қажет. Сонымен қатар жеткіншек жасындағы балалармен қарым-қатынас барысында салт-дәстүрге сай келмитін мінез көрсеткен адам еш уақытта басқалармен сыйысымды өмір сүруі қиын екенін түсінуіне көмектесу керек.

Б) Психологиялық ғылыми еңбектерден және көркем әдебиеттерден жеткіншектік кезеңнің драмалық уайымдауларға, қиындықтармен кризистерге толы екендігі белгілі. Өйткені жеткіншектік жас диспропорциялану кезеңі болып табылады. Бұл жаста адам өзінің физикалық ерекшелегіне көбірек көңіл бөле бастайды, айналадағылардың көзқарасына деген реакция күшейе түседі, тез өкпелеу басым болады. Барлық ескертулерге баланыңжауап реакциясы тітіркендіргіштер күшінен көп басым келеді. Сондықтан оларды ата-аналар, оқытушылар түсінбей қалуы мүмкін.

Пайдаланған тестердің барлығы психодиагностикалық мағынасымен қатар коррекциялық әсері бар екені сөзсіз. Дегенмен арнайы жасалған коррекциялық ойындарды пайдаланудың орны басқаша. Сондықтан бірнеше коррекциялық ойындар ұйымдастырдық.

Мақсаты: Топта әр адамның өмір сүруіне қолайлы жағдайларды қалыптастырудың ең тиімді жолы — ойын тренингін жүргізу. Ойын адамның мінез-құлқын, қабілетін, әлеуметтік ортада өзін ыңғайлы сезінуге үйретіп, өз құрбыларымен, оқытушылармен қарым-қатынас жасау жолдарын көрсету, мінез-құлық нормаларын меңгертіп, құндылықтары мен таныстыру үшін тиімді әдіс-тәсілдер жинағы болып табылады. Сондықтан коррекпияның басым көпшілігі ойын арқылы жүргізіледі.